А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

 
 
СТУДЕНТТІҢ ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ОЙБӨЛІС 
ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.
«Оқыту технологиясы дегеніміз бұл – педагогикалық прак-
тикада психологиялық жетістіктерін қолдану». Бұл кімнің тұжы-
рымы екенін айтыңыз және оған дәйектеме жасаңыз. Ойыңызды 
қағазға түсіріңіз.
2.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе -
білім» / М.Әуезов /«Адам адам болу үшін оған білім қажет» / 
Я.А.Коменский / Ғалымдардың осы пікірлеріне сүйене отырып, 
оқытудың әлеуметтік мәнін ашыңыз.
3.
Төменде берілген ойбөліс оралымдары бойынша оқытудың 
жаңа технологияларының мәнін ашыңыз:
-
«білген сайын келеді біле бергім...» 
-
«білімсіздік туралы білім» жағдаятына талдау;
-
ұсынылған ойбөліс оралымдарын талдап, бағалаудың шешімін 
жазбаша түрде табыңыз.
4.
Технологиялылықтың басты өлшемдері: тұғырнамалығы; 
жүйелілігі; басқарымдылығы; нәтижелілігі; өнімділігі. 
5.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының шығу тегі 
және құрамдас бөліктері / әлеуметтік өзгерістер, жаңа 
педагогикалық ойлау т.б. / 
6.
Төменде аталған ұғымдарға өзіңіздің пайымдауыңыз негізінде 
анықтама беріңіз:
-
қазақ тілін оқыту технологиясы дегеніміз... –
-
қазақ тілін оқыту жүйесі..... 
-
қазақ тілін оқыту әдістемесі.....
-
жалпы оқыту технологиясы..... 
Осы ұғымдардың бір –бірінен айырмашылығы қандай?
7.
Төменде берілген тұжырымдардың ішінен технологиялық ұс-
танымын айқындайтын тұжырымды таңдап алыңыз: тұғырнама-
лығы; жүйелілігі; нәтижелілігі; басқарымдылығы; бұқаралы-


лығы; нәтиженің белгісіздігі; вариативтігі; экономиялылығы; 
өнімділігі; ұзақтығы; көпфакторлылығы; күрделілігі.
8.
Оқу процесін ұйымдастыру, оқыту әдістері мен формалары, 
оқытушы мен оқушы әрекеті, оқыту болжамы – бұлардың 
бәрі....тән. Ойыңызды жазбаша мысалдармен дәлелдеңіз.
9.
Төмендегі анықтамалардың ішінен оқыту технологиясы 
ұғымының мәнін ашатын тұжырымды жазбаша атап көрсетіңіз:
-
Оқыту технологиясы - бұл оқытуды жоспарлау, жобалау, 
ұйымдастырып өткізу бойынша біріккен педагогикалық 
әрекеттің әрбір деталі ойластырылған моделі / В.М.Монахов/. 
-
Жаңа технология оқу процесін іске асыратын және мұғалім іс-
әрекетін жоспарлайтын модульдердің жобасын жасауды көрсе-
теді / Ә.Қабдықайырұлы/. 
-
Оқыту технологиясы дегеніміз – дидактикалық жүйенің құ-
рамдас процессуальды бөлігі /М.Чошанов/.
-
Технология – оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету 
процесі / И.П.Волков/.
-
Педагогикалық технология – бұл оқу процесін жүзеге 
асыратын мазмұнды техника / В.А.Беспалько / 
-
Технология – бұл белгілі бір өнерде, шеберлікке қолданатын 
тәсілдер жиынтығы;
10.
Оқытудың жаңа технологияларын классификациялау кезінде 
тұлғаға бағыттылығы амалы қалай жүзеге асады?
11.
Оқыту технологиясы ұстанымы қалай жүзеге асатынын көр-
сетіңіз.
12.
Танымдық әрекетті басқаруы мен ұйымдастыруы бойынша 
бір типке жататын технологиялық топты сипаттап жазыңыз.
13.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары қандай 
нышандар бойынша жіктелген:
а/ қолдану деңгейі бойынша;
ә/ психологиялық негізі бойынша;
б/ философиялық негізі бойынша; 
в/ оқушылар категориясы бойынша;
14.
Баламалы технологиялардың негізінде қандай идея жатыр?
15.
Ізгілендіре оқыту технологиясының мәні неде және оның 
ынтымақтастық технологиясынан айырмашылығы қандай?
16.
Ынтымақтастық технологиясының мәнін ашатын зерт-
теулер.


17.
Дәстүрлі әдістеменің класс – сабақ
жүйесінде оқушыны зерт-
теу.
18.
«Педагог- оқушы» қатынасы жүйесіндегі оқушыға көзқарас 
технологиясы туралы мақсаттың қойылуы. 
19.
Қандай технологияны антропоцентрлік деп атайды және 
оның авторитарлық және дидактоцентрлік технологиядан 
айырмашылығы неде екендігін сипаттап жазыңыз?
20.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы негізінде оқушы-
ның тұлғалық моделіне сипаттама беріңіз.
21.
Оқушының жеке қасиетінің қалыптасу деңгейін анықтайтын 
диагностиканың тиімділігі неде?
22.
«Қазақ тілі» пәні оқытушысының портреті қандай?
23.
«Қазақ тілі» оқытушысының кәсіби қалпы туралы пікір.
24.
Психолого- педагогикалық диагностика туралы не айта 
аласыз?
25.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялық жүйесіндегі оқы-
тушының тұлғалық моделі туралы жазбаша пікір. 
26.
Жаңашыл оқытушылардың технологиялары /Қ.Нұрғалиев, 
К.Айқалиев, А.Ысқақов, Г.Айдаралиева, К.Бітібаева. т.б/
27.
Жаңашыл педагогтардың оқыту технологиясы туралы ой - 
тұжырымдар, шығармашылық әрекет.
28.
Өзіңіз тұратын жердегі /қала, ауыл, т.б./ жаңаша оқыту 
технологияларымен танысып, зерттеу жүргіздіңіз бе?
29.
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту технологиясы...
30.
Оқыту технологиясы мен тәрбиелеу өнерінің айырма-
шылығы неде?
31.
Оқыту өнері мен оқыту технологиясының айырмашылығы 
бар ма?
32.
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының құрылымы 
туралы тұжырымыңыз.
33.
Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту 
технологияларының процессуальды компоненті...
34.
Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясының мазмұн-
дық компоненті...
35.
Сабақ моделін құру технологиясының ережесін жасап, қор-
ғаңыз.
36.
Қазақ тілінен дәстүрден тыс сабақтың жоспарын жасап, қор-
ғаңыз/ лексика саласы бойынша/.


37.
Қазақ тілі сабағының моделін құрып / морфология/, қор-
ғаңыз.
38.
Қазақ тілін модуль арқылы оқыту технологиясы бойынша 
сабақтың ақпараттық картасын жасап / сөзжасам/, қорғаңыз.
39.
Қазақ тілінің синтаксисі курсы бойынша технологиялық 
карта дайындап, қорғаңыз.
40.
Деңгейлік оқыту технологиясы бойынша сабақ моделін 
дайындап, қорғаңыз.
41.
Білім деңгейін бақылау диагностикасы, рейтингілік жүйе.
42.
Компьютер арқылы оқыту технологиясы.
43.
Студенттер білімін бақылау түрлері: ағымдық, аралық, 
қорытынды, тақырыптық.
44.
Тест - оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың ұтым-
ды әдісі.
45.
Тест және оның дамуы, ұтымды түрлері мен формаларынан 
не білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет