Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым
түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Негізгі орта мектеп түлегі:
Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;
азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;
мемлекеттік тілді меңгеру;
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен
жобаларға қатысу;
әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.
Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Негізгі орта мектеп түлегі:
қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.
Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Негізгі орта мектеп түлегі:
өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;
әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;
оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;
берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;
басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Достарыңызбен бөлісу: |