А. Б. Билялова «Ландшафтану және физико географиялық аудандастыру»



бет3/5
Дата04.08.2017
өлшемі3,91 Mb.
#22868
1   2   3   4   5

Тексеру сұрақтары:

1. Қандай ғалым ландшафт климатын ұсынды?

2. Фактор дегеніміз не?

3. Мұхиттармен құрлықтардағы ауа массасының климатына тигізетін әсеріне қарай Еуразия құрлығының ландшафттысын неше бөлікке біледі?



_7__ - Дәріс
Ландшафт морфологиясы
Мақсаты: Ландшафт және оның морфологиялық құрлымы туралы студенттерге жалпы түсінік беру.

1. Морфологияның жалпы ұғымы.



  1. Морфологиялық территория табиғат кешендері құрлымдық бөліктердің сатыларына қарай жіктелуі.

Территорялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейінғалымдар оның аймақтық, типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрлымынын жіктеумен айналыса бастады. Көпжылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын территорялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да, бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.

Геологиялық негізгісі, жер бедері, климат жағдайы гидрологиялық режимі,топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін территориялық табиғат кешенін ландшаф деп атайды.Оның нақты белгілері мыналар:1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы дараланатын жаратылысы біртекті территория; 2) пайда болған күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады; 3) геологиялық құрлысында, жер бедерінде жаратылыстық айырмасы болмайды, литогенді негіз бен геоморфологиялық кешеннің өзгеріске ұшырауы ландшафтыны да өзгертеді, сапасын морфологиялық құрлымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтай түседі; 4) әрбір ландшафтының морфологиялық құрылымы қайталанбайтын тізбектерден тұрады; 5) ландшафтының барлық құрамдас бөліктері мен морфологиялық құрлымының құрамдас бөлшектерін түзетін территориялық табиғат кешендерінің тізбектелуінде зоналық, бөліктік (секторлық) және биіктік белдеулік айырма болмайды, өйткені ландшафтық зоналық, бөліктік және биіктік белдеулік факторлардың тұтас және қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасады.

Ландшафтыны құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері құрлымдық бөліктердің сатыларына қарай жергілікті жер-қоныс-фация деген жүйеге жіктеледі.

Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін фация деп атайды.

Фация жер бедерінің тұтас пішінін де бір ғана элементін де қамтиды. Жер бедері пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердгі шөптесінді шабындық өскен тауаралық жазықтарды (Мыңжылқы, Кеген, Қарқара, Асы жайлаулары) жатқызуға болады. Ал көп фациялы жер бедері пішініне жыра да, сай да, өзен аңғары да мысал бола алады. Бұлардың кез келгенінің табанында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады. Демек, ауқымы жағынан фация үлкен аймақты да, шағын өңірді де алып жатуы мүмкін.

Фацияның қалыптасуында жер бедері пішіні элементінің сипаты, салыстырмалы биіктігі, беткей көрнісі мен қиялығы, жыныстық құрамы үлкен рөл атқарады. Жер бедерінің пішініне қарай тегіс, ойыс, дөңес деп бөлінеді.

Тегіс жерде ауа айналымы, жылу режимі біркелкі таралады, жер бетіне түсетін ылғал жер астына терең сіңеді де, жер асты суының деңгейі төмен жатады.Ол топырақ пен өсімдіктер жамылғысының ылғал баланысына қатыспайды. Фацияны қалыптастырушы зат және энергия алмасу процестері дербес сипатта дамиды. Жер құнары, бір жағынан, топыраққа сіңген сумен шайылып, органикалық затардың түзілуіне жұмсалып кемісе, екінші жағынан, элювийлі жамылғының үйілуіне байланысты қордалы қорын толықтырып отырады. Осылай жер құнарының тұрақтылығы сақталады.

Ойысты жерде ылғал, жылу балансының кірісі мен минералдық заттар қорының жиналуы мол болады. Осыған байланысты шөлдің, шөлейтті, және далалы жерлердегі кішкентай ғана ойысты жерге оазисті фациялар қалыптасады.

Дөңесті жер фациялардың территориялық бөлшектенуіне әсер етеді. Ең кішкентай деген төбенің өзі атмосфераның жер беті қабатындағы ауа қозғалыстарының бағытын, жылдамдығын, ылғал мен жылу балансының таралуын өзгертеді. Жаз айларында төбенің ық жағымен салыстырғанда, жел жақ беткейге омбы қар жиналады.

Топырақ асты жыныстарының пайда болуы жолдары бір болғанымен, механикалыққұрамдарына ( саздақ, лесс, құм, т.б.)қарай әр түрлі бола беруі мүмкін. Сондықтан олардың ылғал және жылу сіңіргіш, сақтағыш қасиеттері мен әрекеттесу жолдары бірдей болмайды. Соған орай механикалық құрамдары әр түрлі фацияларға қалыптасады.

Қоныс жер бедері пішінінің тұтас бітімімен межеленіп, жылу және ылғал режимдерінің біркелкі, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының бір типті болып үйлестігіндегі арқылы көзге түседі. Мысал ретінде жыра, сай, өзне жайылмасы, өзен аңғарының сатылары, суайырықты тегіс жазықтықтар сияқты жер бедері пішінінің тұтас бітімдерінің атауға болады.

Қоныстардың территориялық бөлшектенуіне әсер етуші факторларға жер бедерінің тегіс еместігі, тілімдену, жыныстық құрамы, жыныс қабаттарының қалындық өлшемдері, биоценеоздарының бәсекелестік күресі жатады. Жер бедері күрделі, тегіс емес жерлерде әрбір оң, немесе теріс формалы жер пішіндері қоныстарды сомдап, олардың көзге көрінетін белгілерін айқындай түседі. Жер бедері далалы зерттеулерде де, аэросурет түсірудің көмегімен ландшафтық карта жасауда да,шекаралары айқын байқалатын белгілердің бір болып саналады. Кейде жер бедері бірдей жерлерден де әр түрлі қоныстарды кездестіруге болады. Мұндай жағдайда олардың қалыптасуындағы негізгі фактордың рөлін жер бедерінің жыныстық құрамы атқарады. Мысалы, лесс және әктасты жерлердегі сайлар екі бөлек типтегі қоныстарға жіктеледі. Өйткені олардың су және жылу режимдері, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының қалыптасу жолдары әр түрлі болып келеді.

Осы сияқты жер беті жыныстарының құрамдары да бірдей жерлерде әр түрлі қоныстардың қалыптасуы мүмкін. Мұндай құбылысты республикамыздың солтүстігіндегі ежелгі көл табандық құмды жынысты жерлерден жиі байқауға болады. Мұнда, қалың қабатты құмды алқаптарды, жер асты суының деңгейі төмен жатқандықтан, шөптесінді төсеніші бар қарағайлы орман шоқтары өседі. Ал жер асты суы жер бетіне жақын жатқан жұқа қабатты құмды бөліктерінде батпақты қоныстар қалыптасады. Тілімденген жер бедері де қоныстардың қалыптасуында ылғал режимін қызметін реттеуші рөлін атқарады. Атап айтқанда, белесті жерлерінде жер беті және жер асты суының эрозиялық базистері төмен жатады да, судың жаю әрекеті артады, соған орай қоныс ылғалды көп қажет етпейтін биоценозды болып келеді.Мысалы, Қазақстанның Батыс Сібір жазығында жер асты суы жер бетіне таяу жатады да, қоныстарда ылғал сүйгіш биоценоздар қалыптасады.

Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсекелестік күресі зоналы ландшафтылардың өтпелі бөліктерінде айқынрақ байқалады. Мысалы, республикамыздың шөлейтті жерлерінде, экологиялық жағдайлардың бірдей болып келуіне қарамастан, дала мен шөлге тән қоныстар іргелес орналасады. Мұның өзі даланың көделі,бетегелі жерлері мен шөлдің ашқылтың жусан өскен сортаңды жерлердің жағдайын және динамикалық тепе-теңдігін бұзбауға тырысады. Қандай да қоныс болсын заңды түрде үйлесім тауып, түрленген фациялардың тізбегінен түрады. Фациялық құрлымына қарай қоныстар қарапайым және күрделі болады. Қарапайым қоныстар бір-екі фациядан ғана тұратын су айырықты жондар да, тегіс жазықтарда қалыптасады. Күрделі қоныстар жер бедерінің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған жерлерде кездеседі, фацияларынң тізбектелу қатары жер бедері пішіндерінің формасына қарай жолақты ( жыра, сай, адыр) немесе сақыйналы ( ойыс пен төбе) болып келеді. Күрделі қоныстарды құрайтын фациялар кейде әр түрлі типке бөлінеді. Мысалы, Каспий маңы ойпатындағы көл табандар орталық бөлгінде қара сулы, шетіне қарай шабындық-шөптесінді, сораң шөптесінді фациялармен көмкеріледі. Күрделі қоныстар төрттүрлі жағдайға байланысты қалыптасады.

Біріншіден, бірінші қатардағы орташа жер бедерінен екінші қатардағысы қабысқанда қалыптасады. Мысалы сайдың табанынан қайталанып жыра қазылған жерлерді, өзекті адырларды, көлшікті батпақтарды, т.б. атауға болады. Екіншіден, әр түрлі жынысты жерлердегі орташа жер бедерінің қоныстары күрделі болып келеді.

Бұндай қоныстар көбіне кішігірім өзен аңғарының өңірлерінде жиі кездеседі. Өйткені өзен суы толысқан кезердегі тасқын су табанына жайылғанда арыны қатты жерге ірі, ал арыны басылған сайын ұсақ түйірлі шөгінділерді үйреді. Соған орай әр түрлі фациялы қалыптасады да қоныстардың құрлымы күрделене түседі.

Күрделі қоныстардың үшінші бір түрі ылғал жетіспейтін жерлерде жер бедерінің кіші-гірім айырмасына байланысты қалыптасады. Мысалы, тереңдігі 40 см-лік дала ойыстарына айналасындағы жазықтардан жаңбыр суы мен көктемгі еріген қар суы мен сарқындылары арқылы жыл сайын 100 мм ден астам ылғал жиналады. Демек, шөлейт және шөлдегі жер бетінің бір неше сантиметірлік қана салыстырмалы биіктік айырмалары ылғал баланысының территориялық айырмасында негізгі фактор болып табылады. Күрделі қоныстардың төртінші түріне егіз тізбектілер жатады. Мысалы, Іле Алатауының етегіндегі адырлар мен қара сулы саздарды, т.б. атауға болады. Өйткені олардың әрқайсысы жеке-дара қарапайым қоныстан тұрады.

Қоныстар ландшафтың мифологиялық құрлымына алатын орнына қарай негізгі,қосалқы, сипатты, сипатсыз территориялық табиғат кешендері болып бөлінеді.

Ландшафтының морфологиялық құрлымындағы негізгі қоныстардың үлесі бәрәнен де басым болады, территориялық ауқымымен типтік белгісі жағынан ерекше көзге түседі. Қазақстан жеріндегі орманды дала зонасының негізгі қоныстары саздақты жазықтардың сұр топырағына өскен орман шоқтары мен қара топырақты жерлеріне өскен көделі немесе бетегелі даладан түрады. Қосалқы қоныстар ландшфатының морфологиялық құрлымында жергілікті жер жағдайына, атап айтқанда ,суық белдеулерде жылудың, шөлде ылғалдың молдығына, ал ылғалы жергілікті жерде топырақты құрайтын жыныстардың тұзды болып келуіне байланысты түзіледі.

Бұған мысал ретінде көп жылдық тоңды белдеудегі термокарыстылық ойысты, шөлдегі оазисты, қоңыржай белдеудегі сор, сортаң жерлерді атауға болады .Қосалқы қоныстар ландшафтық зонаны табиғи жағдайымен үйлесім тауып, сол жердің ерекшелігін сипатайды. Жыра, сай, өзне аңғары сияқты қоныстар ылғалы жеткілікті белдеудің бірден-бір белгісі болып саналады. Қоныс ландшафтының морфо құрлымының құрайтын тұтас тұлғалы территориялық табиғат кешені болғандықтан, ол географиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып саналады. Қоныс та, фация сияқты, өзіндік ерекшеліктері бар, қайталанбайтын жеке дара территориялық табиғат кешені емес. Ол биоклиматтық белгілері бойынша типтік, литогенді негізі бойынша тектес, ішкі құрлымдық айырмасы бойынша түрлес бірліктерді топтастыратын территориялық табиғат кешені.

Жер бедерінің жеке дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құрлымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жер деп атайды.

Ландшафтының геологиялық құрлысымен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын территориялық табиғат кешенін құрайды. Жергілікті жер ландшафт құрлымында кейде болмай да қалады. Морфологиялық құрлымы қарапайым ландшафтылар бір немесе екі, тіпті үш қоныс типіне түзіледі. Мысалы, Каспий маңы ойпатындағы дала ландшафтысы кәдімгі орташа шірікті қара топырақты жерге боз-бетеге өскен теңіз табанды саз балшықтан түзілген жонды жазықпен қоныс пен шалғынды топыраққа өсетін бидайықты даланың ойысты қонысынан тұрады. Мұнда біріншісі ландшафтының доминанттық, екіншісі субдоминанттық типі болады. Жер бедері күрделі аймақтарда-тауларда ландшафт құрамы көптеген жергілікті жер типтерінен түзіледі.

1. Ландшафттыны құрайтын морфрлогиялық территориялық табиғат кешендерінің құрлымдық бөліктердің сатыларына қарай қалай жіктеледі?

2. Жергілікті жер дегеніміз не?

3. Қоныс дегеніміз не?

4. Фация дегеніміз не?


_8_ - Дәріс
Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы
Мақсаты: Ландшафт кешендернің дамуы және динамикасы туралы студенттерге түсіндіру.

1. Ландшафт кешендерінің дамуы.

2. Ландшафт динамикасы.
Қандай территориялық табиғат кешені босын зоналық және азоналық факторлардың әрекетіне байланысты үздіксіз өзгертіп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс.Өйткен адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенімен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгісі заңдылықтары туралы біршама жинақталған материал бар.

Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С. Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді.

Ландшафтының қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, маусымдық, жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апатты оқиғаларға байланысты болады. Олар ландшафты динамикасын дамытуда жеке-дара да, бірімен-бірі қосарланып та әрекет етеді.

Ырғақты табиғат құбылыстарына байланысты болатын қалпына келетін өзгерістер ландшафтының құрамдас бөлік аралық динамикалық тұрақтылықты сақтайды. Оны сипатына қарай С.В.Калесник (1970) кезеңді және цикілді деп екіге бөлген.

Кезеңді ландшафт өзгерістері жыл сайын белгілі бір тұрғыдан уақыт өлшемінде қайталана береді. Оның күн мен түннің ауысуына байланысты болатын тәуліктік және жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын маусымдық ырғақтылығы байқалады. Тәуліктік ырғақ жердің өз осінен айнала қозғалысына байланысты. Тәуліктік ырғақты жылу баланысының, ауа температурасының, абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтың, фотосинтез процесінің, тірі ағзалардың белсенділігінің, бриз желі сипатының, т.б. күндізгі және түнгі айырмасынан айқын көруге болады. Жер осінің еңкіштігіне байланысты күн сәулесі жер бетіне түрліше бұрышпен келіп түсетін болғандықтан, тәуліктік ырғақ әр түрлі радиациялық белдеулерде түрліше байқалады.

Ландшафтының дамуының әрбір циклі 1800-1900 жылға жетеді, оны әр түрлі дәрежедегі ғылыми зерттеу материалдары дәлелдеп отыр. Көпғасырлық ырғақтылықты А.В.Шнитников (1957,1969) үш фазаға бөледі. Біріншісін, т р а н с г р е с с и я л ы ф а з а деп атады. Ол ылғалды, қоңыржай салқын климатты жағдаймен сипатталады. 300-500 жылдық өлшемен өлшенеді. Екіншісі- р е г р е с с и я л ы ф а з а, ол құрғақ, жылы болады, 600-800 жылды қамтиды. Үшіншісі- ө т п е л і ф а з а, 700-800 жылды қамтиды. Оның регрессиялары фазадан трансгрессялы фазасына өтуі тез және анық болса, трансгрессиялы фазадан регрессиялы фазаға өтуі баяу болады.



Консервативті ландшафт пен құрамдас бөліктер толығымен осы кездегі жағдайға үйлеседі де, олардың қазіргі тұрақтанған құрлымымен сипатталады.Бұлардың айқын мысалы ретінде Орталық Қазақстандағы сортаң және сораң жерлерді атауға болады. Олардың консервативтілігі жыныс қабатының литологиялық, құрамына, жер қыртысы неотектоникалық қозғалысының қарқындылығына, климат жағдайына байланысты болып келеді. Түзілген факторлар топырақтың ащылану процесін дамытады да, сортаң мен сораң жерлердегі ландшафтының құрамдас бөліктерінің динамикалық тепе-теңдігін тұрақтандырады.


Реликтілі ландшафт пен құрамдас бөліктер ерте заманнан жаңа дәуірге жеткен тарихи процесс. Реликтілі ландшафты табиғатта сирек кездесетін объектілер. Мысалы,шөлді жердегі көзге сирек жалынатын құрғақ аңғар биогендік құрамдас бөліктері жойылып, элювийлі шөгіндімен жамылғандықтан, пішіні өзгертіліп, қырық қырау боп тілімденген. Реликтілігі ландшафтыны құрамдас бөліктері белгілі бір территорияға ғана тарайды, әдетен тыс сипатта тіршілік етеді. Мысалы, салқын қанды жануардың жүйке түрлері жер шарының кез келген жерінде кездесе бермейді. Реликтілі ландшафтының құрамдас бөліктерінің жойылмай сақталуы өзін-өзі қорғау, жаңа орта жағдайына бейімделу заңдылығымен анықталады.

Прогресті ландшафт пен құрамдас бөліктер олардың дамуының тоқталмай жалғаса беретін сипатын көрсетеді. Мысалға республикадағы дала зонасындағы ормн шоқтарының таралуын, шөлейт зонасының түзетін кешендегі астық тұқымдас шөптесінді жамылғы үлесін артуын, сораңды жерге астық тұқымдас шөптердің өсуін, т.б. атауға болады.Республика жеріндегі ландшафтының ылғал баланысының жетіспеуіне қарамастан, прогресті сипаттағы дамуының топырақ құрамындағы азоттын артуына байланысты екені дәлелденді. Демек,ландшафтының дамуында минералды зат айналымының да атқаратын рөлі орасан зор.

Ақырында, ландшафтану регресті бағыттада өзгеретіндігі ұмытпаған жөн.Мұндац өзгерістер көбіне жерді тиімді пайдаланбаудың салдарына байланысты болады. Регреспі сипатта өзгерген ландшафпен құрамдас бөліктерге жел, су эрозиясы тілімдеп, мал таптап тозған жермен өнімділігі кеміген дақылды, төрт түлік малды т.б. жатқызады. Ландшафт өзгерістерін қалпына келетін немесе қалпына келмейтін деп жіктеу шартты түрде ғана, өйткені толық қалпына келу ешқашан болмайды. Теориялық және методикалық негізде қалпына келу туралы жорамал жасаулар ландшафттардың даму ерекшеліктерін және ұзақ уақыттағы ритмикалық тербелістердің заңдылықтарын зерттеуде өзін дәлелдейді: мұндай жағдайда біз саналы түрде үздіксіз бір бағытта болатын өзгерістерді кездестіреміз. Бұл процесс белгіленуі оңай ландшафттардың күйінің ауысу циклдарымен салыстырғанда бірден көзге түспейді. Дегенмен ландшафттардың құрылымы әрбір жекелеген циклдар немесе бұзылулардан соң сыртқы факторлардың әсерінен өзінің бастапқы қалпына оралады.

Әрбір жекелеген цикл,онша ұзақ бомаса да, мысалы жылдық цикл өзінен соң ландшафт құрылымын бірталай өзгерістерге ұшыратады: ағын сулардың әсерінен минералдық немесе органикалық заттардың мөлшері азаяды, суайрықтық жазықтарда жыралар көлемі өседі, өзендердегі тұнба немесе батпақтардағы торф қалыңдығы артады, жыл бойы біртіндеп жиналу нәтижесінде аллювиальды жазықтарда тосқындар қабаты ұлғаяды, мәңгі тондар деградациясы қалыптасады. Жыл мезгілдері немесе көпжылдық циклдардың стадиялары бойынша бұл процестер бірде бәсеңдеп, біртіндеп қарқындылығы артып отырса да тек бір бағытта болады.

Әрбір жекелеген циклды ұлғаймалы спиральдің айналымымен салыстыруға болады: оның алғашқы және соңғы айналымдардың бір-бірінен айырмашылығы көп, циклдық ұзақтығы неғұрлым көп боса, соғұрлым бұл айырмашылық артық. Ірі циклдардың ұзақтығымен ландшафттардың өмір сүру кезеңдерінің жасы сәйкес келмейтіндіктен қайталанып отыратын циклдар басқа ландшафттық негізде іске асады. Бір геологиялық цикл аралығында бір территорияда бірнеше ландшафттар аусуы мүмкін. Сондықтан ландшафттық тұрғыда геологиялық циклдардың қайтып орнына келуі туралы сөз бомайды. Топологиялық деңгейдегі аз өмір сүретін геосистемаларда ғасырлық циклдар қайта айналып келуі мүмкін. Жекелеген фациялар мен мекендердің шеңберіндегі 1850 жылдық климаттық циклдың үдемелі және бәсеңдейтін тармақтарын бір бағыттағы процестердің ылғалды және қуаңшылық тармақтары деп түсінеміз. Осы уақыт аралығында геосистеманың бұл деңгейінде толық өзгермелі процестер болып өтеді.

Ландшафттардың дамуының себептері немесе оны қозғаушы күштер белгілі. Көп уақытқа дейін география ғалымдары ландшафттардың өзгермелілігін тек бір ғана сыртқы факторлардың әсерінен ( тектоникалық қозғалыстар, күн активтілігінің өзгермелігі.

Жердің полюстерінің ауысуы) немесе бір ғана «жетекші» компоненттің өзгеруінен болады деп түсініп келді. Екінші жағдайда да ландшафттардың ауысуының себебі сыртқы күштердің әсеріне келіп тіркеледі, өйткені «жетекші компоненттер» климат пен рельеф системасының кіріс бөлігіне жатады да сыртқы әсерлерді таратушы роль атқарады.

Космостық немесе тектоникалық күштердің әсерінен ландшафттарда қайтып орнына келмейтін өзгерістер болатынына дау жоқ. Дегенмен, мұндай ақиқатты мойындау, даму негізін қарама-қарсылықтардың күресі мен сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуын құрайтын ландшафттардың өзіндік дамуы туралы диалектикалық түсініктеме бере алмайды. Ландшафттардың өздігінен даму қасиеттері олардың сыртқы күштердің әсерінсіз, тұрақты күйінде өзгеруімен дәлелденеді. Бұл В.В. Докучаевқа да белгілі болған, мысалы ол былай деп көрсетті: «табиғи көл – ол өз бойында болашақтағы өз «өлімнің» ұрығын алып жүреді» тіпті өзен ағындары тоқтаусыз болған күнде, ол біртіндеп булануға кететін су мөлшері оның кірісінен көп болған жағдайда ақырындап, соңында жоғалып кетеді, яғни басқа типтегі комплекске айналады(батпақ, сорлар).

Геосистемалардың дамуындағы қозғаушы күш ретінде ішкі қарама-қайшылытардың негізгі маңызы- барлық компоненттер бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде өзара үйлесімдік құруға тырысады, яғни тепе-теңдікке, бірақ тепе-теңдік уақытша ғана. Әрине ең активті компонент биота екені белгілі. Абиотикалық ортаға барынша бейімделе отырып, биота өмір сүру барысында осы ортаға өзгерістер енгізеді (мысалы, орманды ландшафттарда жоғарғы горизонттың сілтісізденуі нәтижесінде төменгі қабаттарда су өткізбейтін иллювийлі орта пайда болады, осының салдарынан аэрация мен су өткізгіштігі нашарлайды). Олай болса биота өзі өзгерткен ортаға әрқашан икемделуі керек, осының нәтижесінде бүкіл система қайта құрылу өзгерістеріне ұшырайды. Ішкі қарама-қайшылық байланыстар басқа компоненттер мен процестер аралығында да болып отырады( мысалы, ағын мен булану арасында) бірақ ең негізгі қарама-қайшылық биота мен абиотикалық компоненттер аралығында.

Ландшафттардың өздігінен дамуы салыстырмалы түрде өте ақырын жүреді және «таза күйінде» сирек кездеседі, өйткені оған сыртқы әсерлердің күшімен басқа да өзгерістер қондырылады. Сыртқы әсерлердің нәтижесінде ландшафттардың даму заңдылықтарының бұзылуы, тіпті оның кері қайтуы немесе тоқталуы мүмкін. Осы себептердің әсерінен болып отыратын өзгерістер даму процесіне жатпайды, әйтсе де олар ландшафттардың даму тарихының құрама бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені оның даму тарихында эволюциялық өзгерістермен салыстырғанда өте күрделі өзгерістер сақталады. Оның мысалы ретінде құрлықтық мұздар мен теңіз трансгрессияларының басып алуы кезіндегі көптеген ландшафттардың түпкілікті жоғалып кетуін айтуға болады.

Ландшафттардың даму механизмінің маңызы -біртіндеп жаңа құрылым элементтерінің жойылуында. Соңында бұл процесс сапалық өзгерістерге – ландшафттардың ауысуына әкеліп соғады. Кезінде Б.Б.Полынов пен Л.С.Берг ландшафттың құрамында әр жастағы элементтердің бар екендігіне назар аударған еді. Б.Б.Полынов ландшафттар құрамында қалдық элементтер, консервативті және прогрессивті элементтерді ажыратты. Біріншісі өткен ғасыр қалдықтары, олар ландшафттардың көне даму тарихының ерекшеліктерін сипаттайды. Қалдықты элементтер рельеф формалары болуы мүмкін( мысалы, мұздықты рельеф формалары, гидрографиялық торап элементтері, шөлдегі кеуіп қалған арналар, көлдер, биоценоздар мен топырақтар, тайга зонасындағы дала зонасына тән топырақтар мен өсімдіктер, көне шымтезектер т.б.) немесе толық фациялар мен мекендер. Консервативті элементтер қазіргі жағдайына толық сәйкес келіп ландшафттардың қазіргі даму кезеңдерін анықтайтын элементтер. Прогрессивті элементтер өте жас элементтер, олар ландшафттардың болашақтағы даму тенденциясының ерекшеліктерін сипаттайды, сондықтан болжау проблемаларының негізін қалайды. Прогрессивті элементтердің мысалы: дала зонасында арал тәріздес ормандардың пайда болуы, мореналық ландшафттардағы эрозиялық формалардың дамуы екіншісімен ауысуы туралы .

Ландшафттың динамикасн зерттеуге Б.Б. Полынов үокен үлес қосқан. Ландшафттардың әртүрлі элементтер арасындағы байланысты сипаттай отырып, біз оның жинамикалық құбылыс екеніне ерекше көңіл аударамыз. Бұл элементтер арасындағы байланысты тыныштық күйінде қарастыруға болмайды, өйткені ол қозғалмалы ландшафттың эволюциячын анықтайды.

Ландшафт динамикалық өзгерісі кеңістік пен уақыт аралығында рельеф формасының, тау жыныстардың, шөгінді жыныстардың қабаттануынан, өсімдік топырағының ауысуынан, топырақтың құрамымен структурасының өзгеруінен көрінеді. Жер бедерінің өзгеруі өзен, көл жағалауының шайылуы, жырлардың өсуі, жаңа эрозиялық формалардың пайда болуы, карст, солифлюкйия және сел көшкіндері. Бір жерде тіршілік ететін өсімдікбірлестігінің ауысуы бір адамзаттық өмір кезеңінде бола алады. Алдыңғы геологиялық дәуірден сақталған бұрынғы фитоценоздың қалдығы сирек кездеседі, мысалға Сихотэ-Алинь орманындағы манчжурия аралиясы.

Геологиялық масштаб уақытында фитоценоздардың , топырақ пен жер бедерінің өзгерісі соншалықты, тіпті бір ландшафт түрлерінің екіншісімен ауысуы туаралы айтуға болады. Өткен геологиялық және климаттық жағдайларға ландшафттың реликті элементтері куә.

Сонымен ландшафт динамикасы оның компоненттерінің өзгерісі арқылы байқалады. Өсімдік жамылғысында оның өсуімен фитомасса қорының өзгеруі- себебі зат пен энергия айналымы. Литогендік негіз динамикасында топырақ түзілу процесін, жыныстардың үгілуін және ұсақ тасты-құмды материалдардың беткеймен жылжуын ажыратады. Егер топырақ түзілу процесінде негізгі рөлді зат айналым атқарса, онда рельеф құрушы процестерде қатты және сұйық ағынның маңызы зор. Су ағынындағы өзгеріс ағынының шығынынан, ауа массаларында ауаның горизонтальдық бағытта өзгеруінен көрінеді. Осы процестердің бәріне тән заңдылық уақыт аралығындағы ырғақтығы және циклдығы, көп жылдық және ғасырлық өзгерістер.



Тексеру сұрақтары:

1. Ландшафттың даму формаларын алғашқы рет қандай ғалым зерттеді?

2. Ландшафттың дамуын А.В. шнитников қандай фазаға бөлді?

3. Ландшафт динамикасын қалай түсіндіресін?



_9_ - Дәріс
Жердің ландшафтық сферасы
Мақсаты: Жердің ландшафттық сферасы туралы студенттерге түсіндіру.

1. Жердің сыртқы қабаты.


Географиялық қабық ұғымы ең алғаш 1910ж. П.И. Броунның анықтауы бойынша «Жердің сыртқы қабаты» деп аталады. Бұл біздің планетеның ең күрделі бөлігі, мұнда атмосфера,гидросфера, литосфера бір-бірімен байланыс жасайды. Тек мұнда ғана заттардың қатты, сұйық және газ түрі кездеседі. Бұл қабатта күннің айналу энергиясының жиналуы жүреді, осында қалыптасуы және таралуына негіз болады. Соның нәтижесінде адам пайда болады.

Эпигосфераның нақты шекаралары жоқ. Эпигеосфераның жоғарғы бөлігі тропопаузада, яғни тропосфера мен стратосфераның ортасында, мұхит деңгейіне 10-12км биікткте орналасқан. Одан төменде ауа қабаты анықталады, мұнда жылу және ылғал, қатты бөліктер мен тірі заттар келеді.

Эпигеосфераның төменгі шекарасында, 3-5км тереңдікте ауа қабаты және судың сұйық күйі кездеседі. Гидросфер географиялық қабыққа түгелімен кіреді. Эпигеосфера негізгі оның компоненттерінің өзара байланысымен, үздіксіз зат пен энергия алмасуымен анықталады.

Эпигеосфераның құрлымы өте күрделі, үш негізгі бөліктен тұрады: тропосфера, гидросфера және жер қабатының жауын-шашынды бөлігі. Төртінші бөлігі- биосфера, яғни барлық оргонизімдердің жиынтығы болып табылады. В.И. Вернадскиидің айтуы бойынша, тірі заттар үш органикалық емес ортада орналасқан. Олар: атмосфера-литосфера, атмосфера-гидросфера (әлемдік мұхит немесе океоносфера) және океоносфера-литосфера.

Эпигоесфераның қызмет көрсетуі күннен келетін энергияға байланысты негізделеді. Жер астынан келген жылы ағыс тек 0.02-0.03% күн энергиясын құрайды. Сонымен ұатар эпигеосфера потенциалдыжәне электромагнитті энергиялардың айналуы нәтижесінде үлкен қорға ие болады. Эпигеосферадағы зат айналымы механикалық қозғалыспен ғана шектелмейді. Маңызды географиялық ұғымы геосфераның келесіне өтуімен түсіндірледі. Атмосфера газы басқа да географиялық қабықтың құрлымды ярустарында кездеседі: әлемдік мұхитпен құрлықтан суда еріп, жерге ауа тамшылары түрінде түсіп, жердің қабатының астына түседі. Атмосфера көміртегі топырақ, су қоймаларында, желдету қабатында оргонизмдерге тыныс алуы үшін қолданылады; көмірқышқыл газы-негізі «құрушы материал», жасыл өсімдіктер оргоникалық заттарды синтиездейді.

Атмосфера циркуляциясы-құрлық пен мұхит арасындағы жылу, ылғал, минералды тұздардың алмасуы арқылы жүретін маңызды механизм. Булану нәтижесіне пайда болған ылғал әлемдік ылғал айналымын туғыздырады. Жыл сайын онда 525 мың км3 су болады. Оның ішіндегі 412 мың км3 Әлемдік мұхитпен атмосфера арасында су айналымын құоайды, 41мың км3 мұхиттардан құрлыққа ағыс ретінде барады және қайтып келеді. Құрлық пен атмосфера арасындағы ылғал айналымы 72 мың км3 құрайды.



Тексеру сұрақтары:

1. Географиялық қабық ұғымын ең алғаш 1910ж. П.И.Броуновтың анықтауы бойынша қалай атады?

2. Эпигесфераның құрылымы неше бөліктен тұрады?


_10_ - Дәріс
Антропогенді ландшафт
Мақсаты: Студенттерге адамдардың ландшафтқа тигізетін зардабы туралы айту.

1. Ландшафттың адам әрекетінің әсеріне қарай бөліну түрлері.

2. Антропогенді ландшафттының жас айырмасына қарап жіктелуі.

Тауда, жазық жерлерде байқалмайтын биіктік белдеудің инверсиясы жиі байқалады. Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен қатынастарына, т.б. әлеуметтік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:



1.Адам аяғы бастаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және биік таулы белдеудегі адам қоныстанбаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық құрамында табиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты бамиды.

2.Адам әрекетінен көп өзгермеген ландшафты.Ландшафтының бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады.Бұл жерлерге халықтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік арқылы тепе- тендігі бұзылмаған.
3.Адам әрекетінен бұзылған (дигрессияланған) ландшафттар. Ландшафттың құрамдас бөліктер байланыстары жан- жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқы дүлей құбылыстардан жер жарылып, топырақ тұзданады, шабындықты арам шөп басады, жолдар мен жер азады, т.б. Дигрессияланган ландшафты жері тиімді пайдаланылмаған географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының барлығында кездесді.
4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафттар. Ландшафтының құрамдас бөлік арқылы немесе құрылымдық түзу байланыстары жан- жақты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар балансын типе- теңестіруге, жерді аздыратын жер, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар тобы түзіледі.

Антропогенді ландшафтыны өзгертуші геморфологиялық процестер, микроклимат пен жер беті, жер асты суынын режимі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түрлері де өзгереді. .

Жас айырмасына қарап антропогенді ландшафтысы үш топқа жіктеледі.

1.Ұзақ сақталып, өзін-өзі реттеуші ландшафттар. Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекетерге байланысты түзіледі. Мысалға еліміздің жеке-дара, немесе топ-тобымен тізбектеліп жататын қорған төбелерді атауға болады. Олар жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жегілікті жер жағдайларымен үйлесім тапқан құрамдас бөлік аралық тепе-теңдігің сақтап келеді. Олардың түзілу жолдары адам әрекектіне байланысты болғанымен, қалыптасқаннан кейін даму эволюциясы табиғат заңдылықтарына сәйкес келеді.

2.Көпжылдық,жарым-жартылай реттелуші ландшафттар. Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, жабындық пен жайлымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымнан шығарып алмау үшін мезгіл-мезгіл жаңғыртып отыру керек.

Тексеру сұрақтары:

1. Ландшафт адам ірекетінің әсеріне қарай қалай бөлінеді?

2. Антропогенді ландшафт жас айырмасына қарай қалай жіктеледі?


_11_ - Дәріс
Қазақстанның жазық аймақтарындағы ландшафтылары
Мақсаты: Қазақстанның жазық аймақтарындағы ландшафттылары туралы студенттерге жалпы түсіндіру.

1. Орманды дала зонасының ландшафттысы.

2. Дала зонасының ландшафттысы.

3. Шөл зонасының ландшафттысы.

4. Шөлейт зонасының ландшафттысы.

Қазақстан Республикасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мүнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық процесстердің, климат жағдайларының, қар жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктикалық және қоңыржай, жазда полярдық және торпиктік ауа массалары әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары әр түрлі болып келеді де, табиғаттың ерекше құбылыстары мени процесстерінің әсерінен ландшафтысы жиі-жиі өзгеріп отырады.

Республика территориясының орасан үлкендішгіне, орографиясының ерекшелігінен тым континентті болуына, әртекті жазықтар (мүсіндік, аккумуляциялық, денудациялық) мен әр түрлі биіктіктегі таудың (аласа, орташа, биік) кең айиақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен ұштасып жатуына байланысты Қазақстан ландшафтысы бірнеше типті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарына жатады. Жазық аймақтардағы ландшафтысы зоналы, таулы фймақтағы ландшафтысы азоналы. Биіктік белдеу рет бойынша жүйеленеді.

Қазақстан жерінің 90%-ын жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 км-ге, батыстан шығысқа 3000км-ге созылған. Геологиялық-геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық аырма жасап әрекет етуіне қарай орманды, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші болады.



Орманды дала зонасының ландшафтылары:Орманды дала зонасының ландшафтылары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Павлодар облыстарында тараған, оңтүстік шекарасы Қостанай және Көкшетау қалаларының ендіктерінде өтеді. Жалпы көлемі 1млн га, Қазақстан территориясының 0,4%. Бүл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезінде түзәлген, мезокайнозойлық тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Қазіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныстары аллювийлі және көлтабанды-аллювийлі саздақтан ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаттары ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континентті, 100 С-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-22000С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэффициенті 0,77-0,56. Өніп—өсу кезенінің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы 20-30%. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала ландшафтысының қазақстандық нұсқасы дамыған. Ол Суффозиялық немесе ежелгі көлтабандық дала ойыстарында өсетін орман шоқтары және тегіс жазықтағы дәнді шөптесін мен әр түрлі шөптесіндерден тұрады. ТТК-ның негізгі түрінің таралу сипатына қарай орманды дала екі зонаға бөлінеді: типті және типті емес орманды зона.

Типті орманды дала зонасы солтүстік ендіктің 550нан солтүстікке қарай қоңыржай ылғалды климат жағдайында қалыптасқын. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Жер бедері мен топырақ қабатын түзуші жыныстардың литологиялық мен территориясының тілімденуі сипатына байланысты ландшафтыларының құрылымдық ерекшелігі қалыптасқан. Жер бедері жақсы тіліиденген саздақты тегіс жазықтағы өзен аңғары беткейлерінің жоғары бөліктерінде кәдімгі орташа қарашірікті топырақта қсетін әр түрлі шөптесіндер өседі. Топырағының ылғалы мол және құнарлы болып келеді. Жер түгелдей жыртылған. Құмды және құмайтты жазықтарда сұр түсті топырақ қалыптасып, оған қайыңды орман өскен. Астында ащы саз балшықты қабаты бар саздақты жонда сортағдалған сұр түсті сортаң топырақ қалыптасып, онда қайығды-көктеректі орман шоқтары өседі. Ашы және карбонатты саз балшықты табаны тегіс ойпаң жерлерде сортаңды, сортаңдалған және карбонатты шалғынды қара топырақ қалыптасып, оған әр түрлі шөптесінділерден тұратын шалғындар орналасқан. Интразоналы жағдайда шалғынды дала сортаңы қалыптасып, оларға галофитті шалғындар тараған. Өзен жайылмасының шалғынды топырағына биік өсетін шалғынды шөптесінділермен бірге батпақтанған шымтезекті топырағына өлең шөпті қамыс өскен.

Сондай-ақ гидроморфты көлшіктер де кездеседі. Солтүстік ендіктің 550нан оңтүстікке қарай орманды дала зонасының типті емес зонасы орналасқан. Бұл жердің климаты орманды далаға ұқсайды, ылғалдану коэффициенті төмен. Мұнда саздақты жыныстан түзілген көотабанды-аллювийлі, деллювийлі, проллювийліжәне денудациялық жолмен пайда болған жонды жазықтар бар. Оңтүстікке қарай қара топырақта дәнді шөптесінді, әр түрлі шөптесінді – қызыл бозды дала –өсімдіктері тараған. Сазбалшықтан түзілген тегңс көлтабанды ойпаңның сұр түсті топырағы мен сортағ топырағына көктеректі қайың мен тал ағаштарының орман шоқтары қскен. Ландшафт кешендерінде шалғынды-далалы және далалы сортаң , шалғынды сор, өлең шөпті қамыс өскен батпақтар, кішігірім өзекше көлшіктер жиі кездеседі. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарына әр тұрлі шөптесінді- дәнді шөптесін өскен шалғындар дамыған.

Ландшафтынығ басқа типтерімен салыстырғанда, орманды далада жануарлар дүниесі жақсы сақталған. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көе кездеседі. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ. Қарға сияқты құстар тіршілік етеді. Бұлан мен жабайы шошқа да мекен жай тапқан.

Орманды даланың 50-55%-50-55%- і егіске жарамды. Жайылым мен шабындық та баршылық. Мал шаруашылығы сүтрті-етті мал өсіруге бағытталған.

Дала зонасының ландшафттары:Қазақстан жерінде дала ландшафттары Каспий маңы ойпаты жазығынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км-ге созылған. Олардың ені жер бедері, климат т.б. ландшафт түзуші фактрларға байланысты 40-140 км-ге (кейде 400 км-ге дейін) дейін ауытқиды. Дала ландшафтылары 77 млн га жерге тараған, яғни республика жерінің 29%-ін алып жатыр. Олар Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тауы алдындағы борлы үстірттеғ Торғай үстіртінде, Сарыарқада және БатысСібір ойпатының Қазақстандық бөлігінде дамыған. Бұл жерлердің тектоникалық құрылымы мен геоглогиялық құоылысы әр түрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Мұнда дала ландшафтысы теңіз табанды сазбалшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Орал, Мұғалжар тауларының шығыс жағында жатқан далалар жас платформаның шитті және плиталы жазықтарында дамыған. Олар теңіздік жіне құрлықтық жағдайда қабаттасып, қаттасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тәрізді саздақтан және сазды жыныстан түзілген. Жер бедері әр түрлі болып келеді. Тектоникалық құрылымына қарай жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып ажыратылады. Сарыарқада ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары кездеседі. Жер бедерінің барлық деңгейінде де қуаң және құрғақ континентті климат қалыптасқан. Солтүстігінде қоңыржай қуаң климат , оңтүстігінде құрғақ континентті климат қалыптасқан. Жалпы дала ландшафтысы тараған жерде қыс суық, құрғақ болады, қар жамылғысы 20-30см, жер бетіңдегі тоңды қабаттыңқалыңдығы 1-1,5 м-ге дейін жетеді. Қыста арктикалық суық ауа массалары мен сібірлік антициклон жиі соғып тұрады. Ор кезде ауа райы 2-3 күнге созылған қарлы боран болып басталады да, соғы -400 С жететін аязбен аяқталады.

Жазы ыстық, құрғақ, жиі-жиі аңызақ желдер соғып тұрады. Атмосфералық жауын-шашын көбіне батыстан келетін ауа массасымен тасымалданады. Олар негізінен жылдың жылы айларында түседі. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 310-220 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,57-0,27. 100С-ден жоғары болатын ауа температурасының жиынтығы 2150-30000. Өніп-өсу кезеңі 135-170 күндей. Осы кезеңде аңызақ жел мен қуаңшылық жиі байқалады. Қуаңшылық жылдардың қайталануы солтүстігінде 40-50, оңтүстігінде 70-80%. Климаттың құрғақшылығы мен жиі қайталанатын құрғақшылыққа құрлық беті суының сипаты, гидрологиялық режимі тікелей байланысты. Жергілікті өзен торы өте нашар дамыған. Олар жаз айларында түгелдей құрғап қалады. Тұрақты ағысы бар Жайық, Ертіс өзендері басқа аймаұтардан бастау алады. Олардың жылдық ағынының 80-90% көктемгі су тасқынына тұспа-тұс келеді. Жалпы дала тұщы су қорының жетімсіздігінен тапшылық көреді. Топырақ, өсімдік жамылғылары жылу мен ылғал қатынасының сипатына байланысты қалыптасады.

Далада құнары мол, өалыңдығы 80-100 см-ге жететін шымды топырақ дамыған. Жамылғысы биік және бітік өскен, түрі мен реңі алуан түрлі болып келеді, 1 м2 жерде 50-ден астам өсімдік түрі кездеседі. Қазақстан даласында құрғақ климат пен аңызақ желге төзімді көде, бетеге, селеу, боз, бидайық, сүлыбас, арпабас, атқонақ, түлкіқұйрық, қоңырбас сияқты дәнді шөптесіндер өседі. Ондағы әрбір тамшы су топырақ құнарының артуы мен өсімдік жамылғысының өсуіне эор ықпал етеді. Дала ойыстарында, өзектерінде, қара сулы жайылмаларда, өзен аңғарларында шалғындық өсімдіктер тараған. Жыраларда, сайларда, өзен арналары бойында бұталар мен орман шоқтарының жасыл желектері дамыған. Дала тағылары да алуан түрлі. Еі көп кездесетіндеріне түлкі тышқандар, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзең, бүркіт, қаршыға, жылан, кесіртке, т.б. жатады. Дала ежелден халықтардың жиі қоныстанған жайылымдық, шабындық және егістік жерлері болып саналады.

Территориясының ерекшелігіне қарай далалық ландшафт типі төрт зонаға бө лінеді: 1) кәдімгі шіріндісі орташа қара топырақты жердегі әр түрлі шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) шіріндісі шамалы жердегі әр түрлі шөптесінді бетегелі боз өскен дала; 3) күңгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі боз өскен қоңыржай құрғақ дала; 4) нағыз қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі бозды дала. Ландшафтылардың құрылымының кешенділігі грунт және топырақ қабаттарының ылғал режимі мен тұздылығына байланысты болып келеді. Ал грунт пен топыырақ қабаттарындағы судың, тұздың таралуына жер бедерінің орташа және ұсақ өлшемді айырмалары, оларды түзетін жыныстардың литогендік құрамы зор әсер етеді.



Кәдімгі шіріндісі орташа қара топырақты жерлердегі әр түрлі шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала. Бұлар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,Көкшетау, Повлодар облыстарының территорияларында дамыған. Жалпы Сырт пен Орал тауы алдындағы денудациялық-аккумулятивтік жазықтарда, Торғай төрткүлді өлкесінде,Көкшетау қыратының тұғырлы жазығында, Қазақстан шектес жатқан Батыс Сібірдің ежелгі және қазіргі көлтабаңды жазығында қалыптасқан. Беткейлері сай-саламен тілімденген жонды белестер, жазиралы кең жазықтармен алма кезек алмасып жатады. Климаты қоңыржай қуаң континентті, жылына орта есеппен 310-290 мм-дей жауын-шашын түседі. Жылу мен ылғал балансының қатынасы құнарлы қара топырақтың қалыптасуына қолайлы. Өсімдік жамылғысы мол өнім беретін әр түрлі шөптесін мен боздан құралған. Жануарлар дүниесі де бай. Суыр, сарытышқан, қасқыр, түлкі, дуадақ, бүркітғ ителгі, қаршыға сияқтылар тіршілік етеді. Лпндшафттың негізгі түрлерін к»дімгі және карбонатты қара топырақта өсетін әр түрлі шөптесінді ұызыл бозды өсімдік жамылғысы тараған саздақтан түзілген деннудациялық жазықтар; құрылымында шалғынды дала сортаңы жиі кездесетін кәдімгі қара топыраққа қскен әр түрлі шөптесінді бозды шөп жамылғысы дамыған лесс аралас саздақтан түзілген деллювийлі-пролювийлі қыратты жазықтар құрайды. Беткейдегі жыралар мен сайларда байрақ орман шоқтары мен бұталар өскен. Тұзды көлдері мен ащы көл маңайындағы көл суының тартылуынан түзілген көлтабаңды жазықтарда шалғынды далалы сортаң мен борықты, қатқылды сор жерлер тараған. Шалғындықтары мен жайылымдары да баршылық.

Қарашірігі шамалы жердегі әр түрлі шөптесінді бетегелі боз өскен дала. Мұнда дала Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Көкшетау және Павлодар облыстарының территориясында дамыған. Табиғи ландшафтылы жер бедерінде саздақтан түзіліп, жон-жон болып келетін қабатты жазық, саздақ пен саз балшықтан түзілген ат жалды өзекшелі көлтабанды жазық, саз балшықты және саздақты-құмайтты жонды төбелі деннудациялық жазық, аллювийлік жазықтар да басым болып келеді. Ландшафт кешендерінде шалғынды далалы және далалы сортаң жерлер жиі кездеседі. Субдоминант типіне жататындар: байрақты орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар, шалғынды және бұталы суффозиялы ойыстар, тұзды және ащы көлдер маңына тараған борықты және қатқылды сорлар. Қарашірігі шамалы жердегә әр түрлі шөптесінді боз өскен қуаң далада да егістіктің үлесі жоғары, 60% ке дейін барады.

Күңгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі боз өскен қоңыржай құрғақ дала. Мұндай даланың ірі массивтерін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Ақмола, Павлодар облыстарынан көптеп кездестіруге болады. Табиғи ландшафтылардың әртекті түзілуі биоклимат жағдайына байланыстыедәуір дәрежеде бір деңгейде келген. Климаты қоңыржай құрғақ, континентті, ылғалдану коэффициенті 0,45-0,35. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлерге мыналар жатады: лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтан түзілген құрылымдық, деннудациялық, қсақ шоқылы деллювийлі пролювийлі жазықтар мен саз балшықтардан түзілген көлтабандық аллювийлік жазықтардың күңгірт қызыл қоғыр топырағында өскен ксерофитті әр түрлі шөптесінді бетегелі бозды дала; жыралар мен сайларға тараған байрақты орман шоқтар. Дала ойыстары мен көлтабанның қара сулы жайылмасында шалғын, шұрат, тартпа сорлар, қатқылды сортаң дамыған. Күңгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі боз өскен қоңыржай құрғақ далалық егін жай, шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.

Нағыз қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі бозды дала. Бұл зонаның шекарасын жай көзбен ажырату өте қиын. Табиғи ландшафтылар төмендегіше тізбектеледі: жер бедерінің өзекті қолаттары, далалы ойыстары, көлшіктер кездесетін саз балшықтан түзілген теңіз табанды тегіс жазықтардың нағыз қызыл қоңыр, шалғынды қызыл қоңыр топырақты жерлеріне өскен бұталы бозды бетегелі дала; саздақтан түзілген түйетайлы абразиялық жазықтардың қызыл қоңыр сортаңды топырақтары мен көл маңындағы сор басқан жерлеріне өскен жусанды бетегелі дала мен шалғын; саздақты жыныстан түзілген жонды белесті жазықтардың жіне оларды тілімдеген аңғарлардың, сай-салалардың қызыл күрең топырақты, шалғынды топырақты жерлеріне өскен бетегелі көделі шалғын; құмайтты саздақтан, құмнан түзілген сатылы ежелгә аллювийлі жазықтар мен құмды шалғындардың қызыл күрең карбонатты және құмды топырағына өскен бұталы шалғынды дала. Жер бедері ойысты, өзекті, қолатты болып келеді. Бұл жер негізінен жайылым үшін пайдаланылады.

3. Жалпы Қазақстан жеріндегі дала ландшафтысы климаттық аймақтық ерекшеліктеріне байланысты төрт бөлікке бөлінеді.

1).Қазақстандық Шығыс Европа жазығының даласы. Жалпы Сырт қыратының солтүстік шығысы мен Орал алды және Жем үстіртінің жонды белесті, қабатты денудациялы жазықтары мен Каспий маңы ойпатының тегіс аккумуляциялы жазықтарын алып жатыр. Даланың барлық зоналары түгел кездеспейді. Ландшафтысы қоңыржай континентті климат жағдайында қалыптасқан. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі. Сондықтан табиғи ландшафтысы шымды топырақты жерлерге өсетін дәнді шөптесіннен түзілген. Егістікке жарамды жерлерде дәндә дақылдар егіледі.

2) Торғай төрткүлді даласы. Негізінен Торғай үстіртінің сатылы төрткүлінде тараған. Торғай даласы теңіздік және континенттік шөгінділерден түзілген. Төрткүлдің жоғары және орта белдеуіндн ксерофитті дала орналасқан. Ал төменгі белдеуінде галофитті шалғын мен сортағ, ащы сор дамыған.

3) Сарыарқа даласы. Дала зонасының барлық бөліктері дамыған. Мұндағы ұсақ шоқылы тау жұрнақтарының тосқауылды-орографиялық әсерінен жауын-шашын молырақ. (жылына жылына 300-350 мм) Тау дәнді дақылдар егіледі.

4) Қазақстандық Батыс Сібір ойпатың даласы. Бұл дала Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігінде тараған. Жер бедері жазық, климаты қоңыржай континентті, топырағы құнарлы. Ландшафт құрылымында егістіктің үлесі мол, 50-70%, жонды денудациялы жазығында 40-60%.

3. Шөл зонасының ландшафттары.

Шөлді ландшафтылары Қазақстандағы жазықты аймақтардың өңтүстістігіндегі Каспии маңы ойпатында, Маңғыстауда, Үстіртте, Арал маңында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Бетпақдалада, Балқаш маңында тараған. Жалпы көлемі 117млн.ға немесе территориясының 44%. Бұл жердің тектоникалық құрлымымен геологиялық құрлысы өте күрделі.

Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада, орталық бөлігі жас эпигерциндік плиталық платформада.

Шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы-жақпарлы орогендік құрлымда орналасқан. Жер бетін түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Олар теңізтабанды және континентті ортада жиналған. Қазіргі жер бедері мен ландшафт түзуші жыныстарының литогендңк жыныстары әртүрлі болып келеді. Жер бедері теңізтабанды, көл табанды, аллювийлі тегіс ойпатты, эолды, аридті-денудациялық қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады. Жер бедерінің пішінімен топырақ қабатын түзуші саз балшықты, саздақты, құмды, кесек тасты және қиыршық тасты болып келеді. Саз балшықты теңізтабанды жазықтар. Каспии маңы ойпатында, Үстіртте, Бетпақдалада тараған. Бұл жерде топырақ пен өсімдік жамылғысы нашар дамыған, тақыр жер көп кездеседі.

Каспии маңы мен Арал маңы құмдарда жусанды еркек шөпті , көделі, өсімдік жамылғылары жиі ұшырайды. Бұл зона төмендегідей ландшафттардан түзіледі: - Саз балшықты жыныстан түзілген теңізтабанды ойпатты жазыұтың сортаңды қоңыр топырағына өскен бұйырғынды жусанды, итсигекті-жусанды және сортаң мен сорға өскен қаражусанды-бұйырғынды шөлді зона. Ландшафт кешендеріеде тұзды көл, тұзды қатқал, тұзды, тарпа сор, сортаң жер мен соры шыққан шалғынды топыраққа ғана өсетін сортаң шөпті қамыстар, бидайықты-ажырықты шалғынды зона.

- Саз балшықты және саздақты жыныстардан түзілген көлтабанды, аллювиилі жазықтың сортаңды сұр топырағына, сор жеріне өскен бұйырғынды жусанды, баялышты-жусанды шөлді зона.

- Атыраулық төбелі және төбелі бұйратты құмдарға өскен жусанды-еркекшөпті, шыңғылды-жүзгінді шөлді зона.

- Шағылды, шағылды-төбелі құмдарға өскен жусанды-еркекшөпті, қияқты-құмаршықты, жыңғылды жусанды, кейде көктерек пен қарағай, тал өскен орман шоқтары.

Сұр-қоңыр топырақты жерге тараған эфемерлі-жусанды оңтүстік шөл Маңғыстау үстіртінде, Үстірт қыратында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Сарыесік-Атырауда, Іле жазығында, Алматы, Қызылорда, Талдықорған облыстарының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювиилі, тау алдындағы проллювийлі, жазықтан тұрады. Климаты құрғақ континентті. Жылына орташа 150-100 мм жауын-шашын түседі. Қысы суық, қар болмайды, көктемі жылы, топырақ қабаты тез қызады да, эфемерлер мен эфемероидтар қаулап өседі.



Шөлейт зонасының ландшафттары:Бұл зона Каспии маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге созылған, жалпы 44млн.га немесе республика территориясының 16.5%-і негізінен Каспии маңы ойпатының солтүстігінде, Орал адды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқаның оңтүстігінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қостанай, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Климаты құрғақ континентті жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180мм, ауа темперетурасының 100С-тан жоғарғы жылдық қосындысы. Жазы ыстық, шілдедегі орташа температурасы 20.4-20.50С. Қысы суық, қаңтардағы орташа ауа температурасы -13.4-16.90С. қар жамылғысы жұқа.

Шөлейтті ландшафты геологиялық-геоморфологиялық негізі, климат және табиғат жағдайларының айырмашылығына қарай Шығыс Еуропа, Торғай және Орталық Қазақстан ландшафтылы аймақтарына бөлінеді.



  1. Шығыс Еуропа жазығының шөлейтті ландшафт аймағы континентті

климат жағдайымен ерекше көзге түседі. Ландшафтысы бор дәуірінде түзілген бор және мергель жыныстарынан тұратын Орал алды Үстіртінде, төрттік дәуіріндегі саз балшықты теңізтабанды тұратын Каспии маңы ойпатында орналасқан. Мұнда теңізтабанды сазбалшықтан түзілген ойпатты жазықтағы қызыл күрең, ашыұ түсті сортаңды күрең топырақта өскен бозды-бедегелі, бозды-бедегелі жусанды шөлейт өсімдіктері тараған.

Саздақты өзен жайылмасы мен қара сулы көлтабанда батпақталынған шалғынды және қызыл күрең далалы топырақпен шалғынды топырақты құрамда өсетін қамысты, қоғалы қамыст, әртүрлі шөптесінді галофиттер тараған. Жалпы Шығыс Еуропа шөлейт ландшафтысы мал жайлымы үшін пайдалы.

2)Торғай үстіртінің шөлейтті ландшафт аймағы Орал таулары мен Сарыарқа аралығында жатқан, ұдайы өкпек жел соғып тұратын, Торғай қолатында орналасқан. Климат мұнда өте құрғақ, жазда Арал маңында жиі-жиі аңызақ жел соғып тұрады. Қыста аздаған ғана жерортатеніздік сипаттағыдай жауын-шашын түседі. Осыған орай ландшафтының биоқұрамдас бөлігінде эфемер мен эфемероидты басым болады. Сортаңды жеріне қара жусанды көкпекті, баялышты-көкжусанды көкпекті шөлдік территориялық табиғат кешендері орналасқан. Оданда биік деңгейде палеогенді және неогенді құмайтты саз балшықтан түзілген, жұқа эллювиилі-деллювиилі жамылғы мен жамылған аридті денудациялық қабатты жазықтың ашық түсті сортаңды және карбонатты топырағына ақ жусанды, бозды шөлейтті өсімдіктер дамыған. Халық шаруашылығының айналымына қосылған жердің экологиялық жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы жайылымдылық жерді ауыз суымен қамтамасыз ету, сонымен бірге көлтабандылық жолмен суарылатын жердің ауқымын кеңейту көделіп отыр.

3) Орталық Қазақстанның шөлейтті ландшат аймағы ұсақ шоқылы ежелгі тау жұрнақтары сақталған Сарыарқаның оңтүстік бөлігін қамтиды. Сарыарқаның батыс және оңтүстік шекаралары оның табиғи шептері болып саналады. Мұнда абсолют биіктігі 1300-1500 м-ге жететін ежелгі тау жұрнақтары таралған. Олардың төбесі мен беткейінде гранитті, гранитоиды жартастар және олардың қорымтасты үйінділері шығып жатады. Ұсақ шоқылы ежелгі тау жұрнақтарының арасында қиыршықты тасты саздақпен көмідген аллювиилі-пролювиилі жазық орналасқан. Оның абсолют биіктігі 300-500м. Сарыарқаның еңселі болып келуі климат жағдайының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Мұнда Торғаймен салыстырғанда жаз айларындағы апта ыстық 2-30С төмен болады, жауын-шашын жылына орта есеппен 50-100 мм артық түседі. Субдоминатты территориялық кешендер сортаңды және өзен жайылмасында тараған. Сортаңды жерге қара жусанды, бұйырғынды, изенді өсімдік жамылғысы тараған. Ұсақ шоқылы тау жұрнақтарының арасындағы жазықтың құнарлы жеріне егін егіледі.



Тексеру сұрақтары:

1. Орманды дала зонасының аумағы?

2. Дала зонасының аумағы?

3. Шөл зонасының аумағы?

4. Шөлейт зонасының аумағы?
_12_ - Дәріс
Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафттысы
Мақсаты: Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафттысы туралы студенттерге түсініктеме беру.

1. Таулы аймағындағы ландшафт.

2. Қандай ғалымдар үлесін қосты.

Тауда жер беті жынысының литогенді өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы – жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді.

Жер беті жыныстарының осындай әр түрлілігі сол өңірдің ландшатфысын күрделендіреді. Халқымыз табиғаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мән берген. Бұдан Алатау,Қаратау, Құмбел, Қарақия, Қызылқұр сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алды.

Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафттының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мәселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан аридті болып келеді.

Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін әсері барлық георрафиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жағдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, тынықмұхиттық муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына әсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан ,батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейдегі ландшафтық айырмасы екі түрлі. Іле Алатауының айырмасына байланысты беткейлерінің ландшафтылы белдеулері бір – біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес. Тау беткейлерінің көрнісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланыстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы ариді бағытта, ал теріскей беткейде жылу баланысы кеміп, ылғал баланысының байланысты жылуымен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан кейін, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрнісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90 бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу баланысында айырма болмайды.

Ландшафтың территориялық бөлшектеуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде ақ П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен В.В.Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұғым жегінен шығып кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің әсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық заңдылық дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан ғалымдардан А.Г.Исаченко мен Н.А.Гвоздецкийді атауға болады.

Жазық жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысның зоналық ырғағына күрделі өзгеріс енгізбейді.

Айтылғандарға талдау жасағанымызда таудағы биіктік белдеудің жазықтағы зоналықтан ерекше бөлініп тұратындығын түісну қиын емес. Таудың биіктік белдеуімен жазықтың зоналылығының айырмасын С.В.Калесник төмендегіше жүйелейді:



  1. Жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералық максимумдармен ауаның динамикалық жағдайларына байланысты пайда болатын зоналар тауда кездеспейді.

  2. Жоғары ендіктердегі сияқты, ұзақ полярлық күнді және полярлық түнді ортаға бейімделген ландшафтысы тауда кездеспейді.

  3. Таудағы ландшафт белдеулері гидротермикалық граденттің өлшеміне байланысты енсіз болып келеді.

  4. Таудағы жер бедерінің әр түрлі болатынына байланысты ландшафтын биіктік белдеулігі күрделі кестелермен түрленеді.

  5. Таудың бітіміне, әсіресе беткейлердің көрнісіне қарай әр бір таулы аймақтың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді.

Тексеру сұрақтары:

1. П.П. Семенев-Тянь-Шанский мен В.В. Докучаев биіктік зоналлық туралы түсінік қандай ұғымда болды?

2. Таулы аймақ туралы қандай ғалымдар үлес қосты?

3. Қандай ғалым таудың биіктік белдеуімен жазықтың зоналылығының айырмасын бес түрге жүйеледі?


_13_ - Дәріс
Дала практикасында ландшафтты зерттейтін методикасы
Мақсаты: Дала практикасында ландшафтты зерттейтін методикасы туралы студенттерге түсіндіру.

1. Дала практикасында зерттелетін методика.



Жіктелген геокомплекстердің контурының нақтылығын далалық жіне дайындық кезеңдкр арқылы анықтайды. Далалық ізднеісте жекелеген компененттерінің ерекше белгілері мен қасиеттері , олардың қарама қайшылық байланысы мен геокомплекстердің бір-бірімен ара қатынастағы анықталады. Олар рекогносцировка, барлау және ландшафттық картаға түсіру деп жіктеледі. Бұл ізденістер біртүрлі жұмысты қамтыса да мақсаттары әрқалай маршуруттық бақылау, ландшафттық қима түсіру, «кілтті» участоктарда съемка жүргізу. Жұмыстың балық түрі: алдын ала топографиялық негіз бен аэрофотосуреттерде белгіленген нүктелерде бақылау жүргізу, жазбаша сипаттама беру. Әрбір нүкте өзіне сәйкес номер алады. Бақылау нүктелерінде жүргізілген ізденістер жекелеген фациялардың вертикальдық құрылымы мен оның компененттерінің қасиеті туралы мағлумат береді. Фация түрлері кеңістікте әртүрлі сандық шамада кездесетіндіктен аналогфациялардың ізденістер толық.

Тіреу нүктелердегі ізденістер маңызы жағынан күрделідіде қиын. Бұл нүктелердегі ізденістер барлық компоненттерді бақылауда ерекше ұқыптылықты талап етеді, топырақ түзуші жыныстарды да зерттейді.

Картаға түсіру нүктелерінде тіреу және негізгі нүктелердегі мәліметтердеге сүйене отырып аналог-фацияларда қысқаша сипаттама берумен шектеледі.

Арнай бақылау нүктелері – бір комплексте толық сипаттама беру. Мысалы, аналық тау жыныстарынан табиғи немесе жасанды жер бетіне шығып жатқан аймақтарындағы арнайы литологиялық ізденістер. Бұл ізденістердің нәтижесін қолданбалы карта жасау үшін керек.

Бақылау нүктелеріндегі ізденістер жекелеген компоненттерге ізденіс жүргізуде қолданылатын методикалық әдіс көптеген ғылыми әдебиеттерде жарық көрген. Бақылау нүктелерінде қойылатын негізгі талап- мәліметтердің біріңғай болуы, яғни баяндау сәйкестігі. Өйткені шоғырланған мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіруге қолайлы. Ол үшін күнделіктегі және жеке бланктардағы мәліметтер жүйелі болған жөн.

Рельефке сипаттама беру. Күнделіктегі немесе бланктегі мәліметте рельефке жалпы сипаттама беріліп бақылау нүктесіне рельефтің мезофоамасының қай элементінде орналасқанын анықтайды. Беркейлер экспозициясында құлау бұрышымен, оның градусы көсетілуі арқылы беткеәлер сипаты анықталады. Енді нүктенің абсолюттік және салыстырмалы биіктігі анықталады., оның жер бедеріне сипаттама беріледі.

Тау жыныстары мен борпылдақ жыныстарды зерттеу табиғи немесе жасанды пайда болған жерлерді: шурфтар, карьерлер мен щұңқырлар. Жыныстардыңлитологиялық құрамы оның генетикалық шығу тегін анықтайды: шөгінді, магмалық немесе метаморфтық. Магмалық жыныстар арасындағы интрузивті (магманың қатуы нәтижесінде түзілетін тау жыныстары) және эффузивті (лаваның жер бетінде немесе жоғарғы қабатында суынынан түзілген апта магмалық жыныстар) жыныстар айырмашылығын анықтайды.


Өсімдік жамылғысына сипаттама беру. Өсімдік топтарында толық сипаттама беру тірек және негізгі нүктелерде өткізіледі. Өсімдік топтарына сипаттама беру басым ассоциация түрлері мен топтарына атау берумен аяқталады.


Тексеру сұрақтары:

1. Дала практикасында ландшафтты зерттейтін методиканың маңыздылығы неде?

2. Картаға түсіру деген не?

3. Арнайы бақылау деген не?



_14__ - Дәріс
Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы
Мақсаты: Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы туралы студенттерге түсіндіру.

1. Экологиялық аудандастырылуы.


Ландшафт экологиясы ландшафттану ғылымындағы онша жақсы танылмаған проблемалардың қатарына жатады. Осы күнге дейін оның мазмұны да толық анықталып болған жоқ. Территориялық табиғат кешендерін, олардың құрлымдық өзара байланысын географиялық құрамдас бөліктерінің өзара әсерін зерттейтін ілімді ландшафт экологиясы деп атайды.

Ландшафт экологиясы ұдайы өзгеріп тұрады. Бұл өзгеріс табиғи жолмен де, адам әрекеті нәтижесінде орын алады. Жалпы территориялық табиғат кешендеріне әсер ететін құбылыс пен процесті э к о л о г и я л ы қ фактор дейді. Ол табиғи ерекшелігі мен антропогендік факторларға жіктеледі.

Г е о г е н д і к ф а к т о р ғ а территориялық табиғат кешендерінің литогендік негізін ( Жер қыртысын түзетін минералды заттар мен тау жыныстары) жер бедері пішінінің түзілу жағдайының, ауа, су температурасын, қысымын, жел күшімен бағытының, грунттың, топырақтың, өзен, көл суының, т.б. жағдайларын, территориялық табиғат кешендерінің ауа, су, топырақ, т.б. құрамдық бөліктерінің нитраттық, нитриттық, пестицидік көрсеткіштерін, радиоактивтілік фондарын жатқызады.

Б и о г е н д і к ф а к т о р ғ а микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың басқа жақтан келуіне, немесе ауып кетуіне байланысты дамитын әрекетер жатады.

А н т р о п о г е н д і к ф а к т о р ғ а анамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіру, өнеркәсіпен жол қатынасын дамуытуы, ауылдық, қалалық, демалыс саяжайы, мекенжайлар тұрғызу сияқты әрекеттері арқылы территориялық табиғат кешендерін құрамдық, құрлымдық бөліктерінің өзгертуі жатады. Геогендік және биогендік факторларға қарағанда антропогендік фактордың әрекеті күн сайын дамуда. Олардың қарқынының артуына ғылыми-техникалық революция үлкен әсер етіп жатыр.

Көптеген зерттеулерге қарағанда, жоғары рангыдағы территориялық табиғат кешендерінің ( ландшафты аймақтары, облыстар, зоналар, зона бөліктері) экологиялық жағдайды баяу өзгертеді де, төменгі рангыдағы территориялық табиғат кешендері ( фациялар, қоныстар) тез өзгертеді.

Жоғарғы рангыдағы территориялық кешендерінің экологиялық жағдайы қай уақыттада құрамды бөліктерінің өзгерістерінен басталады. Бұл заңдылықты өткен ғасырда В.В. Докучаев ашқан болатын.


Оның зерттеуіне қарағанда осы қара топырақты дала зонасы ХYIII ғасырға дейін орманды дала зонасы екен. XYIIIғасырдан бастап орыстың болат қорытушылары кәсіпкерлік мақсатпен соңғы ғасырлар ішінде қара топырақты зонаның орман шоқтарын жойып жіберген. Ландшафт экологиясын жақсартып, территориялық табиғат кешендерін, олардың түзіліс жолдарымен даму бағыттарын танып білу арқылы байлықтарын тиімді пайдалануды, қажетіне қарай қорғауды, еселеп өсіруді, жаңа сапа туындатуды оптималдандыру деп атайды. Ол үшін территориялық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерін экологиялық тұрғыда жан-жақты салалап зерттеу, географиялық кешенің нақтылы моделін жасау керек.

Төменгі рангтағы территориялық табиғат кешендерінің экологилық жағдайы құрамды бөліктер бойынша да, құрлымды бөліктері бойыншада өқзгеріп отырады. Олардың құрлымы мен құрамы қайта түлеп, экологиялық жағдайы жақсарған түрлеріне шөлдегі суармалы егіс, бау-бақша т.б. жатады. Ал жарамсыз жерге айналған территориялық табиғат кешендері қатарына құнарсызданып кеткен жайылымдармен егістер, көзі бітеліп, суы тартылған бұлақтар т.б. жатады. Бұлардың экологиялық жағдайы негізінен адам әрекетінен өзгереді.

Ландшафт экологиясының өзгеру, даму жолдарын білудің табиғаттану мен бірге территориялық табиғат кешендерін оптималдандыру үшін де пайдасы орасан зор. Экологиялық жағдайы қолайлы болатын жерлерде территориялық табиғат кешендерінің құрамдас және құрылымдық бөліктері бір-бірімен үйлесім тауып дамиды.




Тексеру сұрақтары:

1. Ландшафттың экологиялық аудандастырылуы қалай?

2. Геогендік фактор дегеніміз не?

3. Биогендік фактор дегеніміз не?

4. Антропогендік фактор дегеніміз не?


_15__ - Дәріс
Дүние жүзінің ландшафттысы
Мақсаты: Студенттерді дүние жүзінінің ландшафттысын оқыта үйрету.

Дәрістің жоспары:

1. Климаттың белдеулер мен зоналар.

2. Географиялық белдеулер.

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР МЕН ЗОНАЛАР

Белдеулер

Зоналар

Полярлық

1.Шөл 2.Арктикалық тундра

Субполярлық

3.Тундра 4.Тундра алдылық сирек ормандар мен орманды тундра

Қоңыржай

Бореальды белдеу бөлшегі

5.Мұхитжағалаулық шалғындар мен сирек ормандар 6.Тайгалар

Суббореальды белдеу бөлшегі

7.Аралас ормандар 8.Жалпақжапырақты ормандар 9.Орманды далалар мен прерий 10.Далалар 11.Шөлейттер 12.Шөлейттер мен шөлдер

Субтропиктік

13.Қылқан жапырақты ормандар

14.Мәңгі жасыл және жартылай мәңгі жасыл аралас

ормандар

15. Жартылай мәңгі жасыл қарағайлы ормандар 16.Ормандар, аралас ормандар және жерорта типті аласа ағаштар 17. Шөлейттер 18. Шөлдер 19. Жаздық ылғалды сирек ормандар мен аласа ағаштар 20. Далалар 21. Прерий және шалғынды далалар



Тропиктік

22. Шөлдер 23. Шөлейттер 24. Сирек ормандар мен аласа ағаштар, саванналар және биіктаулы далалар 25.Жартылай мәңгі жасыл маусымдық ылғалды ормандар 26. Мәңгіжасыл тұрақты ылғалды ормандар

Субэкваторлық

27. Мәңгіжасыл ылғалды және қоңыржайдың ылғалды ормандары 28. Жартылай мәңгі жасыл және қоңыржайдың ылғалды ормандар 29. Мәңгіжасыл жартылай құрғақ ормандар мен аласа ағаштар 30.Жапырақ тастайтын қоңыржайдың ылғалды құрғақ ормандары 31.Ылғалды және қоңыржайдың саваннасы мен сирек ормандары 32. Құрғақ және шөлденген саванна, сирек ормандар мен аласа ағаштар

Экваториалдық

33. Мәңгіжасыл аса ылғалды және ылғалды ормандар /гилей/34.Жапырақ тастайтын мәңгіжасыл ормандар



1 сурет. Шілде айындағы атмосфералық қысым мен желдер





  1. сурет. Қаңтар айындағы атмосфералық қысым мен желдер



Сурет- 3. Құрлықтың жазықтарында негізгі ландшфт типтеріндегі жылу мен ылғалдың ара қатынасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет