26
Жетпіс жыл бойы Қазақстаннан бар-жоғы жоғары жеті-ақ мәмлегер
(дипломат) шықса, тәуелсіздіктің алғашқы жеті жылында елшілер қатары
үлкен корпусқа айналды.
Бүгінгі күні Қазақ елінің тәуелсіздігін
жер шары мемлекеттерінің
басым көпшілігі мойындады. Осы жылдар ішінде әлемнің барлық
құрлықтарындағы 112-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас
орнатылды. 34 мемлекетте Қазақстанның елшіліктері, 31
мемлекетте
консулдықтар еліміздің байсалды саясатын іске асыруға ұйытқы болып
отыр. Елден жырақта жүрген отандастарымыздың қатары білікті де
білімдар мамандармен жыл сайын толықтырылуда.
Ал Қазақстанда алыс-жақын 44
шет мемлекеттің елшілігі, 3
консулдығы жұмыс істеуде. Бұдан басқа 20 халықаралық ұйымның
өкілдіктері бар.
Қазақ елінің жаңа орталығына 8 елшілік пен олардың бөлімшелері
қоныс аударды. Қазір күннен-күнге
құлпырып, көз тартар келбетке ие
болып келе жатқан Астананың әр бұрышынан Қазақ еліне достастықпен,
ізгі ниетпен аяқ басқан халықтардың өкілдіктері –
елшіліктері бой
көтеруде.
Қазақстанда тұрақты елшіліктерін ұстамаққа ниет білдірген
мемлекеттер қатары молайып келеді. Ондайға жағдайы жоқ елдер
өздерінің Ресейдегі дипломаттарын біздің республикаға тіркеп отыр.
Жақында Мәскеудегі Кувейт мемлекетінің елшісі Астанада жұмыс істеуге
тіркелді.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатарындағы
туысқан көршілес
республикалармен де екі жақты, көп жақты қарым-қатынастар орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: