БІЛЕК СҮЙЕКТЕРІНІҢ ҚОЛ БАСЫМЕН
ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Шынтақ және кәрі жілік сүйектерінің эпифиздері бірбірімен
проксималды және дисталды кәрі-шынтақ жілік буындарымен
байланысады. Бұл сүйектердің
marge interosseus
арасында
фиброзды жарғақ (синдесмоз),
membrana interossea antebrachii,
тартылған, оның ортаңғы бөлімі мықтырақ болады. Ол білектің екі
сүйегін байланыстырады, бірақ проксималды және дисталды
кәрі-шынтақ жілік буындарындағы қозғалыстарға кедергі
жасамайды; одан білектің терең бұлшықеттерінің біраз бөлігі
басталады. Проксималды кәрі-шынтақ жілік буынынан төмен
қарай, сүйек аралық жарғақтың жоғарғы жиегінің үстінде, білек
сүйектерінің арасында фиброзды будан тартылған, оны қиғаш
хорда,
chorda obliqua,
деп атайды.
Жоғарыда айтылғандай,
articulatio radioulnaris proximalis arti-
cutatio cubiti
құрамына кіреді.
Articulatio radioulnaris distalis —
дербес буын, буын беттерінің пішіні бойынша проксималды
буынға ұқсайды. Бірақ ондағы буындық тілік
(incisura ulnaris)
кәрі
жілік сүйегінде орналасқан, ал басы шынтақ сүйекпен
Кол сүйектерінің қосылыстары
55
байланысады және пішіні цилиндр тәрізді (
circumferentia articularis
иіпае),
ол
caput ulnae-нің
буындық айналымының жартысын алып
жатады. Кәрі жілік сүйегінің шынтақтық тілігінің төменгі жиегі
және
processus styloideus ulnae
арасында фиброзды шеміршек —
discus articularis
орналасады, оның пішіні екі беті сәл ойыстанған
үшбұрыш тәрізді табақша түрінде болады. Ол дисталды
кәрі-шынтақ буынын кәрі жілік-білезік буынынан бөліп тұрады
және шынтақ сүйектің басына арналған буындық шұңқыр түзеді.
Articulatio radioulnaris distalis-тің
қапшығы бос, мықты, буындық
беттердің шеттеріне және буындық дискіге бекінеді. Дисталды
кәрі-шынтақ буынының сүйектері арасындағы қуыс қап тәрізді
томпайма,
recessus sacciformis,
түзеді.
Проксималды және дисталды кәрі-шынтақ буындары —
анатомиялық дербес, яғни екі бөлек жерде орналасқан, бірақ
әрқашан бірге қозғалады, сөйтіп үйлесімді буын құрайды. Оның
білігі қолды жазып тұрғанда иық буынының вертикалды білігінің
жалғасы болып табылады, онымен бірге қолдың конструкциялық
білігін құрайды. Бұл білік
caput humeri, capitulum humeri, caput
radii
және
caput ulnae
орталықтары бойымен өтеді. Оның бойымен
кәрі жілік айналады: оның жоғарғы эпифизі екі буында қозғалады
(articulatio radioulnaris proximalis
және
articulatio humeroradialis),
төменгі эпифизі,
articulatio radioulnaris distalis,
шынтақ сүйек
басында доға тәрізді айналады. Бұл кезде шынтақ сүйек қозғалмай
тұрады. Кәрі жілік сүйегі қол басымен бірге айналады. Бұл
қозғалыстардың түрлері: сыртқа айналу — супинация,
supination
және ішке айналу — пронация,
pronatio.
Анатомиялық қалыпта
супинация кезінде қол басы алақанымен алға айналады, бас бармақ
латералды орналасады; пронация кезінде — алақан артқа
айналады, бас бармақ медиалды орналасады.
Кәрі-шынтақ буындарында айналу көлемі шамамен 180° құ-
райды. Егер бір мезгілде иық және жауырын экскурсия жасайтын
болса, онда қол басы 360°-қа айналуы мүмкін. Кәрі жілік сүйегінің
айналуы шынтақ сүйек қандай қалыпта, яғни
56
Артросиндесмология
ол жазылып тұрғаннан толық бүгілгенге дейінгі қалыпта тұрса да
кедергісіз өтеді.
Кәрі жілік-білезік буыны,
art. radiocarpea.
Көптеген сүтқо-
ректілерде ол шығыршық тәрізді болады. Пронация және
супинация жасауға бейімділігінің қалыптасу деңгейіне байла-
нысты кәрі жілік және шынтақ сүйек арасында бөлек буын —
дисталды кәрі-шынтақ буыны,
art. radioulnaris distalis,
дамиды, ол
проксималды кәрі-шынтақ буынымен бірге вертикалды айналу
білігі бар тұтас үйлесімді қосылыс түзеді. Бұл үйлесімді қосылыста
кәрі жілік сүйегі шынтақ жілікті айнала қозғалады, сондықтан кәрі
жіліктің дисталды эпифизі айтарлықтай үлкейеді. Шынтақ
сүйектің дисталды эпифизі керісінше, дамуда артта қалады және
кәрі жіліктен қысқалау болады, бірақ бұл жерде арнайы буындық
диск,
discus articularis,
пайда болады. Адамда супинация және
пронация көлемі үлкенірек болғандықтан,
discus articularis
дамудың ең жоғарғы деңгейіне жетеді және пішіні үшбұрышты
талшықты-шеміршекті табақша түрінде,
fibrocartilago triangulare,
болады, ол кәрі жілік сүйегінің дисталды эпифизімен бітіседі және
онымен бірге кәрі жілік-білезік буынының проксималды бөлімінің
буындық шұңқырын түзеді. Сөйтіп, шынтақ сүйек кәрі
жілік-білезік буынына тек аталған шеміршекті диск арқылы ғана
байланысады, бұл буынға тікелей байланысы болмайды,
сондықтан бұл буынның проксималды бөлімі білек-білезік буыны
деп емес, кәрі жілік-білезік буыны деп аталады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес
art. radiocarpea
буындық
шұңқыры кәрі жіліктің
facies articularis carpea
және
discus tri-
angularis-тен
құралған, ал бұл буынның буындық басы — білезік
сүйектерінің (os
scaphoideum, lunatum et triquetrum)
бірінші
қатарының проксималды беттерінен түзіледі, олар бір-бірімен
сүйек аралық байламдармен,
ligg. mtercarpea
арқылы байла-
нысады. Буынға қатысатын сүйектердің санына байланысты буын
күрделі болып табылады, ал буындық беттерінің пішіні бойынша
эллипс тәрізді, екі айналу білігі (сагитталды және фронталды) бар.
Кол сүйектерінің қосылыстары
Достарыңызбен бөлісу: |