А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

Буын куысы

cavitas articulare,
— бұл буын беттерімен және 
қапшығымен шектеліп, синовиалдық сұйықтықпен толған гер- 
метикалық жабық кеңістік. Зақымдалмаған буында буын қуысын 
шартты түрде ғана бөліп көрсетуге болады, себебі буын беттері 
мен қапшығы арасында бос жер жоқ, синовиалдық сұйықтықпен 
толып тұрады. Куыстың пішіні мен көлемі буын беттерінің пішіні 
мен қапшығының құрылысына байланысты. Аз қозғалатын 
буындарда ол кішкентай, ал көп қозғалатын буындарда — үлкен 
және бұлтиып, сүйектердің, бұлшықеттердің және сіңірлердің 
арасына таралуы мүмкін. Буын қуысында қысым теріс болады. 
Буын қапшығы зақымдалған кезде қуысқа ауа кіріп, буын беттері 
ажырап кетеді. 
Негізгіден басқа буындарда қосымша элементтер де болуы 
мүмкін, олар буынның қызметін барынша қолайлы, тиімді етеді. 
Олардың негізгілері: буын ішілік байламдар, буын ішілік 
шеміршектер, буындық ернеулер, синовиалдық қатпарлар, дән 
тәрізді сүйектер және синовиалдық қаптар. 
Буын ішілік байламдар

ligamenta intraarticularia,
— бұл 
сино- виалды жарғақпен жабылған фиброзды байламдар, тізе буы- 
нында, қабырға басы буынында және ұршық буынында буын 
беттерін байланыстырып тұрады. Олар буын беттерін бір-біріне 
байланысты ұстап тұрады. Бұл қызметі әсіресе, тізе буынындағы 
крест тәрізді байламдарда анық көрінеді. Олар үзіліп кеткенде 
«жылжымалы жәшік» белгісі пайда болады, тізе буынын бүккен 
кезде сирақ санға қарағанда алға және артқа 


18 
Артросиндесмология 
қарай 2—3 см-ге жылжып кетеді. Ортан жілік басының байламы 
арқылы буын басын қоректендіретін тамырлар өтеді. 
Буын ішілік шеміршектер

cartilago intraarticulars,
— бұл 
буын беттері арасында табақша түрінде орналасатын фиброзды 
шеміршек. Буынды екі қабатқа толық бөліп тұратын табақша 
буындық диск, 
discus articularis
деп аталады. Бұл кезде бөлінген екі 
қуыс пайда болады, мысалы, шықшыт буыны. Егер буын қуысы 
табақшамен жартылай ғана бөлініп тұрса, яғни табақ- шаның 
пішіні жарты ай тәрізді болып, жиектері буын қапшығымен бітісіп 
тұрса, бұлар — менискілер. Менискілер, 
menisci,
тізе буынында 
бар. Буын ішілік шеміршектер буын беттерінің конгруэнттілігін 
қамтамасыз етіп, қозғалыс көлемін және оның әр алуандығын 
көбейтеді, соққыларды жұмсартып, буын беттеріне түсетін 
қысымды азайтады. 
Буындық ернеу

labrum articularis,
бұл сақина пішінді 
фиброзды шеміршек, буындық шұңқырдың жиегін толықтырып, 
бір жиегімен буын қапшығын, екіншісімен буындық бетке 
ауысады. Буындық ернеу екі буында кездеседі: иық және ұршық 
(labrum glenoidale et labrum acetabulare).
Ол буындық беттің 
аумағын үлкейтеді, оны тереңдетіп, сол арқылы қозғалыс көлемін 
шектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет