«№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту



бет2/6
Дата30.09.2024
өлшемі43,95 Kb.
#205353
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5- сынып жоспары дұрысы

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:


  • елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
    отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
    өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын
    болуға баулу;
    әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.



    • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

    басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
    өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
    еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
    біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

    • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

    әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
    білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

    • Бағдарлама мазмұны:

    Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі
    жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары
    мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
    Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
    Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
    Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
    Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
    Желтоқсанбірлік және ынтымақ айы;
    Қаңтар – заң және тәртіп айы;
    Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
    Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
    Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
    Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет