А. А. Какимова Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланды



бет70/103
Дата06.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#58641
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, мифте, қала берсе, қай қай халықтың болса да, ауыз әдебиетінде жатыр. Романтикалық образ өмірдегі болған немес бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Мыс. Сонау желаяқ пен көреген, Саққұлақ пен таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асан Қайғыға дейін, одан Алпамыс, Қобыланды, Тарғын, Қамбарға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады.
Реалистік образ - әдебиетегі адам бейнесінің ең шынайы түрі. Бұл – кәдімгі өмірде болған бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Реалистік образ – нанымды образ. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.
Реалистік образ – типтік образ. Өйткені, өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суырылып шығарылған.
Әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан үш түрге бөлінеді.
Эпикалық образ – кескін кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диаллог пен монолог, түрліше сезімдер мен харекеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсіресеэпикалық образ үшін керек.
Лирикалық образ – сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдардағыдайадамның сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуат шиеленісіп жатқан тағдыры немес іс-әрекеті мен қимыл-харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін.
Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахынада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Бір кемшілігі эпикалық, лирикалық образдар сияқты ұзақ өмір сүре алмайды, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады. Алайда драмалық образ, кәдімгі жылатып, қуантып, не жек көргізіп тікелей ықпал жасап, тебірентеді. Бұл жағынан алғанда драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен әрі күшті.
Образдың жасалу тәсіліне қарай геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар, тюморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе – сарказм болғаны.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына-көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді. Сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
Сатираның юмормен бірлігі – мұнда юмордағы кеселді күлкі болады, бірақ бұл күлкі жай әзіл, ажуа емес, ызалы күлкі мазақ, сықақ, мысқыл, кескін, мұндағы күлкі кекті күлкі.
Трагедиялық образдарда әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, адам жеңіп болмас ауыр азапты жайларды әдебишығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедия қатерлі қайғылы, қаза түрінде көрініп, таргедиялық қаһарманның тағдыры өліммен аяқталып отырады.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер; адамға тән небір тамаша сипаттардың жинағы секілді сом тұлға, өз дәуіріңнің ең аяулы, асыл мұратынан туған тарихи тип. Геройлықтың қайнар көзі көп және әр алуан: әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған жерді қорғау, халқының азаттығы жолындағы күрес, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартыс, әділдік пен адалдық, махаббат пен достық жолындағы характерлер. Сөз өнеріндегі геройлық дегеннің орасан тәрбиелік мәні де осында жатыр.
4 дәріс сабақ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет