А. Амангелді, С. Симбаева


ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет167/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ 
Категория наклонения глагола 
Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысын білдіретін етістіктің катего-
риясы рай деп аталады. 
Наклонение – это грамматическая категория в системе глагола
обозначающая отношения действия к реальности, представление о 
возможности, желательности, истинности. 
Қимылдың шындық өмірге қатысы, оған сөйлеушінің көзқарасы түрлі 
болуына байланысты рай да бірнеше түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық 
рай, шартты рай, қалау рай. 
1.
Ашық рай
(изьявительное наклонение). Іс-қимылдың үш жаққа да 
(осы шақ, өткен шақ, келер шақ) байланысты орындалатынын білдіретін 
райдың түрі ашық рай деп аталады. 
2.
Бұйрық рай
(повелительное наклонение). Қимылды жасауға қозғау 
салу, бұйыру, әмір ету, тілек айту сияқты мағыналарды білдіретін 
етістіктің категориясы бұйрық рай деп аталады. Бұйрық рай жасайтын 
арнайы жұрнақ жоқ. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде беріледі. 
Повелительное наклонение выражает побуждение к действию – 
просьбу, приказ. 
Ал бұйрық мағынасының кімге бағытталғанын білдіру үшін етістіктің 
түбіріне тікелей жіктік жалғауы жалғанады. Бұйрық райға жалғанатын 
жіктік жалғауы басқа райларда қолданылмайды. Сондықтан оны бұйрық 
райдың арнайы жіктік жалғауы деп санауға болады. Бұйрық райдың жіктік 


175 
жалғауының басқа жіктік жалғаулардан өзіндік ерекшеліктері бар: а) 
бұйрық райдың жіктік жалғауы түбір етістікке тікелей жалғанады, басқа 
жіктік жалғаулары түбір етістікке тікелей жалғана алмайды; ә) бұйрық 
райдың жіктік жалғауының екінші жақ жекеше түрде қосымшасы 
(жалғауы) жоқ, ал оның сыпайы және көпше түрлерінің және қалған 
жақтардың қосымшалары бар. Басқа жіктік жалғауларының 3-жағы ғана 
қосымшасыз нөлдік форма арқылы беріледі. 
Бұйрық райдағы етістік негізгі екі морфемадан тұрады: а) түбір 
морфема; ә) жіктік жалғауы: Біз бар-айық. Сендер кел-іңдер. 
Бұйрық райдың болымсыз түрі екі түрлі жолмен жасалады: 
1) синтетикалық тәсіл бойынша етістіктің түбіріне -ма/-ме болымсыздық 
жұрнағы қосылады: ал-ма-сын, бар-ма-йық, кет-пе-ңіздер. 2) аналитикалық 
тәсіл бойынша түбір етістікке -ушы болма аналитикалық форманты 
қосылып, қимылды жасауға тыйым салу мағынасы жасалады: кел-уші 
болма, айт-ушы болмасын, көр-уші болмаңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет