А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет144/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ 
(Неопределенные местоимения) 
Белгісіздік есімдік деп белгісіз мәнде айтылатын сөздер аталады. 
Белгісіздік есімдікке әр, әлде, бір тұлғалары арқылы сұрау есімдіктерінен 
жасалған сөздер жатады: әркім, әрқашан, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқашан, 
әлдекім, біреу, кейбіреу, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әрне, әлдене 
т.б. 
БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІК 
(Отрицательные местоимения) 
Болымсыз мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдік 
деп аталады. Болымсыздық есімдіктерге еш деген тілдік нұсқа арқылы 
сұрау есімдіктерінен және басқа да сөздерден жасалған есімдіктер жатады: 
ешкім, ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе, 
дәнеме. 
ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ 
(Обобщающие местоимения) 
Жалпылау есімдіктері жалпылау мағынасын білдіреді. Жалпылау 
есімдіктеріне бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер 
жатады. 
СЫН ЕСІМ 
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол 
зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп, сөйлемде анықтауыш 
қызметін атқарады: әсем ән, қызыл алма, қызық кітап.
Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады, оны сын 
есімнің заттануы деп атайды. 
Сын есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметін 
атқарады: Қисықтың көлеңкесі де қисық. Тәжірибелі ұстаз сабақты жақсы 
түсіндіреді. 
Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді: үлкенді 
сыйла, жақсыдан үлгі ал. 


149 
Сын есім мағынасына қарай (по значению) 
сапалық
(качественные) 
және 
қатыстық
(относительные) болып екі топқа бөлінеді. 
Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен санын, көлемі 
мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, 
жақсы, биік, кең, жалпақ. 
Сапалық сын есімнің түрлері: 
а) түрі мен түсі (качество, признак цвета): қызыл, жасыл, көк; 
ә) сын-сипаты (характер и свойство): жақсы, сұлу, жалқау, жуас, 
қатты, өткір, семіз, әлсіз, арық; 
б) көлемі мен аумағы (объем, величина, размер): үлкен, кішкене, кең, 
тар, биік, аласа, ұзын, қысқа, алыс, жақын, жуан, жіңішке; 
в) дәмі мен исі (вкус): ащы, тұщы, тәтті, дәмді, қышқыл, тұзды; 
г) пішіні, түрі (формасы): қырлы, түзу, қисық, домалақ, сопақ, жұмыр, 
жалпақ, томпақ, дөңгелек. 
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы 
арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы жер, қамысты көл, жазғы самал, 
бойшаң жігіт, бөрікті адам, күзгі жел. 
Қатыстық сын есімдердің жасалуы: 
а) -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары; 
ә) -дай/-дей, -тай/-тей; 
б) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнағы; 
в) -сыз/-сіз; 
г) -ғы/-гі, -қы/-кі. 
Сын есім тұлғасына қарай (по способу образования) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет