57
2-НҰСҚА
1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойып сөйлемді
аяқтаңыз, аударыңыз.
1. Орыс, ағылшын, испан, француз, қытай тілдері халықаралық тілдер
ретінде қолданыл... . 2. Дүние жүзіндегі бір-бірімен туыстас тілдердің
топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады... . 3. Олар өзінің
ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлін... . 4. Тіл
жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырыл... . 5. Тілдерді
фонетикалық, грамматикалық құрылысына
қарай бірнеше типке бөлуге
бол... . 6. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлін... :
1) Үндіевропа тілдері; 2) Афразиат тілдері; 3) Дравид тілдері; 4) Орал
тілдері; 5) Алтай тілдері; 6) Чукот-камчатск тілдері.
2. Туынды сөздерді тауып, олардың қалай жасалғандығын түсін-
діріңіз.
1. Қазақстан АҚШ-пен демократиялық
әріптестікті дамытуды
көздейді.
2. Қазақстан
экономикалық,
экологиялық,
әлеуметтік
салалардағы байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара
ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын береді. 3. Қазақстанның
қауіпсіздігінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей
мен Қытайдың міндеттеме алуы – маңызды жаңалық болды. 4.
Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай және газ құбырларын салуға екі
жақты қызығушылық бар.
Достарыңызбен бөлісу: