А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
13-сурет
Қол басы сүйектерінің қосылыстары 


Кол сүйектерінің қосылыстары 
59 
бөлек сүйектері бір-бірімен сүйек аралық байламдармен, 
ligg. 
intercarpea interossea,
байланысады және бір-біріне қараған 
буындық беттерімен қосылыстар түзеді. Мұндай буындар 
білезік аралық, 
articulationes intercarpeae
деп аталады. 
Білезік аралық қосылыстар бір сүйектен екінші сүйекке 
көлденең бағытталған бірнеше қысқа байламдар арқылы 
байланысады, сырт жағында 
ligg. intercarpea dorsalia,
және 
алақан жағында, 
ligg. intercarpea palmaria.
Алақан жағында 
бүдан басқа басты сүйектен басқа сүйектерге таралатын 
будалар, 
lig. carpi radiatum,
орналасады. 
Қол 
басы 
буындарындағы 
қозғалыстар 
бір-біріне 
перпендикуляр біліктермен қозғалады, фронталды білікте 
(бүгу және жазу) және сагитталды білікте (әкету және әкелу). 
Бұл қозғалыстар айналу білігіне перпендикуляр және екі 
шетінде орналасқан байламдармен тежеледі, олар: жанама — 
фронталды біліктің шеттерінде, сыртқы және алақандық — 
сагитталды 
білік 
шеттерінде. 
Сондықтан 
алдымен 
сагитталды біліктегі әкету және әкелу тежеледі, ал екіншіден 
— фронталды біліктегі бүгу және жазу тежеледі. Барлық екі 
білікті буындардағы сияқты, бұл жерде сонымен қатар 
circumductio
болады, ол кезде саусақ үштары дөңгелек 
сызады. 
Кәрі жілік-білезік буыны қанды 
a. radialis, a. ulnaris, aa. 
interosseae anterior et posterior
тармақтарынан түзілген 
rete 
articulare-ден
алады. Тамырлық қаны аттас тамырлар арқылы 
білектің терең тамырларына — 
vv. ulnares, vv. radiales, vv. 
interosseae-ге
қүйылады. Лимфасы терең лимфа тамырлары 
арқылы 
nodi lymphatici cubitales-ке 
қүйылады. Жүйкеленуі — 
n. radialis, n. ulnaris, n. medianus 
арқылы. 
2.
Бұршақ тәрізді сүйектің қосылыстары, 
art. ossis pisiformis

жеке буын болып табылады, онда бұршақ тәрізді сүйек 
os 
triquetrum-мен
байланысады. Бұршақ тәрізді сүйектен екі 
байлам басталады: 
lig. pisohamatum,
ілмек тә- 


60 
Артросиндесмология 
різді сүйекке және 
lig. pisometacarpeum,
III—V алақан сү- 
йектерінің негізіне бекінеді. Бұл байламдар 
m. flexor carpi 
ulnaris
сіңірінің жалғасы болып табылады, оның арасында 
аталған дән тәрізді сүйек орналасады. 
Бүккіштердің үстағышы, 
retinaculum flexbrum,
қол басы 
буындарына тікелей қатысы жоқ; ол 
eminentia carpi radia- 
lis-тен көпірше тәрізді болып 
eminentia carpi ulnaris-ке 
білезік жүлгесі, 
sulcus carpi,
арқылы өтіп, оны өзекке, 
canalis 
carpi,
айналдырады. Бұл өзектің ішінде 
n. medianus, 
сонымен 
қатар саусақ бүккіштерінің сіңірлері өтеді, сондықтан да 
байламдар — 
retinaculum flexorum
деп аталады. 
3.
Білезік-алақан буындары, 
artt. carpometacarpeae,
білезік 
сүйектерінің екінші қатарынан және алақан сүйектерінің 
негіздерінен түзілген. Бас бармақтың білезік-алақан буы- 
нынан басқа бұл буындардың барлығы жалпақ, сыртынан да, 
алақандық жағынан да тығыз керілген байламдармен, 
ligg. 
carpometacarpea dorsalia et palmaria,
бекітілген, сондықтан 
бұл жердегі қозғалыстар мардымсыз. Мұнда бір немесе 
екінші жаққа қарай 5—10° жылжу болуы мүмкін. Олар қатты 
керілген буындар тобына жатады, қол басының негізгі 
бөлігін мықтап бекітіп үстап тұрады және алақанға күш 
түсіретін бұлшықеттер — саусақ бүккіштерінің жиырылуы 
кезінде қарсы түруға мүмкіндік береді. 
Шынашақтың білезік-алақан буынында қозғалыс көлемі 
үлкенірек болады. V алақан сүйегінің негізінің буындық беті 
ер-тоқым тәріздіге ұқсас болғандықтан, шынашақ шектеулі 
деңгейде бас бармаққа қарсы тұра алады. Қапшықпен 
қоршалған білезік-алақан буындарының жалпы қуысы 
көлденең саңылау түрінде болады және ол білезік ортаңғы 
және алақан аралық буындармен байланысады. Айтылған 
алақан аралық буындар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет