Дәріс №13
Тақырыбы: Этнос аралық неке.
Дәріс мазмұны:
Ұлт аралық некені ғылыми тұрғыдан зерттеу.
ҚР этнос аралық неке
Ұлт аралық некені ғылыми тұрғыдан зерттеу.
10-15 жыл бұрын этносоциология академиялық сипат алған уақытта ұлт аралық неке мәселесі ғылыми зерттеулердің басты бағыты болып саналды. Конструктивистік концепция этносты өз саяси және экономикалық мақсаттарын жүзеге асыру үшін лидерлер арқылы қалыптасатын жасанды конструкция ретінде қаралады. Примордиалистік концепция этносты қоғамда белгілі бір функцияны жүзеге асыратын, онда ерекше үлкен топ ретінде тұрақты орын алатын жеке дара топ ретінде қарастырады.
Қазіргі уақытта қоғамдық ғылымдарыдң саясиландырылуы жоғарғы деңгейгке көтеріліп, ұлт аралық некені зерьеуге деген қызығушылық та асып отыр. КСРО кезіндегі ұлтаралық некенің саны жағынан көп болуы ол әрине достық ұлтаралық қарым-қатынастан болды. Ал ұлт арасында негативті қарым –қатынас орнаса әрине аралас-ұлттық неке саны қысқарары сөзсіз.
некені зерттеде бірнеше бағыттар бар. Соның бірі теориялық модель ішіндегі конструктивті бағыт. Бұл бағытта алдымен «некелік нарықтың» қатысушылары сапасымен ерекшелінеді. Одан кейін жасы, кірісі, білімі, діні, ұлты қаралады.
Содан кейін некенің тиімділігі - олардың өндіретін өнімімен өлшенеді. Өндіріс жоғары болған сайын, неке тиімділігі де соғұрлым жоғары болмақ.
Содан ейін басты назарда әрине ұлттардың жәстүрі. Дәстүрді беріп отыратын ол этникалық топ. Бұндай этникалық топ этнос болып табылады.
Этникалық мәдениет пен сана-сезім этнос арасында тұрақты орын алады. Ал урбанизация процесі кезінде өзіне жар табудың дәстүрлік ережесі өзінің абсолюттік мағынасынан айырылады.
Мақсаты: Ұлт аралық некені ғылыми тұрғыдан зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |