А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие


ҚОЛ БАСЫ  СҮЙЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология
8апта, Патфиз. Каз. С отв
ҚОЛ БАСЫ 
СҮЙЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ 
57 
1. Білезіктің орталық буыны
art. mediocarpea,
білезік сүйек- 
терінің бірінші және екінші қатарының арасында орна- 
ласқан, оған бұршақ тәрізді сүйек кірмейді, дән тәрізді сүйек 
болып табылады. Бұл буынның буындық шұңқырын білезік 
сүйектерінің бірінші қатарының дисталды беттері құрайды. 
Білезіктің екінші қатарының проксималды беті буындық 
басын құрайды. 
Қол басы буындарының екеуінің де (кәрі жілік-білезік және 
білезіктің орталық буыны) жеке буындық қапшық- тары бар, 
олар буындық беттерінің жиектеріне бекін- ген (13-сурет). 
Кәрі жілік-білезік буынының қапшығын бекітуге кәрі жілік 
және шынтақ жілік жақтарынан қосымша байламдар 
қатысады, олар: 
lig. collaterale carpi radiale,
кәрі жіліктің біз 
тәрізді өсіндісінен басталып қайық тәрізді сүйекке бекінеді
және 
lig. collaterale carpi ulnare,
шынтақ сүйектің біз тәрізді 
өсіндісінен басталып
os triquetrum
және 
os pisiforme-ге
бекінеді. Кәрі жілік- білезік буынының алақандық бетінде 
lig. 
radiocarpeum palmare
орналасқан, ол кәрі жіліктің біз тәрізді 
өсіндісінен және буындық бетінің жиегінен жалпақ болып 
басталып, бірнеше буда түрінде 
os scaphoideum, lunatum, 
triquetrum et capitatum
сүйектеріне бекінеді. Кәрі жілік-білезік 
буынының қапшығы сыртқы жағынан 
lig. radiocarpeum 
dorsale
арқылы бекітіледі, ол кәрі жіліктен басталып, 
білезіктің бірінші қатарының сүйектеріне бекінеді. Кәрі 
жілік-білезік буынының сүйектерге бекінетін жерлерінде 
оларға қан тамырлары және жүйкелер кіреді, егер олар 
операция кезінде зақымдалатын болса, сүйектерде пато- 
логиялық өзгерістер болады. 
Art. mediocarpea
қапшығы өзара 
байланысатын соңғы төрт білезік-алақан буындарын да 
қамтиды. 
Art. mediocarpea-дан
басқа білезіктің 


58 
Артросиндесмология 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет