ТҮСІНІК ХАТ
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жолдауда бәсекеге қабілетті ел болу үшін білім берудің қазіргі заманғы ауқымды қадамдарын нақтылап отырғандығын атап көрсеткен. Әдебиет сабағынан алатын білімнің жаңартылып Блум жүйесімен құрылуы өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал жасайтын білім мазмұнын қамтамасыз ету болып табылады. Б.Блумның мақсат қою жүйесінің әрбір деңгейлерінде оқушының мазмұнды, салалы ойлауы мен сөйлеу әрекетіне жетелейді. Оқушы өзінің игерген біліміне сын көзбен қарап, өзінің білімді игерудегі жетіспеушілік тұстарын байқап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйренеді. Қазақ әдебиеті тұлғаның рухани дамуының бастауы болғандықтан, жергілікті Тараз өңірінің ақындарының шығармаларын оқу арқылы оқушылардың әдеби білімдері байи түседі. «Ақындар әлемі» оқу пәнінде поэзиялық көркем шығармаларды оқып үйренумен бірге оқушылардың әдебиет сабағында алған әдеби-теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып, күрделене түседі. «Ақындар әлемі» оқу пәні өлеңді құрылысына қарай талдауға, көркемдегіш сөз құралдарын табуға, поэзия жанрын терең түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландырады.
Туған жеріміз Тараз өңірінің топырағында дүниеге келген ақындар әлеміне шарықтай еніп, олардың шығармаларын оқып үйрену арқылы туған жерге, елге, Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру бағдарламаның басты міндеті болып табылады. Туған жеріміздің ақындарының жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып жас ұрпақтың бойына сіңіру әр азаматтың борышы.
Оқытудың вариативтік бөлігіндегі таңдау курсынан 7-сыныпқа арналған. Оқуға, талдауға ұсынылатын шығармалар сұрыптауда мына мәселелер ескерілді:
а) 7-сынып оқушысының жас ерекшелігі
ә) ақындардың шығармашылық өмірі, өлеңдер, соның ішінде оқушыны мейірімділік, адами ізгі қасиеттерге баулитын, туған тарихын, оның азаттық жолындағы күрестерінен хабар беретін, өркениетке жетелейтін, бүгінгі кейбір жат қасиеттерден жирендіретін, оқырман ретінде өздерін терең ойға жетелейтін шығармалар.
Өзектілігі:оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне, «Мен шығармашыл тұлғамын ба?» деген өзіне-өзі сыни көзбен қарауға қажеттілік тудыратын жаңа технологияны қолдану.
Бағдарлама ақындардың туған жылдарына қарай ретпен құрылды.
Мектептің оқу үрдісіне «Ақындар әлемі» бағдарламасын енгізу алдында оны тәжірибелік сынақтан, яғни апробациядан өтті.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, тарих, география, өлкетану
«Ақындар әлемі» оқу бағдарламасы 34 сағатқа жасалынды.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пәннің мақсаты – халқымыздың тарихын, дәстүрін, ақындарын, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, поэзиялық туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру. Бұл курста тұлғаның белгілі бір тапсырманы орындауда ойланып-толғану, іздену, сөздер мен сөз тіркестерінің қасиеттерін ашу, мағынасын игерту, автордың айтпақ ойынан тұжырым шығару біліктілігі тереңдетіле келіп, осы негізде олардың адамгершілік принциптері мен көркемдік талғамдарының да дұрыс қалыптастырылуы көзделеді.
Пәннің міндеттері:
ақындардың азаматтық тұлғасын тану;
ой ізденісін туғызуға, логикалық және образды ойын дамытуы;
жеке ойын қалыптастыру, пікірін, көзқарасын бекітуге өзінің өзінің ұсынысын ашық айту;
поэзиялық шығарманың тарихи-әдеби және идеялық көркемдік ерекшеліктерін тани білу;
өлеңнің стилімен, поэтикалық тілімен таныстыру, сөз өнерін тану;
тұлғаның көркемдік талғамын қалыптастырумен бірге олардың өлеңге ынтасын дамыту;
поэзиялық шығарманы өздігінен пайдалана білу, бағалай, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу, өлеңде көтерілген сан салалы мәселелермен танысып, айналадағы дүниені және адамның жан дүниесінің танытқыштық рөлін зерделей білу дағдысын дамыту;
әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарында сауатты қолдана алу біліктілігін айқындау, дұрыс баяндай білуге үйрету;
тұлғаны сөз өнерінің поэзиялық жанрымен тереңірек үңілуге үйрету, ойын еркін, шешен жеткізе алу мәдениетін арттыру.
ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТАЛАПТАРЫ
«Ақындар әлемі» арнайы пәнінің маңызын, оның басқа пәндермен байланысты;
туған өлкесінің ақындарын білуі және өзіндік көзқарасын таныта білуді;
өз бетінше өлеңмен жазылған шығарманың көркемдік ерекшелігін, идеясын, мазмұн мен түрін тануды;
өлең мәтіндерінің көркемдік бояуын қашырмай мәнерлеп оқи білуі, жаттағанын сазды айта алуды;
поэзиялық туындылар арқылы ашылатын өмір шындығын, ақынның азаматтық бейнесін түсінуді;
сөздің мағыналарын игеріп, ғылыми тұжырымдар жасауды, ойды дәлелдей сөйлеуді;
тапсырманы аяғына дейін жеткізе орындап мақсатқа, нәтижеге жетуді;
өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығармалар жазуды;
өзіндік ой толғамында дербестікті, талғампаздықты қалыптастыруды.
ОҚУ –ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
АҚЫНДАР ӘЛЕМІ
7- сынып
Аптасына – 1 сағат, барлығы -34 сағат
р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
мерзімі
|
|
І тоқсан 9 сағат
|
|
|
1
|
Кіріспе. Жамбыл Жабаев
|
1
|
|
2
|
Жамбыл Жабаев «Алатау»
|
1
|
|
3
|
Ж. Жабаев «Сәт сайланарда», «Шалтабайға», «Көкімге»
|
1
|
|
4
|
Ж. Жабаев «Абайдың суретіне»
|
1
|
|
5
|
Ж. Жабаев «Өнердің өсуі»
|
1
|
|
6
|
Ж.Жабаев «Өстепкеде»
|
1
|
|
7
|
Кенен Әзірбаев
|
1
|
|
8
|
К. Әзірбаев «Қайран елім»
|
1
|
|
9
|
К. Әзірбаев «Қазақстаным» Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
ІІ тоқсан 7 сағат
|
|
|
10
|
К.Әзірбаев «Тауға барсаң тамаша»
|
1
|
|
11
|
Асанбай Асқаров
|
1
|
|
12
|
А.Асқаров «Қуаныш»
|
1
|
|
13
|
Шона Смаханұлы
|
1
|
|
14
|
Ш.Смаханұлы «Сағындым»
|
1
|
|
15
|
Әдібай Табылды
|
1
|
|
16
|
Ә.Табылды «Ақ ешкінің лағы» Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
ІІІ тоқсан 10 сағат
|
|
|
17
|
Ә.Табылды «Жалқаулық пен Жапал»
|
1
|
|
18
|
Кәріпжан Нүсіп
|
1
|
|
19
|
К. Нүсіп «Жарық жұлдыз»
|
1
|
|
20
|
К. Нүсіп «Ана тілім – қасиеттім – ардағым»
|
1
|
|
21
|
К.Нүсіп Төрттағандар
|
1
|
|
22
|
Қуандық Шолақ
|
1
|
|
23
|
Қ.Шолақ «Заман-ай»
|
1
|
|
24
|
Айша Көпжасарова
|
1
|
|
25
|
А. Көпжасарова «Туған өлкеде»
|
1
|
|
26
|
А. Көпжасарова «Қазақ жігіті» Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
ІҮ тоқсан 8 сағат
|
|
|
27
|
Шырын Мамасерікова
|
1
|
|
28
|
Ш.Мамасерікова «Қайта жанған Махамбет оты ма едің»
|
1
|
|
29
|
Ш.Мамасерікова «Құт дарыған Астана»
|
1
|
|
30
|
Күлаш Ахметова
|
1
|
|
31
|
К. Ахметова «Орманда»
|
1
|
|
32
|
К.Ахметова «Отанды сүю»
|
1
|
|
33
|
К. Ахметова « Ұлбикенің соңғы тілегі»
|
1
|
|
34
|
Маралтай Райымбекұлы «Автопортрет»
Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
Барлығы 34 сағат
|
|
|
ОҚУ –ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Оқушылар «Ақындар әлемі» курсы бойынша Тараз өңірінің поэзиялық туындыларының жетілуіне ерекше атсалысқан белді ақындары, олардың әдеби мұралары.
Әдебиеттен алған білімдерін молайтып, толықтыру. Бағдарлама бойынша ұсынылған әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылық жолын үйренудің маңызы зор. Мұнда, біріншіден, ақынның шығармашылық өсу жолын, қалыптасуын, даму кезеңдері мен ерекшеліктерін ұғыну. Екіншіден жас жекіншектер ақынның өмірбаянын оқып, үлкен тәрбие өнегесін алады.Сол арқылы ақынның қоғамдық дамудағы өзіндік орнын аңғарады. Олардың Отан, ел игілігі үшін қандай еңбек сіңіргенін байқап біледі. Сабақта жасөспірімдер көркем шығармалармен танысу арқылы білім алады әрі идеялық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие өнегесін алады. Соған орай, құрылған сабақтың танымдық, тәрбиелік мәні ашылады. Ел болашағы ретінде қалыптасып келе жатқан жасөспірімге өзін қоршаған табиғатты, айналасындағы адамдарды түсіне білуге, Отанын, елін сүйе білуге тәрбиелеу жолдары қарастырылған. Берілген өлеңдер арқылы өмірдің сәттілік-сәтсіздіктен, қарама-қайшылықтардан тұратынын білу арқылы өмірді таниды. Оқушылар өлеңмен өрілген туған жер табиғатының сан алуан құбылыстарын оқып, нәр алады. Экологиялық білімдерін дамыта отырып табиғатты сүйе білуге тәрбиеленеді. Әрбір тақырып бойынша әдебиет теориясынан мәліметтер алады. Әдебиет пәнінен алған лирика туралы ұғымын дамытады. Өлең ұйқастарының түрлеріне талдау жасауға үйренеді. Бұлардың оқушылар үшін ғылыми-теориялық және эстетикалық маңызы ерекше. Өйткені әдебиетті әр қырынан тану арқылы оқушылар шығарманы көркемдік-идеялық бірлікте ұғынады, автордың айтайын деген ойын аңғарады және ақынның шеберлігіне үңіледі, қолданған амал-тәсілдерін зерделейді. Қысқасы, пәнге енген әрбір шығарманың астарындағы салт-дәстүр, діл, тіл оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеудің негізі деуге болады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Ұсынылып отырған бағдарламада келтірілген өлеңдерді оқу нәтижесінде Тараз өңірі ақындарының шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сүю мәдениеті дамиды. Көркем шығарманы оқу, талдау арқылы оқушылар туындының бүкіл тынысын сезіне білуге, ондағы бар көркемдік нәрді терең танып қабылдауына, оқырман ретінде қалыптасуына қызмет етеді.
Ақынның азаматтық тұлғасының қалыптасуына мән береді;
Өлеңнің идеялық бағытын айқындап, оған сипаттама бере алады;
Өлең мазмұнын шығармашылықпен баяндап, лирикалық кейіпкерге мінездеме береді;
Өлең мәтініне жоспар жасайды, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға, мәселелерге жауап табады немесе өзі сұрақтар құрастырады;
өзіндік ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады;
көркем шығармаға қызығушылығы, белсенділігі әдеби туындыны талдау барысында қалыптасады;
алған білім, білік дағдыларының негізінде өз ойларын, толғаныстарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, қорытынды ой түюге үйренеді.
Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
Әлімов А. «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» А,.2014
Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтама. А.,2005
«Құлан - киелі бесік» энциклопедиясы. А., 2008
Мирсеитова С.С. «Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы: гуманистік парадигма» Қ,.2012
Нұрмұханов Ж. Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту А., 1991
Тараз. Жамбыл облысы энциклопедиясы. А.,2003
Қосымша әдебиеттер:
Асқаров А. «Жұмақ пен тозақ жырлары». А.,1992
Әзірбаев К. Таңдамалы шығармалар. А.,1984
Жабаев Ж. Шығармалар жинағы.А., 1999
Көпжасарова А. «Тал бесігім – Таразым». Т.,2001
Мамасерікова Ш. «Жыл құстары». А.,1981
Нүсіп К. «Сырсандық». А.,2004
Райымбекұлы М. «Кентавр».А,.2008
Табылды Ә. «Ақ жол» №36. 2001
Табылды Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалары.А.,2005
Шолақ Қ «Көксеңгір». А.,1999
Шолақ Қ. «Күзгі ырғақтар». А., 1989
Достарыңызбен бөлісу: |