А. А. Сатбекова



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата04.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#180209
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Kazak tilin okytu adistemesy Satbekova

 
 
7-кесте
Жобалай оқыту технологиясын қолдану арқылы қазақ тілін 
меңгертудегі оқу-танымдық әрекеттер жүйесі
Оқу-танымдық әрекеттің 
құраушы бөлшектері 
Оқытушының алға қойған міндеті мен 
әрекеттері 
1. Алға қойылған мақсат 
- студенттермен біріге отырып, алға қойылған 
мақсатқа жету жолын анықтау 
2. Қазақ тілін оқып-білу 
мотиві 
- студенттердің бойындағы оқу және әлеуметтік 
мотивтерін тірек етіп, соларға сүйену 
3. Қазақ тілін жобалай 
- көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін 


оқытудың құралдары 
оқу құралдарын студенттермен біріге отырып 
таңдау 
4. Қазақ тілін жобалай 
оқыту аясындағы оқу 
әрекеттері 
- оқу-таным әрекеттерінің вариативтілігі, сту-
денттің жеке басының ізденім қабілетіне сай 
әрекет түрін таңдау мүмкіндігі 
5. Нәтиже 
- студентке бағалы болып саналатын нәтижеге 
қол жеткізуі; оқытушы үшін студенттің ішкі 
жан-дүниесіндегі оң өзгерістердің дамуы 
6. Бағалау 
- студенттердің өзінің қол жеткізген нәтижесін 
өзі бағалай білуіне үйрету 
Осы жүйемен құрылған қазақ тілін оқыту үдерісінің көз-
деген нәтижеге қол жеткізер мүмкіндіктері мол деп саналады. 
Жобалай оқыту технологиясы арқылы тілді меңгерту – қазақ 
тілін гуманитарлық бөлім студенттеріне оқытудың өте икемді 
моделі. Бұл технологияның негізгі ұстанған бағдары – студент-
терге қазақ тілін оқыту арқылы олардың шығармашылық 
әлеуетін мүмкіндігінше мол дамыту, олардың физикалық және 
интеллек-туалдық дамуын жүзеге асыру.
Студенттер жобаларды орындауы барысында өздерінің 
ерік және шығармашылық қабілеттерінің жетіле түсетініне 
өздері де куә бола алады. Әрине, негізінен оқытушының 
басқаруымен, жетекшілігімен жүріп отыратын жобалай оқыту 
технологиясын қолдану арқылы білімді меңгертуде обьективтік 
және субъективтік жаңашылдық басым болып келеді. 
Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та 
пай-да болған жобалай оқыту технологиясының бастау көзі 
саналатын «жобалау әдісінің» теориялық негізі «прагматикалық 
педагогика» болып саналады. Ол «прагматикалық педагоги-
каның» философиялық іргетасын қалаған Джон Дьюи екені де 
жоғарыда айтылған болатын.
Айтылған ойлар мен талданған тиімді әдістерді жинақтай 
отырып, жобалай оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін мең-
гертудің тұжырымдық негіздерін былайша пайымдауға болады: 

тек практикалық нәтиже арқылы алынатын білім ғана 
ақиқат және құнды болып табылады; 

адам баласы онтогенезде өзін қоршаған ортаны танып-
білуі барысында жүріп өткен адамзаттың жолын қайталайды; 



оқу-таным үдерісінде студент те осы жолды қайталай 
отырып, жекеден → жалпыға қарай жүру жолын, яғни индук-
тивтік жолдан → дедукцияға қарай жүру жолын ұстанады; 

қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы арқылы оқып-
меңгеру студент үшін оқытушы тарапынан басқарылып оты-
рылғанымен, негізінен, студенттің ерік-жігеріне көбірек сүйе-
нетін, сол қасиеттерді дамытуға бағытталған үдеріс болып табы-
лады; 

студент өзінің қазақ тілі туралы білім алу қажеттілігін 
практикалық тұрғыдан анықтап қана осы тілді меңгеруге бел-
сенділікпен кірісе алады;

сол үдерісте студент қазақ тілін оқып-білудің орталық 
әрі белсенді субъектісіне айналады; 

қазақ тілінен берілетін білім мазмұнын студенттерге 
проблемалық оқыту тұрғысынан меңгерту үдерісі ұйымдас-
тырылады; 

студенттердің танымдық белсенділігі жобаны орындау 
үдерісінде жоғары деңгейде болады; 

студенттердің қазақ тілін оқып-білу үдерісі осы тех-
нологияны қолдану нәтижесінде оның өмірімен тікелей байла-
ныста болады; 

қазақ тілін оқыту үдерісі оқу әрекеті теориясы тұрғысы-
нан ойын, еңбек, жанды үдеріс түрінде ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет