А. А. Жолдыбаева артросиндесмология оқУ ҚҰралы а. М. Искиндирова, Л. А. Искакова, А. А. Жолдыбаева артросиндесмология учебное пособие



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата22.09.2022
өлшемі5,68 Mb.
#150412
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
артросиндесмология

art. subtalaris,
жалпы алғанда цилиндр 
бетінің кесінділері болып табылатын асық және өкше 
сүйектерінің артқы буын беттерінен түзілген. 
Б. Асық-өкше-қайық тәрізді буын, 
art. talocalcaneonavicularis
асық сүйектің алдында жатады. Ол асық сүйектің жұмыр 
басынан, оған сәйкес келетін буын қапшығынан 
қүрылады. Буын қапшығын қайық тәрізді сүйек, өкше 
сүйегінің 
sustentaculum
tali-дегі буын ойығы және 
sustentaculum
мен 
os naviculare
артқы жиегі аралығын 
толтыратын 
lig. 
calcaneonaviculare 
plantare
және 
арасында талшықты шеміршек қабаты бар 
fibro cartilago 
navicularis
түзеді. Буын қапшығын сырт жағынан 
lig. 
talonaviculare
және табан жағынан 
lig. calcaneonaviculare 
plantare
нығайтады. 
Бұл аталған екі буын арасынан сүйекті өзек — 
sinus tarsi
өтеді, онда асық сүйек пен өкше сүйегі арасында созылып 
жатқан мықты байлам, 
lig. talocalcaneum interosseum
орналасады. 
B.
Өкше-текше тәрізді буын
art. calcaneocuboidea,
өкше 
және текше тәрізді сүйектердің бір-біріне қарсы қараған 
буын 
беттерінен 
түзілген. 
Ол 
асық 
және 
асық-өкше-қайық 
тәрізді 
буындасулардың 
қозға- 
лыстарына қатысып, олардың көлемін ұлғайтады. 
Art. 
calcaneocuboidea
көрші 
art. talonaviculare
екеуі бірге 
көлденең тілерсек буыны, 
art. tarsi transversa
деген 
жалпы атаумен де сипатталады. 
Көлденең буынның 
art. calcaneocuboidea
мен 
art. talona- 
vicularis-ті
жеке-жеке нығайтатын байламдарынан басқа, 
екі буындасуға да ортақ, практикалық маңызы күшті тағы 
бір байламы бар. Бұл — 
lig. fiburcatum, 
артқы үшы өкше 
сүйегінің жоғарғы жиегінен басталып, содан кейін екі 
бөлікке 
бөлінетін, 
ол 
бөліктің 
біреуі, 
lig. 
calcaneonaviculare,
қайық тәрізді сүйектің артқы 
латералды жиегіне бекитін, ал екінші бөлігі, 
lig. 
calcaneocuboidea,
текше тәрізді сүйектің сыртқы бетіне 


78 
Артросиндесмология 
бітісіп-өсетін байлам. Бұл қысқа, бірақ мықты байлам 
көлденең буынның «кілті» болып табылады, өйткені аяқ 
басын ажыратуға арналған операция жасағанда оны кесіп 
жіберу арқылы ғана буын беттерін бір-бірінен айыруға 
болады. 
Г. Сына-қайық тәрізді буын
art. cuneonavicularis,
сына 
тәрізді сүйектердің артқы буын алаңдарының қайық 
тәрізді сүйектің дисталды буын бетінің үш ойығымен 
буындасуы арқылы түзілген. 
Art. intertarseae-дегі
қоз- 
ғалыстарға келетін болсақ, бұл жерде ең алдымен өкше 
сүйегі қайық тәрізді сүйекпен және аяқ басының 
алдыңғы ұшымен бірге көлемі 55° мөлшерінде сагит- 
талды білік төңірегінде айнала қозғалады (бұл білік сырт 
жағында асық сүйек басына еніп, табан жағынан 
calcaneus
бүйір бетінен шығып, қиғаш бағытталған). Аяқ 
басы ішке қарай айналғанда (пронация) оның латералды 
жиегі көтеріліп, ал аяқ басының сырты медиалды жаққа 
қарайды, ал сыртқа қарай айналғанда (супинация), 
керісінше, медиалды жиегі аяқ басының сырты 
латералды жаққа қарай көтеріледі. Одан басқа, бұл 
жерде аяқ басының ұшы ортаңғы сызықтан медиалды 
және 
латералды 
қисайғанда 
вертикалды 
білік 
айналасында жақындату және алыстату қимылдарын 
жасауға болады. Ақырында, фронталды білік төңірегінде 
қозғалыстар күрделі шар тәрізді буын болып табылатын 
art. 
talocalcaneonavicularis-те
жасалады. 
Бұл 
қозғалыстардың барлығы айтарлықтай емес және әдетте 
бірге қоса жасалады да, сондықтан супинациямен бір 
мезгілде аяқ басының алдыңғы бөлігі жақындатылып 
және шамалы бүгіледі, немесе, керісінше пронация 
алшақтату және созылумен қоса жүреді (16-сурет). 
3. Тілерсек-табан буындары, 
artt. tarsometatarseae
тілерсектің 
екінші қатарындағы сүйектерін табан сүйектерімен 
байланыстырады. 
Artt. tarsometatarseae
— нағыз қатаң 


Аяқ сүйектерінің қосылыстары 
79 
буындар, олардың аз қозғалатындығы аяқ басы күмбезіне 
серпімділік береді. Жекелеген буын қапшықтарында І табан 
сүйегі мен медиалды сына тәрізді сүйек, ІІ және ІІІ табан 
сүйектері 
текше 
тәрізді 
сүйекпен 
буындасады. 
Тілерсек-табан буындары сыртқы табандық және сүйек 
аралық байламдар, 
ligg. tarsometatarsea dorsalia plantaria et 
cuneometatarsea interossea,
арқылы нығайтылады. 
Табан аралық буындар
artt. intermetatarseae,
табан сү- 
йектерінің бір-біріне қараған беттерінен түзіледі, олардың буын 
саңылаулары көбіне 
art. tarsometatarseae
қуысымен қатысады. 
Буындар көлденең өтетін 
ligg. metatarsia dorsalia, plantaria et 
interossea
арқылы нығайтылған. 
4.
Бақай сүйектерінің қосылыстары. 
А. Табан-бақайшақ буындасулары, 
art. metatarsophalangeae

табан 
сүйектерінің 
бастары 
мен 
проксималды 
бақайшақтарының негіздері арасында болады, құрылыс 
сипаты мен байлам аппараты жағынан қол басының 
сондай 
буындасуларына 
ұқсас. 
Буындардағы 
қозғалыстар жалпы алғанда сәйкесінше қол басы 
буындасупарындағы сияқты, бірақ шектеулі. Бақай- 


80 
Артросиндесмология 
ларды сәл-пәл жанына қарай әкету қимылын және оған 
кері қимылды (қайта жақындату) есепке алмасақ, онда 
тек бүгу және жазу қозғалыстары ғана жасалады және 
қол басындағы сияқты емес, мұнда жазу бүгуге 
қарағанда көлемділеу жасалады. 
Б. Бақайшық аралық буындасулар, 
artt. interphalangeae pedis
өзінің құрылысы жағынан қол басындағы сондай 
буындасулардан өзгешеленбейді. Көбіне V бақайда 
дисталды және ортаңғы бақайшақтар өзара сүйектене 
қосылып-бітісіп кететінін айту керек. 
Сирақ-асық буыны мен аяқ басы аймағының рентген су- 
реттерінде сирақ сүйектерінің дисталды бөлімі мен барлық аяқ 
басы сүйектерінің бір мезгілдік кескіндері алынады. Артқы суретте 
incisura fibularis tibiae
аймағы бұдыр тәрізді, сондықтан оны 
үшінші толарсақ — 
malleolus tertius
деп атайды. Бұл аймаққа 
fibula
дисталды бөлімі қабаттасады да, сол себепті сүйек сынығы сияқты 
болып көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет