А. А. Какимова Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланды



бет5/9
Дата31.12.2019
өлшемі1,03 Mb.
#54721
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиет - арапша, асыл сөз


Сюжет - зат, француз сөзі

Троп - иін, грек сөзі

Лирика - аспап, грек сөзі

Сонет - сыңғырлау, итальянша



5. Пән бойынша дәрістік кешен
1-апта

1-дәріс

1.Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Әдебиет дегеніміз не? Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.

2. Суреткер табиғаты

3. Әдебиет – қоғамдық сана (Әдебиеттің халықтығы)



3.Дәрістің мақсаты:
4.Дәріс мазмұны:

  1. Әдебиет дегеніміз не?

Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша ( ) атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебит дегеніміз не? Әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрлылыс материалы» (Федин).

Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын. Сөз -бояу немесе сияқты дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тлі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл – көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне бөгет екені рас. Бірақ әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, теат сахнасында жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де – нақтылықта, заттылықта бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты болғаныме жансыз, қимлсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Сондықтан, сөз өнері – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинскиий) десе артық болмас. Қазақ халқы «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегін айтылмаған.



    1. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым, яғни әдебиет туралы ғылым.

Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Әдебиеттануға кіріспе пән арқыл әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, алғашқы түсініктер талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теоиясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, т.б. осы тәрізді мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыпьтайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.

Әдебиет сыны - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сын әдебиеттің айнасы. Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болады.

Әдебиттану ғылымның негізгі салаларымен бірге жанама тараулары да бар. Текстология, историография, библиография.

Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттейді. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, баспа тарапынан кеткен әріп, еміле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Автор тарапынан тыс қысқарған немес орынсыз өзгертілген жерлері болса, қалпына келтіріледі.

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.

Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін крек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет материалдардың бәрін библиографиялық көрсеткіштер арқылы іздеп тауып, пайдаланады.


  1. Суреткер табиғаты.

Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ендеше оны жасаушы кім? Суреткер кім? Талант табиғаты деген не ?

Әдеби талант дегн нәрсе – олдан жасалмайтын, өзіңде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емс нәрсе! Талант атаулы қашаннан халық құрметіне, сүйіспеншілігіне бөленген. Ата-бабамыз өнер иесі, ақын, әншісін айрықша қадір тұтқан. Суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет керек екені белгілі.

Қадыр Мырзалиев.

Айтамыз біздер ақын деп,

Ақынды шоқ боп маздаған,

Ақынға керке ақыл көп,

Асаулық керек аздаған.

Талант табиғатына тән еркешеліктер. 1-ден сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден айрықша әсер алып, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, көрген-білгенінен бейтарап қала алмай тебіреніп, толғану бәрінен бұрын ақынға тән қасиет. 2-ден. Бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген , дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе сезім қайдан пайда болады.

3-ден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындығын кең өріске шығаратын творчстволық қиял. Ойдан шығара білушілік. Жалпы ойдан шығару жоқ жерде әдеби шығарма болуы мүмкін емес. 4-ден. Интуиция. Өлең жазу – есеп шығару емес. Өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. 5-ден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы. Өмірде көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» деп Ибсен біліп айтқан. 6-дан, парасат. Сананың саралығы. Құр сезім, интуицияменұзаққа шырқау мүмкін емес. Шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. 7-ден, шеберлік. Нағыз шаман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық еңбек сүйгіштік. Талант – бәрінен бұрын еңбек. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол – шыдамды еңбек. 8-ден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек.

Талант табиғатынан жоғарыда аталған ерекшеліктерге назар аударуға болады. Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сондықтан оның шығар-да да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Мыс, өзіміздің Абай, Махамбет, Мағжан – бәрі ең алдымен өз дәуірінің ұлы, өз ортасы, өз халқының рухани тірегі, жалынды жаршысы болған таланттар. Бұлардың асыл мұраты – халық қамы, ұлт мүддесі.


5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.

2.

6.Пайдаланылатын әдебиеттер:

1-апта

2-дәріс

1.Тақырыбы:

2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түінік

2. Таќырып пен идея

3. Сюжет пен композиция.



3.Дәрістің мақсаты:

4.Дәріс мазмұны:

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кезкелген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір-бірімен тығыз бірлікте. Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің сыртқы қасиеті, осының ішкі қасиеті, анықтамасы, ол пішін.

Ал, енді әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Әдебиеттің объектісі - өмір, предметі – адам, өмір шындығы, дама тағдыры екені белгілі. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Мыс, «Ботагөз» романның мазмұны кәдімгі ақиқат өірдгі болған шындық – Қазан төңкерісінің арасында қазақ даласындағы ұлт азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Кеңесөкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні – С.Мұқанов романында жинақталған әдеби қаһармандардың Асқардың, Ботагөздің, Амантайдың, Итбайдың т.б-лардың қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы тіршілігі. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатынасқанын, қазақтардың төңкеріске қалайша келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін аңғарамыз. Саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуін көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін шығарманың мазмұнын толық ашып тұр.

Сонымен әдебиттегі мазмұн мен пішінді қорытсақ, шығараның мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына , тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы суретті сөзі, яғни көркм шығарманың тілі.



  1. Тақырып пен идея.

Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Көркем шығарманың туу процесі тақырыптан басталады. Суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал тақырып табу – бір күннің әрекеті емес, творчестволық процестің (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған мат-да жазу) барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Сонымен жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап, өзінің көркем шығармасына негіз арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын, көөқарасын білдіреді.

Сонда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деуге болады.

Тақырып пен идея әр қашан бірлікте болады.

Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, солай болуы мүмкін. Ал көлемді шығармаларда бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады. Мыс, «Абай жолын» алып қарайық. «Қайтқанда» тарауында шәкірттің қаладан қайтқан сағынышы, тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар. Көлқайнарлардағы аналарының құшағында тақырып «ана» да, идея –мейірім. Әке қасына баруы, үй іші көңлсіз, ызғар салқын Бұл эпизодтағы тақырып әке де, идея – қаталдық.

Алайда көркем шығармадағы тақырыптар иен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекерлі бірлік болады. Ол бірлік – идеялық бірлік. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен –бірі ұштасып, бір арнаға құяды. Сонымен, бір шығармадағы бірнеше әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамаен өрбітіп тұрған өзекті мәселені негізгі идея дейміз.

Бірнеше суреткер бір тақырыпқа жазса да, идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, өзінше тың идея туғызуы қажет. Мәселен, С.Мұқановтың «Ботагөзі», Х.Есенжановтың «Ақ жайығы», Ә.Нұрпейсов «Қан мен тер» - бәрі бір тақырып – революсиялық тақырыпқа жазылған. Әр романның өз идеясы, әр жазушының мәнері бар. Бұл арада бір тақырыптан бірнеше идея туып тұр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан ашып, мазмұн мен пішін бере білу қажет.


  1. Сюже пен композиция.

Сюжет те, композиция да көркем шығарманың мазмұнын ашып, көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің жолы.

Сюжет (французша - зат) дегенді білдіреді. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сюжетті М.Горький адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы»

дейді. Бұл классиалық анықтама. Сонда , сюжет дегеніміз көркем шығарманың мазмұнына айналған өмірлік оқиғаның өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі екенін даусыз. Бір-бірімен қарым-қатыастағы адам тұлғалары оснау өзекті оқиғалар араында, қимыл-әрекет үстінде шиеленіскен, шытырман күрес, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады.

Тартыс (латынша қақтығыс, айқас, кейде – алауыздық, талас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереағар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы., суреттелуі.

Олай болса, әдеби шығ-ғы табиғи тартысоның сюжеті мен композициясын өрбітер, қозғаушы күш екені белгілі. Бұдан шығатын қорытынды: сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс, ал тартыстан сюжт құрап, қалыптастыратын – композиция.

Сюжет пен композиция өзара бірлікте бола тұра, бір-бірінен өзгешелігін де білген жөн.

Сюжет кез келген шығармада бола бермейді. Лирикалық шығармаларда Мыс. Т.Молдағалиев «Өмір маған кейде бір» . Композиция бар ма? Бар. Ақынның шабыт пен сырға толы өмір туралы жыры. Өзі өлеңге айналдырып отырған өмір туралы нәзік сыры шебер қиысқан. Мазмұн мен пішінге тән шкі үйлесім тапқан.

Композиция барлық шығармада түгел болады.

2-ден композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймай, сюжеттен тыс нәрселерді (детальдарды) қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

Сюжеттің өрбу кезеңдері:

Сюжеттің басталуы (лат. Экспозиция – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.

Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттердің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты.

Шарықтау шегі (лат. шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы: адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалыфқ тартыстың өрістеп шыққан биігі.

Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетінің шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарға үкімі, адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың , күрделі күрестің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақрығы хал-күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахынасы.

Сонымен қорытар болсақ, сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе шығарманың композициясы. Ал композициялық шеберлі шығ-ғы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру.

Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжетте тыс нәрселер де кіреді.

Бірі, пролог (грекше алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі. Пролог кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады. Кейдебас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады.

Енді, бір нәрсе – эпилог (грекше соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.


5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1.

2.

6.Пайдаланылатын әдебиеттер:

3 дәріс.



1.Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

2. Қарастыратын сұрақтар:

1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.

2. Образ және оның түрлері



  1. Тип және типтердіру, тип және прототип арақатиынасы, типтік бейне ерекшелігі.

  2. Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер. Портреттік тәсіл, оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Психологиялық паралелизм.

Дәрістің мазмұны :

1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.

Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны – тек адам өмірі» дейді. М.Горький өзінің «Кәсіп туралы кеңесінде » көркем әдебиетті «адамтану» деп атайды.

Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арақауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі деуге болады. Демек, әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөінде емес, қалмгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс.

Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару,, тірі құжаттарды зертеу. Мыс. Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы, немесе М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеяы.

Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты - ойдан шығару. Ойдан шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың , жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Яғни шығармада суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрә жинақтау, әрі даралау тәсілі.

Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасы образ – суретті сөз. Мыс: А.Құнанбаев «Қыс», я болмаса,

Күлімсіреп аспан тұр

Жерге ойлантып әр нені. (Абай)

Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз. (ауызша)

Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлікматеиралды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.

Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.

Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.

Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тіріә мүсін прототип.

Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототив табудан басталғанын байқауға болады. М.Әуезовтың әр типінің өмірде прототипі болған. С.Мұқановтың Амантацының төркіні Амангелді т.б.

Типтік тұлғасын жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне,осылай басталады.

Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үші талғампаздық.

М.Әуезов талғампаздық туралы былай дейді: «Төрт том «Абай жолы» үшін жинақтап, жинап жән сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды».

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқлы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлға тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық ұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мыс: Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады.

Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский.

ТИптің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың , бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. Мысалыға Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, әбден дараланған, мінез құлқы, іс-әректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұнда Құнанбайдың жалқы – тұлға. Сонымен бірге, ол әбден жинақталған, сол дәуірдегі өмір кешкен бай-шонжарлардың бәріне ортақ әрекет бар. Бұл жерде Құнанбай – жалпы, өз ортасының жиынтығы. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға болады. Мыс, М.Әуезов Абай бейнсі арқылы қазақ қоғамындығы жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады.

Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады.

Мінездеу тура жәнежанама мінездеу.
1- дәріс.

Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе

Дәріс мазмұны:

1. Әдебиет дегеніміз не? Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.

2. Суреткер табиғаты


  1. Әдебиет – қоғамдық сана (Әдебиеттің халықтығы)

Әдебиет дегеніміз не?

Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша ( ) атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебит дегеніміз не? Әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрлылыс материалы» (Федин).

Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын. Сөз -бояу немесе сияқты дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тлі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл – көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне бөгет екені рас. Бірақ әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, теат сахнасында жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де – нақтылықта, заттылықта бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты болғаныме жансыз, қимлсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Сондықтан, сөз өнері – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинскиий) десе артық болмас. Қазақ халқы «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегін айтылмаған.


    1. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым, яғни әдебиет туралы ғылым.

Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Әдебиеттануға кіріспе пән арқыл әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, алғашқы түсініктер талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теоиясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, т.б. осы тәрізді мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыпьтайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.

Әдебиет сыны - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сын әдебиеттің айнасы. Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болады.

Әдебиттану ғылымның негізгі салаларымен бірге жанама тараулары да бар. Текстология, историография, библиография.

Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттейді. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, баспа тарапынан кеткен әріп, еміле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Автор тарапынан тыс қысқарған немес орынсыз өзгертілген жерлері болса, қалпына келтіріледі.

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.

Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін крек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет материалдардың бәрін библиографиялық көрсеткіштер арқылы іздеп тауып, пайдаланады.


  1. Суреткер табиғаты.

Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ендеше оны жасаушы кім? Суреткер кім? Талант табиғаты деген не ?

Әдеби талант дегн нәрсе – олдан жасалмайтын, өзіңде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емс нәрсе! Талант атаулы қашаннан халық құрметіне, сүйіспеншілігіне бөленген. Ата-бабамыз өнер иесі, ақын, әншісін айрықша қадір тұтқан. Суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет керек екені белгілі.

Қадыр Мырзалиев.

Айтамыз біздер ақын деп,

Ақынды шоқ боп маздаған,

Ақынға керке ақыл көп,

Асаулық керек аздаған.

Талант табиғатына тән еркешеліктер. 1-ден сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден айрықша әсер алып, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, көрген-білгенінен бейтарап қала алмай тебіреніп, толғану бәрінен бұрын ақынға тән қасиет. 2-ден. Бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген , дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе сезім қайдан пайда болады.

3-ден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындығын кең өріске шығаратын творчстволық қиял. Ойдан шығара білушілік. Жалпы ойдан шығару жоқ жерде әдеби шығарма болуы мүмкін емес. 4-ден. Интуиция. Өлең жазу – есеп шығару емес. Өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. 5-ден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы. Өмірде көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да күшті мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» деп Ибсен біліп айтқан. 6-дан, парасат. Сананың саралығы. Құр сезім, интуицияменұзаққа шырқау мүмкін емес. Шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. 7-ден, шеберлік. Нағыз шаман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық еңбек сүйгіштік. Талант – бәрінен бұрын еңбек. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол – шыдамды еңбек. 8-ден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек.

Талант табиғатынан жоғарыда аталған ерекшеліктерге назар аударуға болады. Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сондықтан оның шығар-да да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Мыс, өзіміздің Абай, Махамбет, Мағжан – бәрі ең алдымен өз дәуірінің ұлы, өз ортасы, өз халқының рухани тірегі, жалынды жаршысы болған таланттар. Бұлардың асыл мұраты – халық қамы, ұлт мүддесі.


2дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет