А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
ҮЗДІКСІЗ ҚОСЫЛЫСТАР 
Үздіксіз сүйек қосылыстарының үш тобын ажыратады — 
фиброзды, шеміршекті және сүйектік. 
Фиброзды қосылыстар — синдесмоздар немесе дәнекер тін 
арқылы қосылыстар. Оларға байламдар, жарғақтар, еңбектер
жіктер және қағулар жатады. 
Байламдар

ligamenta, —
бұл қосылыстар коллаген және 
эластикалық талшықтар будасынан тұратын дәнекер тін ар- қылы 
байланысады. 
Құрылысы 
бойынша 
құрамында 
коллаген 
талшықтары көбірек болса, байламдар фиброзды деп атала- 


Артросиндесмология 

ды, ал құрамында эластикалық талшықтары көбірек болса — 
эластикалық деп аталады. Фиброзды байламдарға қарағанда 
эластикалық байламдардың ерекшелігі — жүктеме тиылғаннан 
кейін жиырылып, бұрынғы қалпына келе алады. 
Талшықтарының ұзындығына байланысты байламдар ұзы- на 
бойына бірнеше сүйектерді байланыстырып тұратын ұзын 
(омыртқа бағанасының артқы және алдыңғы бойлық байламдары, 
қылқан 
үстілік 
байлам) 
және 
көршілес 
сүйектерді 
байланыстыратын қысқа (қылқан аралық, көлденең аралық 
байламдар, қол-аяқ байламдарының көпшілігі) байламдар деп 
бөлінеді. 
Буын қапшығына қатысты буын ішілік және буын сыртылық 
байламдарды ажыратады. Соңғысын өз кезегінде қапшықтан тыс 
және қапшықтық деп бөледі. Байламдар сүйек қосылыстарының 
жеке бір түрі ретінде қызмет атқара алады: ұстап тұру және бекіту 
қызметі (сегізкөз-төмпе, сегіз- көз-қылқан, қылқан аралық, 
көлденең аралық байламдар және т.б.); 
жұмсақ қаңқа қызметі, яғни бұлшықеттердің басталатын 
және бекінетін жері бола алады (қол-аяқ, омыртқа ба- ғанасы 
байламдарының көпшілігі және т.б.); пішін түзу қызметі, 
яғни сүйектермен бірге күмбездер жә- не тамырлар мен 
жүйкелер өтетін тесіктер түзеді (жауы- рынның жоғарғы 
көлденең байламы, жамбас байламдары және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет