А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
1-сурет
Үздіксіз қосылыстар. Жіктер: 1 — тісті; 2 — қабыршақты; 3 — 
тегіс 


12 
Артросиндесмология 
1-сурет. 
Жалғасы.
Үздіксіз қосылыстар: 4 — қағулар; 5 — синхондроз; 6 
— симфиз 


Артросиндесмология 
13 
1-сурет. 
Жалғасы.
Үздіксіз қосылыстар: 7 — синдесмоз 
Синхондроздар тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін, яғни 
белгілі бір жасқа дейін болып, кейін сүйек тініне ауысады. 
Қалыпты физиологиялық жағдайда уақытша метаэпифиздік 
шеміршектер, жалпақ сүйектердің жеке бөліктерін қосатын 
шеміршектер, шүйде сүйектің негізі мен сына тәрізді сүйектің 
денесі арасындағы шеміршек болады. Бұл қосылыстар негізінен 
гиалинді 
шеміршектен 
тұрады. 
Тұрақты 
шеміршектерге 
жататындар — омыртқа аралық дисктерді түзетін 


14 
Артросиндесмология 
шеміршектер; бас сүйек негізіндегі сүйектердің арасын косатын 
шеміршектер (сына тәрізді-тасты және сына тәрізді-шүйде) және 
қабырғалардың алдыңғы шеміршекті бөліктері. Бұл қосылыстар 
негізінен фиброзды шеміршектен қүралған. 
Синхондроздардың басты қызметі — сүйекке қатты жүктеме 
түскен 
кезде 
соққылар 
мен 
кернелулерді 
жұмсартып 
(амортизация), сүйектердің мықты байланысуын қамтамасыз ету. 
Шеміршекті қосылыстардың сонымен қатар өте қозғалғыш қасиеті 
бар. Қозғалыс көлемі шеміршек қабатының қалыңдығына 
байланысты: ол қалыңырақ болса, қозғалыс көлемі де үлкен 
болады. 
Сүйек тіні арқылы қосылысты — 
синостоздар
деп атайды. Бұл 
үздіксіз қосылыстардың ішіндегі ең мықтысы болып табылады
бірақ серпімділігі мен амортизаторлық қасиеті мүлдем жойылған. 
Қалыпты жағдайда синостоздануға уақытша синхондроздар 
үшырайды. Кейбір ауруларда (Бехтереев ауруы, остеохондроздар 
және т.б.) сүйектену тек синхондроздарда ғана емес, барлық 
синдесмоздарда да жүруі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет