Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін жинақтау.
2. Дамытушылық. Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Міндеті:
Әңгіменің мазмұнымен таныса отырып, көркем шығармаға қызығушылығы артады.
Мазмұнға байланысты міндет: әңгіменің идеясын ашады, кейіпкерлерге мінездеме береді, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, пікір алмасады, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдайды;
Оқушылардың бір- біріне деген достық қарым- қатынасы арта түседі, арманына жетуге талпынады.
Стандарт талабы: көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: СКТ талдау, салыстыру, іздендіру
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, кітап көрмесі, суреттер,бейнефильм
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің ұқсастығы неде?
1. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу
ІІІ. Жаңа тақырып.
Өзгеше біткен қазақтың,
Өнерпаз ұлы дара бір.
Жасадың ғұмыр аз – ақ күн,
Жасамай елу және бір...
Қызығушылықты ояту:
- Балалар, біз осы оқу жылында еліміздің түкпір түкпірінде туып- өскен ақын-жазушылармен таныстық. Солардың бірі – Оралхан Бөкей. ( бейнефильм) көрсету, жазушының өмірін топтастыру ( оқушылардың әзірлемесі)
- Мағынаны тану:
- Минимәтінмен жұмыс
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.
2.Әңгімені жоспарлау:
1. Салықсалған ауылы
2. Соғыстан кейінгі бейбіт өмір
3. Тортай
4. Ертегіші Тортай
5. Тортай мінер ақ боз ат...
Тортайға мінездеме беру:
Ақылды
Арманшыл
Әңгімешіл
Қарапайым
Сезімтал
Кітапқұмар
Сатылай кешенді талдау
1. Авторы – Оралхан Бөкей-сан қырлы талант, көркем сөздің зергері.
2. Тақырып – Соғыстан кейінгі жетімдік тауқыметін тартқан балалардың өмірі мен тағдыры.
3. Әдеби жанры – Әңгіме
4. Идеясы - Автордың Тортайдың « ақ боз ат мінер» арман-мүддесінің символдық бейнесін шынайы жеткізуі
5. Шығарманың композициялық құрылысы
Сюжеттің басталуы- Салықсалған ауылының көрінісі
Сюжеттің байланысы- Тортай мен Ораштың достығы
Сюжеттің шиеленісуі- Тортайдың үйінен кетуі
Сюжеттің шегі- Тортайдың түсі
Сюжеттің шешімі- Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – жағымды кейіпкер – Тортай, Ораш жағымсыз кейіпкерлер – Тортайдың туыстары
7. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу - кілемдей, ұлардай, бақсыдай, ұядай, қыздың шолпысындай, найзадай.
Эпитет - (жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн)
Тұрақты тіркестер- қой аузынан шоп алмас, бас алмай, ит басына іркіт төгілді, көз байлана бастады ( идиома), міз бақпай, қыздың жиған жүгіндей, тақымы қотыр тайға тимеу – ештеңеге қол жеткізбеу, келді-кетті деп сөге жамандамаңыз – тез келді де кетті деп ойламаңыз, сәл мүкісі бар- құлағы аздап естімейді, ұядай қылып жинау – тап-таза, сәнді қылып жинау)
Мақал-мәтелдер: Ораза-намаз тоқтықта, Тоқ бала аш баламен ойнамайды.
8. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа, өз арманына жетуге тәрбиелеу.
Тапсырма
1 топ
Әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат» деп аталған?
Автордың «Тортай мінер ат менің тақымымда кеткендей еді... Иесіне қайтару кеш еді» дегені қандай тұспалды ойға жетелейді?
Тортай қандай түс көрді?
Тортай неге арманына жете алмады?
2 топ
Тортайдың: «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап» дегенінен кітаптың (көркем әдебиеттің) қандай құдірет-күшін байқауға болады?
Тортайдың жеке басының арманы не? сол үзіндіні әңгімеден жатқа оқы.
Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
Венн диаграммасы
“Жусан исі” повесі
Аян “Тортай мінген ақ боз ат”
Тортай
Шығармашылық жұмыс
Тортай ақ боз атқа мінгенде қандай болар еді? Эссе жазу
Бекіту сұрақтары:
Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме?
Оралхан Бөкейдің бұл әңгімеден басқа қандай әңгімелерін оқыдыңдар?
Сабақтан алған әсерім. Оқушылардың бір-бірін бағалауы
Инсерт кестесі
Білетінім Мен үшін жаңалық Мені таң қалдырды
Үйге тапсырма:
О. Бөкейдің басқа шығармаларын оқып, талдап келу