15
нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы
жағдайларды құру болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі
бағыттарының бірі АҚШ-пен «демократиялық әріптестік» қарым-
қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл – біздің еліміздің әлемдік
қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс
институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар
мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.
АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақтастыққа
үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жекеменшік
инвестицияларды
тарту;
қорғаныс
өнеркәсібін
конференциялау
саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ
полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын
шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды
дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне
маңызды орын беріледі
(Қ. Тоқаев)
Достарыңызбен бөлісу: