А. Б. Билялова «Ландшафтану және физико географиялық аудандастыру»



бет4/5
Дата04.08.2017
өлшемі3,91 Mb.
#22868
1   2   3   4   5
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БЕЛДЕУЛЕР

Физико-географиялық белдеу, географиялық қабықшаның аса ірі бөліктері. Жылу мен ылғал режимі бойынша, ауа массаларының циркуляциясының ерекшеліктері мен мұхит ағыстары, геоморфологиялық және биохимиялық процестердің өзіндік ерекшеліктеріне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің құрамы бойынша

Географиялық белдем (географическая зона) - өзіндік климаттық типтері, топырақ қыртысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі, геморфологиялық процестерінің сипаттамасы бар айтарлықтай аумақ, физикалық-географиялық белдеу бөлігі.

Ландшафтық белдем (Ландшафтная зона -грек. zone – белдеу) – белдемдік қатардағы базалық таксономиялық бірлік – ландшафтың белдемдік түрінің үстемділігімен топырақ пен өсімдіктердің нақты түрінің басымдылығымен экзогендік процестердің қарқындылығымен, жылу мен ылғалдың (гидротермиялық режімнің ) нақты ара қатынасымен сипатталатын, бір немесе бірнеше материктер бойына жалпақ жолақ түрінде созылған жер бетінің бөлігі.

Географиялық белдемше (географическая подзона) – мұхиттан құрлық ішіне қарай алыстай түсуіне алыстай түсуіне немесе сол жердің кіндігіне қарай белгіленген, жергілікті ерекшеліктері анық байқалатын географиялық белдем бөлігі (мыс., солтүстік далалық қара топырақты географиялық белдемше және далалық қарақызылқоңыр топырақты белдемше, оңтүстік, орталық және солтүстік тайга белдемшесі); географиялық белдемдер арасындағы шекара әдетте тақ болып келеді.

Сектор ( лат. бөлемін)- физикалық географияда – материктердің ірі бөліктері, географиялық зоналықтың құрылымдарының әртүрлілігімен ерекшелінеді.

Мысалы, батыс-мұхит мыңы, ішкі материктік, , шығ ыс-мұхит мыңы және олардың аралығындағы секторлар.



Ландшафттық зональдылық туралы түсінік және олардың себепшілері. Физико-географиялық процестердің заңды өзгеруі, геосистеманың компоненттері мен комплекстері экватордан полюске қарай ландшафттық зональдылықты көрсетеді; себептері: күннің қысқа толқынды радияциясының ендік бойынша біркелкі таралмауы, жердің шар тәрізділі гінен және күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышының өзгеруінен.

Азональдық дифференциация - Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады, азональдық дифференцияның басты көрсеткіші де осылар.

Мұхиттардағы географиялық белдеулер жүйесі: Солтүстік жарты шарда -Арктикалық,Субарктикалық,Солтүстік қоңыржай,. Солтүстік субтропиктік, Субэкваториалдық,Экваториалдық.Оңтүстік жарты шарда – Экваториалдық, Субэкваториалдық,Оңтүстік субтропиктік, Оңтүстік қоңыржай,Субантарктикалық, Антарктикалық.

Географиялық зоналдылығы –белдеулердің, материктерде шын мінісінде ландшафттардың зоналық типтері мен секторларының орналасуын айқындау үшін біртекті гипотетикалық материкті елестетеміз, оның мөлшері ұсақ масштабта Жер құрлығының '/2 көлеміне сәйкес келер еді, конфигурация — олардың ендік бойынша, ал беті мұхиттармен шайылып жатқан аласа жазықтар түрінде болар еді (сур. 4).Осы тәрізді құрлықтың жартысы мұхиттан ары басқа жарты шарды жатыр дейік. Осындай “материкке” түсірілген белдеулер,негізгі секторлар мен типтендірілген ландшафттық зоналар шын мінісінде материктердің жазықтарынды генерализацияланған контурларды көрсетеді.Таулы аймақтардың шекаралары мұхит деңгейімен берілген, өйткені геологиялық фундамент пен рельефтің әсері ескерілмейді (вертикалық зоналық жоқ).

4 сурет. Гипотетикалық материктің схемасы



- - - - - Құрлықтағы және теңіздегі белдеулердің шекаралары

--------Ландшафт типтерінің зоналық секторларының шекаралары

.- . – Жылы ағыстар —”- Басымды желдер

- - - Суық ағыстар •“•••• секторлардың шекаралары

4 суреттегі географиялық белдеулер мен гипотетикалық материктегі ландшафттардың негізгі зоналық типтерінің схемасында (бейнеленген материктің мөлшері жер шары құрлығының жартысына сәйкес 1 : 90 000 000 масштабта, конфигурациясы – ендіктерге, жер беті тегіс жазық).



5 сурет. Географиялық белдеулер мен зоналар:



Тексеру сұрақтары:

  • Геосфераның дамуының пайда болуы мен зоналық-аймақтық сипаты қандай факторларға байланысты?

  • Жердің формасы қандай?

  • Азональдық дифференциация дегеніміз не?

  • Литосфералық плиталардың қозғалуынан қандай материктер пайда болды?

  • Ірі литосфералық плиталарды ата.


_16_ - Дәріс

Қазақстанның топырағы

Мақсаты: Қазақстанның топырағы туралы студенттерге түсіндіріп беру.

1. Топырақты құрайтын фактрлар

2.Топырақты механикалық құнарлығына қарай ажырату.

Топырақ - табиғат компоненттерінің бірі.Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ.Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500млн жыл бұрын кембрии дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.Топырақты зерттейтін топырақтану ғылымы- жас ғылым.


Оның негізін салған ХІХ ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В.В. Докучаев- топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.



Топырақты құрайтын факторлар. Топырақың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылақтары бар. топырақ- су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен , тау жыныстарның үгілуі нәтижесінде қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болды.

Табиғатта топырапқтың түзілуі- өте ұзаққа созылатын құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулардың үгітіліп, мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестерғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті табиғи құнарлығы, яғни құрамында өсімдіктердің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзушу жетекші фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітунен, одан шірінді пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстары мен араласып кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.

Жануарлар дүниесі өздерінің тіршілік әрекетінің н»тижесінде топырақты байытады, өлгенндері шірінді мөшерін көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ мен органикалық қалдықтарды асқазан шұрынымен шылап өзгертіп, өңдеп шығарады.

Топырақ түзуде климаттың да зор мағызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байлансты. Айазды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды.



Топырақты механикалық құнарлығына қарай ажырату. Механикалық құрам ірілі және кішілі минерал бөлшектернің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, иленгенде қүұрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса онда топырақтың бірігуі нашар болады.

Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде қатысады. Топырақтың құнарлығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен калцииге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктернің көлемі 10мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болма йды. Топырақ құрлымын нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға алып кетеді. Құрлымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топыоақ қызады, ауауның көлемі ұлғайып, тысқа шығашы, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.


Тексеру сұрақтары:

1. Топырақты құрайтын компоненттер?

2. Топырақты механикалық құнарлығына қарай қалай ажыратады?

3. Құрылымды, құрылымы жоқ деген қандай топырақ?


_17_ - Дәріс

Қазақстанның өсімдігі мен жануарлары

Мақсаты: студенттерге Қазақстанның өсімдігімен жануарлары туралы түсіндіре кетуі.

1. Қазақстан өсімдігі.

2. Қазақстан жануарлары.

Өсімдік- геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас бөлік. Оның пайда болуы жер тарихында жаңа бет ашып, ежелгі жер қыртысы мен ауа қабатының өзгерісінде үлкен рөл атқарған.

Осы кездегі ауа құрамындағы бос оттегі тікелей өсімдіктер дүниесінің туындысы болып саналады. Сол сияқты, көмір, шымтезек кендері де өсімдіктер арқылы шоғырланған күн энергиясының қоры.Жерде өсімдіктің 500 мыңнан астам түрі бар. Олар, сөз жоқ, жеке дара тіршілік ете алмайды, бір- бірімен және басқа табиғаттың құрамдас бөліктермен өзара әрекеттесу арқылы үйлесім тауып, әр түрлі дәрежедегі фитоценоздар құрайды

Жануарлар дүниесі- жаратылысы жөнінен өсімдіктерден синтезделген даяр органикалық заттармен қоректеніп, тіршілік ететін гетеротрофты құрамдас бөлік. Ол табиғаттын басқа құрамдас бөліктерінен жерсіну және табиғаттың қолайсыз құбылысынан пәрменді қорғану бейімділігі арқылы ерекшеленеді. Жалпы алғанда, қандай да болса экожүйенің зооценоздары қоректік тізбек заңдылығына бағынады, фитоценоздармен бірге биоценоздар бірлестігін құрайды. Жергілікті жер ерекшеліктеріне байланысты болатын жылу және ылғал қоры балансымен үлесім тапса, динамикалық тепе- теңдігін сақтап қалады да, тұрақты биогенді құрамдас бөлік тобын қалыптастырады, ал таппаса, тез арада жойылып кетеді. Биоценоздардың мұңдай қасиеттерін білу территориялық табиғат кешендерін қайта түлетуде өте қажет- ақ.

Топырақ жамылғысын ғалымдар биогенді құрамдас бөліктердің соңғы буыны ретінде қарастырады. Өйткені ол тірі ағзалар( өсімдіктер мен жануарлар) пайда болғаннан кейін ғана солардың қордалары мен әрекеттері арқылы үгіліп, жиналған жер беті жыныс үйінілерден құралған. Кезінде оны В.В.Докучаев табиғаттың өткен- кеткенінің айғағы деп тұжырымдаған. Қандай да жердің топырағы болсын сол жердегі барлық табиғат құрамдас бөліктерінің күрделі әрекеттері нәтижесінде қалыптасады. Жергілікті жер табиғат құрамдас бөліктерінің динамикалық тепе- теңдігі жетілмеген немесе күрделі өзгеріске ұшыраған жерлерде топырақ құнарсыз келеді, құнарлығын арттыратын мелиорациялар әрекеттерді қажет етеді.Топырақтың құнарлығы оның өзінің бойындағы макро және микроэлементті минералдық, мөлшеріне және өзара қатынасына байланысты болады. Бір ғана мысал келтірейк. Еуразияның оңтүстігінен солтүстігіне қарай топырақ құрамындағы күкірт азая береді,соған байланысты қойдың жүнділгіг 4-5 килограмнан 1-2 килограмға дейін кемиді.

Тексеру сұрақтары:

1. Жерде өсімдіктің қанша мыңнан астам түрі бар?

2. Жануарлар дүниесі немен қоректенеді?

3. Фауна мен флораның бір-ббірімен байланысы неде?



_18_ - Дәріс

Табиғат зоналары

Мақсаты: студенттерге әр табиғат зонасына тоқтала түсіндіру.

1. Орманды және орманды дала зонасы.

2. Шөлейт және шөл зонасы.

Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда кін жылуының таралуына (яғни географиялық ендңкке) тәуелді. Тағы бір фактор – аумақтардың ылғалдыоығының әр түрлілігі. Жылу мен ылғалдың ара қатынасы нітижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен , аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады.

Әрбір зона озіне тән климатымен, топырағы мен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.




Орманды дала және дала зоналары: Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен жалпы сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1млн-га Қазақстан территориясының 0.4%. орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойматтар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.

Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілері тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылдардан тұрады. Мұнда қызғылт сабақты: боз, бетеге, жер бидайық, қарабас шалғын, сәбіз шөпі беде, көк терек, емен, жөке, қанды ағаш, көк теректі тау долана, ит иұрын, қара қарақат,тошала өседі.

Орман байлықтары – шоқ қайыңдырмен шоқ қарағайлар және бұталар 10млн га астам ауданда алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы мемілекет тарапынан қорғауға алынған.орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұндада көршілес зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, суыр, түлкі, қасқыр, сары шұнақтар, қос аяқтар ақ тышқандар, қояндар.

Дала зонасы: дала зонасы 77млн га жерге таралған Қазақстанның біраз аумағын дәлірек айтқанда 29%-нан астамынан алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып батыстан шығысқа қарай 2200км-ге созылған кең алқапты қамтиды. Дала климаты, контитені, жазы ыстық, жиі аңызғақ желі соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа.

Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұна боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек, қаңбақ. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қалқансыз арпа бас, шалғынды қоңыр бас, қияқ, құрақ.

Дала сүтқоректілеріне сар шұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, алақоржыны, суырлар, ақтышқан, күзен, түлкі, қасқыр, қоян, ақбөкендер. Құстардан дуадақ, тырна, балықшы, бозторғай, басқа безгелдек, қараторғай, дала бүркіті.

Шөлейт және шөл зоналары: Қазақстанның шөлейт жерлері, дала мен шөл зоналары аралығында орналасқан Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың аумағының 14 % алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекерасы 480 с. е. бойымен өтеді. Шөлейтті климаты құрғақ, тым континентті. Жауын шашын аз, жылдық мөлшері 180-300 мм аралығында. Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануаларынан саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр. Құстардан бүркіт, бозторғай. Мұнда көбінесе жыландар өмір сүреді.

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 117 млн га, республика аумағының 44 % жуығын алады. Шөлдін кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мл-ден аспайды. Орташа мөлшері 200 мм.

Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне алып жатыр. Ең ірілеріне қызылқұм, арал маңы, Қарақұм, Мойынқұм, Сарыесік Атырау, Каспий маңы ойпатының құмдары: Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орынына пайда болған. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдармен бақша дақылдарын егуге болады.

Құмды шағылдар мен төбелерде астық тұқымдастардан ұқсас селеу тараған, бекіген құмдарда көктемде селеу, өлеңшөп, құмның бозжусаны, құм бетегесі, еркек шөп, жабайы сұлысы, қоңырбас, құмтүймедағы. Шөодерде ағаш тектес өсімдіктерден ақ және қара сексеуәл өседі.

Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады. Ең ірі сазды шөл-Үстірт, бетпақ дала, Сырдария, өзеннің оңтүстік жағалаы. Үстірттің ойпан жерлерін тұзды көлдер, сор, сортан және тақыр алып жатыр. Мұндағы негізгі өсімдік жусан, бұйырғын, баялыш. Кейбір ойпан жерлерде, селеу, қоңырбас өседі.

Тастақ немесе тасты шөдер Қазақстанда онша көп емес. Мұндай шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі.

Тастақ шөлдердің өсімдігі құрамы жағынан көршілес жатқан шөлдің өсімдіктеріне ұқсас. Бұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оның тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға өседі.

Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жыоан мен кесірткенің аздаған түрі ғана бейімделген. Үстіртте және Балқаштың оңтүстігінднгі шөлдерде тұяқтылардан- ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі.



Тексеру сұрақтары:

1. Орманды дала зонасы еліміздің қай бөлігін алып жатыр?

2. Дала зонасы еліміздің қай бөлігін алып жатыр?

3. Шөлейт зонасы еліміздің қай бөлігін алып жатыр?

4. Шөл зонасы еліміздің қай бөлігін алып жатыр?

_19__ - Дәріс
Табиғи ландшафттың өзгеруіне климаттың өзгеруі
Мақсаты: студенттерге табиғат ландшафттың өзгеруіне климаттың өзгеруі туралы түсіндіру.

1. Климаттың тигізетін әсері.


Жер қыртысы туралы айтылғандары қорыта келіп, территориялық табиғат, кешендерінің литогенді құрамдас бөлігін үш қабатқа бөлуге болады. Оның ежелгі негізгі, құрылымдылық палитралар теориясы бойынша, терең тектоникалық жарықтармен бөлшектенеді де, физикалық- географиялық аймақтарды құрайды. Жер қыртысының екінші қабатын түзетін жамылғы неотектектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде әр түрлі қатардағы морфоқұрылымдық жер бедерін қалыптастырады.

Олар физикалық- географиялық аймақтарды бөлетін облыстардан ландшафт деңгейіне дейінгі территрориялық табиғат кешендерімен қабысады. Ал жер қыртысының бетіндегі үгінді және үйкінді жыныстардан тұратын үшінші қабатында морфоқұрылымдық жер бедері кешендері пайда болады. Олардың жыныс құрамы түрліше болып келеді. Жер қыртысының қандай бөлігі болса да аумағына қарай түрлі жағдайда (ірісі баяу, ұсағы жедел) ұдайы өзгеріп тұркады да, территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда, жетекші рөл атқарады.

Ауа - территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетін құрамдас бөлік. Ол, әсіресе, тірі ағзалардағы газ алмасу процесі үшін қажет. Ауа құрамы жер шары бойынша сапа жағынан өзгеше бола қоймайды. Алайда оны түзетін оттегі, су буы, көмір қышқыл газының сан көрсеткіштері соған орай қалыптасатын ауаның физикалық жай- күйі, басқаша айтқанда, температуралық режимі, қысым мөлшері, қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын - шашыны әр кезде түрліше болып келеді де, оны ауа райы деп атайды. Ауа райының көпжылдық режимін климат дейді.Климаттың территориялық табиғат кешндерімен қатынасын С.П.Хромов ойдағыдай айқындап берген. Климаттық белдеуде- географиялық белдеу, бөлімінде физикалық- географиялық аймақ, климаттық зонаның бөлімінде физикалық - географиялық облыс қалыптасады, жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті климатпен қоныс, микроклиматпен фация тұспа - тұс келеді.

Су - территориялық табиғат кешендеріне минералдық құрамдас бөліктерді ерітуші рөлін атқарады. Соның еріген, шайылған заттарды тасымалдау, өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда маңызы зор.Пайда болуына қарай құрлықтағы су жер асты және жер беті суы деген топтарға жіктеледі. Жер асты суына қабатаралық сызықтардағы және топырақ арасындағы суды, жер беті суына өзен, көл, бұлақ суын, мұздықтар мен омбы қар үйіндісін жатқызады.

Олар, сөз жоқ территориялық бірлігі мен морфологиялық құрлымдық сатысында белгілі бір заңдылық бойынша орналасады. Әрбір нақтылы территориялық табиғат кешендерінің өзіне тән су қоры болады.

Күн энергиясы- тіршілік көзі. Ол жер бетіне сәуле ретінде түседі де, жылу энергиясына айналады. Күн энергиясы территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп , дамып отыратын құрамдас бөлік. Оның жер бетіне таралуына зоналы сипатайқын болады. Өйткені жердің радиациялық жылу балансы күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты экватордан полюстерге қарай кеми береді. Күн энергиясының бұлай бөлінуіне байланысты географиялық белдеу, зона және олардың бөліктері бөлшектенеді. Су қоры сияқты, күн энергиясы да өте аз зерттелген құрамдас бөлік. Осы кезге дейінгі метеориологиялық станциялардан ( олар жер шары бойынша өте сирек және әркелкі орналасқан) жиналған актиниометриялық және температуралық материалдар физикалық- географиялық зона бөліктерінен төменгі дәрежедегі территориялық табиғат кешендкрінің энергетикалық балансы туралы ғылыми тұжырым жасауға жеткіліксіз. Сондықтан аэро- космофотометриялық материалдар арқылы энергетикалық құрамдас бөліктің географиялық таралу заңдылығын, өлшемін білу ғылыми проблемалардың бірі болып отыр.


Тексеру сұрақтары:

1. Табиғи ландшафттың өзгеруіне ауаның қажеті неде?

2. Табиғи ландшафттың өзгеруіне су қандай рөл атқарады?

3. Табиғи ландшафттың өзгеруіне күннің қажеттілігі неде?




_20_ - Дәріс
Ландшафттану территориялық табиғат кешендері
Мақсаты: Ландшафттану территориялық табиғат кешендері туралы студенттерге толығырақ ұғындыру.

1. Территориялық табиғат кешендері.


Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешендерінің жеке бөліктерін құрамдас бөлік деп атайды. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктермен бірге энергетикалық құрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді. Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын- заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір- бірімен әрекеттесу арқылы күрделілене түседі. Демек, оларды тек даму процесі арқылы ғана танып- білуге болады. Мысалы, алғашқытірі ағзалар су, ауа және минералды заттармен қоректеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейіннен даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеретофты тірі ағзалар- жануарлар пайда болған. Бұл айтылған мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің- алдыңғы күрделілердің- соңғы орында тұратындығын, бірнеше қарапайым құрамдас бөліктердің өзара әрекеттесуінен күрделі бір құрамдас бөліктердің пайда болатының, құрамдасбөліктің пайда болатының, құрамдас бөлік өзгерістерінің жеке- дара дамымайтының ұғыну қиын емес. Ғалымдардың тұжырымдалған пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктері төмендегіше жіктеуге болады. Геогендік құрамдас бөлікке: жер қыртысы, ауа, су; энергетикалық құрамдас бөлікке: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы; биогенді құрамдас бөліктерге:өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.

Ауа - территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетін құрамдас бөлік. Ол, әсіресе, тірі ағзалардағы газ алмасу процесі үшін қажет.

Ауа құрамы жер шары бойынша сапа жағынан өзгеше бола қоймайды. Алайда оны түзетін оттегі, су буы, көмір қышқыл газының сан көрсеткіштері соған орай қалыптасатын ауаның физикалық жай- күйі, басқаша айтқанда, температуралық режимі, қысым мөлшері, қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын- шашыны әр кезде түрліше болып келеді де, оны ауа райы деп атайды.Ауа райының көпжылдық режимін климат дейді.Климаттың территориялық табиғат кешендерімен қатынасын С.П.Хромов ойдағыдай айқындап берген. Климаттық белдеуде- географиялық белдеу, бөлімінде физикалық- географиялық аймақ, климаттық зонаның бөлімінде физикалық- географиялық облыс қалыптасады, жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті климатпен қоныс, микроклиматпен фация тұспа- тұс келеді.

Ландшафттану – территориалық табиғат кешендері туралы ілім.

Территориалық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына биогеографиялық ғылымның кемелденіп, биоценоз, биогеоценоз деген ұғымдардың барлық салаларынан берік орын алуысебеп болды. Биоценоз тірі организмнің тіршілік етіп, өніп- өсу үшін бір- бірімен зат жаен энергия алмасу процесі негізінде топтасуынан түзілген.

Биоценеоз - тіршілік ету, өніп- өсу жағдайлары ортақ, эволюциялық процесс пен табиғи сұрыптаудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құрылған табиғат кешені.Оның өзін- өзі басқарып, динамикалық тепе- тендік сақтайтын қабілеті немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады. Салыстырмалы тұрақтылық- биоценозды түзетін құрамдас бөліктерін өніп- өсу мүмкіншілігін тежеп, белгілі бір өлшем шегінен шығармайтын фактор. Тірі ағзалар жиілігі олардың жеке өкілдерінің ерекшеліктерінеқарай өзгеріп отырады. Жалпы алғанда, тірі ағзалардың жеке өкілдері ірі болған сайын олардың саны кеми береді. Мысалы, бал арасының жиілігі 200м2, үнді пілінікі-30км2. Егер тірі ағзалар жиілігі өзіне тән жиіліктен артып кетсе, сөз жоқ, апатқа ұшырайды.Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршілік ететін ортасымен тығыз байланысты болады. Бұл байланыстық олардың ортаға үйлесімінен анық байқалады. Ортаға үйлесу тірі ағзалардың барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін:пішінің, түсін, физикалық әрекетін, т.б түгелдей қамтиды. Мысалы, тоқылдақтың бүкіл мүшесі ағаш қабығының астынан жәндіктерді теріп жеуге икемделген, қоянның түсі жыл мезгілдері ауысқан сайын өзгеріп отырады,саршұнақтар жазғы шілде мен қысқы суықта үйқыға кетеді. Осылайша тірі ағзалар ортаны мейлінше жан-жақты пайдаланады. Демек, орта мен биоценозды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған орта биогеоценоз немесе экожүйе деп аталатын табиғат кешенін түзеді.

Биогеценоздың биогендік және гендік құрамдас бөліктері бірімен ұдайы өзара әрекеттесіп, өздерінің динамикалық тепе- тендігін қалыптастырады.Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жылу мен ылғал режимінің қолайлығы артқан сайын коректік заттар қолы молайып, биогеоценоз түр жағынан күрделене түседі және де қолайсыз құбылыстарға(жұт, індет,т.б) төзімшілігін арттырады.

Биогеценоз жергілікті жер жағдайының ерекшеліктеріне байланысты түзіледі. Сондықтан оның зоналық фактор негізінде пайда болған кең алқапты( орман, орманды дала), ал интразоналдық фактор негізінде түзілгені шектеулі жерлері ғана( қамысты көл жағасы мен бұталы сай) қамтиды.Биогеценозды түзетін зоналық және азоналық факторлар қатар әрекет ететіні белгілі.Демек, биогеценозды жалпы табиғат кешені ретінде танумен бірге белгілі территориямен шектелетін территориялық табиғат кешені ретінде қарастыруға болады. Сонымен әр түрлі территориялық өлшемде заңды түрде үйлесімін тауып, бір- бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып, рангілері( географиялық қабықтан фацияға дейін) түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктерінің бірлігін территориялық табиғат кешені деп атайды. Ол- құрамдас және құрлымдық бөліктерінің ұзақ жылдардағы даму эволюциясы нәтижесінде салыстырмалы тұрақтылыққа ие болған жағдайда қалыптасады.

Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы сол, онда барлық құрамдас бөліктерінің бітім жаратылысы бір-бірімен үйлесім табады, шекарасы табиғат кешендерімен дәл келе бермейді. Мысалы, орманды дала ландшафтылық территориалық табиғат кешенінде өзіне тән жануарлар тобы бар шөптесінді, бұталы және орман шоқтарынан тұратын биоценоздық табиғат кешендері тараған.

Территориялық табиғат кешендері құрлықтық және мұхиттық ортада бірдей болмайды. Құрлықта тарағандары көбіне толық құрамдас бөлікті болып келеді.Тек табиғат жағдайлары қолайсыз болып келетін полярлық белдеуге аса биік тау басында, климаты өте құрғақ шөлде топырақ, өсімдік және жануарлар дүнйелері нашар дамиды, кейде дамымайды, яғни құрамдас бөлігі толық емес территориялық табиғат кешендерін түзеді. Мұхиттардың территориялық табиғат кешендері құрлықтардан гөрі ерекше болып келеді. Олар аквальды табиғат кешендері деп аталады. Бұлар география ғылымында шамалы зерттелген. Аквальды табиғат кешендерінің құрамдас бөліктерінің құрлымы ерекше, арнайы зертеуді қажет етед. Географиялық ғылымында территориялық табиғат кешендерін зетрреп, қатарға түсіру барысында ландшафттану ілімі қалыптасады. Ол алғашқы қадамынан бастап-ақ территориялық табиғат кешендерінің құрамын, құрылымдық бөліктерін, аймақтың таксономиялық бірлік жүйелерін қарастырумен айналысты. Территориялық табиғат кешендерін зерттеу, карта бетіне түсіру, табиғат құбылыстары мен процестерін күні бұрын болжау, халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдалану ландшафттанудың келелі мәселесі болып саналады.

Тексеру сұрақтары:

1. Құрамдас бөлік деп нені айтамыз?

2. Ландшафттану территориялық табиғат кешендері туралы іліміне не кіреді?
_21_ - Дәріс

Ландшафттың таксономиялық бірлігімен оның зерттелу әдістемесі

Мақсаты: ландшафттың таксономиялық бірлігімен оның зерттеу әдістемесін студенттерге түсіндіру.

1. Ландшафттың таксономиялық бірлігі.

2. Зерттелу әдістемесі.

Ландшафтының таксономиялық бірлігі жер бетіндегі территориялық табиғат кешендерін физикалық-географиялық аудандарға топтастыру немесе бөлшектеу нәтижесінде жүйеленеді. Әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлуді физикалық - географиялық аудандастыру деп атайды. Физикалық-географиялық аудандастыру нәтижесі елдің табиғат жағдайы мен байлығын кешенді түрде жан-жақты анықтап, табиғат байлығының халық шаруашылығында игерілуін қарасты-рады. Физикалық-географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірлігі жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйеленеді. Жоғарыдан төмен қарайғы физикалық-географиялық аудандастыруда ландшафтының ірі бөліктері төменгі сатыға бөлшектенсе, төменнен жоғары қарай аудандастыру кезінде төменгі сатыдағысы жоғары сатыдағы бірлігіне топтастырылады. Басқаша айтқанда, ландшафтының әрбір ірі бөлігіне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді,

сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты дамитын физикалық-географиялық бөлшектелу зандылығы физикалық-географиялық аудандастырудың теориялық негізі больп саналады. Бұлармен бірге географиялық қабатта жер бетінің әр түрлі бөліктерін, күрделі бір территориялық жүйеге біріктіретін процестер де (ауа массасының циркуляциясы, өсімдіктер мен жануарлардың орын ауыстыруы т.б. арқылы) әрекет етеді. Бөлшектеу мен топтастырушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірлігінде қарқынды дамиды да, іріленген сайын баяулай түседі. Сондықтан физикалық-географиялық аудандардың көп сатылы жүйесі қолданылады, яғни физикалық-географиялық аймақ жеке шағын бөліктерге бөлінеді. Зоналы бөліктерге байланысты жер беті физикалық-географиялық белдеулерге, зоналарға, зона бөліктеріне, азоналық белгі бойынша физикалық-географиялық аймақтарға, облыс- тарға, аудандарға бөлінеді. Жергілікті жер жағдайларына байланысты бұлардың арасынан аралық бірлік бөлінуі мүмкін.

Зоналық қатардағы ең ірі ландшафт бірлігі — геогрфиялық белдеу. Белгілі бір территорияға күннен келетін жылу мөлшерінің ортақ тарауына байланысты бөлінет ландшафтының жүйесін географиялық белдеу деп атайді Жылу режиміне қарай солтүстік жарты шардан арктиклық, субарктикалық суық, солтүстік қоңыржай, солтүстік субтропиктік, тропиктік және экваторлық жылу белдеулерге бөлінеді. Осы сияқты белдеулер оңтүстік жарты шарда да бар. Жылу, ылғал режимінің бірдей болуына байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процесінің сипаты бірдей болып келетін ландшафтының жүйесін географиялык зона деп атайды.

Қазақстаи жерінде жылу мен ылғалдьң қатынасына байланысты орманды дала, шөлейт, шөл зоналары қальштасқан. Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі - физикалық-географиялық аймақ. Физикалық-географиялық аймақ геологиялық негізі (тектоникалық құрылымы) тұтас (қалқанды және плиталы жазықтар, қатпарлы-жақпарлы таулар, неоген-антропоген дәуірлеріндегі тектоникалық режимі ортақ, макрожер бедері мен макроклиматы бірдей зоналық және биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады. Жер

қыртысының неотектоникалық қозғалысы мен теңізтрансгрессиясы (теңіздің құрлықты басып кетуі), құрлықтық мұздануы мен олардың еріген суы әрекетінен бөлшектеніп жер бедері мен климаттың жеке-дара типтері арқылы межеленетін жасы ортақ, зоналы немесе биікік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар физикалық-географиялық аймақ бөліктерін облыс
дейді.

Облыстардың зоналық немесе биіктік белдеулі
бөліктері провинцияға, зонааралық немесе биіктік белдеу
аралық бөліктері өлкеге, ал топырақ пен өсімдіктер
жамылғыларының, топтары бойынша жіктелген бөліктері
ауданға бөлшектенеді.

Ландшафтыны зерттеудің әдістемесіне территориялық табиғат кешендерінің қазіргі жай-күйлерін, табиғат құбылыстары мен процестерін көз мөлшер бойынша және техникалық құралдар арқылы бақылау, ландшафт картасын жасау, профильдерін кескіндеу жатады.

Ландшафтыны зерттеудің бақылау әдістемесі маршруттық зерттеуде де, стационарлық зерттеуде де пайдаланылады. Бұл аталған оқиғалар түрліше бағадағы (градус, грамм, миллиметр, процент, балл, т.б.) сан көрсеткіштерімен белгіленеді де, дискретті қатар құрайды. Оқиғалардың дискретті қатардағы көрсеткіштері бойынша ландшафтыны танып-білу мүмкін емес. Демек, танымалды тұжырым шығару үшін дискретті қатардағы оқиғаларды интервалды қатарға жинақтау керек.


Бұдан кейін ғана оқиғалардың максимальды, минимальды және орташа шаршы ауытқуын, фактор мен құрамдас бөлік арасындағы корреляциялық коэффициентін анықтап сипаттауга болады.

Енді мысал ретінде 1987 жылдың мамырындағы Алматының тәуліктік ауа температурасы (X) мен шық нүктесінің (У) дискретті қатарын құрастырып, оқиғаларын интервалды қатарға жинақтап, X фактор мен Ү құбылыс оқиғаларының максимальды, минимальды, орташа мәндерін және корреляциялық коэффициентін есептеп шығарайық.

Территориялық табиғат кешендері жаратылысы мен түзіліс жолдарыиа қарай әр түрлі таксаномиялық бірлік жүйесінен орын алады. Атап айтқанда, ландшафтының аймақтық және типологиялық бірлік масштабы 1 : 5000=-нан ұсақ картада көрсетіледі. Ал ұсақ масштабты ландшафт картасы ландшафтының далалық зерттеулерін қажет етпейді.



Ландшафт карталарына түсірілген территориялы табиғат кешендерінің кескін дәрежесіне қарай топтастыруға, түрліше шартты белгілермен көрсетіледі. Фациялары штрихтермен, қоныстары арабтың кіші әріптерімен, жергілікті жері рим сандарымен, ландшафтылары әр сандарымен, ландшафт типтері түрлі түсті бояулармен белгіленеді. Ландшафт картасындағы шартты белгілерді тексергенде территориялық табиғат кешендерінін, литологиялық құрамдары, жер бедерінің пішіндері, топырақ және өсімдік жамылғылары керсетіледі. Мысалы, пролювийлі малта тастан, құмнан, саздақтан түзіліп, қызыл күрең топыраққа эфемерлер мен селеулі, бетегелі шөптесіндер өскен тау алды жазықтар.

Ландшафт картасы зоналық және азоналық фактолардың әрекет етуі негізіндс түзілетін территориялық табиғат кешендерінің қағаз бетіндегі көрінісі болғандықтан, ғылыми мәселелермен бірге сан алуан қолданбалы мәселелерді де шешуде үлкен рөл атқарады. Алайда қандай ғана қолданбалы мақсатқа қолдансақ та, олардың кескіні өзгертілмейді, тек кескіннің текстілі мазмұндары қосымша ғылыми ақпараттармен толықтырылады. Ландшафтылардың профильдері көбіне олардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінің биіктік бағыттағы орналасуларын модельдеу үшін кескінделеді, Кейде табиғат жағадайлары қатал жерлерде: шөлді, таулы аймақтарды т.б. танып білу үшін де жасалады. Олардың маршруттары жергілікті жер ерекшеліктеріне байланысты түзу сызықты да, күрделі ирек сызықты да бола береді, тек зерттелетін аймақтың барлық территориялық табиғат кешендерін қиьп өтулері шарт. Ландшафт профильдерін кескіндеуде де ландшафт картасын жасау кезіндегі баяндалған зерттеу әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұлар да ұсақ, орташа және ірі масштабты болып бөлінеді. Қандай да ландшафтылық зерттеу болсын географиялық кешендерде карта бетіне түсіріп, профильде кескіндегенде ғана толық мағыналы болып келеді.

Тексеру сұрақтары:

1. Физикалық-географиялық аудандастыру деп нені айтамыз?

2. Физикалық-географиялық аймақ дегеніміз не?

3. Ландшафттыны зерттеудің әдістемесін қалай түсінесің?


__22__ - Дәріс
Жергілікті ландшафттардың экологиялық жағдайы

Мақсаты: жергілікті ландшафттың зкологиялық жағдайы туралы студенттерге толықтай түсіндіру.

1. Ландшафттың экологиялық жағдайы.

Ландшафт экологиясы ландшафттану ғылымындағы онша жақсы танылмаған проблемалардың қатарына жатады. Осы күнге дейін оның мазмұны да толық анықталып болған жоқ.

Территориялық табиңат кешендерін, олардың құрылымдық өзара байланысын, географиялық құрамдас бөліктерінің өзара әсерін зерттейтін ілімді ландшафт эклолгиясы деп атайды. Ландшафт эклолгиясы ұдайы өзгеріп тұрады. Бұл өзгеріс табиғи жолмен де, адам ңрекеті әрекеті нәтижесінде де орын алады. Жалпы территориялық табиғат кешендеріне әсер ететін құбылыспен процесті экологиялық фактор дейді. Ол табиғи ерекшелігімен әрекетіне қарай үш топқа: геогендік, биогендік, антропогендік факторларға жіктеледі.

Геогендік факторға территориялық табиғат кешендерінің литогендік негізін жер бедері пішінінің түзілу жағдайын, ауа, су температурасын, қысымын, жел күшімен бағытын, грундтың, топырақтың, өзен, көл суының, тұздылығын т.б. жағдайларын, территориялық табиғат кешендерінің ауа, су, топырақ, өсімдік т.б. құрамдық бөліктерінің нитраттық, цитртттік, пестицидтік көрсеткіштерін, радиоактифтілік фондтарын жатқызыды.

Биогендік факторға микрооргонизмдердің, өсімдіктермен жануарлардың басқа жақтан келуіне байланысты дамитын әрекеттер жатады.

Антропогендік факторға адамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіруі, өнеркәсіп пен жол қатынасын дамыту, ауылдық, қалалық, демалыс саяжайы, мекенжайлар тұрғызу сияқты әрекеттер арқылы территориялық табиғат кешендерінің құрамдық, құрылымдық бөліктерінің өзгеруі жатады. Геогендік және биогендік факторларға қарағанда антропогендік фактордың әрекеті күн сайын дамуда. Олардың қарқынының артуына ғылыми-техникалық революция үлкен әсер етіп отыр.

Бұл аталған экологиялық факторлар ландшафт экологиясына бір кезде әсер ететін құбылыстар мен процестер. Бірақ, қарқынымен дәрежесі жергілікті жер жағдайына байланысты әртүрлі болып келеді де, территориялық табиғи кешендерінің тепе-теңдігін бұзып, ландшафт экологиясын өзгертеді. Мысалы, Қазақстандағы жиі байқалатып жұт жылдарына аңызақ желдің әсері артады. Осыған орай жылу мен ылғал қатынасының көп жылдық тепе-тендігі бұзылада, ылғалдың жетімсіздігі байқалады, жайылым мен шабындыққа шөп шықпай қалады. Өрісті малдың қоректік тізбек байланысы нашарлайды, қоректік заттар мен ауыз су қоры жетіспегендіктен мал шығынға ұшырайды. Мұнда табиғат жағдайына байланысты болғандықтан экологиялық апаттар көбінесе қыста кездесетін маусымдық оқиға қатарына жатқызады.олар тез өте шығады, келесі маусымда экологиялық фактордың әрекеттері теңесіп, территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктері бір-бірімен үйлесім табады. Сөйтіп, ландшафт экологиясының динамикалық тұрақтылық қалыптасады. Ал адам әрекетіне байланысты өзгкрктін экологиялық жағдай, өкінішке орай, кейде территориялық табиғат кешендерінің тепе-теңдігін бұзып жіберуі мүмкін.

Адам әрекетіне байланысты көбіне территориялық табиғат кешендерінің жеке-дара құрамдас бөліктері өзгереді. Мысалы, Қазақстан территориясындағы құлан мен дуадақ тек қана адам әрекетіне байланысты жойылып кеткен. Территориялық табиғат кешендерінің экологиялық жағдайының өзгеруі біріншіліерінің токсономиялыұ бірліктер жүйесіндегі орындарға, түзіліс жолдарының тарихына, жергілікті жер жағдайына, құрылымдық ерекшелігіне, экономикалық, релитті элементтеріне, т.б. байланысты болады.

Көтеген зерттеулерге қарағанда, жоғарғы рангыдағы территориялық табиғат кешендерінің экологиялық жағдайлары баяу өзгереді де, төменгі рангыдағы территориялық табиғат кешендері тез өзгереді.

Жоғарғы рангыдағы территориялық табиғат кешендерінің экологиялық жағдайы қай уақыттада құрамды бөліктерінің өзгерістерінен басталады. Бұл заңдылықта өткен ғасырда В.В. Докучаев ашқан болатын. Оның зерттеуіне қарағанда осы кезде қара топырақ дал зонасы ХVІІІ ғ. дейін орманды дала зонасы екен. ХVІІІ ғ. бастап орыстың болат қорытушылары кәсіпкерлік мақсатпен соңғы ғасырлар ішінде қара топырақты зонаның орман шоқтарын жойып жіберген. Соған орай алғашында өсімдіктер жамылғысы, одан кейін жануарлар дүниесі, аөырында территориялық табиғат кешені түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Осы сияқты қазіргі кезде Балқаш маңын арал маңына кейпіне әкеп соқтыруы мүмкін. Егер бұл аталған құбылыстарды, процестерді тез арада тоқтарпаса, экологиялық апатты ауданға айналуы мүмкін.

Төменгі рангтағы территориялыұ табиғат кешендерінің экологилық жағдайы құрамды бөліктер бойынша да, құрлымды бөліктері бойыншада өқзгеріп отырады. Олардың құрлымы мен құрамы қайта түлеп, экологиялық жағдайы жақсарған түрлеріне шөлдегі суармалы егіс, бау-бақша т.б. жатады. Ал жарамсыз жерге айналған территориялық табиғат кешендері қатарына құнарсызданып кеткен жайылымдармен егістер, көзі бітеліп, суы тартылған бұлақтар т.б. жатады. Бұлардың экологиялық жағдайы негізінен адам әрекетінен өзгереді. Ландшафт экологиясының өзгеру, даму жолдарын білудің табиғаттану мен бірге территориялық табиғат кешендерін оптималдандыру үшін де пайдасы орасан зор. Экологиялық жағдайы қолайлы болатын жерлерде территориялық табиғат кешендерінің құрамдас және құрылымдық бөліктері бір-бірімен үйлесім тауып дамиды.

Ландшафт экологиясын жақсартып, территорияляқ табиғат кешендерін, олардың түзіліс жолдары мен даму бағыттарын танып білу арқылы байлықтарын тиімді пайданылуды, қажетіне қарай қорғауды, еселеп өсіруді, жаңа сапатуындауы оптималдандыру деп атайды. Ол үшін территориялық табиғат кешендері құрамдық бөліктерін экологиялық тұрғыда жан-жақты салалап зерттеу, географиялық кешеннің нақтылы моделін жасау керек.



Тексеру сұрақтары:

1. Ландшафт экологиясының бүлінбеуіне қандай шаралар қолданылады?

2. В.В. Докучаев ландшафт экологиясы қашаннан бастап бүліне бастады?

3. Ландшафт экологиясын бүлінбеу үшін нестеу керек?




_23__ - Дәріс
Жергілікті ландшафтың зерттеу тарихы
Мақсаты: оқушылады ландшафттың зерттеу тарихы туралы мағлұмат беру.

1. Жергілікті ландшафттың зерттеу тарихына тоқтала кету.


XIX ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген- жерді, табиғи байлықты, су және орман шаруашылығын зерттеу жұмысындағы мамандардың пайда болуы географиядан жекелеген маманардың бөлініп шығуына әсерін тигізді. Ерте заманнан келе жатқан «бүтін» география жойылды, сондықтан климатология, геоморфология, биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттейді деген сұрақтар туды. Осы уақыттағы географияның жағдайы туралы әр түрлі пікірлер , таластар пайда болды. Бірталай хорологиялық концепцияны бетке ұстаған ғалымдардың пікірі бойынша география жалпы жер бетіндегі заттардың орналасу заңдылықтарына мән бермей тек жазбаша сипаттаумен шектелуі тиіс деп есептеді. Бұл концепцияның көрнекті жақтасы неміс географы А.Г.Геттнер (1859-1941) еді. Кейбір ғалымдар, географтар географиялық ортаның материалдық мәдениеті, қоғам тарихына тіптен саясатқа қалай әсер ететінімен шұғылдану керек деп есептеді.

Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болы. Оның негізін қалаушысы- В.В.Докучаев(1846-1903) Петербург университетінің профессоры, топырақ туралы ғылымның негізін қалаушы. Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстың, жылудың, ылғалдың, рельефтің және тірі организмдердің қарым-қатынасы негізінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы және оның «айнасы» іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.

1898 жылы Докучаев өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынасы, байланысы және олардың даму заңдылықтары туралы жаңа ғылыми идеяны дамытуға шешімге келді, бірақ бұд ойын іске асыра алмады. Дегенмен, Докучаевтың ізбасарлары оның идеяларында қазіргі жаңа география туралы түсінік бар екенін білді. Л.С.Берг Докучаевты ландшафттану ғылымының негізін қалаушы деп есептеді.

1898-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана табиғи процестер ғана емес , бүкіл жер бетіндегі процестерге , тіпті минералдық заттардың орналасуына да әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона- табиғи комплекстердің ең жоғарғы сатысы. Дегенмен Докучаев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенсе болар еді, бірақ олардың ешқайсысы зоналықты дүние жүзілік заң ретінде қарамады. А.Гумбольдтің зонасы тек фитоклиматтық болды, яғни Гумбольдтің түсінуі бойынша климаттың әсері жердің беткі қабаты түгел топырақ жамылғысына да әсерін тигізбейді. 1884 жылы америкалық ғалым Х.Мерий АҚШ-тың зоналық бөлінуі туралы еңбегін шығарды, бірақ бұл биоклиматтық зоналар болды. Сонымен, Докучаев ең бірінші болып географиялық заңдылықты ашты.

Осы айтылғандармен Докучаевтың қазіргі географияға қосқан үлесі шектелмейді. Ол алғашқы болып практика жүзінде далалық ізденістерде комплекстік принципті қолдануды (1882-1886) Нижегород, (1888-1894) Полтава экспедициялары арқылы іске асырды. Осы экспедициялардың негізінде жаңа әдіс- стационарлық әдістің негізі қаланды. Докучаев ауыл шаруашылығына әсер ететін табиғи факторларды- су, ауа, топырақ пен өсімдік жамылғысы бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша біз оларды жеке-жеке ешқашан басқара алмаймыз, егер де оларды жүйе ретінде қарамасақ деген қағида айтты. Сонымен 20 ғасырдың басында географияға Докучаевтың табиғи зона концепциясы енді.

Бұл концепцияны, 1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерийі- ауа ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтырды(жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нәтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымға физгеографиялық аудандастыру деген термин енді. Аудандастырудың алғашқы қадамын 1897 жылы Г.И.Танфильев салалық схемадан комплекстік схемаға көшу арқылы көрсетті. Ол Ресейдің еуропалық бөлігін физнеографиялық облыстарға, зоналарға және округтерге жіктеді, бірақ бұл аудандастырудың толық емес схемасы еді.

1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафттық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Докучаев бастаған аудандастырудың бір ерекшелігі- жекелеген территорияларда шаруашылыққа қажетті әр саладағы жұмыстарға мән беріле бастады. Мысалы, Г.Ф.Морозов пен Г.Н.Высоцкий жекелеген аудандардың зоналық системасын түпкілікті зерттеу нәтижесінде қандай жерлерде орман шаруашылығын қалыптастыруға жағдай қолайлы екенін зерттеді. Осындай түбегейлі аудандастыру мен географиялық ізденістер физгеографиялық дифференциация заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды.

Кезінде В.В.Докучаев климаттың ендік бойынша өзгеруіне байланысты жер бетінің провинциальдық ерекшеліктері бар екенін айтқан еді. Бертін келе провинциальдық заңдылықтарға Г.Н.Высоцкий, Л.И.Прасолов назар аударды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрооельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне байланысты. Осындай әр жерде әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын обьективті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттердің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға әкелді.




Тексеру сұрақтары:

1. Жергілікті ландшафттың зерттеу тарихына қандай ғалымдар үлес қосты?

2. Қай жылдары В.В. Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады?

3. 1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын кім жасады?



Практикалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Табиғи компоненттер
Мақсаты: – «табиғи компоненттер», «табиғи комплекс», «геосистеманың элементарлы-құрылымдық бөлігі» немесе «геомасса» түсініктерін бекіту. Компоненттердің спецификалық қасиеттерін оқып білу.
Тапсырма:


  1. Табиғи компоненттің түсінігі.

  2. Табиғи компоненттердің жіктелуі: геогенді, энергетикалық, биогендік.

  3. Табиғт компоненттердің заттық,энергетикалық, информациялық байланыстары.

  4. ТТК-ның элементарлы-құрылымдық бөліктері немесе геомасса

дегеніміз не?

Қайталауға арналған сұрақтар:



  1. Биоценоз дегеңіміз не?

  2. Экосистеманың анықтамасы.

  3. Территориалық табиғат комплекстін анықтамасы.

  4. Автотрофтылар мен гетеротрофтылар топтарын кімдер түзеді?

  5. Табиғи территориялық комплекстер мен табиғат комплекстерінің айырмашылығы.


Практикалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Геосистемалардың иерархиясы және ландшафттың морфологиялық құрылымы
Мақсаты: – ландшафттардың қалыптасу заңдылықтарын айқындау, ландшафттарды кеңістік-құрылымдық аспектте оқу.
Тапсырмалар:


  1. Геосистемалардың ұйымдастырушы деңгейлері : планетарлы, региональды, локальды.

  2. Контуальдылық және дискреттілік.

  3. Ландшафт туралы түсінік.

  4. Ландшафттың морфологиялық құрылымы. Элементарлы -географиялық комплекстер –фациялар, олардың негізгі белгілері.Фациялардың кеңістікте ауысуы.

  5. Ландшафттың күрделі морфологиялық бірліктері - қоныс, күрделі қоныс, олардың анықтамалары. Қоныстардың өзара орналасу түрлері.

  6. «Жергілікті жер» терминінің анықтамасы.


Көрнекті құралдар: геосистемалардың иерархиясының схемасы, суреттер – фациялардың кеңістікте ауысуы, коныстардың өзара орналасу түрлері, ірі масштабты ландшафттық карталардың фрагменттері, оқулық топографиялық карта.
Практикалық жұмыс № 3
Тақырыбы: Ландшафт тузуші факторлар
Мақсаты: – ландшафт тузуші зоналық және азоналық факторлармен танысу.

Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттерді қарастыру.


Тапсырмалар:

1.Ландшафт тузуші азоналы факторлар:

1/ геологиялық-геоморфологиялық;

2/ жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі;

3/ жер беті жыныстарының литогенді құрамы;

4/ таулы аймақтардық тосқауылдық ролі;

5/ тау беткейлерінің көрінісі /күнгей, теріскей/, еңістігі,тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденуі;

6/ таулардағы биіктік белдеулілік;

7/ теңіз ағыстары;

8/ жер беті мен жер асты суы.

2. Ландшафт түзуші зоналық факторлар:

1/ күн энергиясы;

2/ жауын-шашын.

3. А.А.Григорьев пен М.И.Будько құрастырған « Жер шарындағы құрлық беті мен ландшафтысының периодтық жүйесі» 1-кестені талдау /12, 36—б./. Радиациялық құрғақшылық индексі.

4. Дүниежүзілік мұхит әлемінің ландшафт зоналары.

5. Жер беті ландшафттарының түзілуі мен дамуындығы биотикалық факторлар.

Тіршілік дүниесінің негізгі топтарының трофикалық байланысы /12, 38-б./.

Продуценттер, консументтер, редуценттердің анықтамалары.

6. Ландшафттардың антропогенді фактор нәтижесінде өзгеруі.
Көрнекті құралдар: дүниежүзінің физикалық картасы, материктер мен мұхиттардың географиясының атласы, 1-кесте « Жер шарындағы құрлық беті ландшафтысының периодтық жүйесі», сурет – «Тіршілік дүниесінің негізгі топтарының трофикалық байланысы».


Практикалық жұмыс № 4
Тақырыбы: Геосистемалардың тарихы және генезисі
Мақсаты: – ландшафттардың даму және оның өздігінен даму факторларын айқындау.
Тапсырмалар:


  1. Ландшафттың өзгеруі, тұрақтылығы және динамикасы.

Л.С.Бергтің зерттеуі бойынша ландшафттың даму формалары - өзгерістерінің қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтері. Өздігінен даму.

  1. Ландшафтының компонент аралық динамикалық тұрақтылығын сақтайтын кезеңді және циклді ландшафт өзгерістері /С.В.Калесник бойынша/.

  2. Ландшафттың дамуының консервативті /баяу/, реликтілі, прогресті және регресті сипаттары, олардың анықтамалары.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Жыл сайын белгілі бір тұрақты уақыт өлшемінде қайталана беретін кезеңді ландшафт өзгерістерінің түрлері /тәуліктік, маусымдық ырғақтылық/ неге байланысты?

2.Территориялық табиғат кешендерінің жуық шамаман өлшенетін ырғағы – цикл. Ландшафттардың дамуының қандай циклдары бар?




Практикалық жұмыс № 5
Тақырыбы: Геосистемалардың функцияландануы және динамикасы
Мақсаты: – геосистемалардың динамикалық жағдайын және ТТК-ның функциялануын қамтамасыз ететін процестерді айқындау.

Тапсырмалар:

1.«Функциялану» және «ландшафтты қолайландыру /оптимизация/»терминдерінің анықтамасы.

2.Функцияланудың энергетикалық факторлары.

ТТК – дағы зат пен энергияның вертикальдық және горизональдық ағыны:


  1. Күн энергиясының трансформациясы;

  2. Ылғал айналымы;

  3. ТТК- дағы заттардың биогеохимиялық шыр айналымы;

  4. Гравигенді ағындар.

Ландшафттың функционалдануы.ТТК-ның әр уақыт аралығындағы күйлері және олардың классификациясы.

ТТК функциялануының жыл ішіндегі фазалары.

«Стекс» терминінің анықтамасы. Стекстің классификациясы..

Көрнекті құралдар: схемалар –


  1. ТТК-дағы күн энергиясының тарнсформациялануының жалпы схемасы;

  2. ТТК-дағы ылғал айналымының жалпы схемасы;

  3. ТТК- дағы биогеохимиялық шыр айналым-биогеоциклдың жалпы схемасы;

  4. ТТК-ның күйлері, олардың ұзақтылығына байланысты классификациялануы.

Практикалық жұмыс № 6


Тақырыбы: Ландшафттардың классификациясы

Мақсаты: – ландшафттардың классификациясының қазіргі жалпы ғылыми тұрғыдан бөлінуің маңыздылығын және Қазақстанның ландшафттарының классификациясымен танысу. Табиғи-территориялық кешендерді классификациялаудың негізгі принциптерімен танысу. Әртүрлі масштабтағы карталарға талдау жасау.Олардың жасалу принциптерін білу.
Тапсырмалар:

  1. Ландшафттардың классификациясы /В.А.Николаев бойынша/.

  2. Қазақстан ландшафттарының классификациясы.

  3. Қазақстанның масштабы 1: 2500000. ландшафттық картасына талдау жасау. Картаның түсініктемесін оқып -білу, ТТК-ді бөліп көрсетудің негізгі принциптерін түсіндіру.

  4. Қазақстан территориясының ландшафттық карталармен қамтамасыз етілуі схемасымен танысу. Дәптерге Қазақстан территориясының ландшафттық карталарының тізімін жазып алу; масштаб диапозондары 1: 7 00000 тен 1:500 000 дейін.



  1. Қазақстан ұсақ және орта масшабтық зерттеулер мен карта жасау объектісі. Олардың ірі масштабты картадан айырмашылығы.


Көрнекті құралдар: 1:2 500000 масштабты ландшафттық карта, орта және ұсақ масштабты ландшафттық карталар, ландшафттық картаның фрагменттері, Қазақстанның Атласы, 1 том, М., 1982.
Практикалық жұмыс № 7
Тақырыбы: Табиғи аймақтағы ландшафттық құрылым
Мақсаты: –ландшафттардың кеңістікте дифференциалдануының табиғи факторларын айқындау. Жазықтық және таулы территориялардың ландшафттарына сипаттама құрастыру.
Тапсырмалар:

1.Физико-географиялық дифференциацияланудың негізгі екі деңгейі –

аймақтық және локальдық /топикалық/.

2.Жалпы географиялық заңдылықтар- зоналық және азоналық.

1/ Географиялық зональдылық туралы түсінік және онық себептері;

2/ Азоналық.



  1. Ауа массаларынынң қалыптасуы және оның типтері:

а/ негізгі

б/ ауыспалы

в/ континентальды

г/ теңіздік



  1. Құрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі және беткей экспозициясы – таулардың физико-географиялық дифференцияциясының аса маңызды факторы.

Қайталауға арналған сұрақтар:




  1. Азональжық дифференциация нені көрсетеді?

  2. Негізгі зональды ауа массаларының қанша типі бөлінеді және

қанша ауыспалы ауа массаларының типі бар?

  1. Қандай фактордың әрекетінен ландшафттық сфера ярустық құрылысқа ие болады?

  2. Таулардың дифференцияциялануының аса маңызды факторы не болып табылады?

Практикалық жұмыс № 8


Тақырыбы: Физико-географиялық аудандастырудың таксономиялық жүйесі
Мақсаты: – физико-географиялық, басқаша айтқанды ландшафттық аудандастырудың принциптерімен танысу.
Тапсырмалар:

  1. Физико-географиялық аймақтың түсінігі.

  2. Физико-географиялық аудандастыру – жоғарғы рангты аймақтың құрылымының бірлігі және төменгі рангтегі геосисиемалардың интеграциясы.

Физико-географиялық аймақтың қатарлары –зоналық /белдемдік/ және азоналдық /белдемсіздік/.


  1. Аудандастырудың зоналдық таксондары: физико-географиялық белдеудің, ландшафттың зонаның, ландшафттың белдемшенің /подзонаның/ анықтамалары.Провинциялар мен провинция бөлшектері. Ландшафттық округтар.

  2. Азоналыз /белдемсіз/ таксондар: физико-географиялық сектор, сектор бөлшегі, Субконтиненттің анықтамасы.

  3. Физико-географиялық елдің анықтамасы және оның критерийі.

Физико-географиялық облыстар, облыстар бөлшектері.
Көрнекті құралдар: ТМД территориясының 1:16 000000 масштабты физико-географиялық аудандастыру картасы, Қазақстанның 1:2 500000 масштабты физикалық және ландшафттық карталары, орта және ұсақ масштабты ландшафттық карталар,ландшафттық картаның фрагменттері, Қазақстанның Атласы, 1 том, М., 1982.

Практикалық жұмыс № 9
Тақырыбы: Ландшафттық профиль /қима/ құрастыру
Мақсаты: – бірдей масштабтағы физикалық картаның қимасы мен ландшафттық картаны салыстыру нәтижесінде белгілі бір ауданның ландшафттық құрылымын анықтау.
Тапсырмалар:


  1. Қазақстанның 1:2 500000 масшабты картасының негізінде студенттің қалауы бойынша екі объект аралығының гипсометрлік қимасын жасау.

  2. Қазақстанның :2 500000 масшабты картасының негізінде белгілі бір сызық бойынша ландшафт түрлерін белгілеу керек. Ландшафттық қиманың оң жақ бұрышына әр ландшафт түріне түсініктеме құрастырып, горизональды және вертикальды масштабты анықтаңыз.

Ландшафт қимасындаға әр ландшафт түрін картаның фоны бойынша түрлі-түсті бояу карандашпен белгілеңіз.
Көрнекті құралдар: Қазақстанның 1:2 500000 масштабты физикалық және ландшафттық карталары, Қазақстанның Атласы, 1 том, М., 1982.

Практикалық жұмыс № 10
Тақырыбы: Антропогендік ландшафттар және олардың классификациясы.
Мақсаты: – ландшафттарды өзгертетін антропогендік факторларды анықтау. Қазіргі ландшафттардың классификациясымен танысу.
Тапсырмалар:

    1. Антропогендік ландшафттың түсінігі.

Табиғи-антропогендік ландшафттар:

1/ антропогендік фактордың ландшафтқа тигізетін әсері;

2/ антропогендік ландшафттардың дамуы:;

3/ антропогендік ландшафттарды оқу әдістері.



    1. Антропогендік ландшафттардың классификациясы:

1/ мазмұны бойынша;

2/ адамның табиғатқа әрекет етуіне байланысты;

3/ олардың генезисі бойынша;

4/ пайда болу мақсатына байланысты;

5/ тіршілік-етуінің ұзақтығы мен өзін-өзі реттеу дәрежесіне байланысты;

6/ шаруашылықтағы маңызы бойынша.



    1. Мәдени ландшафттың анықтамасы.

4. Қазіргі ландшафттардың негізгі типтері.
Көрнекті құралдар: сурет – антропогендік ландшафттардың классификациясы /Ф.Н.Мильков бойынша/, табиғи-техногенді ландшафттардың схемасы.

Практикалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Антропогендік ландшафттар, оларды жерді пайдалану схемасы негізінде бөлу.
Мақсаты: – ауданның қолданбалы картасын құрастыру негізінде ландшафттарының табиғи-шаруашылық потенциалына, айқындап бөлінген аймақтарға сипаттама беру.
Тапсырмалар:


  1. Қазақстанның экономикалық картасы бойынша белгілі бір аймақ немесе облыс таңдалып алынады.

  2. Ландшафттардың тиімді пайдалану принциптерін және табиғатының қорғалуын түсіндіру. Табиғи ресурстардың жергілікті жердің табиғат жағдайына сәйкес пайдалану тәсілдері айқындап сипаттау.

  3. Жерді пайдалану схемасы негізінде Қазақстанның аймақтары бойынша антропогендік ландшафттық карталардың фрагменттерін құрастыру.


Көрнекті құралдар: ТМД территориясының Қазақстанның 1:2 500 000 масштабты физикалық және ландшафттық карталары, Қазақстанның әртүрлі масштабтағы карталары, Қазақсмтанның аймақтарының экономикалық карталары, Қазақстанның Атласы, 1 том, М., 1982, Қазақстанның Атласы, 2 том., М., 1985.

Ландшафтану сұрақ жауап


І. Ландшафттану пәні нені оқытады?

Ландшафттану –ол геосистемалардың аймақтық және локальді даму дәрежесінің эпигеосфера құрылымының бір бөлігі сияқты екенін зерттейтін физикалық географияның бір тарауы.



2. Геосистеманың ұйымдастырушы деңгейлері:

Үш негізгі деңгейді айырады: планетарлық, аймақтық және локальдық немесе типологиялық (жергілікті).

Региональді деңгейдің геосистемалары: құрылымының құрылысы ірі және күрделі эпигеосфераның бөлігі, ландшафттық белдеулер, зоналар, секторлар, елдер, провинциялар және т.б. Локальді деңгейдегі системалар: қарапайым ТТК (табиғи-территориальдық комплекс)-жергілікті жер, қоныс, фация және т.б.

3. Геосистеманың континуальдылығы (бөлінбейтінділігі) және дискреттілігі (бөлінетінділігі).

Эпигеосфераның континуальдылығы оның компоненттерінің энергия мен заттың үздіксіз глобальдық айналымы, яғни интеграция процесстерінің өзара енуін қамтамасыз етеді. Дискреттілігі - эпигеосферада зат пен энергияның, дифференциациялық процесстерінің білінуі біртұтас құрамада өз функциясын орындайтын белгілі ішкі құрылымының бір бөлігі. Дифференциация мен интеграция табиғи жағдайда бірлесіп бір уақытта жүзеге асырылады және диалектикалық бірлікте қаралуы тиіс.



4. Компоненттер деп нені атайды?

Газ,сұйық және қатты заттардан тұратын территориялық табиғат кешендерінің жеке бөліктерін компонент деп атайды.



5. Экожүйе дегеніміз не?

Белгілі бір биоценозды құрайтын тірі организмдер мен қоршаған орта биогеоценоз немесе экожүйе /экосистема/ деп аталатын табиған кешенін түзеді.



6.Территориялық табиғат кешені деп нені атайды?

Әр түрлі территориялық өлшемде заңды түрде үйлесім тауып, бір-бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып, ранглері /географиялық қабықтан фацияға дейін/ түрліше болатын табиғат компоненттерінің бірлігін территориялық табиғат кешені /ТТК /деп атайды.



Географиялық комплекс (табиғи-территориялық кешен /ТТК/ немесе геосистема) тек кеңістікте ғана біртұтас емес, сонымен бірге өз уақытында да, оны былай анықтауға болады – географиялық компоненттердің кеңістіктік – уақыттық системасы, өзінің орналасуында, бір-бірімен әрекеттесуінің және дамуында біртұтастылығымен анықталады.

7. Геосистеманың жұмыс істеуі дегеніміз не?

Геосистеманың жұмыс істеуі – ол бүкіл алмасу процестерінің жиынтығы, энергияның, заттың алмасуын және трансфармациялануы, сонымен бірге геосистеманың информациясы.



8. Ландшафттық зональдылық туралы түсінік және олардың себепшілері. Физико-географиялық процестердің заңды өзгеруі, геосистеманың компоненттері мен комплекстері экватордан полюске қарай ландшафттық зональдылықты көрсетеді; себептері: күннің қысқа толқынды радияциясының ендік бойынша біркелкі таралмауы, жердің шар тәрізділ і гінен және күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышының өзгеруінен.

9. Азональдық дифференциация нені көрсетеді?

Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады, азональдық дифференцияның басты көрсеткіші де осылар.



10. Ландшафттардың локальді дифференциясының түсінігі.

Ландшафттардың локальді дифференциясының негізіне географиялық ішкі себептер жатады. Локальді дифференция – ландшафттардың өздігінен дамуы мен жұмыс істеуі , әртүрлі ландшафттарға тән ішкі процестер әсерінен негізгі фактор – геоморфологиялық экзогендік процесстер.



11. Ландшафт туралы түсінік.

Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды. Ландшафтты өз бетінше ерекшелеу үшін мынадай шарт қажет: геологиялық фундаменті бірыңғай территорияда ландшафттың даму тарихы фундаменті қалыптасқаннан кейінгі, өзінің бүкіл кеңістігінен бірдей жағдайда өтуі тиісті.



12. Ландшафттың морфологиялық бірліктері?

Фация, қоныс, қоныс бөлшегі, жергілікті жер.



13. Фация туралы түсінік.Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал мен жылу режимінде және топырақ жымылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін фация деп атайды.

14. Қоныс туралы түсінік.

Жер бедері мен топырағы түзілетін тау жыныстары бір текті болып келген тұтас бітімде жерде жер беті мен жер асты суының гидрологиялық режимі, микроклиматтық жағдайы бірдей, геохимиялық және биологиялық зат, энергия алмасу нәтижесінде тұтасқан іргелес фациялардың жаратылыстық, динамикалық бірлігін қоныс деп атайды.



Қарапайым қоныстар бір-екі фациядан ғана тұратын суайрықтық жондарда, тегіс жазықтарда қалыптасады.

Күрделі қоныстар жер бедерінің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған жерлерде кездеседі, фацияларының тізбектелу қатары жер бедері пішіндерінің формасына қарай жолақты /жыра, сай.адыр/ немесе сақиналы /ойыс пен төбе/ болып келеді. Күрделі қоныстарды құрайтын фациялар кейде әр түрлі типке бөлінеді.

15. Жергілікті жер туралы түсінік.

Жер бедерінің жеке-дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікте жер деп атайды.

Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын территориялық табиғат кешенін құрайды.

16. Транспирация дегеніміз не?

Өсімдіктердің бойындағы судың ауаға буланып бөлінуін транспирация деп атайды.



17. Геомасса дегенді қалай түсінуге болады?

Геомасса - әртектілі қасиетті дене, ол айқынды массасымен, функциональдық тағайындалуымен, сонымен бірге уақытында және кеңістікте өзгеру жылдамдығымен сипатталады. Аэромассалар, фитомассалар, литомассалар, гидромассалар және т.б.



18. Ландшафттардың динамикалығы, құбылмалылығы, тұрақтылылығы. Ландшафтта екі типті айыруға болады: қайтымды, қайтымсыз. Қайтымды түріне жататындар: тәуліктік, маусымдық ауысу, апаттық жағдайлар. Қайтымсыз түрге жататындар: белгілі бір бағытта өзгеретіндер. Ландшафттардың барлық қайтымды өзгеруі оның динамикасын құрайды. Системаның тұрақтылылығы деп оның өз құрылымының ауытқу факторларының әсерінен сақталу қабілетін немесе бұзылғанынан кейін өзінің бұрыңғы қалпына келуін айтады.

19. Ландшафттарды классификациялауда неше таксон бөлінеді?

Ландшафттарды классификациялауда 12 таксон бөлінеді, негізгісі жетеу: бөлім, система, система бөлшегі, класс, класс бөлшегі топ, тип, тип бөлшегі, тур, тур бөлшегі, көрініс, көрініс бөлшегі.



20. Қазақстанның ландшафттарын классификациялау.

Класс, класс бөлшегі, тип,тип бөлшегі, көрініс.

Класс: таулы және жазықты, класс бөлшегі: біршама төмен түскен жазықтар, көтеріңкі жазықтар, ұсақ шоқылы, тау етегіндегі, аласа таулы, биік таулы, тау аралық, ішкі таулы ойдымды. Тип және тип бөлшегі биоклиматтық көрсеткіштердің ерекшеліктерімен бөлінеді. Көрініс рельефпен, жыныстардың литологиясымен, топырақ, өсімдіктердің ерекшеліктерімен сипатталады.

21. Қазіргі ландшафттардың негізгі типтері?

Ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, қалалық, таулы-өнеркәсіпті, рекреакциялық ландшафттар.



22. Қазақстанның табиғи ландшафттарының аймақтық құрылымы.

Батыс Сібір плитасының жазықтары, ойпаттар, жазықтар және Тұран плитасының үстірттері, көтеріңкі жазықтар, үстірттер, ұсақ шоқы және Қазақ қалқанының аралдық таулары, тау аралық ойымдар және Оңтүстік Қазақстанның эпиплатформалық тауларының таулы жоталары.



23. Батыс Сібір плитасының жазықтарының ландшафттары.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ертіс маңы жазықтары. Ландшафт типтерінің ендік дифференциясының айқын көрінуі, ол территорияның меридиональды бағытта көп жерге созылып жатқандығына байланысты. Табиғи ландшафттардың құрылымын қалыптастыруы неотектоникалық қозғалыстардың белсенді біліну жағдайында, климаттың, топырақтың, өсімдіктердің өзгеруінен.



24. Жазықтар ландшавфттары және Тұран плитасының үстірті.

Біршама төмен түскен жазықтар Тұран жылғасының үстіңгі бетіне ұштасып жатыр және Ырғыз, Үлкіаяқ, Торғай өзендері аңғарларында. Аллювиальды жазықтардың ландшафттары Ырғыз өзенінің оң жақтағы жағалауында, Қабырға және Үлкіаяқ өзендерінің аңғарларында да таралған. Көтеріңкі қабатталған жазықтар мен үсті жазық, беткей сатылы үстірттер ландшафттары Ырғыз, Торғай өзені аралықтарында дамыған. Шөл ландшафттары басымды келеді.



25. Ұсақ шоқы және Қазақ қалқанының көтеріңкі жазықтары ландшафттары. Ендік зональдылық айқын байқалады, биіктік дифференция да байқалады. Денудациялық жазықтардың кұрғақ далалық ландшафттары басымды келеді, жонды-қырқалы, төбелі, қоныс тәрізді шоқылар. Көлдердің қазаншұңқырының ландшафттары жоспарланған сақиналы құрылымды.

26. Қазақстанның таулы системаларының ландшафттары.

Таулы системалардың ландшафттарының құрылымы мынадай басты факторлармен анықталады: таулардың қуаңшылық зонада ішкі континентальды шөлдерде орналасуынан, таулы массивтердің абсалюттік биіктігінен, ендік және ендік аралық созылып жатуынан. Жоңғар тау алдыңғы, ішкі таулы және тауарлық ойымдар ландшафттары орогендік морфоқұрылым шегінде қалыптасқан.



27. Стекс дегеніміз не?

Стекс – ТТК құрылымының тәуліктік күйі мен жұмыс істеуі, фацияға сәйкес маусым ритмикасына, ауа-райына және динамикалық тенденцияның дамуына байланысты.



28. Стекстің классификациясы.

Солярлық – күн энергиясының трансформациялануы рөлінің басым болуы, гидрогендік – ылғал айналымының ерекшеліктерімен себептеледі, гравигенді – гравигендік турдың үздіксіз байналыстылығымен, апаттық стекстер, апаттық жағдайларда пайда болған.



29. Мәдени ландшафт туралы түсінік.

Қайта жаңартылған және ортаны жаңарту функцияларымен адам өміріне оптимальді экологиялық жағдайын, оның өндірістік әрекетін қамтамасыз ететін ландшафтты мәдени ландшафт деп атайды.



30. Антропогендік ландшафттар.

Адамның шаруашылық әрекетімен өзгерген табиғи ландшафт, сонымен қатар табиғи - өндірістік комплекстер, қалалық, елді мекен және т.б.



31. Ландшафтты қолайландыру дегеніміз не?

Ландшафтты қолайландыру – ол қолданбалы ланшафттанудың бір бөлімі, зерттеу жолдары мен ландшафтты өзгерту тәсілдерінің ең жақсы вариантта жұмыс істеуін үйретеді.



31. Қазақстанның ландшафттық карталары.

Қазақстанның ландшафттық картасы масштабы: I: 2 500 000;

ҚазССР ландшафттық картасы: масштабы I: 5 000 000;

Казакстанның ландшафттың картасы, масштабы I: 7 500 000;

Павлодар облысының ландшафттық картасы: 1: 1 000 000;

Торғайдың иілген жерінің ландшафттық картасы 1: 1 000 000;

Шығыс Қазақстанның ландшафттық картасы 1: 500 000

Арал теңізінің құрғақ жерінің ландшафттық картасы 1: 2 00 000;

Қазақстанның Арал маңындағы ландшафттық картасы, масштабы: 1: 5 00 000.

32. Инвариант дегеніміз не?

Системаның айырмашылық белгісінің тұрақты жиынтығының, оған сапалы анықтық және ерекшелікпен берілген системаны басқаларынан айыратынды инвариант деп атайды.



33. Ландшафтының дамуының қандай сипаттары бар?

Консервативті ландшафт пен компоненттер толығымен осы кездегі жағдайға үйлеседі де, олардың қазіргі тұрақтанған құрылымымен сиптатталады.

Реликтілі ландшафт пен компоненттер ерте заманнан жаңа дәріргежеткен тарихи процесс.

Програсті ландшафт пен компоненттер олардың дамуының тоқталмай жалғаса беретін сипатын корсетеді.

Ландшафттар регресті бағытта да өзгереді.Мұндай өзгерістер көбіне жерді тиімді пайдаланбаудың салдарына байланысты болады /су эрозиясы тілімдеген жерлер, мал таптап тозған жерлер,өнімділігі төмендеген дақыл, төрт түлік мал т.б. жатқызады/.

«Ландшафттану және физико — географиялық аудандастыру» емтихан сурактары




  • Табиғи геосистема – бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер жиынтығы.

  • Аудандағы зоналы бірліктер: белдеу, зона, подзона.

  • «Ландшафт» терминінің жалпы анықтамасы.

  • Геосистемалар ұйымдасуының негізгі деңгейлері: локальдық, аймақтық, планетарлық.

  • Ландшафт дамуының негізгі факторлары.

  • «Жергілікті жер» терминінің анықтамасы.

  • Табиғи аймақтардың ландшафттық құрылымы.

  • Функияланудың энергетикалық факторлары.

  • «Қоныс» терминінің анықтамасы.

  • Ландшафттардың вертикальдық және горизонтальдық құрылымы.

  • Табиғи компоненттер. Табиғи компоненттердің заттық, энергетикалық, информациялық байланыстары.

  • «Фация» терминінің анықтамасы.

  • Ландшафттанудың географиялық ғылым жүйесіндегі алатын орны.

  • Физико-географиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесі.

  • «Геомасса» терминінің түсінігі.

  • Қазақтанның ландшафттық зоналары.

  • Функцияланудың энергетикалық факторлары.

  • «Стекс» терминінің анықтамасы.

  • Аудандастыру кеңістіктің дискреттік көрсеткіші. Аудандастыру және территориялық дифференциация.

  • Ландшафттар динамикасы. Оның құрылымының өзгеруіндегі қайтымды және қайтымсыз процестер.

  • «Эпигеосфера» терминінің түсінігі.

  • Әртүрлі деңгейдегі физико-географиялық аймақтардың қалыптасуы мен ландшафттық қабақшаның аймақтық жіктелуіне әсер етуші заңдылықтар мен фактілер.

  • Физико-географиялық бірліктің екі категориясы – азоналық және секторлық.

  • «Қоныс» терминінің анықтамасы.

  • Морфоструктуралық дифференциация.

  • Зоналық қатардағы ең жоғарғы рангілік бірлік – физико-географиялық белдеу.

  • «Геосистеманың функцияналуы»

  • Биогеохимиялық айналым және морфолитогенез.

  • Ендік зональдылық және оның себепшілері.

  • Эпигеосфераның «континульдылығы» және «дискреттілігі».

  • Қазақстан ландшафттарының классификациясы.

  • Ландшафттардың секторлығы.

  • «Ландшафтты қолайландыру» терминінің анықтамасы.

  • Кеңістікте фациялардыңның ауысуы.

  • Қазақстанның ландшафт картасы.

  • «Мәдени ландшафт» түсінігі.

  • Қоныстардың өзара орналасу түрлері.

  • Фациялар – қарапайым табиғи геосистемалар.

  • «Физгеографиялық аймақ» терминінің түсінігі

  • Л.С.Бергтің ландшафт туралы ілімі.



  • Жазық аймақтардың ландшафттары.

  • «Ландшафттық зона» терминінің анықтамасы.

  • Физико-географиялық аудандастырудың негізгі принциптері.

  • Жазық аймақтардың ландшафттары.

  • «Табиғи-антропогендік ландшафт»

  • Әртүрлі деңгейдегі физико-географиялық аймақтардың қалыптасуы мен ландшафттық қабықшаның аймақтық жіктелуіне әсер етуші заңдылықатр мен факторлар.

  • «Физико-географиялық сектор» түсінігі.

  • «Ландшафт» терминінің анықтамасы

  • Ландшафттану пәні нені оқытады?

  • Азональдылық, таулардағы биіктік белдеулік, тосқауылдық.

  • «Табиғи-территориялық комплекс» /ТТК/, «табиғи геосистема» түсі

  • Азоналық бірліктер: секторлар, елдер, облыстар, подоблыстар.

  • «Антропогендік ландшафт туралы» ілім.

  • Организмдердің қоректік тізбек бойынша жіктелуі, анықтамалары

/ автотрофтылар, гетеретрофтылар, редуценттер/.

  • Аудандастырудың негізгі принциптері: «жоғарыдан» және «төменнен» аудандастыру.

  • Физико-географиялық аймақ - жеке геосистема.

  • «Биотоп», «биоценоз» анықтамалары.

  • Геосистемалардың функциолануы.

  • Азоналық аудандастырудағы жалпы алынған категория – физико-географиялық ел.

  • Табиғи ортаның биотикалық және абиотикалық факт

  • Ландшафттардың динамикалық жағдайлары – тәуліктік, мезгілдік, жылдық, көп жылдық циклдер.

  • Ландшафттың морфологиялық құрылымы.

  • «Субконтинент»

  • Аудандағы зоналық бірліктер /таксондар/ : белдеу, зона, подзона.

  • Геосистемалар динамикасы. Оның қүрылымының өзгеруіндегі қайтымды және қайтымсыз процестер.

  • Ландшафт элементтері.

  • Азональдық бірліктер: секторлар, елдер, облыстар.

  • Эпигеосфераның қүрылымы.

  • «Физико-географиялық сек

  • Ландшафттардың жіктелуінің табиғи факторлары.

  • Қазақстанның ландшафттық картасының түсініктемесі.

  • «Мәдени ландшафт» анықтамасы.

  • Зоналық және азоналдық заңдылықтардың қарым-қатынасы және олардың физико-географиялық аудардастырудың негізін қалауындағы маңызы.

  • Қазіргі ландшафттардың негізгі типтері.

  • «Қоныс» терминінің анықтамасы.


Глоссарий
Аудандастыру кешенді /ландшафттық/ және салалық /рельеф, климат,, топырақ және тағы басқа табиғат компоненттеріне байланысты/ болып бөлінеді.

Аймақтық – ( лат. – жергілікті, облыстық), белгілі бір нақтылы терр. – ауданға (аймаққа), облысқа, елге, ел топтарына; территориялық белгілері бойынша бөліну.

Аудан (француз.). 1) кең мағынада – қандай да болмасын территорияны кейбір белгілері мен ерекшеліктеріне қарай бөлу.

Физико-географиялық белдеу, географиялық қабықшаның аса ірі бөліктері. Жылу мен ылғал режимі бойынша, ауа массаларының циркуляциясының ерекшеліктері мен мұхит ағыстары, геоморфологиялық және биохимиялық процестердің өзіндік ерекшеліктеріне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің құрамы бойынша.



Географиялық белдем (географическая зона) - өзіндік климаттық типтері, топырақ қыртысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі, геморфологиялық процестерінің сипаттамасы бар айтарлықтай аумақ, физикалық-географиялық белдеу бөлігі.

Географиялық белдемше (географическая подзона) – мұхиттан құрлық ішіне қарай алыстай түсуіне алыстай түсуіне немесе сол жердің кіндігіне қарай белгіленген, жергілікті ерекшеліктері анық байқалатын географиялық белдем бөлігі (мыс., солтүстік далалық қара топырақты географиялық белдемше және далалық қарақызылқоңыр топырақты белдемше, оңтүстік, орталық және солтүстік тайга белдемшесі); географиялық белдемдер арасындағы шекара әдетте тақ болып келеді.

Географиялық қабықша (географическая оболочка) – күн сәулесінің энергиясы мен органикалық тіршілік әрекеттерінен түзілген және литосфера, гидросфера және атмосфера қабаттарының өзара әрекеті мен сіңісуі нәтижесінде пайда болған табиғи кешен. Г.қ., әдетте, атмосфераның 10-12 км (жер, мұхит деңгейінен) қабатын, гидросфераны түгелдей және литосфераның 4-5 км қабатын қамтиды. Сонымен оның жалпы қалыңдығы 15 км-ден 20-30 км –ге жетеді. . «Г.қ.» терминін 1932 ж.географ, акад.А.А.Григорьев ұсынған.

Геологиялық (тектоникалық) құрылым (Геологическая (тектоническая) структура) – 1) жер қабығының қандай да бір үлескесінің геологиялық құрылысы; 2) тау жыныстарының жатыс формасы; 3) жер қабығының қандай да бір үлескесінің, оның геологиялық құрылысының (мыс., қатпарлы, айырылымды, аралас құрылымды) ерекшелігін айқындайтын тектоникалық формаларының жиынтығы.

Ландшафт дизайны / ағыл. design – жобалау, сурет, конструкция/ – ландшафтық орта фрагменттерінің белгілі бір мақсатқа көзделген бағытын қарастыратын лендшафт сәулетіндегі бағыт. Негізгі мақсаты – белгілі бір ережелер бойынша (әсемдік қасиеттерін ескере отырып) табиғи объектілердің өзгеру жолдарын зерттеу.

Ландшафтағы жанама құбылыстар (Побочные явление в ландшафте) – шаруашылыққа пайдалану салдарынан пайда болатын ландшафтың және оның құрауыштарының қасиеттернің байқаусыз өзгеруі.

Ландшафтар (Ландшафты; нем. Landschaft – жердің жалпы көрінісі) географиялық қабықтың жоғары деңгейдегі табиғи жүйесі; белдемдік және белдемсіздік белгілері бойынша бөлінбейтін, геологиялық қалыптасу тегі, топырағы, жер бедері, климаты, гидрометриялық жағдайлары, даму тарихы, биоценоз құрылымдары бірегей, бір-бірімен тығыз байланыста болып келетін аумақтар. Жеке табиғи-территориялық кешендер /ТТК/ және оның компоненттері арасында зат пен энергия тұрақты алмасады. Қазақстанда Л-дың табиғи, антропогендік және мәдени түрлері бар. Табиғи Л. Табиғат кешендері тың, адам аяғы тимеген жерлер болуы мүмкін. Ондай Л-ды Қазақстанның биік таулы, ну орманды аймақтарынан, далалы немесе шөл-шөлейтті табиғи белдемдерінен кездестіруге болады. Антропогенді Л. – табиғат кешендеріне адамзаттың тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлер. Мыс., оталған ормандардың орнында жайылымдардың пайда болуы.

Кейде мұндай антропогендік Л. Қайтадан қалпына келуі мүмкін. Адамзат бейберекет пайдаланғаннан олар нашарлап, тақырлар мен шөлдерге айналып кетуде. Ғылыми деректер бойынша, жер шарындағы Сахара, Такла-Макан және Орта-Азиядағы кейбір ірі құмды экожүйелер анропогендік әсердің салдары екендігі дәлелденген. Бұлардың қатарына Арал аймағы, Оңтүстік Қазақстан аймағындағы топырақ эрозиясына ұшыраған мыңдаған гектар жарамсыз жерлерді жатқызуға болады. қ. Мәдени ландшафт.



Ландшафты оңтайландыру (Оптимизация ландшафта; лат. Optimus – жақсы) – ландшафты жақсартудың ең жақсы нұсқасын таңдау процесі. Л.о. – табиғатты пайдалану процесіндегі табиғатты қорғаудың маңызды құралдарының бірі.

Ландшафтық белдем (Ландшафтная зона; грек. zone – белдеу) – белдемдік қатардағы базалық таксономиялық бірлік – ландшафтың белдемдік түрінің үстемділігімен топырақ пен өсімдіктердің нақты түрінің басымдылығымен экзогендік процестердің қарқындылығымен, жылу мен ылғалдың (гидротермиялық режімнің ) нақты ара қатынасымен сипатталатын, бір немесе бірнеше материктер бойына жалпақ жолақ түрінде созылған жер бетінің бөлігі.

Ландшафтық геохимия (Геохимия ландшафта) – Б.Б.Полыновтың геохимиялық ландшафт туралы ілімі негізінде қалыптасқан ғылыми бағыт. Ландшафтық жүйенің қасиеттері мен оның фунциялық және даму ерекшеліктерін химиялық элементтердің жылыстауын талдау арқылы зерттеуді мақсат етеді.

Ландшафтық зерттеулер (Ландшафтные исследования) – Ландшафтардың даму тенденциясын, генезисін, денамикасын, қызметін, құрылымын, таралуын зерттеу мақсатындағы зерттеу операцялары мен әдістерінің жиынтығы. Л. з – ге далалық, дистанциялық зерттеулер, сондай-ақ үлгілеу кіреді.

Ландшафтық сфера – 1) географиялық қабықшаның синонимі (С.В.Колесник бойынша); 2) литосфера, гидросфера және атмосфераның өзара белсенді байланыстағы географиялық қабықшаның бөлігі. (Ф.Н.Мильков бойынша); 3) тік өлшемдері “ландшафтың қалыңдығына” сәйкес келетін географиялық қабықшаның бөлігі; 4) биоәлеуметтік аспектіде (Ю.К.Ефремов бойынша); табиғи және антропогендік ландшафтар мен адамзаттың өзін қамтитын сфера.

Ландшафтың биіктік белдеуі (высотная поясность ландшафтов) – теңіз деңгейінен жоғары таулы аудандардағы табиғи ландшафтардың заңды ауысымы. Ол ауа температурасының төмендеуіне, ультракүлгін радиация мөлшерінің артуына булану мөлшерінің азаюына және т.б. байланысты болады. Биіктік белдеулік биіктеген сайын климат, топырақ және өсімдік типінің ауысымында айқын байқалады. Фитоценоздардыңтік белдемдігі көп жағдайда жер бетіндегі ірі экожүйелердің ендік таралуымен ұқсас болады. Биік таулы аудандардағы өсімдіктер құрғақ және суық ортаға, ультракүлгін радиацияның артық мөлшеріне бейімделген, оларда транспирация мөлшері едәуір төмен болады және т.б.

Географиялық ландшафт – жердін географиялық қабығының дамуында табиғи жолмен пайда болған, өзінің географиялық құрылымымен (яғни ландшафтың жекелеген компоненттерінің арасындағы өз ара байланысы және әрекеттерімен), ұсақ территориялар бірліктерінің үйлес ерекшеліктерімен, құбылыстардың мерзімдік ритмикасының өзіне тән қасиеттерімен басқа аумақтардан сапасы жағынан айрықша болатын географиялық қабықтың біркелкі аумағы.

Ландшафт қабығы (қ. географическая оболочка).

Ландшафт карталарыжер бетіндегі табиғи территориялық (географиялық) комплекстердің орналасуы көрсетілген карталардың бір түрі (қ. комплекс природный).

Ландшафттану физикалық географияның географиялық зерттейтін бір саласы. Бұл терминнің сонғы кезде региондық физикалық географияның синонимі ретінде қолданылуы басым болып барады. Ландшафт танудың негізгі мақсаты – табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өз ара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады.

Табиғи-территориялық кешен /ТТК/ – табиғи компоненттер кеңістікте заңды түрде үйлесім тауып әртүрлі деңгейдегі біртұтас материалдық жүйе құрастырады /географиялық қабықтан фацияға дейін/, геосистема деп те аталады. Оған жер қыртысының белгілі бір участкесін кіргізеді. Онда өзіне тән рельефі, жер беті мен жер асты сулары, атмосфераның жерге жақын жатқан қабаты, топырағы, организмдер жиынтығы жатады. Жеке табиғи-территориялық кешендер /ТТК/ және оның компоненттері арасында зат пен энергия тұрақты алмасады.

Территорияларды аудандастырғанда Жер қабықшасының жеке ландшафттық кешендерін екі категорияға топтастырады:

1/ зональдық құбылыстарды тудыратын компоненттер категориясы;



2/ азоналық құбылыстарды тудыратын компоненттер категориясы.

Зоналық компоненттерге жататындар: климат, топырақ және өсімдік жамылғысы және жануарлар.

Азоналық компонентке жататындар: геологиялық құрылыс, тау жыныстарының петрографиялық құрамы.

Қазіргі кездегі рельефтің қалыптасуы территорияның геологиялық даму тарихымен, тау жыныстарының құрамымен, сонымен бірге оған әсер ететін зоналық процесстермен анықталады /климат/. Геоморфологиялық процестердің белсенділігі тек денудация базисінің жағдайымен, геологиялық құрылымдармен, жыныстардың петрографиясымен ғана анықталмайды, сонымен бірге жылу мен ылғалдың балансы, жауын-шашынның түсу режиміне және т.б. де анықталады. Дәл осы звенода геологиялық негізге зоналдық процестердің қосымша әрекет етуінен белгілі бір табиғи-территориялық кешендердің қалыптасу ерекшеліктері байқалады.



Сонымен, физико-географиялық табиғи-территориялық кешендерді бөлуде зоналық фактормен бірге геологиялық-геоморфологиялық жағдайларды анықтайтын азоналық белгілерін де ескеру қажет.

Физико-географиялық аудандастыру – табиғи аймақтардың бір-біріне тәуелді жүйелерін айқындап зерттеу. Зоналық белгілері бойынша бірте-бірте белдеулер, зоналар /белдем/, зона белдемшелері, азоналық белгілері бойынша – физико-географиялық елдер және облыстар, зоналық және азоналық белгілердің қосарлана әрекет етуінен - провинциялар және аудандар бөлінеді / физико-географиялық аудандастырудың көптеген схемасында төменгі сатыдағы аудандастыру/. Кейде физ.-географ.аудандастыру сферасына ең төменгі рангдағы фация сияқты ТТК кіреді.

Физ.-географ.сектор - материктердің табиғатына мұхиттардың әрекеті бірдей болмауына байланысты бөлінеді.

«Ландшафттану және физико — географиялық аудандастыру » пәніне арналған тестiлiк сұрақтар



Ландшафттану – ол

  1. Жер бетiнiң сыртқы пiшiнiнiң пайда болуын зерттейтiн ғылым

  2. Ландшафттарды оқып бiлумен айналысатын физикалық географияның білiмi

  3. Геосистеманың регионаллды және локальды даму дәрежесiнiң эпигеосфера құрылымының бiр бөлiгi сияқты екенiн зерттейтiн физикалық географияның бiр тарауы

  4. Геосистеманың регионалды даму дәрежесiн зерттейтiн физикалық географияның бiр тарауы

  5. Геосистеманың локальдi даму дәрежесiн зерттейтiн физикалық географияның бiр тарауы



Системаның айырмашылық белгiлерiнiң тұрақты жиынтығын, оған сапалы анықтық және ерекшелiкпен берiлген системаны басқаларынан айыратындылығын қалай атайды:

  1. Метоболизм

  2. Геосистеманың динамикасы

  3. Геосистеманың функционалдануы

  4. Инварианттылығы


  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет