Дәріс №10
Тақырыбы: Этникалық бірігейілік пен ұлттық сана сезім.
Дәріс мазмұны:
Этникалық бірегейілік пен ұлттық сана-сезім түсінігі.
Этнос психологиясы.
Этникалық бірегейілік пен ұлттық сана-сезім түсінігі.
Ұзақ уақыт бойы біздің елде қоғамдық ғылымдарда және саяси лексикада «ұлттық сана-сезім» түсінігі қолданды. Бұл біріншіден дәстүрлі отандық ғылымдарда «ұлт» түсінігі этникалық қауымдастық мағынасында қолдануымен, екіншіден, зертеушілер назарында республикалардың титульды ұлттары болуымен түсіндіріледі. Ал үшіншіден ғылымдардың бөлінуімен, жеке даралығымен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта зерттеу обьектісі өзгеріп, көп жағдайда диоспоралық этникалық топтар алынады.
Сонымен бірге отандық ғылымда ұлтпен қатар азаматтылық деген түсінік көп қолданылады. Ұлттық бірегейлік термині шетелде ғана емес, біздің елде де қолданыла бастады.
Бұның барлығы ғалымдар үшін «этникалық сана-сезім» түсінігін неғұрлым жақынырақ бола бастауына әкелді.
Этнопсихологтар этникалық бірегейлікті бір жағынан этникалық сана-сезіммен қатар қойса, ал екінші жағынан одан неғұрлым кең ұғым ретінде қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |