174
Страдательный залог
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай,
қимыл
өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды.
Ырықсыз етіс -ыл/-іл/-л жұрнақтары арқылы, кейде түбір «л», «р»
дыбыстарына аяқталса, -ын/-ін/-н жұрнақтары
арқылы сабақты етістіктен
жасалады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған
сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: сөз айт+ыл+ды, хат
жаз+ыл+ды, уәде бер+іл+ді, шарт жаса+л+ды, сабақ баста+л+ды, үй
сал+ын+ды, қамал ал+ын+ды, бөлме тазала+н+ды, киім іл+ін+ді,
машина
көр+ін+ді.
Страдательный залог обозначает действие, которое совершается как
бы само собой без воздействия другого лица или объекта.
Лицо или
объект, совершившее данное действие, может быть явно не указано.
Страдательный залог образуется от основы переходных глаголов
прибавлением аффиксов -ыл/-іл/-л. Если основа оканчивается на «л» или
«р», то страдательный залог образуется прибавлением суффиксов -ын/-ін/-
н. Например: Үй сал+ын+ды. – Дом построен.
Кеш оқушылар арқылы
ұйымдастыр+ыл+а+ды. – Вечер организуется учениками (здесь видно, кто
организует вечер). Бөлме электр шамымен жарықта+н+а+ды. – Комната
освещается лампой.
Достарыңызбен бөлісу: