Кол сүйектерінің қосылыстары
51
мен байланысатын шынтақ сүйек оның қозғалыстарын шектеп
тұрады.
Проксималды кәрі жілік-шынтақ
буыны өзара қосылатын
circumferentia articularis radii
және
incisura radialis ulnae
арасын-
да түзіледі және пішіні цилиндр тәрізді болады (бірінші типті
айналма буын). Буын қапшығы тоқпан жілікте шынтақ
шұңқырының артынан үштен екі бөлігін, алдынан тәждік және кәрі
жілік шұңқырын қамтиды, айдаршық үстін бос қалдырады.
Ulna-да
ол
incisura trochlearis
жиегіне бекінеді.
Кәрі жілікте мойнына
бекініп, алдынан синовиалдық қабығы бұлтиып шығып —
recessus
sacci humeris
түзеді. Алдынан және артынан қапшық бос,
бүйірлерінде көмекші байламдар бар:
lig. collateral ulnare,
шынтақ
жілік жағынан және
lig. collateral radiale,
кәрі жілік жағынан,
фронталды білікте шеттерінде және оған перпендикуляр
орналасқан.
Lig. collateral ulnare
тоқпан
жіліктің медиалды
айдаршық үстінен басталады және
incisura trochlearis ulnae
медиалды жиегіне айнала бекінеді.
Lig. collaterale radiale
тоқпан
жіліктің латералды айдаршық үстінен басталады, екі аяқшасымен
кәрі жілік сүйегінің басын алдынан және артынан қамтиды және
incisurae radialis ulnae-нің
алдыңғы
және артқы жиектеріне
бекінеді. Екі аяқшаның арасы фиброзды талшықтармен толған,
олар кәрі жіліктің мойны және басын доға тәрізді қоршайды, бірақ
олармен бітіспейді. Бұл талшықтарды
lig. annulare radii
деп
атайды. Осындай байламдардың сақина тәрізді горизонталды
жазықтықта,
вертикалды
айналу
білігіне
перпендикуляр
орналасуынан, байлам кәрі жіліктің қозғалысын осы білікте
бағыттайды және оның айналуына
кедергі келтірместен ұстап
тұрады.
Қозғалыстар шынтақ буынында екі түрлі болады. Біріншіден,
бұл жерде фронталды білікте білекті бүгу және жазу орындалады;
бұл қозғалыстар шынтақ сүйектің тоқпан жілік шығырымен
қосылысқан жерінде жүзеге асады, осы кезде кәрі жілік те
қозғалып,
capitulum
бойымен жылжиды. Фронталды біліктегі
қозғалыстар көлемі — 140°.
52
Артросиндесмология
Екінші қозғалыс кәрі жілік сүйегінің вертикалды білікте
қозғалуында және ол иық-кәрі жілік буынында жүзеге асады,
сонымен қатар проксималды және
дисталды шынтақ-кәрі жілік
буындарында да болады, соңғы екі буын бір кешенді айналма
қосылыс түзеді. Кәрі жіліктің төменгі шетіне қол басы келіп
байланысатындықтан, соңғысы кәрі жілікпен бірге қозғалады. Кәрі
жілік айналған кезде шынтақ сүйектің төменгі бөлігіне бұрыш
жасай қозғалып, ал қол басы сыртқы
бетімен алға қарай айналса
(қолдар төмен түсіп тұрған кезде), пронация,
pronatio
деп аталады.
Қарама-қарсы қозғалыс кезінде білектің екі сүйегі де бір-біріне
параллель орналасады, ал қол басы алақан жағымен алға айналса,
супинация,
supinatio
деп аталады. Білектегі пронация және
супинация кезіндегі қозғалыстар көлемі — шамамен 140°.
Шынтақ буыны аймағының рентгенограммасында бір мез-
гілде тоқпан жіліктің дисталды бөлімі және білек сүйектерінің
проксималды бөлімдері көрінеді (12-сурет). Артқы және бүйір
Достарыңызбен бөлісу: