А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
ҮЗДІКТІ ҚОСЫЛЫСТАР 
Үздікті қосылыстарға буындар немесе синовиалды қосы- 
лыстар жатады. 
Буын

articulatio, —
бұл үздікті қуысты қосылыстар, ішінде 
буын сұйықтығы бар буын қапшығының ішінде орналасқан 
шеміршекпен жабылған буындық беттердің қосылысынан тү- 
зіледі. 
Буынның негізгі үш элементі бар: шеміршекпен жабылған буын 
беттері, буын қапшығы, буын қуысы. 
Буын беттері

facies articulares, —
бұл сүйектің буындық 
шеміршекпен жабылған бөліктері. Ұзын түтікті сүйектерде ол — 
эпифиздерінде, қысқаларында — басы мен негіздерінде, жалпақ 
сүйектерде — өсінділері мен денесінде орналасады. Буын 
беттерінің пішіні бір-біріне ұқсамайды, көбінесе бір 


Артросиндесмология 
15 
сүйекте басы болса, екінші сүйекте — шұңқыры, сирек жағдайда 
жалпақ болады. Қосылысатын сүйектердің буындық беттері пішіні 
бойынша бір-біріне сәйкес, яғни конгруэнтті болуы керек. 
Көбінесе буындық беттер гиалинді (шыны тәрізді) шеміршекпен 
қапталған. Мысалы, шықшыт буынының буындық беттері 
фиброзды 
шеміршекпен 
қапталған. 
Буындық 
беттердегі 
шеміршектің қалыңдығы — 0,2—0,5 см, соның ішінде буындық 
шұңқырлардың жиектерінде қалыңырақ болса, буындық басында 
орталығында қалыңырақ болады. 
Буындық шеміршек

cartilago articularis
сүйекпен тығыз бай- 
ланысқан. Шеміршектің терең қабаты ізбес түздарымен ара- 
ласқан, сондықтан оны ізбестелген немесе кальций карбонаты 
сіңірілген деп атайды. Хондроциттер (шеміршек жасушалары) бұл 
қабатта буын бетіне перпендикуляр, яғни қатар-қатар немесе баған 
болып орналасқан дәнекер тінді талшықтармен қоршалған. Олар 
буын бетіне түсетін күшке қарсы түруға бейімделген. 
Шеміршектің беткей қабатында доға тәрізді орналасқан, терең 
қабаттан басталып, сол жерде аяқталатын дәнекер тінді талшықтар 
көбірек болады. Бұл талшықтар шеміршек бетіне параллель 
бағытталған. Бүдан басқа, бұл қабатта көп мөлшерде аралық зат 
болады, сондықтан шеміршек беті тегіс, жылтыр болып келеді. 
Шеміршектің беткей қабаты үйкеліс күшіне қарсы түруға 
бейімделген. Жас ұлғайған сайын шеміршек ізбестеліп, қалыңдығы 
жұқарып, тегістігі азаяды. 
Буындық шеміршектің маңызы — сүйектің буындық бет- 
терінің кедір-бұдырларын тегістеп, оған конгруэнттілік береді. 
Эластикалық болғандықтан, ол соққылар мен шайқалулардың 
күшін азайтады, сондықтан көп жүктеме түсетін буындарда 
буындық шеміршектер қалыңырақ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет