1.1–сурет. Екі өлшемді Бравэ торы
1.2–сурет. Қарапайым кубты тор
1.2–суретте қарапайым кубты тор көрсетілген. Қырғацентрленген кубты тордың әрбір ұяшығында бір ғана атом орналасқан (1.3–сурет).
1.3 –сурет. Кубты гранецентрленген
Егер кубтың ортасында атом болса, онда ол көлемді-центрленген кубты тор делінеді (1.4–сурет).
1.4–сурет. Көлемді-центрленген кубты тор
Сонымен, Бравэ торы кристалдың кұрылысын емес, оның трансляциялық құрылымын (симметриясын) көрсетеді. Трансляциядан басқа, кристалдардың нүктелік симметриясы: бұрылыс пен шағылысуға қатысты симметриясы болады. Нүктелік симметрияны анықтау үшін Бравэ торының типімен бірге, байланыс құрылыстарын да ескеру қажет (примитивті ұяшықтың базисі). Кейде қарапайым ұяшық дегенде базис пен примитивті ұяшықты көзге елестетуге болатындығын айтып кетейік. Бірнеше примитивті ұяшықтары бар және кристалдың нүктелік симметриясын көрсететін Бравэ торының бір бөлігін шартты немесе кристаллографиялық қарапайым ұяшық дейді. 1.2-1.4-суреттерде дәл осындай ұяшықтар бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |