А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет3/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Зерттеудің нысаны:
Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған. Антропонимдердің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.
Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердің шешілуін қажет етті:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау;
- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру;
- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің көне түркі, қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау, кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет