А. Амангелді, С. Симбаева


ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚЫСҚА ТҮРІ



Pdf көрінісі
бет140/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

ЖІКТІК ЖАЛҒАУДЫҢ ҚЫСҚА ТҮРІ 
Жіктік жалғаудың қысқа түрі жедел өткен шақ пен шартты райға ғана 
жалғанады. Ол есім сөзге жалғанбайды. 
1. 
Жіктік жалғаудың қысқа түрінің жедел өткен шаққа жалғануы

Етістіктің түбіріне жедел өткен шақтың жұрнағы жалғанып, одан соң 
жіктік жалғаудың қысқа түрі жалғанады.
Жедел өткен шақтан соң жіктік жалғаудың жалғануы 
Жекеше
Көпше 
1-ж. Мен бар-ды-м, кел-ді-м
1-ж. Біз бар-ды-қ, кел-ді-к
2-ж. Сен бар-ды-ң, кел-ді-ң
2-ж. Сендер бар-ды-ң-дар, кел-ді-ң-дер 
Сіз бар-ды-ңыз, кел-ді-ңіз 
Сіздер бар-ды-ңыз-дар, кел-ді-ңіз-
дер 
3-ж. Ол бар-ды, кел-ді
3-ж. Олар бар-ды, кел-ді
2. 
Жіктік жалғаудың қысқа түрінің шартты райға жалғануы

Етістіктің түбіріне шартты райдың жұрнағы жалғанып, онан соң жіктік 
жалғаудың қысқа түрі жалғанады. 
Шартты райдан соң жіктік жалғаудың жалғануы 
Жекеше
Көпше 
1-ж. Мен ал-са-м, көр-се-м
1-ж. Біз ал-са-қ, көр-се-к
2-ж. Сен ал-са-ң, көр-се-ң
2-ж. Сендер ал-са-ң-дар, көр-се-ң-дер


144 
Сіз ал-са-ңыз, көр-се-ңіз 
Сіздер ал-са-ңыз-дар, көр-се-ңіз-
дер 
3-ж. Ол ал-са, көр-се
3-ж. Олар ал-са, көр-се
Бұйрық райдан соң жіктік жалғаудың жалғануы 
Бұйрық райда жіктік жалғау түбір етістікке тікелей үш жақта, жекеше, 
көпше түрде жалғанады. Жіктік жалғаудың бұл түрі есім сөзге, басқа 
райларға жалғанбайды. Бұл жіктік жалғаудың 2-жақ жекеше түрде 
жалғауы жоқ. 
Жекеше
Көпше 
1-ж. Мен қал-а-йын, бер-е-йін
1-ж. Біз қал-а-йық, бер-е-йік
2-ж. Сен қал, бер
2-ж. Сендер қал-ың-дар, бер-ің-
дер
Сіз қал-ыңыз, бер-іңіз
Сіздер қал-ыңыз-дар, бер-іңіз-
дер 
3-ж. Ол қал-сын, бер-сін
3-ж. Олар қал-сын, бер-сін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет