Сабақтың тақырыбы: Биіктік белдеулер және антропогендік кешендер



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#27314
түріСабақ
  1   2


Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.

«Балқаш қаласының №15 мектеп – лицейі»КММ

География пәнінің мұғалімі Бархыбаев Абылай Мейрамбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Биіктік белдеулер және антропогендік кешендер.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясында орналасқан биік таулы өлкелердің орналасуы, флора мен фауна, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білу, антропогендік кешендердің адам әрекетінің әсерінен өзгеруін білу, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, функционалдық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, өздігінен ізденуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: оқушылар еліміздің территориясында орналасқан биік таулы зоналардың флорасы мен фаунасын біледі, өсімдік пен жануарлар типін жіктейді, топта талқылайды, зерттеушілік әңгімеге, диалогқа түседі, адам әрекетінен биік таулы өлкелердің өзгеруін талқылайды, физикалық картадан көрсетеді, топта жұмыс істеу арқылы өздігінен ізденеді.

Рефлексивті есеп.

География пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 20 ақпан күні 8в сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, «биіктік белдеулер мен антропогендік кешендер» тақырыбында сабақ өттім.

Сынып оқушыларын топқа бөлмес бұрын, оқушыларды сабаққа дайындадым. Мен әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады.Үй тапсырмасын «Мен саған, сен маған»стратегия сұрақтары бойынша қайталадық. Оқушыларға таратылып берілген сұрақтар үй тапсырмасын қайта қайталауға, пысықтауға өз көмегін тигізеді. Сыныпта жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушылармен «Суреттер сөйлейді» ойынын ұйымдастырдым. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға көмектесіп, ойын балаларға да, сабаққа еніп отырған әріптестеріме де ұнады. Оқушыларды стикер арқылы « Алтай», «Тянь-Шань», «Сауыр-Тарбағатай» деп 3 топқа бөлдім.

Жаңа сабақты «Миға шабуыл» арқылы сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып алдық. Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен презентация арқылы сабақты толықтырып кеттім. Қазақстан территориясындағы биік таулар туралы видеоролик көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар бердім. Оқушылармен бірге «Сен маған, мен саған сыйлық сыйлайық» атты сергіту сәтін жасап, стикер бойынша топқа бөлдім. Мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторларды тізбектесек; мұғалімнің балалардың қалай оқитынын түсінуі; нені оқыту керектігін түсінуі; оқу үдерісінің қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндіктерін игеруі. . Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана берілген материалдар толық меңгеріледі. Мұғалім оқушылардың не білетінін және нені және қалай жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын түсінуге тырысады. Осы аталған нұсқаулықты негізге ала отырып, сабақты нақтылап, жоспарладым.




Топқа бөлініп болған соң, оқушылар өз топ басшыларын сайлады. Бағалау қағазы таратылды. Топ басшысына топқа оқушыларды қалай, қайтіп бағалайтыны жөнінде кретерий де таратылып берілді. Жаңа сабаққа постер жасау барысында оқушылар барлығы өзара топта жұмыс істеді. Топтарға мен тек постер жасап, оны қорғап, өздері я басқа топтардың бағалайтынын таныстырған болатынмын, сонда да мен оларға постерден бөлек топ басшысына деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар бердім. Мен үшін бұл ерекше қызықты болды. Себебі, деңгейлік тапсырмалар тек постер жасаумен шектелген жоқ, керісінше қосымша тағы да сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар осындай тапсырмалармен үлгере алар ма екен деген сұрақ болды. Әрине, берілген тапсырмалар мен сұрақтар жас ерекшелігі мен оқулық шеңберінен алыстап кеткен жоқ. Өзім үшін де эксперимент жасап көргім келді. Оның үстіне бұл жаңа сабақты біз оқулықтан алмаймыз, яғни мұғалімдер басқа ақпарат көздерінен тауып алып келетінбіз. Менің ойымша, мен күткен нәтижелер орындалды. Топ басшылары да, топ мүшелері де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға, постерлерін жасап, оны қорғауға дайын болды. Мен тек сырттай бақылап, бағыттап отырдым. «Алтай» тобы тіпті сабаққа қызыққаны соншалық таудың суретін салуға дейін барды. Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде Мәди, Сымбат, Санжар, Томирис, Алуа болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Өз топтарын алға сүйреп, топ ішінде талқылады, диалогқа ықпал етті. Мұғалімнің үш негізгі көмекшісіне сүйене отырып, сынып ішіндегі климаттың, тақырыптың барынша оқушыларға қолжетімді, сапалы өтуіне барынша тырыстым.

Оқушылар постер мен деңгейлік тапсырмалар жасау үстінде.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет