Сабақтың тақырыбы: Биіктік белдеулер және антропогендік кешендер



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#27314
түріСабақ
1   2

Топтар өз жұмыстарын аяқтап, 2-топтың топ басшысы Гүлсая өздеріне берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы хабардар етті. Өзге топтар да жұмыстарын аяқтап, постерлерін қорғады. Топ басшыларына таратылып берілген бағалау қағазына топ лидері бағалап отырды. Постердің тақырыбы, мәтіні жалпы көңілімнен шықты және түсінікті болды. Оқушылардың кейбіреулері өзге сабаққа постерді әрлеуге тырысып жатса, бұл сабаққа постердің мәтінінде не жазылған, соған аса назар аудардым. Әсіресе «Алтай» тобы тақырыпты барынша аша білген. Өсімдіктері мен жануарлары, табиғат зоналарын толық сипаттап,физикалық картадан географиялық орнын көрсетіп берді. Барлығын өздері ұйымдастырды, мен тек бағыттадым, деңгейлік сұрақтар бердім. Осыдан өзім бір қорытындыға келдім. Егер де дұрыс мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды берсек, оқушылар онымен де жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде, оқушының өздігінен ізденуіне, анализдеп синтездеуге, өз пікірін қорғауға көп септігін тигізеді. Өзге топтар да жұмыстарын ойдағыдай өз дәрежесінде қорғады. Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді,әрі қызықты өтті. Еліміздің территориясындағы биік таулы зоналар мен антропогендік кешендерді толық сипаттап, оны картадан және деңгейлік тапсырмалардың көмегімен өздігінен ізденуіне дағдыландырдым. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алдым. Менің ойымша,бүгінгі сабақ балаларға ұнады деп ойлаймын.

Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, өзге топтарға таныстыру үстінде.


Сабақтан кері байланыс (рефлексия) .

Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты. Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың көп екендігіне, оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына көзім жетті. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.

Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы (рефлексия, кері байланыста)

Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен матреиалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.

Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: кретериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.



Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бқлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Осы айтылған маөсаттар мен әдістер қолданылғанда сабақтың сапасы мен қолжетімділігі арта түседі. Қорыта келе айтарым, мен бұл сыныпқа және барлық сыныптарды әлі де саралап, анализдеп жүрмін. Мұндағы менің мақсатым біреу ғана, ол-сабаққа 7 модульді енгізу арқылы сабағымның қызықты әрі қолжетімді болуы. Сол үшін өз дәрежемде ізденіп, әрбір сабағыма үлкен дайындықпен келіп жүрмін. Мен үшін мектептегі ең басты нәрсе, ол-сабақтың, білімнің сапасы. Білім сапасы мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Ол үшін бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу маңызды . Ұстаздың мықты болуы, пәндік-теориялық білімінің жетілуінің мықты болуы үшін ұстаздың өзі бір орында тоқтап қалмауы керек. Барлығын анализдеп, синтездеп барып қана өзіңіз күтетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алдағы уақытта өзімнің тәжірибелерім мен зерттеулерімді 7 модулді ықпалдастыра отырып, сыныптағы білім сапасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын одан ары көтеруге бар күшім мен жігерімді салатын боламын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет