18
Артросиндесмология
қарай 2—3 см-ге жылжып кетеді. Ортан жілік басының байламы
арқылы буын басын қоректендіретін тамырлар өтеді.
Буын ішілік шеміршектер
,
cartilago intraarticulars,
— бұл
буын беттері арасында табақша түрінде орналасатын фиброзды
шеміршек. Буынды екі қабатқа
толық бөліп тұратын табақша
буындық диск,
discus articularis
деп аталады. Бұл кезде бөлінген екі
қуыс пайда болады, мысалы, шықшыт буыны. Егер буын қуысы
табақшамен жартылай ғана бөлініп тұрса, яғни табақ- шаның
пішіні жарты ай тәрізді болып, жиектері буын қапшығымен бітісіп
тұрса, бұлар — менискілер. Менискілер,
menisci,
тізе
буынында
бар. Буын ішілік шеміршектер буын беттерінің конгруэнттілігін
қамтамасыз етіп, қозғалыс көлемін және оның әр алуандығын
көбейтеді, соққыларды жұмсартып, буын беттеріне түсетін
қысымды азайтады.
Буындық ернеу
,
labrum articularis,
—
бұл сақина пішінді
фиброзды шеміршек, буындық шұңқырдың жиегін толықтырып,
бір жиегімен буын қапшығын, екіншісімен буындық бетке
ауысады. Буындық ернеу екі буында кездеседі:
иық және ұршық
(labrum glenoidale et labrum acetabulare).
Ол буындық беттің
аумағын үлкейтеді, оны тереңдетіп, сол арқылы қозғалыс көлемін
шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: