А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет24/30
Дата18.06.2017
өлшемі3,08 Mb.
#19211
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

Дәрістің мазмұны:


1.Мұхит түбінің негізгі геотектурасы.

Мақсаты: Мұхит рельефінің ерекшелігін ашу

Тірек сөздер:Материктік шельеф, беткей, табаны, аралық зона, мұхит арнасы.

Негізгі сұрақтар: Мұхит түбі рельефінің қалыптасуының құрлық рельефімен ұқсастығын және айырмашылығын ата?

Мұхит және құрлықтың жыныстық қабаттарын ата және ерекшелігін ата?



1.Мұхит түбі рельефі эндогенді және экзогенді процестер әсерінен қалыптасады. Мұхит түбі морфоскульптурасы рельеф қалыптасуында тәуелді қызмет атқарады. Мұхит түбінің негізгі геотектурасына: материктің су түбіндегі шеті, аралық зона, мұхит арнасы, орталық жоталар жатады; ал ал морфоструктурасы материктің су түбіндегі шеті: материктік шельф немесе қайраң, материктік беткей, материк табаны; аралық зоналар: шеткі теңіздер, қазан шұңқырлар, арал доғалар, терең шұңғымалар; орталық жоталар мен мұхит арнасын қамтиды.

Материктің су түбіндегі шеті – мұхит ауданының шамамен 20% алады. Ол су басқан материк қабығынан тұрады. Материктің су түбіндегі шетін материктік шельф, материктік беткей және материк табаны деп бөледі. Материктік шельф – құрлықтың платформалық жазығының мұхит астындағы жалғасы. Мұхит ауданының 7,5% алады. Материктік шельеф өте терең емес, геологиялық құрлысымен рельефімен ерекшеленеді. Шельф тереңдігі 200 метр кейде 500 метр. Мысалы:Антарктида жағалауы 650 метр. Материктік шельфтің орташа ені шамамен 65 км., кей жерлері енді болып келеді. Мысалы:ең енді шельф Солтүстік Америка және Солтүстік Мұзды мұхит – 1400 км. жетеді. Шельф рельефі жазықты, тегіс жазықтар сирек кездеседі, көбінесе төбелі кей жерлері тілімделген, баспалдақты, террасалы жазықтарды да кездестіруге болады. Материктік шельф риф түзуші моллюскалар тіршілік еті үшін қолайлы, сондықтан шельфтің қалыптасуы органогенді де болу мүмкін. Материктік беткей – материктік шельфтегідей жер қабығынан тұрады, сондықтан материктің су түбіндегі шетіне жатады. Материктік беткей құрлысы әртүрлі, оның беткейінің тіктігі 7-15º, үсті аздаған шөгінді жыныспен жабылған. Материктік бетке” тік, баспалдақты, жалпақ, түрліше формада да болып келеді. Материктік беткейдің тік шатқал (каньон) тәрізді түрі де кездеседі, олардың тіктігі 30º-50º, тереңдігі 2000 метр. Осындай тік беткейлерде жағадан төмен қарай материалдар тасымалданады, кейбір беткейлерде көшкін пайда болуы мүмкін. Материк табаны – шөгінді жинақталу процесі нәтижесінде қалыптасқан су асты рельеф формасы. Оның негізгі ерекшелігі шөгінді қабаты қалың болып келеді, қалыңдығы 3-4,5км. жетеді. Басқа рельеф формаларынан ерекшелігі жайпақ иілген жазықты болып келеді.

Аралық зона – мұхит түбінің 32 млн.км² ауданын алып жатыр. Құрлысы өте күрделі. Аралық зона шеткі теңізге, арал доғаларға, терең шұңғымаларға жіктеледі. Арал доғалар кейбір жағдайда жас таулармен аралас континент шетінде орналасуы мүмкін (Атакама шұңғымасы), кейде бірнешеуі бірігіп иілген де болады.Арал доғалар бірдей құрлысқа ие, астыңғы бөлігі –цокальды, үсті вулкандық жыныстар, жоғары бөлігі арал түзіп су бетіне шығады. Арал доғаларға интенсивті вулкан және жер сілкіністері тән. Терең шұңғымалар арал доғалармен қатар теңіз қасында да ұзындығы бірнеше километрге жететін доға тәрізді орналасады, кейде түзу де (Тонга, Кермадек) болады. Құрлысы терең тар ұзына созылған формалар, көлденең профилі V тәрізді. Көптеген шұңғымалар жарық нәтижесінде қалыптасқан. Дүние жүзілік мұхитта 40-тан астам терең шұңғымалар бар, оның 5-уінің тереңдігі 10 000-нан асады: Мариан – 11022м, Тонга – 10882м, Курил-Камчатка – 10542м, Филиппин – 10487м, Кермадек – 10882м. Қазан шұңқырлар құрлысы өте күрделі, су түбінде гранит қабаты жоқ. Аралық зонаның қалыптасуы мантиядағы өте тереңде болып жатқан процестерге байланысты.

Орталық жоталар бір бірімен жалғасып, бір мұхиттан екінші мұхитқа ауысып жерді қоршаған үздіксіз тау жүйесін қалыптастырады. Орталық жоталардың жалпы ұзындығы 80 мың км. Орталық жоталар жеткілікті зерттелмеген. Жотаның осьтік бөлігі және екі баурайлық беткейі бар. Жоталардың ені, биіктігі, беткейінің тіктігі әртүрлі болып келеді. Мысалы: Атлант мұхитының орталық жотасының ені 370км-ден – 2300км, ал биіктігі 1000 метрден жоғары, ең ұзын жота да Атлант мұхитына тән, оның жалпы ұзындығы 20км.

Мұхит арнасы 200млн.км² ауданды қамтиды, орташа тереңдігі 4км. Мұхиттық қабық типі тән, өйткені ол жұқа қозғалмалы, базальтты қабат үстінде вулкандық шөгінді жыныстардан түзілген, беті кедір-бұдырлы. Мұхит арнасы міндетті түрде орталық жотаның 2 жағында орналасады. Арна рельефі әртүрлі: абиссальды жазықты, төбелі, жекелен таулы болып келеді. Абиссальды жазықтар жайпақ, төбелі, толқынды болып бөлінеді. бұл жазықтардың бәрі жай тектоникалық қозғалыс әсерінен жыныстардың шөгуі нәтижесінде қалыптасады.

Мұхит арнасының ірі морфоструктурасы болып тереңдегі көтерілулер, оның өзі үйінді және вулканды үйінділерден тұрады. Үйінділі көтерілулер жарықтармен жылжу нәтижесінде қалыптасады. Вулканды үйінділер кең көлемде, жайпақ, ассиметриялы төбелі түрлері жекелеген тау немесе тізбектеліп орналасып, мұхит түбінде кең тараған.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Мұхит арнасының қалыптасуы қалай жүреді?

Аралық зонаның құрлысы қандай?

Материктің су астындағы шеті нені қамтиды?

Ұсынылған әдебиеттер:2,3.
27 дәріс

Тақырыбы: Биосфера.

Дәрістің мазмұны:


1. Географиялық қабықтағы тірі заттар.

2.Литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның заттық құрамы және географиялық қабықта таралуы.



Мақсаты:Биосфера туралы білім негіздерін тереңдету, оның географиялық қабықтағы ролін анықтау.

Тірек сөздер:Э.Зюсс, Жан Батис Ламарк, В.И.Вернадский.

Негізгі сұрақтар:Биосфераның таралу шекарасы қандай?

Жердің басқа қабықтары массасымен салыстырғанда биосферадағы тірі заттар массасының үлесі қандай?

1.Барлық тірі организмдердің жиынтығы тірі затты планета биомассасын құрайды. Геологиялық уақыт шегінде организмдердің тіршілік әрекеті жер қыртысы мен атмосфераны сапалық және сандық өзгеріске ұшыратып отырды. Биомассасының өсімдік бөлімі миллииардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмір қышқыл газынан тазартып, оны оттегімен байытты және әктас, тас көмір мен мұнайда көміртегі қабаттарының түзілуіне мүмкіндік жасады. Жер айналасында тірі организмдер өмір сүретін ерекшк қабықша немесе сфера түзілді. Осы тіршілік қабықша аймағы биосфера деп аталды.(грекше биос- тіршілік, сфера шар) биосфера- жер планетасының организмдері мекендеген аймағы. Биосфераға жер беті, атмосфераның бөлігі, гидросферамен литосфераның жоғарғы бөлігі енеді. Биосфера түсінігі ғылымға кездейсоқ енді, 1875 жылы Австрия геологы Эдуард Зюсс Альпі тау сілімдерінің шығу тегін зерттеу барысында жердің әртүрлі қабықшаларына тоқталып, алғаг рет биосфера деген терминді пайдаланды.

Жер бетінде тараған барлық тірі организмдер өзара бір бірімен тығыз байланыста болады және өздерінің айналасындағы ортамен де үнемі қарым қатынаста тіршілік етеді. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы, оның кеңінен тарал түсуі, құрамындағы түрлі өзгерістер мұндағы затпен энергияның алмасы организмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты және айналадағы орта жағдайының эволюциясымен бірге дамиды.

В.И.Вернадский – тірі организмдер биосферадағы іс әрекетті жүргізуші, әрі қоршаған ортамен материалдық жағынан, әрі энергиялық жағынан да тікелей байланысты, қуатты геологиялық күш, яғни үнемі әсер етуі мен осы жердің соңғы нәтижесі бойынша теңдсі жоқ деп түсіндірді.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Биосфераны алғаш анықтаған ғалым?

Биосфераны зерттеудегі В.И.Вернадскийдің үлесі?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,11.
28 дәріс

Тақырыбы:Затпен энергияның айналымы.

Дәрістің мазмұны:

1.Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер айналымы.


Мақсаты:Биосферадағы заттардың ыдырауы және айналымының географиялық қабықтағы ролін анықтау.

Тірек сөздер:фотосинтез, тотығу, газ бөлу, жинақтау, биохимиялық қоректену.

Негізгі сұрақтар:Организмдердің ыдырауы дегеніміз не?

Табиғаттағы биологиялық айналымның маңызы қандай?

Органикалық заттардың ыдырауы биосфераның барлық жерінде өтеді, бірақ фотосинтезге қарама қарсы. Өсімдіктер дем алғанда органикалық заттар көмірқышқылымен суды тотықтандырады. Фотосинтез кезінде сіңген энергия органикалық заттар ыдырағанда қайтадан бөлініп шығады.

Биосферадағы күн энергиясы органикалық қоспалар мен минералдардың химиялық энергиясына ауысып қана қоймайды, заттардың жіктелуіне, бір жерден екінші жерге орын ауыстыруына жұмсалады. Биологиялық айналым масштабы мен ұзақтығы бойынша әртүрлі: топырақ қабатында, өзен, көл, бүкіл биосфераны қамтитын, масштабы бойынша геологиялық кезеңге созылатын айналым. Циклдар ұзақтығы миллиондаған жылдармен саналады. Осы уақыт арасында заттардың механикалық ауысуы іске асады, олар 2 түрлі формада қозғалады: 1)денудациялық-геохимиялық пассивтіқатты зат күйінде 2) геохимиялық реакцияларға қатысып су ағынымен миграцияға түсетін иондар.Биосферада үнемі су мен тір организмдер құрамына енетін барлық элементтерайналымы өтеді. Биосферадағы зат айналымын 2 топқа бөлуге болады.1)Газ тәрізді заттар айналымы. Оған көміртек, оттегі, азот сияқты газдар қатынасып, шығын болған газдың орнын ауадағы немесе мұхиттағы сақталған қорларды толтырып отырады.2)Шөгінді заттар айналымы. Мысалы; фосфор айналымы немесе темір тез бұзылатындықтан айналымнан ұзақ уақытқа шығып қалады, оларды қайтадан зат айналымына қосу үшін биологиялық процестер жүргізу қажет.

Зат айналымында тірі организмдер мен олардың жиынтығы биогеохимиялық роль атқарады.

Газ бөлу – жасыл өсімдіктер фотосинтез процесінде оттек, ал адамдар мен жануарлар көмір қышқыл газын бөлсе, бактериялар азот пен күкіртті сутек газдарын қалпына келтіреді.

Жинақтау – тірі организмдер сутек, көміртек, оттегі, натрий, марганец, магний, аллюминий, фосфор, кремний, калий, кальций, күкірт, темір, йод, радий сияқты химиялық элементтерді бойына жинақтайды.

Тотықтыру –организмдер топырақтағы, судағы заттарды тотықтырады.Соның ішінде тұздар, тотықтар пайда болып, заттарды қайтадан қалпына келтіреді.

Биохимиялық қоректену – дем алу, өсіп өну, өліп қырылу, іріп шіру сияқты роль атқарады.

Жердегі заттар тіршілік жағдайларына ғана тәуелді болып қоймай, биосферада болып тұратын барлық химиялық процестерді қамтып, қайта қалыптасып отырады, биосферадаға бір жағынан энергия келіп жатса, екінші жағынан шығын болады.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Газ бөлу процесінің ролі қандай?

Жинақтау процесі деген не?

Тотықтыру деген не?

Биохимиялық қоректену ұғымын анықта?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,11.
29 дәріс

Тақырыбы:Жердің географиялық қабығы.

Дәрістің мазмұны:


1.Жердің географиялық қабығына жалпы мәліметтер.

2.Географиялық қабық құрлысының жалпы заңдылықтары.

Географиялық қабық – планетарлық табиғат комплексі, оның компоненттері атмосфера, гидросфера, литосфера, организмдер және олардың күн энергиясының қатысуымен өзара әрекеттесуі арқылы қалыптасады. Географиялық қабықтың әрбір компоненті өзіндік белгілі химиялық элементтердің бірінен заттардың күйі арқылы ( қатты, сұйық, газ) ажыратылады. Географиялық қабық компоненттері бір бірмен өзара әрекеттесіп жаңа қасиеттерге ие бола алады.

Заттардың дифференцациялық бөлінуі жер шары эволюциясының басты сипаттамасы. Оны жердің құрлысынан немесе күн жүйесінің басқа планеталарының формасынан көруге болады. Ішкі қатты ядро, сұйық ядро, мантия, жер қыртысы, гидросфера, атмосфера жердің негізгі қабығын құрайды. Олар бір бірінен химиялық құрамы және заттардың сапалық қасиеттерімен айырмашылық жасайды. Жердің құрлымы жөнінде қалыптасқан пікір бойынша жердің қалыптасуына тасты метеорит құрамына кіретін салқын зат – хондра әсер еткен. Сығылу нәтижесінде тереңдік заттар тығыздалып біртекеті алғашқы заттардың радиоактивті жылу бөлу арқылы мантия заттары балқып, кейін жер қыртысы – литосфера, атмосфера, гидросфера қабықтарының пайда болуын әкелді. Жердің қабықтары бір бірінен заттық құрамы, қабатының қалыңдығы бойынша ажыратылады.

Атмосфера – жердің ауа қабығы, ең жақсы зерттелген. Атмосфераның таралуы бойынша тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп бөлінеді.

Гидросфера су қабығы, оның 94 процентін дүние жүзілік мұхит алады. Негізгі қабаты: шөгінді және базальттан тұрады.

Литосфера жердің қатты тас қабаты., ядро мантия және жер қыртысынан тұрады, оның өзі шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұрады.

Биосфера – жердің қабықтарының бірі. Негізгі құрлымдық қасиеті бойынша сипатталып, тірі организмдердің (өсімдік, жануар, микроорганизмдер) және топырақ процесімен тығыз байланыста болуымен ерекшеленеді.

Барлық қабықтар өзара әрекеттесіп, жердің планета ретінде қалыптасуына әсер етеді.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Географиялық қабықтардың өзера әрекеттесуі қалай жүреді?

Атмосфералық, гидросфералық, литосфералық қабықтардың

ұқсастығымен ерекшелігін ата?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,11.

30 дәріс



Тақырыбы:Географиялық орта және қоғам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет