Тақырыбы: Көркем шығарма
Дәріс сабақ мазмұны:
1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түінік
Таќырып пен идея
Сюжет пен композиция
1. Көркм шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кезкелген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір-бірімен тығыз бірлікте. Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің сыртқы қасиеті, осының ішкі қасиеті, анықтамасы, ол пішін.
Ал, енді әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Әдебиеттің объектісі - өмір, предметі – адам, өмір шындығы, дама тағдыры екені белгілі. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Мыс, «Ботагөз» романның мазмұны кәдімгі ақиқат өірдгі болған шындық – Қазан төңкерісінің арасында қазақ даласындағы ұлт азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Кеңесөкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні – С.Мұқанов романында жинақталған әдеби қаһармандардың Асқардың, Ботагөздің, Амантайдың, Итбайдың т.б-лардың қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы тіршілігі. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатынасқанын, қазақтардың төңкеріске қалайша келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін аңғарамыз. Саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуін көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін шығарманың мазмұнын толық ашып тұр.
Сонымен әдебиттегі мазмұн мен пішінді қорытсақ, шығараның мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына , тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы суретті сөзі, яғни көркм шығарманың тілі.
Тақырып пен идея.
Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Көркем шығарманың туу процесі тақырыптан басталады. Суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал тақырып табу – бір күннің әрекеті емес, творчестволық процестің (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған мат-да жазу) барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Сонымен жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап, өзінің көркем шығармасына негіз арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын, көөқарасын білдіреді.
Сонда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деуге болады.
Тақырып пен идея әр қашан бірлікте болады.
Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, солай болуы мүмкін. Ал көлемді шығармаларда бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады. Мыс, «Абай жолын» алып қарайық. «Қайтқанда» тарауында шәкірттің қаладан қайтқан сағынышы, тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар. Көлқайнарлардағы аналарының құшағында тақырып «ана» да, идея –мейірім. Әке қасына баруы, үй іші көңлсіз, ызғар салқын Бұл эпизодтағы тақырып әке де, идея – қаталдық.
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар иен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекерлі бірлік болады. Ол бірлік – идеялық бірлік. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен –бірі ұштасып, бір арнаға құяды. Сонымен, бір шығармадағы бірнеше әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамаен өрбітіп тұрған өзекті мәселені негізгі идея дейміз.
Бірнеше суреткер бір тақырыпқа жазса да, идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, өзінше тың идея туғызуы қажет. Мәселен, С.Мұқановтың «Ботагөзі», Х.Есенжановтың «Ақ жайығы», Ә.Нұрпейсов «Қан мен тер» - бәрі бір тақырып – революсиялық тақырыпқа жазылған. Әр романның өз идеясы, әр жазушының мәнері бар. Бұл арада бір тақырыптан бірнеше идея туып тұр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан ашып, мазмұн мен пішін бере білу қажет.
Сюже пен композиция.
Сюжет те, композиция да көркем шығарманың мазмұнын ашып, көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің жолы.
Сюжет (французша - зат) дегенді білдіреді. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сюжетті М.Горький адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы»
дейді. Бұл классиалық анықтама. Сонда , сюжет дегеніміз көркем шығарманың мазмұнына айналған өмірлік оқиғаның өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі екенін даусыз. Бір-бірімен қарым-қатыастағы адам тұлғалары оснау өзекті оқиғалар араында, қимыл-әрекет үстінде шиеленіскен, шытырман күрес, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады.
Тартыс (латынша қақтығыс, айқас, кейде – алауыздық, талас) - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереағар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы., суреттелуі.
Олай болса, әдеби шығ-ғы табиғи тартысоның сюжеті мен композициясын өрбітер, қозғаушы күш екені белгілі. Бұдан шығатын қорытынды: сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс, ал тартыстан сюжт құрап, қалыптастыратын – композиция.
Сюжет пен композиция өзара бірлікте бола тұра, бір-бірінен өзгешелігін де білген жөн.
Сюжет кез келген шығармада бола бермейді. Лирикалық шығармаларда Мыс. Т.Молдағалиев «Өмір маған кейде бір» . Композиция бар ма? Бар. Ақынның шабыт пен сырға толы өмір туралы жыры. Өзі өлеңге айналдырып отырған өмір туралы нәзік сыры шебер қиысқан. Мазмұн мен пішінге тән шкі үйлесім тапқан.
Композиция барлық шығармада түгел болады.
2-ден композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймай, сюжеттен тыс нәрселерді (детальдарды) қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Сюжеттің өрбу кезеңдері:
Сюжеттің басталуы (лат. Экспозиция – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттердің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты.
Шарықтау шегі (лат. шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы: адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалыфқ тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетінің шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарға үкімі, адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың , күрделі күрестің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақрығы хал-күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахынасы.
Сонымен қорытар болсақ, сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе шығарманың композициясы. Ал композициялық шеберлі шығ-ғы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру.
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжетте тыс нәрселер де кіреді.
Бірі, пролог (грекше алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі. Пролог кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады. Кейдебас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады.
Енді, бір нәрсе – эпилог (грекше соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.
№ 3 дәріс.
Тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары.
Дәрістің мазмұны :
1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
Образ және оның түрлері
Тип және типтердіру, тип және прототип арақатиынасы, типтік бейне ерекшелігі.
Көркем бейне жасаудағы негізгі тәсілдер. Портреттік тәсіл, оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері / тура және жанама мінездеу/. Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Психологиялық паралелизм.
1. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны – тек адам өмірі» дейді. М.Горький өзінің «Кәсіп туралы кеңесінде » көркем әдебиетті «адамтану» деп атайды.
Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арақауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі деуге болады. Демек, әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөінде емес, қалмгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс.
Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару,, тірі құжаттарды зертеу. Мыс. Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы, немесе М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеяы.
Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты - ойдан шығару. Ойдан шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың , жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Яғни шығармада суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрә жинақтау, әрі даралау тәсілі.
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасы образ – суретті сөз. Мыс: А.Құнанбаев «Қыс», я болмаса,
Күлімсіреп аспан тұр
Жерге ойлантып әр нені. (Абай)
Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз. (ауызша)
Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлікматеиралды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.
Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.
Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тіріә мүсін прототип.
Әр жазушының твочестволық лабороториясына үңілген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау; яғни әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототив табудан басталғанын байқауға болады. М.Әуезовтың әр типінің өмірде прототипі болған. С.Мұқановтың Амантацының төркіні Амангелді т.б.
Типтік тұлғасын жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне,осылай басталады.
Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үші талғампаздық.
М.Әуезов талғампаздық туралы былай дейді: «Төрт том «Абай жолы» үшін жинақтап, жинап жән сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды».
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқлы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлға тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық ұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мыс: Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады.
Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский.
Типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың , бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. Мысалыға Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, әбден дараланған, мінез құлқы, іс-әректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұнда Құнанбайдың жалқы – тұлға. Сонымен бірге, ол әбден жинақталған, сол дәуірдегі өмір кешкен бай-шонжарлардың бәріне ортақ әрекет бар. Бұл жерде Құнанбай – жалпы, өз ортасының жиынтығы. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға болады. Мыс, М.Әуезов Абай бейнсі арқылы қазақ қоғамындығы жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады.
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады.
Мінездеу тура жәнежанама мінездеу. Мінездеу. Мыс. Ғ.МҰстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Жақып шабарманға берілген мінездеуді алуға болады. «Шәкен мырзаның қолтығына кіріп алып, біреу мен біреуді, бір ел мен бір елді, есебін тауып, атыстырып жүреді. Ел іші тиыш болса, оған іштемес түспейді, жұмыссыз қалады. Жатып ішуді дәулет көтермейді. Еңбек істеуге әдеттенбеген, мойыны жар бермейді. Сондықтан қулық сұмдықтан Безу түгіл, әбден шеберленіп барады». Бұл тура мінездеу.
Жанама мінездеу Мұнда төтесінен сипаттамайды, жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы барөзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.
Әдебиеттегі Адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетіде (портретін) көрсетіледі. Сөз өнеріндегі портрет, ол – бір қалыпты қатып тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Мыс. М.Әуезов «Абай жолы» әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын үлкен бетіне ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал тұмсығының сол ияғына шығып алып, қалғымай, сауысқандай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, қатал күзетші.
Мұнда адамның сырт пішінімен бірге ішкі мінезін аңғаруға болады.
Образ және оның түрлері
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тәсілдік, текттік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсіліне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ т.б. бөлінеді.
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, мифте, қала берсе, қай қай халықтың болса да, ауыз әдебиетінде жатыр. Романтикалық образ өмірдегі болған немес бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Мыс. Сонау желаяқ пен көреген, Саққұлақ пен таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асан Қайғыға дейін, одан Алпамыс, Қобыланды, Тарғын, Қамбарға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады.
Реалистік образ - әдебиетегі адам бейнесінің ең шынайы түрі. Бұл – кәдімгі өмірде болған бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Реалистік образ – нанымды образ. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.
Реалистік образ – типтік образ. Өйткені, өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суырылып шығарылған.
Әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан үш түрге бөлінеді.
Эпикалық образ – кескін кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диаллог пен монолог, түрліше сезімдер мен харекеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсіресеэпикалық образ үшін керек.
Лирикалық образ – сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдардағыдайадамның сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуат шиеленісіп жатқан тағдыры немес іс-әрекеті мен қимыл-харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін.
Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахынада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Бір кемшілігі эпикалық, лирикалық образдар сияқты ұзақ өмір сүре алмайды, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады. Алайда драмалық образ, кәдімгі жылатып, қуантып, не жек көргізіп тікелей ықпал жасап, тебірентеді. Бұл жағынан алғанда драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен әрі күшті.
Образдың жасалу тәсіліне қарай геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар, тюморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе – сарказм болғаны.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына-көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді. Сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
Сатираның юмормен бірлігі – мұнда юмордағы кеселді күлкі болады, бірақ бұл күлкі жай әзіл, ажуа емес, ызалы күлкі мазақ, сықақ, мысқыл, кескін, мұндағы күлкі кекті күлкі.
Трагедиялық образдарда әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, адам жеңіп болмас ауыр азапты жайларды әдебишығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедия қатерлі қайғылы, қаза түрінде көрініп, таргедиялық қаһарманның тағдыры өліммен аяқталып отырады.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер; адамға тән небір тамаша сипаттардың жинағы секілді сом тұлға, өз дәуіріңнің ең аяулы, асыл мұратынан туған тарихи тип. Геройлықтың қайнар көзі көп және әр алуан: әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған жерді қорғау, халқының азаттығы жолындағы күрес, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартыс, әділдік пен адалдық, махаббат пен достық жолындағы характерлер. Сөз өнеріндегі геройлық дегеннің орасан тәрбиелік мәні де осында жатыр.
№ 4 дәріс сабақ .
Тақырыбы: Көркем шығаманың тілі
Дәріс мазмұны:
Ауызекі тіл мен әдеби тілі Көркем әдебиет тілі, яғни поэтикалық тілдің ерекшеліктері оған қойылатын талаптар.
Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.
Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Троптар. Оның эпитет, теңеу, метафора, символ т.б. түрлері. Олардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі.
Поэтикалық фигуралар инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі. Аллитерация мен ассонанс.
Әдебиет – сөз өнері дедік. „Сөз шығарманың негізгі материалы. Сөз өнеріндегі тілідң атқарар қызмет бәрінен ерекше, бөлек. Ал тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма бола алмайды. Құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады, ойы нәрсіздің тілі де әрсіз” дейді Л.Толстой бекер айтса керек. Демек, көркем тіл - әдебиеттану ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі.
Әдебиет ардың ісі. Әр жазушы атанған адам жаман жазуға арлануы керек.
А.Байтұрсынов өзінің „Әдебиет танытқышында” сөз өнері адам санасының, үш негізіне (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінін айта келіп: „тлдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау” деп дәлелдеді.
Жазушының тілі құнарлы сөздік қоры мол болуы керке. Тіл байлығы сөз өенріндегі мазмұн байлығына әкеледі.
Тіл байлығының қайнар көздерінің бірі – сөздердің көп мағыналығы (полисемия). Әр сөз жеке, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Бұл сөздегі тура және туынды мағына ретінде түсіндіріледі.
Тура мағынадағы сөздер заттар мен құбылыстарға, сапа мен белгіге, іс-әрекетке тікелей бағытталып, туынды мағыналарға қарағанда, айқын, дара көрінетінін дәлелдейді. Көркм сөз теориясы, бәрінен бұрын әр сөздің әр сипаттағы тура және туынды мағыналарының әдеби шығармаларда көрінуін қарастырады. Мыс: дүние сөзі.
Полесимизмде бір сөзің бірнеше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы және бар. Мыс, сынап деген сөз зат, сынаптай ағады, тез, шапшаң, сынапша жылтырайды десек, тағы бірнәрсенің түсін таныта бастайды.
Әр сөздің тура мағынасымен қатар бұрма мағынасы да бар. Ей сөздердісол кері мағынаға көшіріп, орнымен ойнаа білу де әсем тәсіл. Мыс. Абай туралы Құнанбай: „Одан да, не күтесіңдер, осы жаман қарадан күтсеңдерші”,- деген сөзінде жаманның астарымен, жақсы атаулының бәрінен биік мағынада әдейі айтылып тұр.
Сөз байлығының бірі синонимия (гр. заттас) айтылуы, естілуі, әр түрлі болғанымен, мағынасы бір-біренн жуық, мәні ұқсас сөздер. Мыс: шапшаң, жедел, тез, мезгіл, мерзім, уақыт, шақ, сәт т.б Осылар секілді синоним сөздердің ішінен суреткер өзіне қажеттісін ғана алады. Сононимдердердің кез-келгенін бірінің орнына бірін қолдануға да болмайды.
Мен кесекті ердің сойымын, айбарлы ер, айдынды ер
Кескілеспей бір басылман төбелеспей басылман, қойман
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысын қашырман
Байеке, сұлтан, ақсүйек
Қыларың болса қылып қал
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман өлтіремін
Көркем шығармада орныменүстемелей, қатар, қабаттаса қолданылған синонимдердің орны да айырықша. Бұл плеоназм құбылысы. Мыс:
Орынды іске жүріп, ой таппаған
Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.
Қаситті болмайды ондай жігіт
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.
(Абай)
Әншейін, құр бекер соңғы жол плеоназм.
Тілімізде синоним сөздермен қатар, омонизм (грекше аттас) – айтылуы, естілуі бір болғанымен, мән-мағынасы әр тарап сөздер бар екені мәлім. Мысалы: қара, көр, ер, жар, ор, сор, аң, нан, қан, таң, сан, мал, салт т.б.
Бірақ бұл сөздерді аса сақтықпен абайлап пайдаланған дұрыс.
Тағыдай таудан су ішкен
Тарпаңдай, тізесін бүгіп
От жеген,
Тағы сынды жан едік,
Тағы келдік тар жерге,
Таңдансаң тағы болар ма?
(Махамбет)
Антоним (грекше қарсы, атау) – бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы сөздер. Мыс:
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда
(Абай)
Айтар ойды тұжырып, дәйектеп тұр.
Архайизм (грек ежелгі, көне), неологизм, деалектизмдердің орны да ерекше. Мыс, тарихи шығармаларды туғызу кезінде суреткер архаизмді аттап өте алмайды. Я жаңа заманға байланысты туып қалыптасқан сөздер.
2. Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз.
Әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлт, бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады
Сөз сұлулығы оның қарапайымдылығы мен табиғилығы Дей тұрғанмаен, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын тағы естен шығармау керек.
Әр сөзадамның көңіл күйімен тығыз байллынысты, сондықтан әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл – интонация (латынша дауыс ырғағы) яғни әр сөздің айтылу мәнері. Әдеби тілге дауыс ырғағымен бірге, тіпті дыбыс қайталаулар да әжептәуір ажар бітіреді. Бұл тәсіл екі түріл: аллитерация (латынша - дыбыстас) – біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонас (Французша – үндес) – біріңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұл прозада да, поэзиялық шығармаларда да кездеседі. Мыс:
Эпитет – заттың, құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
(Абай)
Қолыма от сиялы қалам алдым,
Жалатқан айналама қарамадым…
(Х.Ерғалиев)
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, көріктендіретін құралдардың бірі – теңеу. (орысша - сравнение). Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді.
Шаншылып Алатаудың ұршығындай
Шабыттың шырқап биік ыршуындай
Шолып тұр шартарапты Абай шыңы
Шытырман жақпар-жақпар жыр шыңындай
(Ж.Аймауытов)
2.1.Троп, оның түрлері
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан тәсіл-құбылту, яғни троп (грекше –иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылтудың (торптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яғни метафора (грекше - көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарлангдыра түсу үшін олардыөздеріне ұқсас өзге затқане құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған зттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,
Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.
(Ә.Сәрсенбаев)
Мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айырықша сұлу сымбат бітірген.
Немесе:
Мен – тауда ойнаған қарт
Марал
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан…
… Мен бір шарға ұстаған
Қара балта едім:
Шабуын таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім…
(Махамбет)
Ақын өзін маралға баласа, маралдың күллі қасиетін, балтаға баласа, балтаның барлық ерекшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де айырықша екпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен билеп, баурап әкетеді.
Кейіптеу – қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншақ қыс келді де,
Сүйді жаз әбден беріле: Сілтеді суық қанжарын.
Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де, Өзінің жылы жеріне… Қалдырып кетті жан жарын
(Ә.Тәжібаев)
Ә.Тәжібаевтың әдеттегі қыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға Жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен.
Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл.
Ал мысал өлеңдеріндегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Мыс, Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер, қулық, зорлық, қастық т.б. секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанымен, көзбен көру қиын. Мәселен, С.Дөнентаевтың «Ауырған арыстан» мысалында. Қулық –Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген.
Торптың (құбылтудың) бір түрі – астарлау, яғни символ (грекше шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді.
Отырмын теңіз бойында Достарым қандай көп еді
Ойнайды дауыл ойымда Көбісі соның жоқ енді
Соғады толқын шың, жарды, Көпірген теңіз төңірегім
Шертеді көңілім мұңлы әнді Күрсінбейді жел тегін!
(Ә.Тәжібаев)
Әдемі айтылған өлең. Аз ғұмырында әрқашан ақылды болу үшін әркім-ақ айырықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында дөңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, үлкен шабытпен жырланған. Бұл өлең – символмен бірге психологиялық параллелизмнің де үлгісі.
Троптың келесі бір түрі – алмастыру, яғни метонимия (грекше қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалығы үшін қажет.
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға.
(Абай)
Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Әрине, мәз болған үй емес, үй ішіндеі адамдар екені өінен-өзі түсінікті.
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!
Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!
Ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де - өзінің сәби бөбегі; ұғым метонимия тәсілімен шартты түрде әдейі өзгертілген. Кішкене жүрек, бір жағынан, мегзеу, яғни синекдоха (грекше арақатысын ашу) тәсіліне де көшіп тұр. Мегзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Троптың бір түрі – кекесін, яғни ирония (грекше - келемеждеу); тағы бір түрі – мысқыл, яки сарказм (греше масқаралау).
Троптың бір түрі – ұлғайту, яғни гипербола (грекше үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки литота (грекше – қарапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі.
Жоғары ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп…
(«Қобыланды батыр»)
Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты,
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
(«Ер Тарғын»).
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де, - поэзияда, көсем сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда қолданылады. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиетімізде көбіне әсірелеу, яғни гротекс (французша – оқыс, оқшау, оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн.
Қысқасы, көркем сөзді ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта құлпыртып, әр қашан «тілге жеңіл, жүрекке жылы жылы тигізудің» тәсілдері көптен-көп; жоғарыда солардың кейбіреулерін ғана атап өттік.
Достарыңызбен бөлісу: |