А. А. Абдрахманова жәния яхияқызы әУБӘкірова



бет2/2
Дата26.06.2018
өлшемі0,73 Mb.
#44821
1   2

Ол көрінген кезде, концерт залы болмасын, немесе сынып болмасын, осы тартымды, стильді, оның үстіне жастығына қарамастан ақылды, «өмір тамаша және бір әмбебап рецепт бар, ол – өзіңе берілген уақытты бағалау» дегенді қайталаудан жалықпайтын әйелдің келуінен мейірім шуағы төгіліп, бірден толқу пайда болады.

Қазақстан Республикасы халық артисі, профессор Жәния Әубәкірованың есімі 1997 жылы консерватория ректорының лауазымына тағайындаған кезде Қазақстанда ғана емес, одан тыс та әйгілі болды. Интеллект, көркемөнер таланты, мінезі, темпераменті, ақылының ұшқырлығы және өзінің барлық қалыптасу ерекшелігі бойынша ол сол кезде-ақ жас музыканттар ортасында көзге түсті.

Сол уақытқа қарай оның жоғары кәсіпқойлығы беделді халықаралық конкурстарда түрлі шығармашылық жеңістермен, фортепианалық кафедраны да, сондай-ақ, авторлық мектеп-колледжді басқаруда ұйымдастырушылық қабілеті байқалды. Шағын тарихи экскурс жасай отырып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 65 жыл қызмет етуі ішінде ЖОО тамаша басшыларының саңлақтары арасында жауапты пост тек екі әйелге – Ғазиза Жұбанова (1975-1987) мен 1997 жылдан бастап – Жәния Әубәкіроваға сеніп берілді.

Жәния Жақияқызы консерватория ректорының лауазымына егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының күрделі кезеңінде, республиканың саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінің үздіксіз, елдің қаржы саласында тұрақтылықтың болмауы дәуірінде кірісті.

Белгілі бір постқа жеткеннен кейін басшы автоматты түрде бедел алады деген пікір қате. Бедел – бұл адамның ұжымға жеке басты әсері, ол оны өзінің еңбегімен, кәсіптік білімдерімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, инновациялық ойлауымен және адамдармен жұмыс істей білуі арқылы иеленеді.

Сонымен қатар, өмір өз ережелерін алға тартады. Жаңа заман дамуындағы нарықтық қатынастарда кез келген қызметте өрлеу қозғалтқышы, сөзсіз бәсекелестік болып табылады. Музыкалық білім де ерекшелік болып табылмайды, оның куәсі Астанада екінші музыкалық ЖОО ашылуы болып табылады, дегенмен музыкант мамандығының «беделді еместігі» және музыкалық білім беруде барлық жүйенің ыдырауы сол кезеңде барған сайын айқын бола түсті. Егер 80-жылдары музыкалық колледждерінің көптеген түлектері үшін консенваторияға түсу орындалмас арман болса, онда 90-жылдары елдің жетекші музыкалық ЖОО жоғары музыкалық білім алғысы келетін талапкерлердің жетіспеуі мен қажеттілігін сезінді.

Елдегі жалпы экономикалық жағдай консерваторияның өзіне әсер етті. Бұл – ескі корпустың көне ғимараты және жедел жөндеуді талап ететін Үлкен органдық зал, сынған музыкалық аспаптар және педагогтардың төмен жалақысы. Кейде әңгімелескенде Жәния Жақияқызы, «әзірше елімізде материалдық жағына қарай қатты ауытқу жүріп жатыр, мен адамдардың рухани деңгейін көтеруді және әрбір адамды музыканы өз жанынан естуге үйретуді армандаймын» деп мұңдана айтатын еді.

Осы күрделі жағдайларда, өткендегі сіңірген еңбектерімізге сілтеме жасамастан, біздің артық екенімізді дәлелдеу қажет болды. Сосын жоғары музыкалық білімнің жаңа тұжырымдамасын жасау, музыкант-кәсіпқойларды даярлау бойынша мемлекеттік стандарттарды әзірлеу мен жаңарту бойынша көп еңбектенетін жұмыс басталды. Болып жатқан өзгерістер жағдайында барлық өмір салаларында кәсіптік білімге, дағдылар мен машықтарға ғана емес, сондай-ақ, оның жеке даму деңгейіне, психологиялық өзін сезінуіне де барған сайын жоғары талаптар қойыла бастады. Жәния Жақияқызына әйгілі, негізін қалаушылардың жоғары дәстүрлерін қабылдаушы және жалғастырушы ретінде ауыр миссия жүктелді. Оның маңдайына, көптеген қиын, қауырт, біртекті емес, бірақ керемет қызықты және толқытатын оқиғаларға жауапкершілік ала жүріп, тарихи эстафетада буын бөлігі болу жазылған болды.

Болып жатқан істерде үлкен жауапкершілікті түсінген Жәния Әубәкірова басшылықтың алғашқы күндерінен бастап әлемдік білім кеңістігіне шоғырлануға, инновациялық оқыту жүйесін құруға, сапалы жаңа формацияда – жоғары мәдениетке ие және тұлғалық-шығармашылық әлеуетке бай әмбебап білімді білікті кадрлар даярлауға стратегиялық бағыт алды.

ЖОО оқытушыларымен әрбір кездесу кезінде жас ректор музыкалық білім табыстарының жалпы әлемдік тенденцияларды, жаңа заманғы мәдени жетістіктерге, басқа елдермен ынтымақтастыққа бағдарлануды ескеруге байланысты айқындығын атап көрсетті.

Осы күрделі жағдайларда Ж.Ж. Әубәкірова отандық және халықаралық шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға лайықталған «Классика» музыкалық агенттігін құру идеясын жүзеге асыру бойынша өжет және батыл қадам жасайды. Ол өзінің барлық іс-әрекеттерімен көреген, бәрін күні бұрын ескеретін және ғимаратты нығыз бекітілген жоспар бойынша тұрғызатын сәулетшіні еске түсіретін [5, б. 3].



Өзіне музыканттың – ағартушының қиын миссиясын жүктеген белгілі пианист әлемдік музыкалық классиканы және Қазақстан композиторларының шығармаларын насихаттайды. Оның орындаушылық шеберлігіне, атақты «Қазақ мерзімдеріне», атақты музыканттардың қатысуымен өтетін классикалық концерттеріне Франция, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Польша, Венгрия, Болгария, Италия, Финляндия, Израиль, Қытай, Греция, Турция және т.б. елдердің үздік концерттік залдары қол соғады. Осымен қатар компакт дисктердің көп саны жазылады, классикалық музыканың отандық орындаушылары туралы музыкалық фильмдердің бірнеше ондағаны түсіріледі.

Ректордың бастамасы бойынша 2000 жылы Алматыда Орталық Азия мен Қазақстан елдері пианистерінің Бірінші халықаралық конкурсы өткізіледі (2008 жылы желтоқсанда бұл конкурс төртінші рет өткізілді), «Жарқыраған жұлдыздар» халықаралық білім бағдарламасы енгізіледі, оның мақсаты – жас дарындарды іздеу және оның одан шығармашылық өркендеуі үшін үздік қатысушыларды қолдау. Берілген оқыту түрі Еуропа мен АҚШ-та әйгілі.

Жәния Жақияқызының беделі студент жастар арасында да жоғары. Оның өзі де жас музыканттардың шығармалық өркендеуіне біршама уақытын сарп етеді, ол «қоғамдық және техникалық – қарқынды, екпінді даму кезеңінде өмір сүретін біздің жастарымыз өте талантты! Оны ұлы ерліктер күтеді және біз одан өз үмітімізді көреміз. Біздің болашағымыз бүгінгі студенттерге байланысты. Міне, сондықтан да өскелең ұрпақты анағұрлым жетік және үйлестікте дамыту үшін барлық мүмкін құралдарды пайдалану қажеттігі осы! Мен де осыған бар жағынан ықпал етемін» дегенді үнемі атап өтетін.

Ректордың жалықпастан ізденуі арқасында ЖОО ойға қонымсыз жылдамдықпен өзінің ақпараттық кеңістігін және халықаралық қызметін кеңейте бастады. Жәния Әубәкірованың шақыруы бойынша Қазақстанға әлемдік даңқы шыққан алдыңғы қатарлы музыканттар (Йо-Йо Ма, Михаил Плетнев, Денис Шаповалов, Кристоф Мангу, Хэмиш Милне, Станислав Иголинский, Аркадий Севидов, Флоран Боффар, Рубин Абдуллин, Ами Фламер және т.б.) концерттерімен, шебер-кластарымен және түрлі конкурстарға әділқазы мүшелері ретінде келеді [6, б. 3].

Профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер оркестрлері ТМД және алыс шет елдеріне тәжірибе алмасу, түрлі конкурстарға, фестивальдарға, жобалар мен конференцияларға қатысу үшін шыға бастады. Педагогтар мен студенттер үшін өздерінің пікірлестерімен араласудың, музыканттардың жасы, шеберлік, тәжірибе, регалия айырмасынан еркін, өз ойларын, идеяларын, күйініштерін бөлісетін «тұтас бауырластығын» құрудың тамаша мүмкіндіктері ашылды.

Алайда белсенді концерттік қызметіне және көптеген халықаралық шығармашылық жобаларына қарамастан Жәния Жақияқызы материалдық-техникалық базаны жүйелі нығайту, ЖОО мемлекеттік қаржыландыру көлемдерін, профессорлық-оқытушылар құрамының жалақысын арттыру және т.б. сияқты «жер үсті» мәселелерімен айналысуға да уақыт табатын.

Жәния Жақияқызының батылдығының, ерік-жігерінің мықтылығының, көрегендігінің және креативтілігінің арқасында консерваторияны өзі басқарған жылдары ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуда орасан табыстарға жетеді. Олардың тек бір бөлігін атап өтейік: екі оқу корпусы, үш концерт залы (Камералық, Кіші және Үлкен), жаңа заманғы телерадиокешен, типография, жөнделген және жаңа жиһазбен толықтырылған студенттер жатақханасы, ондаған жаңа рояль, фортепиано, шекті, үрлемелі аспаптар, сонымен қатар, ЖОО кітапхана қорын айтарлықтай ұлғайту. «2007-2012 жж. ҚР музыкалық білімді дамыту стратегиясы» мемлекеттік жобасы шеңберінде балалар мен жастардың жалпы эстетикалық музыкалық даму жүйесін жетілдіру және түрлендіру мақсатында консерватория жанында Эксперименттік өнер мектеп-студиясы (ЭӨМС) құрылды. Берілген білім жобасының бірегейлігі өнердің барлық түрлері бойынша оқытудың прогрестік түрлерімен және әдістерімен (музыка, кескіндеме, хореография, музыкалық театр және т.б.), сонымен қатар, оқушылардың түрлі жас категорияларына бағыттылығымен шектеледі.

Бүгінгі күні музыкалық ЖОО қабырғаларында студенттердің бірнеше ірі орындаушы ұжымдары, республика бойынша және оның шегінен тыс алыс ұдайы концерттермен шығатын көптеген ансамбльдер әрекет етеді. Консерватория түлектері кандидаттық және магистрлік диссертацияларды табыспен қорғайды, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары болады, таяу және алыс шет елдерге Қазақстанның музыкалық мәдениетін лайықты көрсетеді. Түлектердің кәсіпқойлығы мен табыстылығының көрнекті көрсеткіші республиканың оқу және шығармашылық ұжымдарында 100 %-дық жұмысқа орналастыру болып табылады. Консерваторияға жұмыс берушілер мен әкімдер, мекемелердің директорлары мен музыкалық ұжым басшылары мамандарды республиканың түрлі аймақтарына жіберу туралы өтініштерімен тікелей мағынада «шабуыл жасайды».

Консерватория ұжымы жоғары музыкалық білімнің жеке моделін жасады, оның әмбебаптығы түрлі оқыту жүйелерінің органикалық синтезімен шектеледі: классикалық, еуропалық және дәстүрлі. Жаңа ЖОО «Инновациялық музыкалық-педагогикалық технологиялар» кафедрасының қызметкерлері еуропалық (Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Германия және т.б.), америкалық, ресейлік музыкалық ЖОО оқу жоспарларын толық зерделеді, сонымен қатар жаңа буынның білім стандарттарының жобасы әзірленді. Елдің басқа қалған шығармашылық ЖОО-дан айырмасы, министрлік шенеуліктердің үлкен армиясының көп жылдық қарсылығына қарамастан қазақстандық ЖОО Болон процесіне енуі және нақ консерваторийдің музыкантты даярлаудың үш сатылы моделіне ауысуы, көптеген жылдар ішінде оқыту жүйесінің вариативтілігі және сабақтастық принциптерін сақтау және жоғары арнайы білім үздіксіздігі бойынша өз позицияларын қорғап қалды.

ЖОО, Еуропалық консерватория мен жоғары музыкалық мектептер қауымдастығының Парижде штаб-пәтерімен бірге ассоциацияланған мүшесі бола тұра, көптеген халықаралық бағдарламалар мен жобаларға белсенді қатысады. Біз «Түрік халықтарының музыкасы» атты Халықаралық Ассоциацияны басқарамыз, өзіміздің өкілдеріміз арқылы Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының, Халықаралық дәстүрлі музыка бойынша кеңестің, Халықаралық музыкалық менеджмент жазғы академиясының, Халықаралық симметрологтар ассоциациясының жұмысына, халықаралық конкурстарға, конференцияларға, шебер-кластарға және басқа көптеген жобаларға қатысамыз [6, б. 3].

Қаржылық дағдарысқа қарамастан консерватория 2009 ж. түрік музыкасы бойынша Бірінші халықаралық симпозиум материалдарын шығарды, ол тағы 1994 жылы өткізілді. Түркия мен Қырғызстанның берілген қолжазбаларды басып шығаруға бірнеше рет әрекеттенуі табыс әкелмегенін атап өткен жөн. Ж.Ж. Әубәкірова, берілген материалдар жарық көруі тиіс және ғалымдар мен музыканттардың осындай халықаралық форумдарын өткізу дәстүрін жалғастыру қажет деген түпкілікті шешім қабылдады, оның басы өткен ғасырда басталған. Елде қалыптасқан экономикалық жағдай, ЖОО-да ғылымды жалпы қаржыландыру ойластырылған идеяларға нақты жол бермеуі мүмкін, консерватория оларды ірі масштабты «Орталық Азия елдерінің дәстүрлі музыкалық мәдениеті» Халықаралық ғылыми конференциясына батыл енгізді. Форум шындығында маңызына қарай халықаралық болып шықты. Бізге Жапония, Финляндия, Австрия, Қытай, Ресей, сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Татарстаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен қонақтар келді. Олардың есімдері этномузыкатанушылардың ғылыми шеңберінде жақсы белгілі. Алғаш рет осындай ұланасыр жиналыста Қазақстанда мекендейтін түркі тілдес диаспоралар өкілдері қатысты, олардың музыкалық мәдениеті музыка ғылымында әлі күнге дейін зерттелмеген сала болып келеді. «Орта Азия халықтарының музыкасы» конференциясының материалдары форумның ашылуына қарай басып шығарылды, бұл қатысушылар мен қонақтарды тамаша таң қалдырды. Жинақты санаулы сағаттарда таратып кетті және қайтадан басылып шығарылды.

Нағыз талантты адам барлық жерде талантты! Бір адамның бойына белсенді шығармашылық тұлға, қоғам қайраткері, нағыз көсемдік қасиет қалай сыйып тұрғанына қайран қаласың!

1994 жылы атақты пианист Жәния Әубәкірова Қазақстанда бірегей және жалғыз оқу орнын, авторлық колледж құрды, оның бағдарламасында дүние танымдық, мәдени танымдық, көркемөнер, спорт пәндерінің кешені бар мемлекеттік стандарт бойынша жалпы орта білім барлық оқушылар үшін міндетті музыкалық біліммен үйлеседі. Осы заттар үйлесімді ме? Дәстүрлі түрде жоқ деп санау қабылданған. Сонымен қатар, жеті жылдық музыкалық мектеп бағдарламасы бойынша колледжге қабылданған барлық оқушылар оқытылады, дегенмен жеті жылдық музыкалық мектепке қабылдау ережелері бойынша тек музыкалық қабілеттері бар балалар ғана оқытуға жіберіледі. Колледж авторының идеясы әуелден оны жаңа жағдайларда, бірақ кеңестік білім жүйесінің бұрынғы кадрларымен жүзеге асыру қиындығын болжады. Автор идеясына қызығушылық танытқан және еліктеген мамандар ұжымын құру, олардың идеяны жүзеге асыруға біріккендігі колледждің жаңа типті білім мекемесі ретінде қалыпты қызметін қамтамасыз етті. Музыкалық қабілетті әр түрлі деңгейдегі оқушыларды музыкаға үйрету қиындығы кез келген баланың шығармашылық қызметін дамытуды қамтамасыз ететін жекелендірілген бағдарлама әзірлеуге мәжбүр етті. Жалпы білім беретін және жалпы музыкалық циклдегі мұғалімдердің шығармашылық тәсілі және ынтымақтастығы, сонымен қатар, оқушылардың музыкамен айналысуы оқытуда оң нәтижелерге алып келді. Колледждің осы бағдарлама бойынша алты жылдық қызметі осы бағытта жұмысты жалғастыру үшін сенімділік берді. Табиғи ғылыми пәндерді әйгілеу бойынша үздік жобаға «Texaco Global Fund» конкурсына хабарландырудан кейін, грантты ұтып алған жағдайда «Музыка және математика» бағдарламасы бойынша көп жылдық жетістіктер мен жинақталған тәжірибені жүзеге асыру үміті пайда болды.



24.10.2011 жылы Жәния Әубәкірова Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесті. ҚарМТУ саясаткерлерді, экономисттерді, ғалымдарды, мемлекеттік құрылым басшыларын, әскери тұлғаларды жиі қарсы алады. Ректор Арстан Мәуленұлы Ғазалиев университетке классикалық музыканы орындаушы атақты Жәния Әубәкірованы шақырды. Пианист ЖОО бойынша экскурсия жасады, оқушыларға әкесіне арналған кітап туралы айтты және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Олар өз кезегінде артисті ду қол шапалақтарымен қошеметтеді, оның үлкен экранда көрсетілген концерттерінің жазбаларынан үзінді тыңдады. Жәния Жақияқызы студенттер алдында сырын жайып, ашық мінез танытты. Әрине ол өзінің әкесі академик Жақия Әубәкіров туралы жазылған “Естелік беттері” атты кітабы туралы көп әңгімелегісі келді. Оның айтуынша, Мәскеу консерваториясының түлегі жазушымын деп кісімсіген жоқ, бірақ кітапта кейбір тарихтың авторы болып табылады, барлық материалды өзі жинаған және редакциялаған, әкесінің достарымен және шәкірттерімен кездескен [7, б. 185].

“Барлық балалар өздерінің ата-аналарын жақсы көреді, ал ата-аналар өз балаларын мәпелейді, - деп жазады кітапты құрастырушы автор Жәния Әубәкірова кіріспеде. – Бірақ, өкінішке орай, біз көбінесе осы сезімдерді өз жүрегіміздің тереңінде сақтаймыз және оларды әрқашан көрсете бермейміз”. Бұл кітап, артистің айтуынша, ата-анаға деген сүйіспеншілікті білдіру, олар туралы естелікті сақтауға ұмтылу. Өз еңбегінің бірнеше данасын ҚарМТУ кітапханасына сыйлады.



Мәдениет пен білім саласында белсенді қызметі үшін Жәния Әубәкірова наградаларға лайықталды: Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, Франция өнері мен әдебиеті орденінің кавалері, Еуропалық өнер униясы сыйлығының иегері, «Платина Тарланы» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, «Қазақстан және Ресей арасында достықты нығайту үшін» ІІ дәрежелі Ұлы Екатерина орденінің кавалері, Польша Республикасы мәдениеті алдында сіңірген еңбегі үшін ордені, Польша Республикасы Президентінің «Золотой крест Заслуги» ордені.


Оны білетіндер оның «жоғары адам» екенін өте жиі айтады, ол ұлы мақсаттары үшін «тауды жылжытуға» қабілетті! Оның адамға лайық емес жүктерді, күшті эмоциялық және физикалық ауырлықтарды жеңуге, мысалы, кешке Парижде жеке концерт беріп, келесі күні Оңтүстік Кореяға шебер-кластармен ұшып кетуге, бірақ өзінің жазғы маршрутын Астанаға соғып, үкіметтік деңгейде көптеген өзекті консерваториялық мәселелерді шешуге шамасы келеді.

Бірде көптеген сұхбаттарының бірінде өзінің жұмыс бастылығы туралы сұраққа Жәния Әубәкірова, «мен неғұрлым есейген сайын: музыкаға байланыстының бәрі сыртқы әлемді, менің ішкі дүниемді, өз сезімдерімді сәулелендіруге, физикалық жаңалықтарды, шабыттану күйін нұрландыруға бағытталғандығын соғұрлым көп түсінемін. Екінші жағынан менің әкімшілік қызметім – бұл толық өз-өзіңнен безу. Үлкен есеппен оның қайтарымы жоқ – адамзат мүмкіндіктері қоғам талап ететіннің бәрін қайта істеу үшін тым шектеулі, ... жақын арада егер мен тек шығармашылықпен ғана айналысқан болсам маған қызықсыз, әрі жалыққан болар едім деген ойға келдім. Мен адамдармен дыбыстардың көмегімен ғана емес, тікелей араласқанды да жақсы көремін. Қоғамдық жұмыс адамдарды, олардың мінездерін, түрлі жағдайларды тамаша білуге мүмкіндік береді және нақ осы қарым-қатынас тәжірибесі музыканы анағұрлым терең және мағыналы ете отырып, түсінуге ауысады… Екі бірін-бірі ерекшелейтін қызмет тегі, бір-бірімен үзілместей байланысқан».

Жәния Әубәкірованың жоспарларында үлкен жобалар көп, бірақ оның басты мақсаты республикада классикалық музыканы – өзіне лайықты онша назар аударылмаған жоғары рухани материалды насихаттау және дамыту болып табылады.

Өзімнің тарихи экскурсымды аяқтай келе, біздің замандасымыз Жәния Әубәкірованың есімі «консерватория» ұғымының және тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұраларының бай дәстүрінің бөлінбес бөлшегі екенін атап өткім келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5 т., т.1. - А.: Каз. сов. энциклопедия, 1984. - 431 с.

2. Эйхгорн. Музыка казахов. Ташкент, 1964.58 с.

3. Вишневецкая В.А., И. Левшин — исследователь Казахстана // Братство народов, братство культур. Алма-Ата, 1985. С.10.

4. Официальный сайт Ж.Аубакировой

5. Готовность к переменам // Казахстанская правда, 2012, 27 декабря.

6. Ничто настоящее не пропадает // Казахстанская правда, 2000, 1 апреля.

7. Аубакирова Ж. Страницы памяти. Алматы, 2010. 185 с.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет