vk.com/dostykteam Кітап сөресінде 8 кітап, олардың 3-уі бір автордікі. Бір автордың кітаптары қатарынан тұру керек болса, онда кітаптарды неше тәсілмен сөреге қоя алады? А) 121. В) 60. С) 120. D) 4320. Е) 11. Шешуі: Автордың үш кітабын бірге байлап, 1 кітап деп есептейміз және олар 5 кітаппен алтау болады. Алты элементті 6! = 720 тәсілмен алмастыра аламыз. Үш кітапты 3!= 6 тәсілмен орындарын ауыстырамыз. Онда 8 кітап 720 ∙ 6 = 4320 тәсілмен сөреге қойылады Жауабы: 4320 vk.com/dostykteam 3, 4, 5, 6, 7 цифрларынан санда цифрлар қайталанбайтындай неше жұп үш таңбалы сан құрауға болады? А) 216 В) 60. С) 120. D) 24 Е) 30. Шешуі: Сан жұп болуы үшін бірлігі жұп сан болу керек.
Барлығы 5 цифр, олардың екеуі жұп сан. Үш таңбалы санның бірлігін 2 тәсілмен, жүздігін 4, ондығын 3 тәсілмен таңдаймыз.