Дәріс №12
Тақырыбы: Этнос аралық қарым-қатынас.
Дәріс мазмұны:
Этнос аралық қарым-қатынастарлағы тарихи және саяси факторлар.
Этнос аралық байланыстарды зерттеудегі ғылыми әдістер.
1. Этнос аралық қарым-қатынастарлағы тарихи және саяси факторлар.
Этникалық қарым-қатынасты реттеу мен қарастыру этносоциологиядағы басты тақырыптардың бірі болып табылады. КСРО кезінде этникалық қатынас деп әдетте орыстар мен басқа да ұлт өкілдері арасындағы қатынас аталды. Ал шетелде бұл қатынас расалық және этникалық қатынас социологиясы деп аталады.
Этникалық қатынас мәселесі шетелдік және отандық социологиясындағы мәселелер тоғысқан білім саласын қамтиды. Оларды оқытуда басты екі деңгейін көрсетеді: 1. институциональды және 2. топ аралық, тұлға аралық.
Этносоциологияның басты қызықтыратын аймағы осы екінші деңгей болып табылады. Сонымен қатар этносоциология этникалық қатынастарды зерттей отырып оларды оқытудың әдістеріне назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |