№ 18 Дәріс Дәрістің мазмұны:
Қазақстанның өнеркәсібі де құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстанның халық шаруашылығы жалпы өнімде азамат соғысы жылдары өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді. Қазақ ауылдарында капиталистік қатынас таза түрінде болмады. Қазақстан экономикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.
1920 жылы 4 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай съезiнде Орталық Атқару Комитетi (төрағасы С.М. Меңдешев) және Халком Кеңесi сайланды. Съезд “Қырғыз (Қазақ) АКСР-i еңбекшiлерi құқықтарының декларациясын” қабылдады. Онда Қазақ АКСР-i РКФСР-дiң құрамына кiретiн жұмысшылардың, еңбекшi қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерiнiң автономиялы республикасы болып құрылғанын мәлiмдедi. Декларация Кеңестердiң таптық мәнiн белгiлеп бердi. Ол ұлттық езушiлiк пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетiнiн жариялады.1921 жылы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1 Азамат соғысы жылдарыедағы күйзеліс.
2. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы экономикалық даму.
№ 19 Дәріс Тақырыбы: Дәрістің мазмұны: Тотолитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстан
Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өрендеру ісі өріс алды. Мұнай, тұз өндіру ісі жолға қойылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Бұл кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді. Өйткені көлік қатынасын жолға қоймайынша жаңа экономикалық саясаттың басты міндеттерін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа теміржол құрылыстары жүргізілді. Петропавл – Көкшетау темір жолы іске қодсылды. Сондай ақ Оңтүстік Сібір магистралінің Ақмола – Қарағанда тармағы салынды. Жерісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор – Ташкент және Сібір теміржолдарында жүк айналымы өсті, оның материалдық – техникалық базасын нығайтуда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда , жол қатынасы халық комиссариаты тарапынан едәуір мөлшердн паровоз қатынасы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
ЖЭС жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.
ЖЭС көшудің негізі ұстанымдары.
№20 Дәріс
Тақырыбы: 20-30 жылдардағы ауыл шаруашылығы
Дәрістің мазмұны: 1921-22 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарда кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.
Мемлекеттік коорпоративтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлер: жәрмеңкелер, саудагер керуендері пайда болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан.
2. 20-30 жылдардағы жағдай.
№21 Дәріс
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.
Дәрістің мазмұны: Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жан қиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканың соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Снымен қатар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орындарының жабдықтары әкелінді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеу.
2. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.
№22 Дәріс Тақырыбы: 1946-1960 жылдардағы экономикалық дамуы
Дәрістің мазмұны: Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің әсіресе, бұхара халық көп қолданатын тауар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблеммасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуға тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республика соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.
Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы
2. Соғыстан кейінгі қайта экономиканы көтеру
Достарыңызбен бөлісу: |