А. Абдуалы Е.Қ. Серікбаев Г. С. Өтепбергенова



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата10.11.2019
өлшемі1,69 Mb.
#51501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
history


  
Сыпатай батыр мавзолейі. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. Сыпатай ауылының шығыс 
жақ  шетінде,ескі  байланыс  даңғылының,  қазіргі  Алматы  –  Тараз  –Бішкек 
автомагистралінің  жағасында.  Географиялық  координаттары  43  T  363007 
4745093.2011  жылы  «Архео-логическая  экспертиза»  ЖШС  ескерткіштер 
Жинағы  экспедициясы  (А.Досымбаева,  М.Бондарев)  зерттеп,  координаттарын 
алған.  Ескерткіш  1991  ж.  Сыпатай  батырдың(1781-1868)  210  жасқа  толуының 
құрметіне орнатылды.Сыпатай батыр қазақ және қырғыз халықтарының арасы-
на  кеңінен  танылған,  халықтың  1840-60  жылдардағы  саяси  өмірінде  өзіндік  із 
қалдырған адам. Бұрыннан тұрған мазардың үстіне орнатылған. ҚР АО архқоры 
жаңартып-жетілдіру  үшін  жасалған  1990  ж.  авторлар:  архитекторлар 
Ю.Г.Литвиненко, В.Ким, құр. П.М.Кибиткин. 19 ғ.батырдың зиратының басына 
ықшамды  күмбездері  бар  мазар  орнатты.  9,0×9,5  м  күйдірілген  кірпіштен,  іші 
балшық сылақпен сыланып, бояумен әшекейленген.  
Күмбез көгілдір түсті жылтыраған тақталармен жапсырылған: портал терең 
емес  шошақ  қуыстар  енсіз  бұрыштама  мұнаралармен  екі  жақтан  қусырылған. 
1980 жылдары құрылыстың тек қалдықтары ғана қалған еді. Қалыңдығы 0,9 м 
қабырғаның 1,5 м биіктігі ғана, кірер жері – 6,0 дейін сақталған. Хатқа түсірілген 

78 
 
мазардың  жобасы  ескерткіштің  –  бір  бөлмелі,  үстіңгі  –  күмбезді 
орталықтандырылған  көлемінің  композициясын  қалпына  келтіруге  септігін 
тигізді.  Қазіргі  тұрған  ескерткіш:  бұрынғы  шаршы  тәрізді  өлшемі  сақталған 
(9,0×9,5  м)  текше  секілді,  құрылыс  күйдірілген  кірпіштен  цемент-құм 
қоспасымен қаланған. 
 
 
 
№ 31 сурет. Сыпатай батыр мавзолейі. 
 
Қасбетін тегіс қалау үшін құмды-әктасты қоспамен тігісті сөге отырып, кей 
жерлерде ескікірпіштер пайдаланылған. Биік пештак – портал негізгі көлемнен 
алға шығып тұр. Дулыға іспеттес күмбез биік цилиндр тәрізді барабанда (0,9 м) 
«салпыншақ»  кірпіш  қатарымен  өрілген.  Күмбез  мұнараларының ішкі  көрінісі 
барабанның  сегіздігіне  бұрыштама  желкен  арқылы  тіреліп  түр.  Әшекейі 
қарапайым, қабырғаларындағы терең емес шошақ қуыстар сыланып, әктелген. 
Едені  шаршы  тәрізді  күйдірілген  кірпіштен  тізілген.  Ескі  қабірдің  басына 
мәрмәрдан,  сатылы  жаңасы  қойылған.  Сыпатай  Әлібекұлы  қазіргі  Мерке 
ауданында туылған. Жас кезінде ерлігімен көзге түсіп, батыр атанған. 1845 жылы 
Кенесары  көтерілісіне  қатысады.  1847  жылы  Кенесарыны  қырғыздармен 
айқаспауға  көндіре  алмаған  соң,  өзінің  аулына  қайтып  келген.  1847  жылы 
Ресейдің  азаматтығын  кабылдады,  сөйтіп  Ресейдің  шекара  үкіметіне 
қоқандықтармен  күресінде  бірнеше  рет  көмек  көрсетті.  1850  жылы  Қоқан 
хандығының  қол  астына  кірді.  Сөйтіп  Қоқанның  Қудиярхан  бастаған  отыз 
мыңдық  әскеріне  қосылып  Ұзынағаш  шайкасына  (1860)  қатысып  орыстың 
генерал-  майор  Г.А.  Колпаковский  бастаған  әскери  отрядымен  шайқасты. 
Қоқандықтар жеңіліп қалған соң, олармен белсенді күреске шықты. 1864 ж. орыс 
отрядына  Шу  –  Талас  аудандарындағы  Қоқан  қамалдарын  алып  Жетісуга 
тереңдей  енуіне  көмектесті.  Сыпатай  батырдың  Оңтүстік  Қазақстанда  Қоқан 

79 
 
хандығының үстемдігіне қарсы күресі казақ фольклорында кеңінен жырланды. 
Кейіннен ақын Жамбыл да жырларына қосқан. 
Өтеген батыр Өтеғұлұлы. (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII ғасырдың І 
жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр. Ұлы жүздің дулат 
тайпасынан  шыққан.  Бабасы  Сырымбет  1635  жылы  Ойрат  ханы  Батырдың  50 
мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. 
Өтеген  батыр  15  жасынан  жоңғарларға  қарсы  соғысқа  қатысып,  қазақ  елінің 
түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. 
Түркістан,  Ташкент  маңындағы  кескілескен  ұрыстарға,  Аңырақай  шайқасына 
қатысты. Осы ұрыстарда қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы 
батырларын  жекпе-жекте  жеңіп,  қазақ  әскерінің  даңқты  қолбасшыларының 
біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болды.  
 
 
 
№ 32 сурет. Өтеген батыр кесенесі. 
 
Батырдың  ерлігі  аңызға  айналып,  Күсен,  Майкөт,  Сүйінбай,  Жамбыл, 
Тілеміс секілді ақындардың жыр-дастандарына арқау болды. Бұлардың ішінде 
бізге  жеткені  –  Жамбылдың  «Өтеген  батыр»  дастаны.  Өтеген  батыр  туралы 
дерек-аңыздарды  әдебиетшілер  Е.Ысмайылов,  Қ.Тұрғанбаев,  Н.Смирнова, 
С.Бегалин  зерттеді.  Кейбір  зерттеушілердің  мәліметтеріне  қарағанда,  батыр 
Бұқара,  Самарқанд,  Кабул,  Исфахан,  Тегеран,  Ыстамбұл  сияқты  қалаларда 
болып,  білім  алған.  Өтеген  батырдың  соңында  атағы  ғана  емес,  Қосағал, 
Қосдәулет,  Асау,  Ылау,  Бердіс,  Тарпақ,  Базарбай,  Аюса,  Жақұлы,  Төке, 
Тоқтарбай есімді балаларынан тараған үрім-бұтағы да қалды. Атақты Байсерке 
күйші, Тілеміс шешен Өтеген батырдың ұрпағы.Батыр әуелі Іле өзенінің бойына 
(қазіргі  Қапшағай  су  қоймасының  табаны)  жерленген.  Кейін  оның  сүйегін 
ұрпақтары  Қордай  ауданына  апарып,  қайта  жерлеген.  Жерленген  жері  Өтеген 
ауылы  деп  аталады.  Алматы  облысындағы  бірсыпыра  жер  батыр  есімімен 

80 
 
аталады. 1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. 
Соған  орай  қабірінің  басына  кесене  тұрғызылып,  Жамбыл  облысы  Қордай 
ауданының  орталығында  ескерткіш  орнатылды.  Батыр  туралы  екі  телефильм 
түсіріліп, екі кітап жарық көрді. Алматы қаласының бір көшесіне, Іле ауданының 
орталығы Энергетический кентіне Өтеген батыр есімі берілді.  
Өтеғұлұлы  Өтеген  (1699-1773)  –  XVIII  ғасырдың  бірінші  жартысында 
жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз 
Дулат  тайпасының  Жаныс  руынан.  Өтегеннің  ата-бабалары  да  есімдері  елге 
танылған  батырлар  болған.  Бабасы  Сырымбет  қазақ  ханы  Салқам  Жәңгірдің 
Самарқан әмірі Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын 
әйгілі  шайқасына  қатысқан  батыр.  Өз  әкесі  Өтеғұл  да  талай  қанды  жорықты 
бастан  кешкен  батыр  адам  болған.  Шешесі  Нұрбала  атақты  Қордай  батырдың 
немересі екен. Осындай тектілерден жаралған Өтеген де 15 жасында-ақ есімі елге 
танылып, батыр атанады. Оның Тарпаң есімді баласы мен Шаншар атты немересі 
де  ел  қорғап,  жат  жерліктерге  найза  түйреген  белгілі  батырлар.  Өтеген  батыр 
жөнінде ел аузында аңызға бергісіз әңгімелер көп сақталған. Солардың біразы 
Сүйінбай мен Жамбыл секілді жыр алыптарының да дастандарына арқау болған. 
Ел оның есімін әулие тұтып, қос мүйізі бар киелі деп біледі. Жамбыл Жабаевтың: 
«Қасара біткен маңдайдан, жан еді қос мүйізді» - деп жырлап, оны батырлықтың 
белгісі ретінде тануы да содан. Өтеген батырдың өмір жолын үш кезеңге бөліп 
қарауға болатын секілді. Оның бірі - Бұхара медресесін бітірген ғұлама ретінде 
ел ішінде хазірет атанған кезі. Екнішісі - батырдың елді «ақтабан шұбырындыға» 
ұшыратқан жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Ол күресте ерлігімен көзге 
түсіп,  батыр  атанған.  Үшіншісі  –  жоңғарлардың  1734  жылғы  екінші  қайтар 
соққысынан кейін оңтүстік қазақтары қатты күйзеліске ұшырағанда, Төле бидің 
жау өтінен шалғай жерден қоныс іздеуге жіберіп, елге жайлы, малға қолайлы жер 
іздейтін  кезі.  Өтеген  батыр  мен  Райымбек  батыр  екеуі  жауға  бірге  шапқан 
замандас  кісілер  екен.  Райымбек  бірде  Өтегенге  :  «өлгенде  сен  су  астында 
қаласың» деген екен. Әулиенің сол айтқаны дәл келіп, 1973 жылы Қапшағай су 
қоймасы салынғанда, Өтеген батырдың бейіті су астында қалатын болады. Бірақ 
батырдың  ұрпақтары  бұдан  ертерек  хабарлап,  қам  жасап,  батыр  бабаларының 
сүйегін  алып,  Өтеген  ауылына  әкеп  қайта  жерлейді.  Батырдың  кезінде  өзі 
тұтынған біраз мүлкі сақталған. Солардың бірі – Абылай ханның жез тегенесі. 
Оны Абылай хан Өтегенге кезінде өзі сыйлаған екен.
  
Әулиешоқы туралы аңыз.
 
Қозыбасы, Қордай, Сұлутөр, Әулие шоқы сияқты 
көк  тіреген  таулары,  Отар,  Аңырақай  жазиралары,  әйгілі  адуын  асуы,  Шу, 
Қарақоңыз,  Майбұлақ,  Қалғұты,  Иірсу,  Ырғайты,  Ұзынсу,  Ешкілідей  өзен-
сулары өрнектеген өлкені:
 
Тасы да алтын Қордайдың тауы да алтын..., Басы да 
алтын Қордайдың бауыры да алтын ,
 
Егінге бай, малға жай, топырағы май, 
 
Шөбі  шүйгін  көк  торғын,  желі  салқын,—  деп  Кенен  ақын  тамсана  жырға 
қосқан  құйқалы  өңірдің  табиғаты  да  қырық  қатпарлы  мінезімен  ерекше.  Егер 
ерте  көктемде  күнгейінде  көрпекөк  көктеп,  бау-бақтарда  өрік  гүлдей  бастаса, 
Аңырақай  даласында  әлі  қар  көбесі  сөгілместен  сіресіп  жатады.  Ал,  теңіз 

81 
 
деңгейінен 1200 метр биіктіктегі Қордай асуында қарлы боран ұйытқып жолдың 
жабылып қалар кездері де аз емес. 
Аудан облыстың оңтүстік шығысында 9,0 мың шаршы шақырым аумақты 
алып  жатыр.  Жері  негізінен,  таулы-қыратты.  Солтүстік  және  шығыс  бөлігінде 
Шу-Іле  тауларының  сілемдері.  Кіндіктас,  Жетіжол  тау  жоталары  ауданның 
орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Шу аңғары жазық келген. 
Аудан  жерімен  Шу  өзенінің  оң  саласы  саналатын  Ырғайты,  Қалғұты, 
Қарақоңыз,  Қақпатас  өзендері,  Кіндіктас  пең  Жетіжолдан  бастау  алатын 
кішігірім  жылғалар  ағады.  Ауданның  орталығында  және  оңтүстік-шығысынан 
Іле өзен алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Ұзынсу т.б. 
өзендер ағады. Қарақоңыз, Қақпатас өзендері алабында осы өзендердің атымен 
аталатын  бөгендер салынған.  Олардың  жалпы  су  сыйымдылығы  18,7  млн.  км. 
Онымен  аудан  шаруашылықтарының  бес  мың  гектарға  жуық  жері 
суландырылады. 
 
 
 
№ 33 сурет. Мұнарланған «Әулиешоқы». 
 
Одан  басқа  аудан  аймағында  Алтыайғыр,  Майбұлақ  және  Қалғұты 
тоғандары  бар.  Шу  өзенінен  бірнеше  каналдар  тартылады.  Олардың  ең  ірісі  -
өткен  ғасырдың  сексенінші  жылдарында  салынған  Георгиевка  магистральдық 
каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сары, қызыл қоңыр, 
солтүстігінде  (Қопа  және  Қараой  жазығы)  сұр,  сортаңды  сұр  топырақ 
қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, 
тал  өседі.  Жануарлар  дүниесінен  таутеке,  елік,  қасқыр,  түлкі,  борсық,  қоян, 
құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. мекендейді. 
 
Бер жағы Соғанды мен Керудің, ар жағы Алмалының төбесіне төніп тұрған 
биік таудың сонау  ұшар басындағы жартасты шоқыдан айнала түгел көрінеді. 
Мына табан астында әр үйің, қараң-құраң малың санап алғандай Керуді қойшы, 

82 
 
сонау Қаракемер, Сортөбе, Тоқпағың жатыр бір-бірімен жалғасып, ту-ту алыста 
Қант, Бішкек, оң қапталда Қарақоңыз су қоймасының көгілдір айдыны көлкиді. 
Мына жағында күнге шағылыса Шу өзені жалтырап, Еңбек, Қарасай ауылдары, 
одан  әрі  Быстровка,  Орловка  ап-анық  көрініп  тұр.  Теріскей  тұтас  жайлаулар, 
жоғарылап Алматы облысының таулы қыраттарына ұласып жатыр. Қасқасудың 
өр  биігінен  Алматы  мен  Бішкекті  телеэфирде  жалғастырып  тұрған 
ретранслятордың  алып  табағы  күнге  шағылысады.Төмендей  келіп  Қараба, 
Көктөбе,  одан  да  ылдилап  қалың  нулы  Қарақоңыз  орман  шаруашылығының 
жерлері. 
Айналаға  кезек-кезек  дүрбі  саламыз.  Туған  жердің  бедерін  тамашалап 
балалар да бір тоймады. Олжас пен Жолдасбек жартастың үстін тамашалап кезіп 
кетті.  Мұрат  қайталанғысыз  табиғат  көріністерін  қылқаламмен  бейнелеуге 
кірісті. Таңертеңгі ауа түнық кезде бұл жерден сонау Меркі түбіндегі алабажақ 
антенналар  шоғыры  да  көрінеді  деуші  еді.  Осыдан  -ақ  біле  беріңіз,  біздің  бұл 
таудың қаншалықты биіктігін. 
Әулие  шоқының  үстінде  пайғамбардың  намаз  оқығанда  тізесі  мен 
алақандарының  ізі  қалған  тас  бар,  от  жағып  мосы  асқан  орны  бар  деген 
аңыздарды естіп өскенбіз. Әйтеуір, бұл таудың «әулие» аталуында біз білмейтін 
бір сыр бардай. Мекке маңында осы таудан айнымайтын сыңары бар екен деп те 
жүр. Кім білсін? 
Жартастың  биігіне  ұзынша  темір  қазық  терең  қағып  орнатылыпты.Оған 
бізден  бұрынырақ  әлдекімдер  тастай  қып  орап  байлап  кеткен  үлкен  ақ  мата 
адуын желдің өтінде тынбай желбіреп тұр. Таудың біз жүріп келген терістік беті 
жадағайлау.  Оның  біраз  баурайына  дейін  атпен  де  келуге  болады  екен.  Ал, 
күнгей беті құж-құж қорқынышты жартастар. Кей тұсы пышақпен кескендейтіп-
тік құлама. Осы тастардың бірінің қуысында Ағыбай банды паналаған үңгір бар 
деседі. Болса болар, елден қашқан, жаннан безген біреу  болмаса, адам баласы 
жүрегі дауалап пана іздегендей жер емес екен. Жартасында арқар секіріп, қуыс-
қуысын жабайы аң мен   құс паналаған тау емес пе бұл. Жазда болмаса қарлы 
қыста ұшар басына тірі жан шыға алмастай. 
Ықылым  замандардан  бері  осы  өңірдің  алып  ұстынындай  аспанға 
шаншылған  бұл  таудың  бізге  мәлім  тарихының    бірі  -  қазақтың  соңғы  ханы 
Кенесары Қасымов өмірінің ақтық сағаттарына қатысты. Қазақ елінің азаттығы 
жолында он жылдан аса ат белінен түспей отаршылдармен ашық майдандасқан 
есіл  ер,  Көкшеде  туған  арыстан  1847  жылы  көктемде  осы  Әулие  шоқының 
баурайында мерт болмады ма. Әне, анау түстік батыстан бір-біріне иек артқан 
Майтөбе, Кекілікеңгір сол бір сұрапыл оқиғаға куә тарихи орындар. 
Күн  кештете  төмен  түсіп  келеміз.  Тауға  шығу  қандай  қиын  болса,  қия 
беткейден түсу де оңай емес екен. Тік беттен абайсызда тайып кетсең домалап 
сонау етектен бірақ шығатынсың. Әбиір болғанда тамыз айында кісі бойынан аса 
қорыс  болып  кеткен  қалың  шөптен  бір-бірлеп  ұстап  сырғып  түсесің.  Табан 
тірерің жайдақтала келе Керудің үстіндегі кезеңге іліккенде тынысың кеңіп сала 
береді.  Ауыртпалықтың  бәрі  артта  қалды.  Бұрылып  кейінге  қарадық,  Әулие 
шоқы сол баяғысынша маңғаздана қалыпты. Алыстаған сайын зорайып көрінетін 
тәрізді. 

83 
 
Бұл туған жердің -— кең көсілген Қордайдың тамаша табиғатының үзік-үзік 
көріністері ғана. Жасыл нуға малынған Шу бойының жасыл бақтары да, ат тұяғы 
күйіп, құс қанаты талардай Аңырақайдың аңызақ қара даласы да, шыбынсыз жаз 
тұрып  түсті  кілемдей  құлпырар  Қасқасу  мен  Ойсаз,  Сұлутөр  мен  Жайсаңдай 
жайлаулары да, әйгілі асу белінің атан жығардай екпінді әйдік бораны да Қордай 
табиғатының  қым-қуыт  мінезін  танытады.  Айта  берсең,  киелі  Қордай  жерінің 
ойы мен қыры да, тауы мен суы да тұнған сурет. 
Әулиешоқы туралы бірқатар аңыздар бар екен. Әулиешоқы арқылы халық 
ауа-райын болжаған. Егер Әулиешоқы басына бұлт үйірілсе, онда міндетті түрде 
көрші ауылдарға жауын жауатын болған.  
Әулиешоқыға сыйынып құрсақ көтере алмай жүрген келіншектер де басына 
барып түнеп, құран оқытқызған.  
Әулиешоқы  биігінен  қарағанда  бер  жағы  Соғанды  мен  Керудің,  ар  жағы 
Алмалының төбесіне төніп тұрған биік таудың сонау ұшар басындағы жартасты 
шоқыдан айнала түгел көрінеді. Мына табан астында әр үйің, қараң-құраң малың 
санап алғандай Керуді қойшы, сонау Қаракемер, Сортөбе, Тоқпағың жатыр бір-
бірімен  жалғасып,  ту-ту  алыста  Қант,  Бішкек,  оң  қапталда  Қарақоңыз  су 
қоймасының көгілдір айдыны көлкиді. Мына жағында күнге шағылыса Шу өзені 
жалтырап,  Еңбек,  Қарасай  ауылдары,  одан  әрі  Быстровка,  Орловка  ап-анық 
көрініп  тұр.  Теріскей  тұтас  жайлаулар,  жоғарылап  Алматы  облысының  таулы 
қыраттарына  ұласып  жатыр.  Қасқасудың  өр  биігінен  Алматы  мен  Бішкекті 
телеэфирде  жалғастырып  тұрған  ретранслятордың  алып  табағы  күнге 
шағылысады.  Төмендей  келіп  Қараба,  Көктөбе,  одан  да  ылдилап  қалың  нулы 
Қарақоңыз орман шаруашылығының жерлері орналасқан. 
Әулие  шоқының  үстінде  пайғамбардың  намаз  оқығанда  тізесі  мен 
алақандарының  ізі  қалған  тас  бар,  от  жағып  мосы  асқан  орны  бар  деген 
аңыздарды естіп өскенбіз. Әйтеуір, бұл таудың «әулие» аталуында біз білмейтін 
бір сыр бардай. Мекке маңында осы таудан айнымайтын сыңары бар екен деп те 
жүр. Кім білсін? 
Жартастың  биігіне  ұзынша  темір  қазық  терең  қағып  орнатылыпты.  Оған 
бізден  бұрынырақ  әлдекімдер  тастай  қып  орап  байлап  кеткен  үлкен  ақ  мата 
адуын желдің өтінде тынбай желбіреп тұр. Таудың біз жүріп келген терістік беті 
жадағайлау.  Оның  біраз  баурайына  дейін  атпен  де  келуге  болады  екен.  Ал, 
күнгей  беті  құз  жартастар.  Кей  тұсы  пышақпен  кескендейтіп-тік  құлама.  Осы 
тастардың  бірінің  қуысында  Ағыбай  банды  паналаған  үңгір  бар  деседі.  Болса 
болар, елден қашқан, жаннан безген біреу  болмаса, адам баласы жүрегі дауалап 
пана іздегендей жер емес екен. Жартасында арқар секіріп, қуыс-қуысын жабайы 
аң мен   құс паналаған тау емес пе бұл. Жазда болмаса қарлы қыста ұшар басына 
тірі жан шыға алмастай. 
Алыстан мұнартып көрінген әйгілі Әулиешоқының құз-бедері жақындаған 
сайын  айқындала  түсті.  Әйгілі  шың  менмұндалап  анадайдан  көз  арбайды. 
Әйтеуір,  кісіні  қызықтырып,  өзіне  тартатын  бір  сиқыры  бар  секілді.  Біздің  де 
беталысымыз  тура  осы  тұс.  Нақтырақ  айтсақ,  хан  Кененің  ізі  қалған 
Кекіліксеңгір  тауы.  Адыр-қырқаларды  кесіп  өтіп,  тау  бөктерлей  салынған 
асфальт  жолдың  кей  тұстары  үзік-үзік,  тастақты  екен.  Дегенмен,  осының  өзі 
жолаушыларға  көп  көмек  болып  тұрған  көрінеді.  Бұрын  Қарасай  ауылына 

84 
 
қырғыз  елі  арқылы  қатынау  қиындау  соқса,  қазір  жол  едәуір  қысқарыпты. 
Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ақырғы шайқасы Кекіліксеңгір 
тауының  бөктерінде  өткені  тарихтан  белгілі.  Осы  жерде  азаттық  үшін 
арпалысып, басын өлімге тіккен хан Кене көз жұмған. Оның өлімі мен жерленген 
жері туралы ел аузында неше түрлі аңыз бар. Тіпті, зерттеушілердің өзі әлі күнге 
ортақ бір тұжырым жасай алмай келеді. Біздің атқа қонғандағы мақсатымыз да 
осы, тарих «ақтаңдағын» ақтарып, шежіре-аңыздар мен деректерді салыстырып, 
саралап көру болатын. «Біз Орман манаптың әскерімен бетпе-бет келіппіз. Екі 
жақ Шу өзенінің бойындағы Қарақоныс жазығының күн шығыс шеті Кекіліктау 
етегінде  кездесіппіз.  Кекіліктің  Әулиешоқы  аталатын  басында  Орман  қолы. 
Ежелден  қан  жосыған  деп  саналатын  Майтөбе  адырының  басында  біз…  Сол 
жағымызда  қалың  бұйратты  Алмалысай  жазығы,  одан  әрі  Шу  өзені…  Олар 
биікте, біз төмен. Әулиешоқының басындағы Пішпектің құшбегі Әлішер датқа 
мен Орман манапты өңімдегідей анық көріп тұрмын…». 
Жүргенге  жол  жеткізбей  қойсын  ба,  күн  сәскеге  таянғанда  біз  Ілияс 
Есенберлиннің  «Қаһар»  атты  кітабында  осылай  деп  суреттелген  Майтөбе 
адырына келіп тоқтадық. Құз-жартасы қарауытып, Әулиешоқы төбемізден төне 
түсіп тұр. Осы тұстан етектегі қырғыздардың айылдары алақандағыдай айқын 
көрінеді  екен.  Жолдың  сол  жағында  кіші  Майтөбе,  оң  жағында  сыммен 
тартылған қырғыз шекарасы жатыр. Бұл төбеге хан Кене туын тіккен. Осы маңда 
қанды 
шайқас 
болып, 
қазақтан 
да, 
қырғыздан 
да 
көп 
жасақ 
қырылыпты…«Наурызбай  шыға  шабады.  Кекіліктен  зырқырап.  Билері  шапты 
қасқа  атпен,  Құйындай  шаңы  бұрқырап»  –  деп  Нысанбай  жырау  жырлаған 
Кекіліктауы  осы.  Кешегі  жан  алысып,  жан  беріскен  адырлар  мен  қырқалары 
бүгін  моп-момақан  күйге  еніп,  мүлгіп  кеткендей.  Азаттық  үшін  күрескен  ата-
бабаларымыздың қаны тамған мынау адыр 167-рет қайта түлеп, жайнаған жазды 
қарсы алып отыр. Тек, Майтөбенің үстіндегі ескі қорымдар, балбал тастар мен 
кейінгі  жылдарда  бой  көтерген  ескерткіш  белгілер  ғана  осы  жерде  үлкен 
шайқастың  болғанынан  хабар  беріп  тұрғандай.  Кіші  Майтөбедегі  ескерткіш 
белгілердің ішіндегі еңселісі Кенесары ханға арнап қойылған екен. Одан кейінгі 
үлкеніне Наурызбай Қасымұлының есімі жазылыпты. Жан-жағы тегіс қоршалған 
ескі қорым бүгінде өскелең ұрпақ бас иіп, тәу етер қасиетті орындардың біріне 
айналған.  
Ықылым  замандардан  бері  осы  өңірдің  алып  ұстынындай  аспанға 
шаншылған  бұл  таудың  бізге  мәлім  тарихының    бірі  -  қазақтың  соңғы  ханы 
Кенесары  Қасымов  өмірінің  ақтық  сағаттарына  да  қатысты.  Қазақ  елінің 
азаттығы  жолында  он  жылдан  аса  ат  белінен  түспей  отаршылдармен  ашық 
майдандасқан есіл ер, Көкшеде туған арыстан 1847 жылы көктемде осы Әулие 
шоқының  баурайында  мерт  болады.  Әне,  анау  түстік  батыстан  бір-біріне  иек 
артқан Майтөбе, Кекілік-Сеңгір сол бір сұрапыл оқиғаға куә тарихи орындар.
 
Кенесары  мен  оның  бауырларына  қойылған  ескерткіш.  Қазақтың  соңғы 
ханы  Кенесары  Қасымұлының  ұлт-азаттық  қозғалысы  1837-1847  жылдар 
аралығында  болды.  1837  жылы  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтеріліс 
Қазақстандағы  ірі  көтерілістердің  бірі  еді.  Оған  үш  жүздің  қазақтары  түгел 
қатысты.  Кенесары  тарих  сахнасына  өзінің  ұлы  бабасы  Абылай  ханның  ісін 
жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Сұлтан Кенесары 1802 жылы 

85 
 
дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі 
еді.  Көтерілістің  болашақ  басшысы  Кенесары  бала  кезінен-ақ  ат  құлағында 
ойнады,  құралайды  көзге  атқан  мерген  болды.  Қанжығасы  қанды  ғажайып 
аңшылығымен,  қара  қылды  қақ  жарған  әділдігімен,  ерік-жігері,  қажымас 
қайратымен 
және 
жүрек 
жұтқан 
батыллығымен, 
қайтпас 
қайсар 
қаһармандығымен  тaнылды.  Оның  бойында  ұйымдастырушылық  және  әскери 
қолбасшылық  таланты  мол  болатын.  XIX  ғасырдың  орта  кезіндегі  орыс 
зерттеушілерінің  бірі  Л.  Майер  «Кенесарыға  көзсіз  ерлік  тән  еді»  деп  жазды. 
Замандастарының  сипаттауына  қарағанда,  ол  ашаң  жүзді,  орта  бойлы  және 
жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-
өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият 
назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен 
бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған 
болатын.  
Қасымұлы  Наурызбайға  қойылған  ескерткіш.  Патша  үкіметі  Кенесары 
ханды  Орынбор  өлкесінен  қалай  да  ығыстырып  шығаруға  ұмтылды.  Соның 
салдарынан Кенесары Сарыарқаны тастап, көтеріліс орталығын Жетісу жеріне 
қарай  ауыстыруға  мәжбүр  болды.  Сібірдегі  өкімет  билігі  Омбыдан  генерал 
Винневский басқарған елеулі әскер күшін зеңбіректерімен қоса Жетісуға жедел 
түрде жіберді. Азық-түліктің тапшылығы Кенесарыны егіншілікпен айналысуға 
мәжбүр  етті.  Күші  басым  патша  үкіметінің  қысым  жасауымен  Кенесары  Іле 
өзенінід оң жақ бетіне өтіп, одан әрі Алатаудың етегіне көшіп барды. Ал патша 
үкіметі оған Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары тарапынан көмекке келетін жолды 
кесіп  тастады.  Ұлы  жүздің  Сұраншы,  Байсейіт,  Тайшыбек  сияқты  батырлары 
Кенесарыға  қолдау  көрсетіп,  көтерілісшілердің  сиреп  қалған  қатарын 
толықтырып, едәуip күшейтті. 
 
 
 
№ 34 сурет. Кекілік сеңгір шатқалындағы  Кенесары хан және оның 
бауырларына қойылған ескерткіш. 

86 
 
Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бірақ 
оның  бұл  әрекетін  Қытай  үкіметі  қолдамады.  Ресей  империясымен  қарым-
қатынасымызды  бүлдіріп  аламыз  деген  қауіппен  Кенесарының  өтінішін 
қанағаттандырудан  үзілді-кесілді  бас  тартты.  Қазақтардың  арасында  беделі 
күшті әрі жауынгер ханды қабылдаудың ешқандай да қажеті жоқ деп ойлады. 
Оның  үстіне,  бұл  кезде  Қытайдың  өзі  де  қазақтармен  діні  бір  ұйғыр  және 
дүңгендердің  көтерілістерінен  мазасы  кетіп,  қатты  аландаулы  болатын. 
Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары 
Көтерілісшілер  қырғыз  жеріне  жақын  келді.  Бұл  кезде  қырғыздар  Қоқан 
хандығының  ықпалында  болатын.  Хан  солтүстік  қырғыз  рулары  білеуші 
манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Бұл талаптар патша үкіметімен және 
Қоқан хандығымен одан әрі күрес жүргізу үшін күш біріктіру қажеттігінен туған 
еді.  Хан  қырғыздарға  арнаған  үндеуінде  былай  деп  жазды:  «Менің  мұнда 
келгенімнің  мақсаты,  сендермен  жауласу,  қан  төгісу  емес,  қайта  қазақтар  мен 
қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, 
қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады». 
Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрі қалыптаспаған еді. 
Сондықтан  да  олардың  ханға  бағынуы,  сөйтіп  өздерінің  тәуелсіздігінен 
айырылуы,  әрине,  қырғыз  ақсүйектерінің  ойына  кіріп  те  шықпағаны  әбден 
табиғи  нәрсе  еді.  Оның  үстіне,  қырғыздар  Абылай  ханның  қырғыз  аумағына 
жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкіметінің 
Сібір  әкімшілігі  тарапынан  едәуір  қолдау  табатынын  да  сезді.  Вишневский 
қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтан-ашық айдап 
салды.  Алатау  қырғыздары  Қоқан  хандығының  қолдауына  сүйенді.  Қырғыз 
манаптары ірі тайпа өкілдерін құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күшті 
манап  Орман  барлық  қырғыздардың  билеушісі  болып  тағайындалды. 
Құрылтайға  жиналған  манаптар  Кенесары  ханның  ұсынысын  қабылдаудан 
ашықтан-ашық  бас  тартты.  Кенесары  ханның  қырғыздарға  қарсы  аттанған  екі 
мың  сарбазы  жеңіліс  тапты.  Оның  бір  мыңы  қырғынға  ұшырады,  екінші 
жартысы  аш-жалаңаш,  қару-жарақсыз,  жаяу-жалпылап  кері  қайтты.  Қазақ 
сарбаздарының  бірқатары  тұтқынға  алынды.  Мұның өзі  қырғыздар  тарапынан 
бұрын-соңды  болып  көрмеген  батылдық  пен  қатыгездік  болып  шықты. 
Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшін орасан зор көлемде төлем талап 
етті.  Кейінірек  қырғыздар  тарапынан  келісім  жасауға  арнайы  адамдар  келді. 
Қазақтар  мен  қырғыздар  арасында  бейбіт  келісім  жасалды.  Тұтқындар 
алмастырылды. Екі жақта бұдан былай бір-бірімен бейбіт көршілікте, тату-тәтті 
достықта тұруға серттесті. Бірақ қырғыздар көп ұзамай-ақ бұл келісімді бұзды, 
Кенесары ханның жақын серіктерінің бірі Саурық батырдың ауылына шабуыл 
жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқараның өлімі үшін кек 
алу  мақсатымен  ұйымдастырылған  еді.  Қырғыздар  қазақтардың  700-ге  жуық 
жылқысын  айдап  әкетті,  Саурық  батырды  өлтіріп  кетті.  1847  жылғы  сәуірде 
Кенесары он мындай қолмен Қырғызстанның жеріне басып кірді. Қырғыздармен 
шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір 
тауының қойнауында өтті.  

87 
 
1994  жылы  Тоқмақ  облысы,  Шу  ауданындағы  ашық  аспан  астындағы 
археологиялық музейдің директоры Е. Төрехановтың «Кенесары ханның сүйегі 
Алмалы айылында жатыр» деген сөзі түрткі болып, академик Манаш Қозыбаев 
бастаған  қазақ-қырғыз  зерттеушілері  Алмалыда  қазба  жұмыстарын  жүргізгені 
белгілі.  Бірақ,  бұл  жұмыс  нәтижесіз  болып  шықты.  Жалпы,  Алмалы  немесе 
Алмалы сай атауы қырғыз тарихшысы Б. Солтоноевтың еңбегінде ұшырасады. 
Ол  хан  Кене  мен  Наурызбай  батырдың  тұтқындалуын  былайша  суреттейді: 
«Тынай  қырғызынан  Дайырбек,  Калча  дегендер  таң  атарда  Норузбайды 
кармаган. Жана тынай кыргызынан Кармыштын балдары Текиликтин тоосунда 
Кене  ханды  шашкеде  кармаган.  Кенесары  мен  Норузбай:  «Башынарга  ээ  бола 
турган  кыргыз  болсоңор  12  киши  экенсиңер,  баарыңарга  тойгондай  дилде 
берейин,  бизди  элибизге  алып  баргыла»,  –  дегенде  болбостан  алып  келип, 
Токмоктун  тоосу  Алмалынын  оозуна  уч  кун  багып  туруп  анан  соң  Жантайга 
кабар берген». («Қызыл Қыргыз тарихы. 2 том). Б. Солтонаевтың туындысында 
келтірілген мәліметтердің басқа деректерге қайшы тұсы көп. К. Степняктың (Ә. 
Бөкейханов)  «Смерть  Кенесары»  еңбегінде  хан  Кене  Кекіліксеңгірде  емес 
Алмалыда қолға түсті деп жазған. Х. Досмұхамбетовтің де тұжырымы осыған 
жақындау. «Кенесары мен Наурызбай да қашқан. Қырғыздар қуып, Шудың күн 
шығыс жағындағы Кекіліктен он-он бес шықырым жердегі Алмалы сай яки Су 
Алман деген жерде аты тұрып қалған Кенесарыны ұстап алған. Наурызбай да сол 
шамада  Кенесарыдан  бөлек  ұсталған»  деп  көрсетілген  Досмұхамбетовтің 
«Кенесарының соңғы күндері» атты жазбасында.Тізе берсек, бір-біріне кереғар 
деректер өте көп. Соның бірі қырғыз жазушысы Ж. Токтоналиевтің «Хан Орман» 
атты кітабында Кенесарыны Мықанның қара сазында қолға түсті деп жазылса, 
ханды қолға түсірген Дайырбектің шөпшегі Амангелді бұл оқиға Қарабұлақта 
орын  алған  деп  айтқан.  Орыс  саяхатшысы  В.М.  Винниковтің  жазбаларында 
Кененің басы Шу өзенінің жағасындағы Қарақоныста алынғаны көрсетілген. Ал 
Асық ақсақалдың нұсқауы мүлде басқа тұс. Ол: «Он бір жылға  – Майтөбеден 
анық  көрініп  тұрады»  дейді.Негізі  тарихи  деректерде  Он  бір  жылға  жоқ  емес, 
бар. Бірақ, бұл жердің атауы Кенесары ханның есімімен байланыстырылмаған. 
Қырғыздар Он бір жылғаның солтүстік шығысынан күн батысқа дейін ұзыннан-
ұзақ созылып жатқан Беріктас жотасы Абылай ханның дәуірінде қазақ-қырғыз 
шекарасы болып бекітілген дейді. Беріктас дегендері Әулиешоқы болса керек-ті. 
Себебі,  «Беріктастың  басын  бұлт  шалса,  жауын  жауады»  дейді  олар  да.  Қай 
Майтөбені айтқаны белгісіз, белгілі тарихшы Е. Бекмаханов та Мәшһүр Жүсіптің 
қолжазбасына  сүйене  отырып:  «Хан  Кененің  қырғыздармен  соңғы  соғысы 
Кекіліксеңгір  тауының  етегіндегі  Майтөбеде болды»  деп жазады.  Бір  анығы  – 
қос төбе де осы Кекіліктауының етегінде. Қай төбеде болса да, шайқастың осы 
маңда болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.  
Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы 
шайқас  қарсаңында  өткізілген  әскери  кеңесте  Кенесары  ханның  серіктері  қоршауды  бұзып  өтіп, 
ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары 
хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан 
Рүстем мен 
Ұлы  жүздің  ықпалды  биі  Сыпатай  жасақтарының  кенеттен  шегініп  кетуі 
көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 

88 
 
30-дан  астам  сұлтанымен  және  аз  ғана  сарбазымен  күші  басым  қарсыласымен 
ерлікпен  шайқасып,  тұтқынға  түсті.  Көтерілісшілердің  шағын  тобы  қоршауды 
бұзып  шығып  қашып  құтылды.  Қырғыз  манаптарының  бас  қосқан  жиынында 
қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. 
Тұтқындағы  хан  манаптарды  күш  біріктіріп,  Қоқан  хандығы  мен  Ресей 
империясына  қарсы  күреске  шақырды.  Бірақ  қырғыздар  ханның  сөзіне  құлақ 
аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей 
зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп 
жазды:  «Олар  қырғыздармен  үш  тәулік  бойы  ерлікпен  шайқасты,  Сібір 
қырғыздары  көмекке  келіп  жетер  деген  үмітте  болды.  Бірақ  патша  үкіметінің 
жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл 
қойып  үлгерген  еді.  Үшінші  тәулік  дегенде  көтерілісшілердің  бір  бөлігі 
қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері 
түгелдей  дерлік  өлтірілді.  Ханның  өзі  бірнеше  сұлтандарымен  бірге  тұтқынға 
алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты». 
Кенесары  ханның  қаза  тапқан  жеріне  қойылған  ескерткіш.  Кенесарының 
және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі 
де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының 
қапылыста  қалай  қаза  тапқанын  ақын  Нысанбай  Жаманқұлұлы  (1812-1871) 
«Наурызбай-Қаншайым»  дастанында  қайғылы  сарында  баяндайды.  Әкесі 
Кенесарының  бастаған  ісін  оның  ұлы  Сыздық  сұлтан  мен  оған  шын  берілген 
батырлар  жалғастырды.  Ханның  қазасы  үшін  кек  алу  мақсатымен  қазақтар 
Қырғызстан  аумағына  бірнеше  рет  әскери  жорық  жасады.  Қазақтардың 
Кенесары  хан  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісі  осылайша  жеңіліс  тапты. 
Кенесары  ханның  жасақтары  Ресейдің  жақсы  қаруланған  әрі  күшті  әзірліктен 
өткен  тұрақты  әскеріне  қарсы  тұра  алмады.  Оның  үстіне,  Кенесары  бірнеше 
бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы 
соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар 
мен  рубасыларының  арасында  ауызбірлік  болмады.Кенесары  Қасымұлы 
бастаған  көтеріліс  қазақ  халқының  патша  үкіметіне  қарсы  жаппай  қатысқан 
бұқаралық  соғыстарының  бірі  болды.  Көтерілістің  жеңіліске  ұшырауы  патша 
үкіметінің  қырғыз  жерлерін,  Жетісудың  аумағын  және  Оңтүстік  Қазақстанды 
басып  алуына  жол  ашты.  Сондай-ақ  Бұхара,  Қоқан  және  Хиуа  хандықтарын 
қосып алудың алғышарттары жасалды.  
Кенесары  хан  мен  Сыпатай  батыр  арасындағы  қарым-қатынастың  кейбір 
белгісіз  тұстарына  Мойынқұм  ауданының  Құрметті  азаматы,  этнограф  Жапар 
Сатылғанов мына төмендегідей түсінік береді: 
Жасыратыны  жоқ,  тәуелсіздік  алып,  егемендікке  қол  жеткізгеннен  кейін 
барып  өзіміздің  шын  тарихымызды  түгелдей  бастадық.  Қазақ  тарихындағы 
Кенесары ханның орны да, жөні де бөлек екендігінде дау жоқ. Ал, енді, Кенесары 
ханның қырғыз жеріндегі қасіретті өліміне Сыпатай батырдың қатысы жөнінде 
әртүрлі сыпсың әңгімелердің күні бүгінге дейін орын алып келгендігін жасыруға 
болмайды.  Осы  арада  көзіміз көрген  көнекөз қариялардан  естіген  әңгімелерді, 

89 
 
кейбір тарихи дәйектерді зерделей қарастыратын болсақ, хан Кененің қайғылы 
қазасына Сыпатай батырдың қатысы, тіптен, басқаша сипат алады.  
Өзім  естіген  мына  бір  әңгімені    қайта  жаңғыртсам  деймін.  1973  жылы 
Мәскеу  маңында  Кеңес  әскері  қатарында  қызметте  болдым.  Әскери  қызметте 
жүріп  қысқа  мерзімді  демалыспен  елге  келдім.  Анам  Наушакүлдің  ақылымен 
Мерке  ауданының  қырғыздармен  шекаралас  ауылында  тұратын  Әбіш  Бартаев 
нағашыма  сәлем  бере  бардым.  Нағашым–аты  ауданға  белгілі,  осы  елдің  игі 
жақсыларының бірі еді.  
Сөз арасында нағашым: 
-Әскерде  бірге  қызмет  жасайтын  қырғыз  жігіттері  бар  ма?-деп  сауал 
тастады.  
Мен: 
-Оншақты қырғыз жігітімен бірге қызмет жасаймыз,-деп жауап қайтардым.   
-Олар Кенесары, Сыпатай батырлар жөнінде біле ме екен?-деді.  
Тарих дегенде құлағым түрік, түртпектеп ізденіп жүретін мен: 
-Қырғыз  жігіттері  олар  туралы  ешнәрсе  айта  қойған  жоқ.  Жалпы  ел 
арасында хан Кененің өліміне Сыпатай батырдың себепші болғанын айтады ғой,-
дедім. 
Нағашым еңгезердей ірі кісі еді, түрі сұрланып кетті.  
-Тәйт!-деді  ол  түсін  жиып  алып.  –  Олай  деп  айтушы  болма!  Оттағандар 
оттай  берсін!  Дәлелің  болып,  көзің  жетпеген  нәрсеге  түпкілікті  жауап  айтуға 
болмайды.  Қазақтың  елді  аузына  қаратқан  хандары  мен  жауларына  қарсы 
шапқан  батырлары  ешқашан  бір-біріне  сатқындық  жасамаған.  Бұл  –  орыс 
отаршылдарының  елге  әдейі  таратқан  құйтырқы  әңгімелері.  Заман  келеді,  әлі 
шындық айтылады.   
Нағашым  осыны  айтты  да,  ашулы  қалпымен  сыртқа  бет  алды.  Сол  күнгі 
әңгімеміз осымен тәмәм болды.  
Кейінірек, әскери қызметімді өтеп, елге оралғаннан кейін, Әбіш нағашыма 
барып,  өткендегі  әңгімеге  қайта  оралып,  шындықты  білгім  келді.  Нағашым 
сабырлы, ақылды кісі болатын. Дауыс көтермей, жаймен әңгімесін бастады.  
...  Кенесары  хан  қырғыз  еліне  әйгілі  жорығында  Талас  өзенінің  солтүстік 
батысындағы  құмды  өңірді  жайлап  отырған  Сарыүйсін,  Шымыр  еліне  қосын 
тігіп,  бірнеше  күн  аялдаған  екен.  Ханның  ізін  бағып  жүрген  орыс 
отаршылдарының  жансыздары  жергілікті  халықты  Кенесарыға  қарсы  қоюға, 
қазақ пен қазақтың өзін және қазақ пен қырғызды жауластыруға әрекет жасап 
бағады.  Ел  арасындағы  беделді,  парасатты  адамдардың  ақыл-кеңесімен 
жергілікті ел-жұрт арандатуға бара қоймайды. Керісінше қалмақтармен соғыста 
батырлығымен  танылған  Жартыбай,  Қойлас  батырлар  біраз  жігіттерімен 
Кенесары қолына қосылады.    
Хан Кене жолға аттанарда: 
-Ниеттерің  таудай  екен,  бізге  әзірге  көп  әскердің  қажеті  бола  қоймас. 
Жартыбай мен Қойлас батыр бізбен бірге жүрсін, сіздермен қайта қауышар күн 
тусын,-деген екен. 

90 
 
Содан  Кенесары  көші  Шу  өзенінің  жағасындағы  Майтөбе  деген  жерге 
тоқтайды.  Дәл  осы  жерде  Кене  ханның  шақыруымен  хан  ордасына  Сыпатай 
батыр келеді. Екеуі оңаша ұзақ әңгімелеседі.  
-Көп  қолмен  келмегенің  дұрыс  болған,  орыс  патшасынан  көп  күш  алған 
мына  қырғыз  манаптарының  пиғылы  жаман,  ойы  арам.  Байқауымша,  орыстар 
жағы  қырғыздарға  «Енді  қазақ  деген  халық  болмайды,  бәріңді  қырғыз  деп 
атайтын  боламыз,  мына  кең  далаға  сендер  егелік  етесіңдер»  деп  уәде  беріп, 
алдаусыратып  отырғанға  ұқсайды.  Қазір  бұларға  біздің  күшіміз  жетпейді, 
сондықтан  олармен  соғыспаймыз,  қырғыздардың  біраз  игі  жақсыларымен 
келісіп қойдым, уәделері бар. Аз қолмен барып, әрі қарай Пәкістан өтеміз. Сен 
менің ханшатырымнан өкпелеген кейіп танытып аттан. Қолыңды Шудың арғы 
бетіне өткізіп із таста. Менен хабар күт,-деген екен қазақтың соңғы ханы.  
Осындай  жоспары  бар  Кенесары  хан  Арқадан  бес  мың  қолмен  келген 
Рүстем төренің сарбаздарын кері қайтарады.  
Кенесарымен  болған  осы  оңаша  әңгімеден  кейін  шағын  қолымен  кері 
қайтқан  Сыпатай  батыр  оларды  тығылып  күтіп  жатқан  қырғыздардың  қалың 
әскерімен  шайқасқа  түседі.  Әскері  біраз  шығынға  ұшыраған  Сыпатай  аман 
құтылады.  
Бұл жағдайдан бейхабар Кенесары аз ғана әскерімен, ағайын-туғандарымен 
алаңсыз келе жатқанда, орыстарға сатылған қырғыз манаптарының қалың қолы 
тұтқиылдан шабуыл жасап, ханның өзін және інісі Наурызбайды қолға түсіреді, 
олар  осында  қайғылы  қазаға  ұшырайды.  Шындық  осы...  Осылай  деп  сөзін 
аяқтаған нағашым ұзақ үнсіз қалды.  
Тағы бір әңгіме. Ыстықкөл аймағында Бозторғай деген ауыл бар. 1983 жылы 
осындағы Бейшебай Құтыманов деген қырғыздың әйгілі құсбегімен кездесудің 
сәті түсті. Әңгіме үстінде Кенесары хан туралы әңгіме қозғадым.  
Бейшебай құсбегі көзі ашық, көкірегі ояу кісі екен.  
-Айтатын  несі  бар,  шоң  қырғыз  манаптары  жүнсақал  орыстардың 
азғыруына түсіп, ағайын арасын бұзды. "Қазақ-қырғыз біртуған" деп жатамыз. 
Қазақтың  есіл  ерлерінің  қандарын  мойындарына  жүктеді,-деп  өкініш  білдірді 
қырғыз құсбегісі.  
Кенесары  ханмен  бірге  қырғыз-дардың  қолына  түскен  Қойлас  батырдан 
қалған  мына  бір  әңгімеден  аттап  өтуге  болмас.    Қырғыз  тұтқынынан  босанып 
елге  келген  Қойлас  батыр  "Кенесары  көші  жайбарақат  ертеңгі  асты  ішкеннен 
кейін, жолға қамданып, әзірленіп жатқанда керуенді қырғыз қолы қоршап алады. 
Кенесары  әскерін  қантөгіске  жібермейді,  өзім  сөйлесемін,  иттермен  ит 
болмайық,  деп  тоқтау  айтады.  Қырғыз  манаптарының  атын  атап  әңгімеге 
шақырады. Жауап болмайды. "Сөйтіп қолға түстік. Байқауымызша, қырғыздар 
біздің басымызды алуға асыққан жоқ. Бір жақтан нұсқау күтіп отырғанға ұқсады. 
Осылайша біраз уақыт өтті. Алдында дәрежемізге қарай бөліп-бөліп қамаған ғой. 
Бір түнде Кенесары хан мен Науан батыр жоқ болды. Қайда кетті, кім өлтірді, 
қалай  өлтірді,  біз  одан  хабарсыз  қалдық.  Сонымен  кейінірек  бізді  тұтқыннан 
босатты. Сірә, оларға керегі Кенесары болған болуы керек" деп еске алған екен.   

91 
 
Жалпы,  Кенесары  туралы  да,  Сыпатай  батыр  жайында  да  жазылған, 
айтылған деректер көп. Жоғарыда біз өз көзқарасымызды баян еттік. Бір нәрсе 
анық.  Кенесары  қырғыз  елін  жаулауға  барған  жоқ.  Қырғыз  манаптарымен 
келісіп,  өз  халқын  қиындыққа  душар  етпеу  үшін  Пәкістан  өтіп  кетуге  әрекет 
жасады.  Орыс  отаршылдары  сатқын  қырғыз  манаптары  арқылы  ханның  бұл 
ойын жүзеге асырмай тастады. Ал, енді, Сыпатай батырға келер болсақ, біздің 
ойымызша  ол  Кенесарыға  сатқындық  жасаған  жоқ,  оның  жөні  де  жоқ  еді. 
Сыпатай  Кенесарымен  кездесті,  ақылдасты,  елдің  бүлінбеуі  үшін,  көрші 
халықпен  жауласпау  үшін  құпия  әрекеттерге  барды.  Міне,  бар  шындық  осы 
құпия әңгіменің астарында болып тұр. Біздің ойымызша, Сыпатай мен Кенесары 
хан  арасындағы  сыпсың  әңгімелер  туралы  жаңа  көзқарас  қалыптастыруымыз 
керек. Қазақтың өр тұлғаларының рухтарын жауластырмай, қайта олар-дың бір 
мақсаттағы  -  ұлт  азаттығы,  ел  тәуелсіздігі  жолындағы  күрестегі  ерліктерін 
ұрпаққа мадақ еткеніміз жөн.  
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса 
көрнекті  мемлекет  қайраткері  ретінде  қалды.  Хан  билігі  іс  жүзінде  жойылған 
жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін 
қайтадан  қалпына  келтірді.Көптеген  зерттеушілер  Кенесарының  ұлы  Абылай 
заманындағы  егеменді  мемлекеттілікті  қалпына  келтіру  үшін  жасаған 
әрекеттерін  жоғары  бағалады.  Оған  патша  үкіметі  әкімшілігінің  өкілдері  де 
құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз 
даласының  Митридаты»  деп  атап,  оның  іс-әрекеттеріне  жағымды  баға  берді. 
Кенесары  Қасымұлының  өмірі  мен  қызметі  болашақ  ұрпаққа  өшпес  өнеге. 
Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың 
бас  кезіндегі  ұлт-азаттық  қозғалысының  жетекшілері  одан  үлгі  алып  өсті. 
Кенесары  Қасымұлының  Астана қаласында  тамаша  ескерткіші,  оның  есімімен 
аталатын  үлкен  көше  бар.  Кенесары  қазақ  халқын  бостандық  пен  тәуелсіздік 
жолындағы  күреске  жұмылдырды.  Кенесары  көтерілісі  табысқа  жетпесе  де, 
оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады. 
Қосқұлақ  батыр  кесенесі  (Сурет-34).  Біз  үшін  қай  замандағы  тарихымыз 
болмасын  қымбат,  айтулы  кезеңдерде  ел  басқарған  хандарымыз,  ту  ұстаған 
батырларымыз, сөз бастаған шешендеріміз, ел бірлігі үшін тер төккен бабалары-
мыздың барлығы да құрметтеуге лайық. Аллаға шүкір, құрметтеліп, Ас беріліп, 
рухтарына  тағзым  жасалуда.  Тәуелсіздік  алған  25  жылдың  ішінде  қаншама 
бабалар  аруағы қайта тірілді, ұлтымыздың мерейі асқақтады. Осындай жетісу-
лық  тұлғалардың  бірі  –  Қосқұлақ  Қалдауұлы  бабамыз.  Шамамен  1685-1785 
жылдар аралығында ғұмыр кешіп, 104 жасқа келген десе-ді.  Шыққан тегі Ұлы 
жүз құрамындағы Албан тайпасының Қожбанбет тармағынан тарайды. Қосқұлақ 
атануы да тегін емес екен. Нәресте туған кезде құлағының арт жағында қосымша 
құлақ  тәрізді  айнала  түймелері  болған,  соған  орай  ырымдап  балаға  Қосқұлақ 
есімі беріліпті. Әкесі Қалдау кейін екінші баласы туғанда «Ұлдың атын ұйқас, 
қыздың  атын  қиғаш  қой»  дейтін  аталы  сөзді  ескеріп,  үлкені  Қосқұлаққа 
ұйқастырып оның атын Бесбұлақ қойыпты. Біржағы бұл жайлаудағы бес бұлақ 
суының тоғысқан жерінде туған екен дегенді айтады. Осы екі кісіден өніп-өскен 

92 
 
Қосқұлақтың  ұрпақтары  киіз  үйінің  маңдайшасын,  ал  Бесбұлақтан  өрбіген 
ұрпақтар, бабаларының бас киімін күні бүгінге дейін көздерінің қарашығындай 
сақтап отыр. Бесбұлақтың бала кезінде жасаған ерлігіне орай Батырша атанған, 
кейін би болған адам. Күллі Қосқұлақтың қарашаңырағы Қытай жеріндегі Іле-
қазақ автономиялы облысы, Текес ауданына қарасты Ақши қыстағында тұратын  
Абиырұлы Шайықтың  үйінде сақтаулы. Ал, Батыршаның бас киімі Алматы 
облысы,  Ұйғыр  ауданына  қарасты  Ақтам  ауылындағы  Рахымбайдың 
шаңырағында. 
 
 
№ 34 сурет.  Қосқұлақ батыр кесенесі. 
 
Бабамыздың туып-өскен жері Албан, Суан тайпалары көшіп қонып жүретін 
Жетісу өңіріндегі Алтынемел мен Қоңырөлең  төңірегінде өмір сүрген. Қосқұлақ 
атаның кіндігінен 8 ұл өскен. Үлкен әйелі Сұқсыр бәйбішеден: Бәйімбет, Бұқар, 
Тұңғатар, Қаржау, Бөрте болса,  кіші шешемізден: Алжан, Қалжан және Тілеу 
атты  балалары  өрбиді.  Бәйімбеттен  басқалалары  өніп-өскен  белді  аталар 
шоғырын құрайды. Бұлардың ішінде өз дәуірінде асып туған айбынды Қаржау 
батыр да осы Қосқұлақ бабамыздың ұрпағы. Жоңғар соғысында Қанкелді, Сатай, 
Бөлек,  Өтеген,  Наурызбай,  Райымбек,  Сәмен  т.б.  батырлармен  иық  тіресіп 
Жетісу жерін жау қолынан тазартысқан белгілі баһадүр батырлардың бірі екен. 
Сондықтан заманында «Қаһарлы Қаржау» атаныпты. 
Қосқұлақ  бабамыз  аса    бай  да,  сіңірі  шыққан  кедей  де  болмапты.  Орта 
дәулеті, өзіндік тірлігі бар әрі бес уақыт намазын қаза қылмаған, өте тақуа, таза 
адам екен. Сондықтан ел-жұртына қадірі мол, қазыналы қария атанады. 
Енді  бабамыздың  өлімі  жөнінде  ел  аузында  әлденеше  аңыз-әңгімелер 
баршылық. Осының аңызы қайсы, ақиқаты қайсысы дегенге біраз түсінік бере 

93 
 
кетейік. Қосқұлақ өлгеннен кейін, өз өсиеті бойынша қазіргі Алматы қаласын-
дағы Әлмерек абыз, Райымбек батыр жатқан үлкен қорым зиратқа жерлемекші 
болады. Енді біреулердің айтуынша Түркістан кесенесіне апармақ болған дейді. 
Ұзақ жол болғандықтан мәйітті арулап орап, сыртын ақ киізбен қаптап тігеді де, 
сүйегін Ақнарға (кейде Ақатан деп те атайды) артып жолға шығады. Қасында 
бірталай  адамдар  бар.  Бір  жерге  келгенде  күн  батып  кеш  кіреді.  Жол  соғып 
шаршаған сүйекшілер дамылдап ұйқыға кетеді, түйе де қастарына шөгіп бірге 
жатқан. Таңға жуық тұрса Ақнар жоқ, кездейсоқ жұмбақ күйде көз жазып қалған. 
Екі-үш күн іздейді. Ұшып көкте, түсіп жерде, не көрдік-білдік деген пенде жоқ.  
 
 
 
Сурет 35. Қосқұлақ батыр кесенесінде. 
 
Бар болғаны денесін ораған ақ киізді айдаладан тауып алады. Қасындағылар 
айтады, мүмкін үйренген жері ауылға кеткен болар деп, Іле өзенінің екі жағына 
бөлініп алып  келген жолдарын қайта қарап, сүйекшілер елге оралады, бірақ та 
Ақнар ауылға келмеген. Жұрттың бәрі мұндай таңғажайыпқа таңғалады. Қандай 
киелі құдірет күш екенін кім білсін, осылай ойламаған жерден Қосқұлақ атаның 
сүйегін артқан түйе бір түнде көзден ғайып болады.  
Ал  шындығына  келсек,  біздің  пайымдауымызша,  бұдан  әрі  қарай  оқиға 
желісі  былай  өрбіген  сияқты.  Ақнар  адамдар  қалың  ұйқыға  кеткен  кезде 
жайылымға  шығуы  да,  болмаса  керуен  жолының  бойын  торауылдаған 
қарақшылар қолына түсуі мүмкін. Олар түйеде көп қазына мүлік бар деп ақ киізді 
пышақпен  тіліп  қараса,  байлық  емес  ақкебінге  оралған  ақсақалды  адамның 
мәйіті шығады. Шошынған қарақшылар қайтадан түйеге артады да, бос жіберсе 
керек.  Түйе  батысқа  бағыт  алып  жүре-жүре  Қордайдың  асуына  жетіп,  мүлде 

94 
 
шөгіп  жатып  алады.  Арлы-берлі  өткен  жүргіншілер  көріп,  бұған  қатты 
таңғалысқан.  Жан-жағына  хабаршылар  жіберіп  сұрау  салады.  Ақыры  ақиесі 
табылмаған  соң  сондағы  Жаныс,  Ботбай  (Дулат)  елінің  адамдары  осында 
жерлеген екен. Қандай қасиетті кісі, аты-жөні кім, анық-қанығын ешкім білген 
емес. 
Арада  қанша  уақыт  өтті,  оны  білмейміз.  Бірақ  та,  «балапан  –  басына, 
тұрымтай – тұсына» безіп кетіп, халық енді-енді еңсе көтеріп есін жия бастаған 
заман, яғни Жоңғар соғысы толық тоқтаған шақ еді. «Ел құлағы-елу» демекші, 
бірден-бірге естіліп, бұл хабар алыстағы Албандарға жетеді. Ұрпақтары сұрай-
сұрай  іздеп  келсе,  шынында  Қордай  асуындағы  «Үкілі  сай»  дейтін    тұйықтау 
жылға сайдың ішінде, қалың бір топ долана ағашының түбіндегі тепсең жерге 
түйенің жатқан орнына жерлеген екен. Келгендер жергілікті халыққа алғысын 
айтса, екіншіден, бір малын айтып сойып, құран бағыштап баба басына тағзым 
етіп қайтады. Үлкендердің айтуынша, содан бері жүз жылдай уақыт өтіп ұмыт 
болған десе-ді.  
Енді екінші бір адамның шындыққа жақын нақты әңгімесін тыңдайық. Бұл 
Есікті қаласының 85 жастағы тұрғыны Құсайынұлы Жүніс ақсақал былай дейді: 
«Қосқұлақ атамыз 104 жас жасаған екен, өмірден өткен кезінде біздің ауылдың 
қонысы Өсек өзенінің бойында болыпты. Бабамыздың жаназасын шығарар кезде 
алыс-жақыны  бар  көптеген  ел-жұрт  жиналып,  құран-аят  бағыштауға  жүздей 
қары  молда  қатынасыпты.  Сүйегін  арулап  ауылдан  құрметпен  шығарып 
салғаннан соң, сүйекшілер Ақнарды жетектеген бойда Құйған деген жерден әрең 
өткізіпті, – дейді.  Бірақ  діттеген жерге  жеткізе  алмай  сүйегі  белгісіз  жағдайда 
ғайып болған екен. Көп жылдан кейін Қордай асуында жерленгені жөнінде дерек 
шығыпты. Бұл әңгіме үлкендерден қалған сөз, – деп аяқтады. Шежіреші Құсайын 
шалдың әңгімесіне қарағанда ислам дінінің дендеп орнығып келе жатқандығы 
және бұл кісінің өз заманның үлкен діндар адам болғандығын байқатса керек. 
Ал енді Қосқұлақ атаның мәйітін Қордайға жерленгені жөнінде ең алғашқы 
жеткізуші    Алға  ауылының  тұрғыны  Қуандық  деген  кісі.  Сол  Қуандық  қария 
1970 жылдардың басында Қордай асуында колхоздың қошқарын бағыпты. Бұл 
кісі Қосқұлақ бабаның сүйегі ғайыптан қалай келгені, қай жерге және қасында 
кімдер  жерленгеніне  шейін  Ақбұлақ  сайында  көрші  отырған  Ырғайты 
колхозының шопаны Сайлыбаев Майлыбайға (әкесінің аты – Шормақбай) түгел 
көрсетіп айтып береді. Майлыбай қария 2006 жылы 78 жасында өмірден озған. 
Ал Қуандықтан – Үсенәлі, Асанхан, Жұмахан атты үш ұл және Райкүл, Ұлбосын 
атты  екі  қызы  бар.    Кемпірінің  жасы  биыл  90-да,  Жамбыл  облысы,  Қордай 
ауылында тірлік кешуде. 
Осындай ел аузындағы бұрын-соңғы екі түрлі деректерді саралай келе, Қос-
құлақ  атамыздың  алғаш  жамбасы  тиіп  жайғасқан  жері  Жамбыл  облысының 
аумағындағы  осы  Қордай  асуы  екен.  Дәлірек  айтсақ,  Алматы-Бішкек  күре 
жолының  184  шақырымында,  оңтүстік  сәл  өкпе  тұсында  мүрдесі  жатыр.  Баба 
рухына тағзым жасаған ұрпақтары үлкен Кесене тұрғызған екен. 
Экспедиция барысында «Туған жер» бағдарламасы аясында Қордай ауданы, 
Кенен  ауылдық  ардагерлер  кеңесі  төрағасының  орынбасары,  Мергенбай 
Құттымбетовтың  «Қордайдан  шыққан  тұңғыш  кәсіби  биші»  туралы  әңгімесі 
қолымызға түсті. Онда биші Алмас Бекбосыновтың өмір жолы баяндалады: 
Қордайдың Кенен ауылынан шыққан қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Алмас 
Бекбосынов  туралы  біз  не  білеміз?  Аты  аталмай  жүрген  ұлтымыздың  небір 

95 
 
жампоздары  бар  ғой.  Солардың  бірі  және  бірегейі  біздің  жерлесіміз  –  Алмас 
Бекбосынов деп білеміз. Би өнерінің майталманы туралы өнер зерттеушісі Айдар 
Жорановтың  айтуынша,  ұлтымыздан  ерлер  арасынан  шыққан  тұңғыш  кәсіби 
биші,  балет  өнерін  алғаш  меңгерген  Алмас  Бекбосынов  көрінеді.  Ал  енді, 
Қазақстан  Республикасының  халық  әртісі,  қазақтың  ұлттық  балет  өнерінің 
негізін  қалаушылардың  бірі  Болат  Аюханов  "Классикалық  биді  қазақтар 
арасында алғаш меңгерген маман осы кісі болатын. Бекбосынов залды дүркіретіп 
тұрғанда  мен балет өнерінде қаз-қаз басқан баладай едім. Біріншіден, Алмас ағай 
еркіндікті  сүйетін, әрі тәртіпті, әрі орындаушылық қасиеті басым жан ретінде 
көз алдымда қалды. Оның классикалық би бойынша аздаған білімі бар еді, бірақ 
ол әрбір қойылымды нағыз кәсіби шебер маман ретінде ойнап шығатын..." деп 
жазады.  
Алатаудың ақиығы атанған әнші-сазгер Кенен Әзірбаев та Алмастың өнерін 
кезінде  жоғары  бағалапты.  Кенен  Әзірбаев  өзінің  "Өзгерген  өңір"  деген 
мақаласында  "Кировтықтардың  (қазіргі  Кенен  ауылы.ред).  мақтаныш  тұтатын 
адамдары  бар...  Әйгілі  балет  өнерінің  шебері  Алмас  Бекбосынов  есімін 
жерлестері зор мақтаныш тұтады" деп жазады.  
Сонда әйгілі биші Алмас Бекбосынов қайдан шыққан? Қордай ауданындағы 
Ешкілі  Қордай  тауын  ежелден  осындағы  Мүлкіаман-Қонай  руы  қоныстанған. 
Сол  таудың  бір  сайы  Диқанбайдың  атымен  аталады.  Диқанбай  Алмас 
Бекбосыновтың  атасы.  Диқанбайдан  Назарбек,  Базарқұл,  Бекбосын  деген  3  ұл 
тарайды. Бекбосынның ұлы Алмас – біздің даңқты жерлесіміз болып табылады. 
Бекбосын ағасы Базарқұл екеуі 1920 жылдары белгілі себептермен Алматы 
қаласына қоныс аударады. 1930 жылы соғыс қарсаңында Бекбосын ағамыз елге 
оралады. Ал ұлы Алмас болса оның туған қайнысы Қазақстанның халық әртісі 
Қамал  Қармысовтың  қолында  қалып  оқиды.  Осында  жүріп  өнер  жолын 
таңдайды. Ал енді атақты биші жерлесіміздің отбасына келетін болсақ, жұбайы 
Ахматова Рахима әйгілі әдебиетші, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдулиннің 
балдызы  болған  екен.  Алмастың  кіндігінен  1944  жылы  ұлы  Әнуарбек,  1945 
жылы қызы Қарлығаш өмірге келеді. Жұбайы Рахима опера әншісі болыпты.  
Алмас  Бекбосынов  1924  жылы  24  ақпанда дүниеге  келіпті.  Қазақстанның 
еңбек  сіңірген  әртісі  және  қазақтың  тұңғыш  кәсіби  балет  бишісі  ретінде  елге 
танылған. 1940-1959 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрында 
үздіксіз  биші  болған.  Алмас  Бекбосынов  И.Надировтың  "Көктем"  балетінде 
Айдардың,  В.Великановтың  "Қамбар-Назым"  балетінде  Қамбар,  Б.Аса
фьевтің 
"Бақшасарай  фонтаны"  балетінде  Гирейдің,  А.Аданың  "Жизель"  балетінде  Ганс  бейнелерін  әдемі 
сомдаған. Сондай-ақ, ол "Қыз-Жібек", "Жалбыр", "Абай", "Біржан-Сара" операларында би көріністерін 
нәшіне келтірген. 1959 жылы ол АҚШ-та болып, Американың талғамы биік өнер сүйер қауымына қазақ 
биінің  құдіретін  паш  еткен.  Оның  Нью-Йорк  қаласында  қазақтың  ұлттық  "Көкпар"  биін  жоғары 
шеберлікпен орындағаны туралы сол кезде одақтың басылымдары тамсана жазған болатын.  
Алмас  Бекбосынов 1959  жылы  зейнет демаласына  шыққаннан  кейін 1974 
жылға  дейін  қазақ  теледидарында  би  қойылымдары  жөнінде  режиссер  болып 
қызмет  атқарды.  1974  жылдың  тамызында  қазақтың  тұңғыш  кәсіби  бишісінің 
жүрегі мәңгіге тоқтады.  
Кенен  ауылының  тұрғындары,  аудан  жұртшылығы  атақты  жерлесіміз 
Алмас Бекбосыновтың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында Кенен ауылындағы 
№1  жасөспірімдер  және  жастар  шығармашылығы  орталығын  сол  жампоз 
жерлесіміздің атымен атау жөнінде ұсынысымызды тиісті құзырлы органдардың 

96 
 
құлағына салғымыз келеді. Ер есімі – ел есінде болуы керек. Бұл ұсынысымыз 
жерде қалмас деген сенімдеміз.  
 
 
 
№ 36 сурет. Георгиевка қалашығындағы қазба жұмыстары. 
 
Георгиевск  қалашығындағы  қазба  жұмыстары.  Қазіргі  таңда  Георгиевск 
қалашығын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық 
экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізуде. Қазба жұмысына жетекшілік етуші 
т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов пен т.ғ.к., доцент Дөкей Талеев. Дөкей Талеев 
бұл  қалашық  туралы  мына  төмендегідей  мәлімет  берді:  «Бұл  қалашық  Шу 
өңіріндегі қазіргі таңда ең тағдыры қиын ескерткіш болып тұр. 90 пайыз мәдени 
қабаты  бұзылып  кеткен.  Тарихи-мәдени  ескерткіштерді  қорғау  нормасы 
бойынша  бұл  апаттық  жағдайдағы  ескерткіш  болып  отыр.  Жазба  деректерде 
қандай  қала  болғаны  белгісіз.  Жібек  жолының  бір  тармағы  осы  өңір  арқылы 
өткен.  Қазба  барысында  табылған  керамика  ыдыстар  даталануы  ҮІІ  ғасырды 
көрсетіп  тұр.  Ал,  қалашықтың  іргетасының  қашан  қаланғанын  әлі  айта 
алмаймыз.  Бұл  қашықты  т.ғ.д.,  профессор  Мадияр  Елеуов  1980  жылы  алғаш 
қазған.  Ол  кезде  қалашықтың  50  пайызы  бар  екен.  1930  жылы  осы  қалашық 
төңірегінде кірпіш зауыты болған дейді. Ол шикізатты, яғни сары топырақты осы 
қалашық орнынан алған. Бұл қалашық жазба деректерде де болуы мүмкін. Араб 
жиһанкезі Макдиси жазбаларында Испиджаб қаласынан бері қарай 50 қаланың 
аты аталған. Бірақ, баламаланған қалалар қатарына жатқызылмаған. Құрылысы 
жағынан ұзын қорғанды қалалар қатарына жатады. Қоршаған қамалдарының бір 
ғана жұрнағы қалған.» 
Георгиевск  қалашығының  төңірегіне  әлі  де  үйлер  салынып,  жер 
үлестірілуде. Ең алдымен соны  тоқтатуымыз керек. Біздің басқару жүйесінің ең 
шешілмей  келе  жатқан  мәселесі  осы  болып  отыр.  Ескерткіштердің  қорғалу 

97 
 
аймағын жасау керек. Сол арқылы карта бойынша жер үлестіргенде осы мәселені 
ескеруіміз қажет. 
Қордай батыр. Ежелгі заманда, бұдан екі мың жыл бұрын сақ пен  ғұндары 
дәуірлеп тұрған шағында,І-ІІ ғасырда ғұмыр кешкен деседі. Шырақшы Тоқтұров 
Думан Тұрсынғалиұлы Қордай батыр туралы бірнеше аңыздар айтты. 
Қордай  батырдың  екі  қолы  тоқпақтай,басы  бақырдай,  құлағы  тебінгідей, 
көзі өткір, сесті, екі иығына екі кісі мінгендей, бойы барлық адамнан биік болған 
екен.  Өзі  ақкөңіл,  жомарт,  күлгенде  қарқылдап,  сөйлегенде  гүрілдеп,  жанның 
бәрін  жақынындай  көреді.  Қолы  да,жолы  да,  ашық  батыр  бай  болмайды.  Ол 
тапқан таянғанын елге үлестіріп отырған. Қордайдың кезінде «Қоңыр желімді, 
Қордай батыр» деп жаулар да,ұрылар да оған жоламайды екен. Оны жұрт зор 
денелі, ерекше жаралған жан деседі. 
Қордай-Ұлы жүздің Дулат руынан шыққан батыр. Атақты алашқа айналған 
белгілі-  Қордай  бабамыз  Дулаттан,  Қасқару,  Жаныстан  шыққан  атақты 
қолбасшы болған. Ол арғы атасынан бері жалғыз атты кедей болып өсіпті. Елі 
мен  жері  үшін  келешек  ұрпағының  болашағы  үшін  тер  төгіп,  кескілескен 
шайқаста  басын  тіккен  батырларымыз  қазақ  халқында  өте  көп.  Сол  қасиетті 
батыр  аталарымыздың  бірі,  артына  өшпес  із  қалдырған,  осы-  Қордай  батыр 
болған екен. 
 
 
 
 
№ 37 сурет. Қордай батыр кесенесі. 
 
Өтеген Өтеғұлұлының шешесі-Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі 
екен.Қордай қазақтың соңғы ханы,қаһарман перзенті,ұлт- азаттық көтерілісінің 
көсемі  Кенесарының  мерт  болар  алдында  ат  суарған,  арманын  әнге 

98 
 
қосқан.Қазіргі  ғалымдардың  нақты  іздестіру  жұмыстары  Қордай  батырдың 
Жетісу  мен  Қырғызстан  территориясын  үйсін  тайпасы  қоныстанып 
отырғакезде,өмір сүрген деседі. 
Қордай батырдың бәйбішесі-Мақпуза ана болған. Екінші әйелі-Алтыншаш 
бибі  ана  болған.    Одан  6-баласы  болады.  Ең  үлкен  ұлы  –Атығай  батыр.  Олда 
әкесіне тартқан зор денелі, айбатты батыр болған деседі. Қордай батырдың елігі, 
қыран  бүркіті  болған  екен.  Тарихи  деректерге  сүйеніп,  елікке  де,  қыран  алып 
бүркітке, де ескерткіш тас мүсін қойылған екен. 
Қазіргі Қордай асуында сүйегі жерленген екен. Сол маңда өзінің үйі болған 
деседі.Сол үйінің орнына шаңырақпен үйге ескерткіш жасаған. Қордайбатырдың 
басына тәж етіп келгендер құран оқып, отырып демаладыекен. Мына құбылаға 
қараған ем тасқа алланың нұры түскен деген қасиетті тас екен. Кімде-кім осы 
тасқа  маңдайын  тигізіп,  құлшылық  жасаса,  тілеген  тілегі  қабыл  болып 
орындалады  деген  сөз  бар.  Осы  орында    Қордай  батырдың  сақшы  -қарауылы 
тұрған екен.  
Қордай батырға жолыққысы келген адам иіліп сәлем беріп, қақпадан өтіп 
барған.    Қордай  батырдың  бойының  биіктігі  осы  қақпаның  үстіндегі  теміріне 
дейін жететін болған екен. Осы ескерткіштер салынып жатқан кезде, қақпадағы 
екі тасты жұмысшылар қимылдата алмаған екен. Қақпаның сол жағындағы дәу 
тасты жылжытқан екен, сол мезетте қара жылан қаптап кетіп,ысылдап жұмыс 
істеуге  мұрша  бермепті.  Содан  бір  мал  әкеп,құран  оқып,әруақтарға  бағыштап 
мал  құдайы  берген  екен.  Қақпаның  оң  жағындағы  екі  тасты  жылжытпай-ақ 
қояйық деп шешкен екен деседі. Шырақшы Думан атаның айтуы бойынша, сол 
қақпаның  алдындағы  тастың  үстінде  бір  қара  жылан  әрдайым  тасқа 
шығып,қақиып отыратын көрінеді. Тастың өзінің қасиеті қандай десеңізші. 
Қордай  батыр  туралы  тарихи  деректер.  Бүгінгі  Қордай  аталатын  жерден 
алғашқы  рет  тоған-тоспа  соққан  сол  батыр  болған  екен.  Арық  қазып,  жер 
жыртады. Ел жайлауға көшкенде жалғыз өзі қалып арпа, бидай егеді екен.Қауын 
қарбызын суғарып,сиыры мен жалғыз атын арқандап жата беретін болған екен. 
Бір жылы Қордай батырдың тоспасын тартып аламыз деп,Байжігіт ауылы оған 
зорлық  жасап,төбелес  шығарады.Қордай  батыр  барлығын  ұрып  жығады.Бірақ 
көпке  топырақ  шашып  бола  ма,тауға  шығып  алған  көпшілік  тас 
жаудырып,Қордайды жаралапты.Мұны көрген ағайындар арашаға түсіп, тоған-
тоспасын алғызбай өзіне қайтарып бергізеді. 
Қордай  батыр  тоспасын  тығындап,шөп  шауып,  ағаштың  көлеңкесінде 
ұйықтап  жатса,жалаңаш  төсінде  бір  қара  шұбар  жылан  өрмелеп  барады 
дейді.Мұздай болып сусап келе жатқан бұл пәленің жылан екенін сезіп,ол тырп 
етпей  жата  береді.Қозғалып  кетсем  жылан  шағады,қозғалмай    шыдап  жата 
берсем, жылжып үстімнен өтіп кетер деп ойлайды.Батырдың ұйықтағанда аузын 
ашып жататын әдеті бар екен.Жылан үстінен өтіп бара жатқанда аузын да жауып 
үлгермепті.Ыстық  күнде  салқын  іздеп  келе  жатқан  әлгі  жылан  батырдың 
үңірейіп  ашық  аузын  ін  деп  қала  керек,қос  тілін  жалаңдатып,басын  сұға 
бергенде,батыр  оның  басын  тісімен  қыршып  алып,түкіріп  тастап,  атып  тұра 
келеді.  Басы  кесілген  жылан  батырдың  өн  бойына  қара  шылбырдай    оралып, 

99 
 
құйрығымен  сабалап,  денесін  білем  білем  қылып  жібереді.Жыланды  ағаштың 
басына  іліп  қойып,ауылдастарына  көрсетейін  десе,  олар  анадайдан  қашып 
жоламайды.Қордайдың батырлық, сабырлығына бәрі жағасын ұстап, таң қалады. 
Қордай батырдың алып болғаны соншалық, аяқтарының ідері де өте үлкен 
болған  деседі.  Биік  шоқының  үстіндегі  тастың  үстіне  шығып,қараған  кезде 
жауларының келе жатқанын көріп, өте қатты назданып, айқайлаған кезде тастың 
үстіне аяғының іздері қалған деседі. Алдыңғы із-баласының іздері екен. 
Қордай  батырдың  ерліктері.  Қордай  батыр  ел-жұртын  жаудан  қорғауда 
орасан ерліктер көрсетіп, артына өшпес із қалдырған. Елімізде аса маңызды Ұлы 
Жібек  жолындағы  Қордай  асуын  шапқыншылықтан  қорғаған.  Қонысы 
Алатаудың баурайы болыпты. Жауға өз атын ұран етіп шапқанда, даусын естіп 
жау қашады екен. Ол кісінің найзасын мықты деген екі ер әрең көтереді екен. Ол 
60 ердің қайраты бар, «қоңыр желімді Қордай батыр»- деп те атаған екен. Қордай 
батырдың сіңірген еңбегі ерен, жанқиярлық ерлігі, өлшеусіз де шексіз. 
Еділ  патша  алыс  жорыққа  аттанарда  Қордай  батыр  Шығыстан  келетін 
жауды, Аспара батыр Батыстан келетін жауға қарсы шабуылға шығып отырған. 
 
 
 
Сурет 38. Қордай батыр кесенесінде  
 
Қордай  Құттыбайдың  батырлығын,  балуандығын  сырттан  естіп, 
жолыққысы  келеді.  Шу  бойына  қалмақтар  жайлай  бастаған  кезде,  батырларға 
жаушы  жіберіп,  Құттыбайға  барып  жолығады.  Екеуі  ақылдасып,  бірігіп,тізе 
қосып,  қолды  молырақ  жинап,  бір  жерден  ту  көтеріп,  жаудан  бұрынырақ 
қимылдайды. Қордай ауылға келіп, өз қолын Шуға қарай қаптатады. Құттыбай 
болса,  Қаратаудан  бері  қарай  жылжып  Шуға  жетеді.  Сөйтіп  батырлар  Шу 

100 
 
бойында бейқам жатқан қалмақтың самсаған қолын алды-артынанқыспаққа алып 
әлсіретеді.  Жаудың  бір  дүрмегі  Қаратаудың  теріскей  бетін  жағалай  батысқа 
қарай  қашады.Жауды  өкшелей  қуған  Қордай  мен  Құттыбай  қолы  Құмкент 
шаһары маңында қалмақтармен тағы да бетпе-бет қырғын соғыс ашады. Екі жағы 
да  көп  шығынға  ұшырайды.  Жекпе-жекте  Қордайға  ешбір  жау  төтеп  бере 
алмайды.Жергілікті  қазақтардың  жау  қолына  олжаға  түсіп  кеткен  малдарын 
айырып  алып  өздеріне  қайтарып  беріп  отырған.  Қордай  батыр  қалмақтарды 
Созақтан  асыра  қуып,  жорықтарын  жеңіспен  аяқтап,  ауылдарына  аман-есен 
қайтады. 
Аңыз  бойынша  бір  күні  Қордай  батыр  қайнаған  қара  көжені  шарасымен 
алдына ала бергенде, сырттан аттандаған дауыс естіледі. Ол дереу дәу шарадағы 
көжені көтеріп іше салады да, атып далаға шығады. Белдеуде байлаулы тұрған 
қараала атқа жайдақ қарғып мінеді де, қолына шоқпар, найзасын ала ұмтылады. 
Ыстықтай ішкен қара көже ішек қарнын өртеп, қайта лоқсып жібергенде, қараала 
аттың жалы жидіп түсіп қапты дейді. Жаудың бетін қайтарып келгенде батыр 
атының жалғыз қалғанын сонда ғана барып біліпті. Содан былай қарай Қордайды 
«қараала аттың жалы жоқ,бұдан басқа малы жоқ» деп атап кетіпті. 
Бердібек,  Берді  деген  екі  ағайынды  жігіт  Қордай  батырмен  дос  болыпты. 
Басқа байларға қарсы тұрады екен. Екеуі өздері батыр, өнерпаз, әрі күйші ақын 
сөзге шешен алдырмайтын тапқыр болады. Үш батыр түнде келе жатып,бейіттер 
арасынан  бір  қараңдаған  дәуді  көреді.  Қордай  батыр  атынан  түсе  салып,қара 
дәумен  алыса  кетеді.  Екі  жігіт  те  шоқпармен  ұра  бастайды.  Шақпақ  жағып 
қараса, қара дәу деп алысқаны қара аю екен. Бейіттің басына сүйеп  қойғаны –
өлген  әйелдің  денесі  екен.  Жақында  ғана  қойылса  керек.  Топырағы  әлі  кебе 
қоймаған. 
Аңыз  бойынша  Хантау  тауларының  бөктерін  жаулар  шабуылдап, 
шапқыншылық  жасаған  кезде,  Шудың  батыс  жағалауынан  Аспара  батыр, 
шығыстан  Қордай  батыр  екеуі  ақылдаса  келіп,  оңтайлы  жоспар  құрып 
амалдарын асырады. Жауға төтеп беріп,жасақтарымен қырып салады. 
Сол кезде Хантау тауының бөктерінен, сай саласынан қаншама қырылған 
жаулардың қып-қызыл қаны аққан деседі. Сол себепті ол жер – Хантау болып 
аталған екен. 
 
 

101 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет