10-сурет.
Иық буыны
Синовиалдық қапшық, буын қапшығын ішінен астарлап, екі
буыннан тыс буылтық түзеді. Оның біреуі,
vagina synovidlis inter
tuberculdris, sulcus intertubercularis-те
орналасқан екі басты
бұлшықеттің ұзын басының сіңірін қоршайды; екінші буылтық,
bursa subscapularis subtendinea, m. subscapularis-ің
жоғарғы
бөлімінің астында орналасқан.
Нағыз көп білікті шар тәрізді буындық қосылыс болған-
дықтан, иық буынының қозғалғыштығы үлкен болады. Қоз-
ғалыстар басты үш білікте жасалады: фронталды, сагитталды және
вертикалды. Бұдан басқа шеңбер тәрізді қозғалыстар
48
Артросиндесмология
(циркумдукция) да болады. Фронталды білікте қолда бүгу және
жазу қозғалысы болады. Сагитталды білікте әкету және әкелу
болады. Вертикалды білікте қол немесе аяқты сыртқа (супинация)
және ішке (пронация) айналдыру болады. Қолды бүгу және оны
әкету тек иық деңгейіне дейін ғана мүмкін болады, одан әрі
қозғалса, оны буын қапшығының керілуі және тоқпан жіліктің
жоғарғы шетінің жауырын акромионы және
lig. coracoacromiale
құрайтын күмбезге енуі тежейді. Егер қолдың қозғалысы
горизонталды деңгейден жоғары болса, онда бұл қозғалыс иық
буынында ғана емес, бүкіл қол иық белдеуімен бірге қозғалады,
бұл кезде жауырын төменгі бұрышын алға және латералды жаққа
жылжуы арқылы айналма жасайды.
Адамның қолы көп еркін қозғалыстар жасай алады. Біз
қолымыз арқылы денеміздің кез-келген жерін ұстай аламыз және
қол ұшын барлық бағытта қозғалтып, еңбек ете аламыз.
Иық буынының артқы рентгенограммасында екі жағы дөңес
линзаға ұқсайтын
cavitas glenoidalis
көрінеді, медиалды жиегі
cavitas glenoidalis-тің
алдыңғы жарты шеңберіне сәйкес келеді
және латералды, оның артқы жарты шеңберіне сәйкес келеді.
Рентген көрінісінің ерекшеліктеріне байланысты медиалды
контуры қалыңдау және анық, сондықтан жарты- лай сақина
тәрізді пішін пайда болады, бұл қалыпты жағдай («анық жарты
сақина симптомы»). Қартайғанда және кейбір ауруларда латералды
контуры да айқын бола бастайды, бұл кезде
cavitas glenoidalis-тегі
қалыпты «жарты сақина симптомы» патологиялық «сақина
симптомына» айналады.
Тоқпан жіліктің басы артқы рентгенограммада өзінің тө- менгі
медиалды бөлігімен
cavitas glenoidalis-ке
қабат түседі. Оның
контуры қалыпты жағдайда тегіс, анық, бірақ жұқа.
Cavitas
glenoidalis scapulae
және
caput humeri
арасында иық буынының
рентгендік саңылауы көрінеді. «Рентгендік буын- дық саңылау»
иық буынында иілген саңылау тәрізді болады,
cavitas
glenoidalis-тің
медиалды (алдыңғы) жиегі мен
caput humeri
арасында анық контурмен көрінеді. Иық буынының жар- тылай
шығуы мен толық шығуын анықтау үшін,
articulatio
Кол сүйектерінің қосылыстары
49
humeri
-дің буындық беттері арасындағы қалыпты ара катынасты
білу керек.
Иық буыны
a. circumflexa humeri anterior, a. circumflexa humeri
posterior, a. thoracoacromialis (a. axillaris-тен)
тармақтары
құрайтын
rete articulare-ден
қанданады.
Тамырлық қаны
v. axillaris-ке
құятын аттас тамырларға ба-
рады. Лимфасы — терең лимфа тамырлары арқылы —
nodi
lymphatici axillares-ке.
Буын қапшығы
п. axillaris-тен
жүйке-
ленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |