А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

Проблема:
Қазақ тілінің заңдылықтарын игермей-ақ, ойды 
жеткізе беруге болмай ма? 
Жобалай оқыту технологиясының жаңа педагогикалық 
технологиялар жүйесіндегі орны ерекше. Ол ерекшелік 
студенттің өзіндік ізденіс белсенділігінің әрдайым жоғары бо-
луымен, топтық ізденістің нәтижесін талқылай білуге дағды-
лануымен, болжам жасауға, шешімге келуге дағдылануымен 
анықталады. 
Теориялық мәселелерді игеруге көп мүмкіндік беретін 
әдіс-тер шоғыры– ізденім-зерттеу әдістері. Жоғары оқу орын-
дарының орыс тілді гуманитарлық бөлім студенттеріне қазақ 
тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы меңгертуде теория-
лық мәселемен байланысты жоба тақырыптарын «Қазақ тілі 
стилистикасы», «Ресми стильдің қалыптасу барысы», «Қазіргі 
қазақ газеттері және қазақ тіл мәдениеті мәселелері», «Этимоло-
гиялық ізденістер: қазақтың көне ыдыс-аяқ атаулары» т.б. түрде 
етіп беруге болады.
Зерттеу әдістеріне сай ұйымдастырылатын жобалар толы-
ғымен зерттеу жұмысын жүргізу логикасына бағынады, соны-


мен қатар осындай жобаның құрылымы да зерттеу жұмысының 
құрылымына ұқсас болып келеді.
Студенттер жобаның бұл түрін орындауды бастар 
алдында тақырыптың өзектілігіне қажетті аргументтерді жүйе-
леп, зерттеудің проблемасын анықтайды. Осымен бірге зерт-
теудің пәні мен нысанын, зерттеу міндеттерін, зерттеу әдістерін, 
ақпарат алу көздерін, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, болжа-
мын, проблеманы шешу жолдарында студент оқытушымен 
біріге отырып жобаны орындауға кірісер алдында толыққан-
дылықпен шешіп алуы керек. 
Қол жеткізілетін нәтиже мен зерттеудің ғылыми және 
практикалық жаңалығын да студент айқын белгілеп алуы керек. 
Зерттеу жобасының жазба түрде рәсімделуі мен осы зерттеу 
жобасынан туындайтын жаңа зерттеу тақырыптарын студент өз 
бетімен анықтауға ұмтылуы тиіс. 
Гуманитарлық бөлім студенттеріне осындай зерттеу жоба-
ларының мынадай тақырыптарын ұсынуға болады: 

қазақ тіліндегі жарнамалар және олардың стильдік 
ерекшеліктері; 

қазақ тіліндегі балабақшалар және олардағы ұлттық 
тәрбие; 

Қазақстан қалалары және олардағы көшелердің қазақша 
аталу жағдайы; 

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында қазақ әйелі 
бейнесінің суреттелуіндегі ерекше тілдік қолданыстар; 

Томирис патшайым бейнесі және оны қазақ қыздарын 
тәрбиелеуде қолдану әдістемесі; 

Қазақстан – 2030: ұрпақ қамы, т.б. 
Осындай бір жобаның түрін келтіре отырып, студенттің өз 
бетімен ізденім-зерттеу әдістерін меңгеру желісін зерделеп кө-
релік.
Жобаның тақырыбы: «Адам – табиғаттың перзенті, оның 
бір бөлшегі» деп аталды. Студентке осы тақырып бойынша зерт-
теу жүргізу үшін мынадай жұмыс жоспары құрылып беріледі: 
1)
тақырыпқа байланысты әдебиеттер жинау; 
2)
тақырыптың өзектілігі мен мақсатын айқындап, одан 
туындайтын міндеттер жүйесін белгілеу; 


3)
адам баласының өмірі табиғат аясында өтетіні және 
сол өз үйін қорғау әрбір азаматтың парызы екендігін өз 
тәжірибесі негізінде дәлелдеу; 
4)
қаладағы экологиялық проблемалар туралы материал-
дар жинау; 
5)
адам баласының табиғатты аялай білуге үйренуіне қа-
жетті шарттарды анықтап, жүйелеу; 
6)
қорытынды сөз мазмұнын белгілеу, мұнда адамды 
табиғатты аялай білуге үйрету үшін, адамның өзін табиғаттың 
бөлшегі екенін ұғындырумен байланысты жұмыстардың ең 
алдымен жүргізілу қажеттілігін дәлелдеу; 
7)
пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау. 
Осы жоба бойынша жұмыс жасау барысында студент өз
бетімен біраз әдістерді үйреніп, санасына сіңдірді, атап
айтқанда, мынадай қабілеттері жетілді: 

студент өз бетімен тақырыпқа байланысты әдебиет жи-
науға машықтанды; 

студент өз ойын дәлелдеуге қажетті әдістер мен 
тәсілдерді саралай алды; 

студент өз ойын дәлелдеу үшін жинақтаған практикалық 
материалдарды өз мақсатына сай пайдалануға үйренді; 

студент алға қойған проблемадан шығудың өзіндік жол-
дарын анықтап, нақты теориялық немесе практикалық 
ұсыныстар берудің тиімді жолдарын анықтады. 
Студенттің осы жоспардағы барлық іс-әрекетінің таным 
логикасы жүйесіне сай ұйымдасуына оқытушының басшылық 
етуі тиіс. Сонымен бірге, студент орындаған жоба жұмысына 
оқытушы өз тарапынан объективті баға беруі керек. 
Ғылыми-ізденіс жұмыстарының жүйесі мен құрылымы 
шынайы ғылыми жұмыстармен толық сай келуі керек деген 
ұстанымға сай бұл бағыттағы жобаларды бағалау үшін міндетті 
түрде оппоненттер алдын-ала тағайындалады. Жұмыстың оппо-
ненттері даярланған жобаларды мұқият талдап шығып, пікір-
лерін әзірлейді. Осы жобаны қорғау кезінде қазақ тілі бойынша 
берілетін бағдарламалар мен авторлық бағдарлама сәйкестігі 
салыстырыла келе, жобаны қорғау ұйымдастырылады. Сол 
қорғауда ең шешімді пікірді оппоненттер айтатын болады. Ал 


жоба қорғаушылар олардың айтқан сын-ескертпелеріне жауап 
беру арқылы өз деңгейлерін көрсетеді. 
Қазіргі кезде мектеп бітірушілердің емтиханды жобалай 
оқыту технологиясын қолдана отырып тапсыру тәжірибесі де 
кез-десіп жүр. Бұл да білімді жаңаша бағалаудың көрінісі болып 
са-налады. 
Жалпы жаңа заманға лайық оқытудың негізіне алынатын 
инновациялық үрдістер білім берудің барлық салаларын қам-
тып, қанат жайып, әр түрлі қырынан танылып келеді. Қазіргі 
инновациялық үрдістер В.И.Загвязинскийдің сөзімен айтқанда, 
білім бе-рудің мынадай салаларында қамтылады [39] : 
1) Білім беретін түрлі оқу орындарындағы білім мазмұ-
нында қамтылады. 
2) Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын, ұстаным-
дарын, әдістерін, формаларын, тәсілдері мен амалдарын қарас-
тырады. 
3) Оқу-тәрбие беру үдерісін ұйымдастыру жолдарын 
анықтайды. 
4) Мектепті басқару жүйесін жаңашаландыру жолдарын 
зерттейді.
Жаңа технологиямен оқыту, оқытудың жоғары белсенді 
түрін дамытудың мүмкіндігі техникалық және электрондық құ-
ралдарды тиімді қолданғанда тіпті арта түседі. Жобалай оқыту 
технологиясы студенттердің қазақ тілін танып-білуінің тиімді 
құралы ретінде алынғанда, осы оқыту әдісінің үлкен жүйе құра 
алатын қасиеті ерекше танылады. Бұл жерде «жобалау» деген 
сөздің ішкі мағынасындағы айырмашылықта болатын екі 
саланы айырып тани білу керек.
Оның біріншісінде «жоба» әрекеттің жемісі ретінде 
танылса, екіншісінде «жоба» таным әрекетін ұйымдастыратын 
басты әдіс ретінде танылады.
«Жоба» әдіс ретінде қолданылғанда, алға танылып-анық-
талуы тиіс белгілі бір проблеманы қойып, оны шешуге жеке 
студентті немесе студенттер тобын жұмылдыру үдерісі ұйым-
дастырылады. Сонымен қатар, бір жоба әдісі арқылы бір сабақта 
да, сабақтар сериясы бойы да жұмыс ұйымдастырып, көздеген 
нәтижеге жетуге болады. 


Жобалай оқыту арқылы алға қойылған проблеманы шешу 
барысында студенттердің өз бетімен білім алуын қалыптастыра 
отырып, қазақ тілін практикада қолдану дағдылары дамы-
тылады.
Бұл жердегі ізденімдік әдістердің нәтижесінде студенттер-
дің өз алдына берілген тақырып туралы белгілі бір дәрежедегі 
ақпараттар мазмұнын жинақтауға, оны шешу туралы болжам 
жасауға, қазақша сөйлеу тілін жаттықтыра отырып, сөйлемдер 
құруға үйренуге, сол арқылы қазақша ойлауға дағдылана 
бастайды. 
Қазақ тілін үйретуде бұл әдістерді жүйелі түрде жос-
парлап, жобалай оқыту технологиясында қолдана отырып, оқы-
тушы алдындағы студенттердің шығармашылық қабілеттерін 
дамытуға, ғылыми нәтиже алу үшін ізденудің оптималды 
түрлерін өз бетімен таба білуіне бағдар береді де олардың та-
нымдық қабілеттерін жетілдіреді. Мұндай ізденіс бағытындағы 
жұмыстарды өз деңгейінде жасауы нәтижесінде студенттердің 
жауапкершілік қасиеті мен көздеген мақсатына жету сезімдерін 
қалыптастырудың оңтайлы жолы танылады.
Бұл ретте «Қазақ тілі» пәні оқытушысының міндеті –
студенттердің әрқайсысын ізденім жолындағы белсенді таным 
қызметін шеберлікпен ұйымдастыра білуі. 
Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы аясында жүзеге 
асырылатын оқу-танымдық әрекеттің мазмұндық құралымын 
мынадай кесте түрінде (7-кесте) көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет