А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

Жарғақтар

membranae, —
бұл дәнекер тіні арқылы түзілетін 
қосылыстар, байламдардан айырмашылығы — сүйектер ара- 
сындағы көлемді аумақты алып жататын сүйек аралық жарғақ 
түрінде болады. Жарғақ құрамындағы дәнекер тін талшықтары 
коллагенді болады, олар қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей 
бағытта орналасады. Олардың қызметі көп жағдайда байлам- 
дармен ұқсас болады. Олар сонымен қатар сүйектерді бір-біріне 
қатысты ұстап тұрады (қабырға аралық жарғақтар, білек пен 
сирақтағы сүйек аралық жарғақтар), бұлшықеттердің бас- 


10 
Артросиндесмология 
талатын жерлері болып табылады (жоғарыда айтылған жарғақтар) 
және тамырлар мен жүйкелер өтетін тесіктер түзеді (жапқыш 
жарғақ). 
Еңбектер

fonticuli, —
бұл көп мөлшердегі аралық заты мен 
сирек орналасқан коллаген талшықтары бар дәнекер тінді 
құрылым. Еңбектер туу кезінде бас сүйектерінің жылжуына 
жағдай жасайды және туылғаннан кейін сүйектердің қарқынды 
өсуіне әсер етеді. Мөлшері ең үлкен болатыны — алдыңғы еңбек 
(30^25 мм). Ол бір жастың соңына қарай жабылады. Артқы 
еңбектің мөлшері — 10x10 мм және туылғаннан кейінгі екінші 
айдың соңында жабылады. Жұп сына тәрізді және емізік тәрізді 
еңбектердің мөлшері бұлардан да кішкентай болады. Олар 
туылғанға дейін немесе туылғаннан кейінгі екі аптада бітісіп 
кетеді. Еңбектер бас сүйектерінің өсуінен және олардың арасында 
жіктерде болатын дәнекер тінінің түзілуінен бітіседі. 
Жіктер

suturae,
— бұл көп мөлшердегі коллаген талшықтары 
бар, бас сүйектерінің арасында орналасатын дәнекер тінінің жұқа 
қабаты. Пішіні бойынша жіктер тісті, қабыршақты және тегіс 
болып келеді. Жіктер бас сүйектерінің өсу аймағы болып табылады 
және қозғалыс кезінде амортизатор қызметін атқарып, миды, көру 
ағзасын, есту және тепе-теңдік ағзасын зақымданулардан 
қорғайды. 
Қағулар

gomphosis,
— тістердің жақ сүйектердегі ұяшықтар- 
мен тығыз дәнекер тіні, яғни периодонт арқылы байланысуы. Бұл 
байланыс өте тығыз болғанымен де, тістерге жүктеме түскен кезде 
амортизаторлық қасиеті де бар. Периодонттың қалыңдығы — 
0,14—0,28 мм. Ол ұяшықтың қабырғасынан тістің түбіріне қарай 
ұзына бойына перпендикуляр орналасқан коллаген және 
эластикалық талшықтардан тұрады. Талшықтардың арасында 
құрамында көп мөлшердегі тамырлары мен жүйке талшықтары бар 
борпылдақ дәнекер тіні жатады. Жақ сүйектерді бір-біріне қатты 
қысқан кезде антагонист тістің қысымынан периодонт қатты 
жаншылып, тіс ұяшыққа 0,2 мм-ге дейін батып кетеді. Жас 
ұлғайған сайын эластикалық 


Артросиндесмология 
11 
талшықтар азайып, жүктеме кезінде периодонт зақымдалады да, 
қандануы мен жүйкеленуі бұзылып, тістер босап және түсіп 
қалады. 
Шеміршекті қосылыстар — синхондроздар. Бұл қосылыстар 
гиалинді немесе фиброзды шеміршектен тұрацы. Бұл ше- 
міршектерді бір-бірімен салыстыратын болсақ, гиалинді ше- 
міршек серпімді, бірақ мықтылығы төмендеу болып келеді. Гиа- 
линді шеміршек арқылы түтікті сүйектердің метафиздері мен 
эпифиздері және жамбас сүйектің жеке бөліктері қосылысады. 
Фиброзды шеміршек негізінен коллагенді талшықтардан тұрады, 
сондықтан мықтырақ, бірақ серпімділігі төмендеу болады. Мұндай 
шеміршекпен омыртқалардың денелері байланысады. Шеміршекті 
қосылыстардың мықты болуының тары бір себебі, бір сүйектің 
сүйек қабы үзілместен екінші сүйекке ауысады. Шеміршек 
тұсында ол шеміршек қабына айналады да, ол шеміршекпен тығыз 
бітісіп, байламдармен бекітіледі (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет