Зерттеудің өзектілігі Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.