А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет64/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати

2-тапсырма
Бір 
үлгімен 
жасалған 
сөздер 
қатарын 
толықтырыңыз. Үлгі: кепілдік, ...., ..., ..., ; бітім, ..., ..., ..., . 
3-тапсырма. 
Төмендегі етістіктердің мағыналарына назар 
аударыңыз. 
Жойылу, көздеу, ұшырау, түсіндіру, енгізу, қалау. 
4-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз. 


66 
Күшіне ену, кепілдік беру, қадам басу, табысқа жету, сенімсіздік 
білдіру, тілек білдіру, шығын келтіру. 
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз: 
1
Еуропа Одағы қай жылы құрылған? 
2
Оның құрамына қандай елдер кіреді? 
3
Еуропа Одағы саяси ұйым ба әлде сауда бірлестігі ме? 
4
ЕО-ның өз ақша бірлігі бар ма? Ол қалай аталады. 
6-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен 
қараңыз. 
 
ЕУРОПА ОДАҒЫ (ЕО) 
1951 жылдың 18 сәуірінде Бельгия, Франция, Германия, Италия, 
Люксембург және Нидерланды «Шуман жоспарын» қолдап, Париж 
келісіміне қолдарын қойды. 1952 жылдың 10 тамызынан бастап Еуропалық 
көмір мен болат бірлестігі және оның Парламенттік ассамблеясы қызметін 
бастады. Осы алты мемлекет 1957 жылдың 25 наурызында Еуропа 
экономикалық қоғамдастығы мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі 
қоғамдастықты құрып, Рим шартына қол қойды. Осылайша үш 
қоғамдастық пайда болды. Еуропалық көмір мен болат бірлестігі және 
Еуропа экономика қоғамдастығы комиссиясының жоғары басқарушы 
органдары бірігіп, 1967 жылы Еуропалық қоғамдастықты құрды. 
Еуропалық қоғамдастық 1993 жылдың 1 қарашасынан бастап Еуропа 
Одағы (ЕО) деген жаңа атауға ие болды. Бүгінде ЕО-ға халқының жалпы 
саны 370 млн адам болатын 15 мемлекет мүше. Бұл – әлемдегі ең ірі сауда 
блогы. 1993 жылдың 1 қаңтарынан Одақ көлеміндегі адам, тауар, қызмет 
пен капиталдың еркін қозғалуындағы кедергілердің барлығы жойылып, 
біртұтас еуропалық рынок ресми қызметін бастады. Еуропа одағы туралы 
Маастрихт шарты күшіне енгелі бері қоғамдастық экономикалық және 
валюталық одақ құруға қадам басып, бір жағынан, біртұтас валютаны 
енгізуге, екінші жағынан, саяси одақтас болуды көздеуде. Маастрихт 
шарты бойынша мүше-мемлекеттердің азаматтары Еуропа азаматтығын 
алады. 1994 жылдың басынан Қоғамдастық пен барлық Еуропалық 
Экономикалық Кеңістік күшіне енді. Одақ өзінің алға қойған мақсаттарына 
ортақ саясат жүргізу және ортақ жобалар мен бағдарламалар жасау арқылы 
қол жеткізіп отыр. 
ЕО табыстарға қол жеткізуі мен жаңа мүшелердің қатары көбеюін 
оның негізгі үш ерекшелігіне байланысты түсіндіруге болады: 

барған 
сайын 
тереңдей 
беретін 
өзара 
тәуелділік 
пен 
ынтымақтастықты туғызатын экономикалық негіз; 

еуропалық 
соттың 
әрекеті 
мен 
Одақ 
институттарының 
компетенциясы мен міндеттері айқын белгіленіп, мүлтіксіз орындалатын 
Шарттар кепілдік беретін заңның үстемдігі; 

ымыра мен бітім принциптеріне негізделген шешім қабылдаудың 
демократиялық сипаты. 


67 
Одақ жетістіктерінің ішінен ең басты екеуін атап көрсетуге болады. 
Біріншіден, жүздеген жылдар бойы қарулы жанжалдарға қатысқан мүше-
мемлекеттер арасында ұзақ мерзімдік бейбітшілік қамтамасыз етілді, 
екіншіден, Одақ өз мақсаттарына ұлттардың өзіндік болмысы мен 
жергілікті ерекшеліктеріне үлкен зардап келтіретін шараларға бармай қол 
жеткізуде. 
ЕО мәдениеттерінің ерекшелігі мен алуан түрлілігін ескеріп, олардың 
әрқайсысына құрметпен қарайды. Әрбір ресми құжат он бір ресми тілге 
аударылуға тиіс. Аз халықтардың тілдері мен даму мүмкіндіктері артып 
отыр. 
Алайда біршама табыстарға жеткенімен, барлық жұмыстар ойдағыдай 
бітуде деп айту қиын. ЕО-ның ең үлкен мәселесі – жұмыссыздық 11%-дан 
төмендемей-ақ қойды. Бірақ жаңа ақша бірлігі – еуроны қабылдау мүше 
елдердің бәрінде іске асырылды. Дегенмен де шешімін таппаған мәселелер 
жетерлік. Мәселен, Англия сияқты кейбір елдер ЕО-ның федерациялық 
құрылымнан гөрі конфедерациялық құрылымда болғанын қалауы
инвестициялардың азаюы, ЕО-ға сенімсіздік білдірушілердің артуы т.б. 
Ішкі саясаттағы түрлі қайшылықтармен қатар ЕО сыртқы саясатта да 
ортақ стратегиялық бағдар белгілеуде қиыншылықтарға ұшырауда. Босния 
мәселесін АҚШ-тың қатысуынсыз шеше алмаған ЕО Албаниядағы 
дағдарыс жөнінде де ортақ пікірге келе алмады. Соған қарамастан ЕО-ға 
мүше болуға тілек білдіруші мемлекеттер аз емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет