Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі ғылыми теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Білімді жетілдіру мәселесі және даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), «Қазіргі кезеңде мамандандырылған білім беру мәселесінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), «Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері» атты ғылыми теориялық конференция (Алматы, ақпан, 2006). Жұмыстың мазмұны бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми әдістемелік семинар (2006 мамыр).
Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала түрінде жарияланды.