А. Амангелді, С. Симбаева


негізгі (непроизводные) және  туынды



Pdf көрінісі
бет145/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

негізгі
(непроизводные) және 
туынды
(производные) болып екі топқа бөлінеді. 
Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі 
түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады: 
қоңыр, семіз, жылы, қалың. 
Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған 
сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас, сөзшең, қысқы. 
Сын есімдер құрамына қарай (по составу) 
дара
(простые) және 
күрделі
(сложные) болып тағы да екі топқа бөлінеді.
Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық 
мағыналы сөздер аталады: әдемі, ұзын, таңғы. 
Күрделі сын есім деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды 
білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды, 
түлкі тымақты. 
Күрделі сын есімдер өз ішінде 
қосарлы
(парные) және 
тіркесті
(словосочетания) болып бөлінеді. 
Қосарланған сын есімдердің жасалуы (образование парных 
прилагательных): 
а) бірігу: аппақ, көкпеңбек, сөзқұмар, өркөкірек, бауырмал, тапқыр. 


150 
ә) қайталану: биік-биік, үлкен-үлкен; 
б) қосарлану (қайшы мәндес): ұзынды-қысқалы, жақсы-жаман, 
үлкенді-кішілі, ағалы-інілі; 
в) бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз (сыңар мәндес); 
балалы-шағалы, ұсақ-түйек, жаман-жұтық; 
г) бір сыңары -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнағы арқылы: 
қоғамдық-тарихи, идеялық-саяси, әлеуметтік-саяси; 
ғ) екі сыңары да -и жұрнағы арқылы: ғылыми-әдеби, әскери-саяси; 
д) екі сыңары да -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары немесе бір 
сыңары -сыз/-сіз жұрнақтары арқылы: таулы-тасты, ікелі-балалы
орманды-тоғайлы, ойлы-шұңқырлы, орынды-орынсыз, ағашты-ағашсыз; 
ж) күшейткіш буын арқылы: әп-әдемі, жап-жасыл, ұп-ұзын, топ-
толық. 
Тіркесті сын есімдердің (словосочетания имен прилагательных) 
жасалуы:
а) сапалық (негізгі) сын есімдер бір-бірімен тіркеседі: сары ала, қара 
көк: 
ә) негізгі сын есіммен -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті формалы туынды сын 
есімдер (қатыстық сын есімдер) тіркеседі: қызыл шырайлы, кең маңдайлы, 
орта бойлы, шоқша сақалды; 
б) бірінші сыңары ІІІ жақты тәуелді зат есім, екінші сыңары сын есім 
болады: басы бос, көзі ашық, тілі майда, жүзі жылы, қолы ашық, жөні түзу; 
в) күшейтпелі үстеу арқылы: өте әдемі, тым биік, аса терең, нағыз 
адал, орасан зор, өте қымбат; 
г) зат есім, сан есімдермен -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік формалы сын 
есім тіркеседі: мерекелік концерт, көңіл көтерерлік, бес жылдық, он адам 
сиярлық, екі-үш күндік, амандық хат; 
ғ) қатыстық сын есім мен қатыстық сын есімнің тіркесі арқылы: 
қазақы мінезді, толықша денелі, сәнді киімді, сапалы білімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет