А. Амангелді, С. Симбаева


Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар



Pdf көрінісі
бет91/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар

1
Әрбір жеке мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын қалай 
орнатады? 
2
Мемлекеттер өзара дипломатиялық қатынастар орнатқанда қандай 
мақсаттар көздейді? 
3
Екі 
мемлекет арасындағы халықаралық қатынастар қандай 
бағыттарда жүргізіледі? 
4
Қазақстанның халықаралық қатынастары туралы әңгімелеңіз. 
3-тапсырма. 
Досыңызбен 
Қазақстанның 
ТМД 
елдерімен 
қатынастары туралы сұхбаттасыңыз. 
4-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1
Қазақстан экономика саласында қандай мемлекеттермен көп 
байланыс орнатқан? 
2
Қазақстанның экономика саласындағы байланыстарын сіз күнделікті 
өміріңізден байқайсыз ба? 
3
Қазақстанның экономикасы шетел мемлекеттеріне тәуелді ме? 
4
Біздің елдің экономикасында дағдарыстар болып тұра ма? 
5
Еліміздің болашақта дамуы үшін сіз қандай үлес қосасыз? 
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен 
қараңыз. 
 
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 
Адам қауымының қазіргі даму кезеңінде қоғам сан алуан 
мемлекеттерге бөлінген. 
Әрбір жеке мемлекет өз ішінде қабылдаған заңға бағынады және ол 
заңды бұзушы жауапқа тартылады. Жеке мемлекет өзінің аумағынан тыс 
жерде халықаралық үйлесімділікті (гармония) таңдауы мүмкін немесе 


94 
халықаралық тәртіпке бағынбауды таңдауы мүмкін, бұл таңдау оның 
еркіне беріледі. 
Әрбір мемлекет шағын мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынасты 
үлкен жауапкершілікпен жасауы мүмкін немесе керісінше қарым-қатынас 
орнатып, басып алу саясатын жүргізуі мүмкін. Мұндай қарым-қатынас 
басқа мемлекеттерге де әсерін тигізеді. 
Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасындағы ең басты 
мақсаты – осы қатынастарға ықпал ету арқылы өз елі үшін көп пайда 
әкелу, бірақ ол өз мүддесі үшін басқа мемлекеттерге қатысты жүргізетін 
саясатын тұжырымдауға міндетті. Жеке мемлекет басқа мемлекеттермен 
қарым-қатынасын халықаралық үйлесімділік мүддесіне сәйкес жүргізеді, 
соғыстарды болдырмай, соғыстардың алдын алу саясатын ұстанады және 
мемлекет байлығын талан-таражға салдырмау – басты мақсаттарының бірі. 
Сыртқы саясат тұжырымдамасының болуы – сол ұлттың ақыл-
ойының бір көрінісі. Сыртқы саясатты тұжырымдау – саясатшылардың ісі, 
ал халықаралық қатынастарды жүргізу, сыртқы саясаттағы баса назар 
аударатын жайларды икемге келтіріп шешу – дипломаттардың ісі. 
Дипломатияның негізі – ойлар мен идеялар арқылы мемлекеттердің 
өзара және халықаралық ұйымдармен қарқынды қатынас жасау жолдары. 
Бұл қатынас жолдары үкімет басшылары арқылы тікелей немесе елшілер 
арқылы делдалдардың көмегімен жүзеге асырылады. Ірі мемлекеттер мен 
көршілес мемлекеттер араларындағы дипломатия – өзінің ең жоғары 
деңгейінде 
үкімет 
басшылары 
көзбе-көз 
кездесіп, 
ой 
толғап, 
әңгімелескеннен кейін ғана оңай және үйлесімді жүргізіле алады. Бірақ 
дипломатиялық қатынастардың көп түрлілігіне және қиындығына орай бұл 
қатынастар мемлекет басшыларының тікелей қатынасынсыз жүргізілуіне 
болады. 
Адамзат қауымының ғасырлар бойы даму тәжірибесі осы мақсатқа 
жету жолында қызмет істейтін елші тұлғасының аса маңызды екенін 
көрсетті. Бірақ елші мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын 
ұстанады. Елші – дипломатиялық миссияның басшысы. Елшілік біртұтас 
команда сияқты жұмыс істеп, мемлекет пен мемлекет немесе халықаралық 
ұйымдар арасындағы өте маңызды байланыстарды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет