Бошаннан бес ұл туады арыстандай,
Егессе арыстанмен алысқандай.
Таз, Байбөрі, Машай мен Манат, Жанат
Бәрі де қошқар туған арыстандай.
Осы бір бір атадан тарайтын бес ұлдың басын қосып Бес Бошан деп атайды, олар мекендейтіні Қарқаралы өңірі Бауыр Бошан елі деп те аталынады. Бошанның үлкен ұлынан Наманай туады. Каракесек шежересінде Наманайдан Бұлбұл, Бұлбұлдан Шаншар, Шаншардан Келдібек, Келдібектен Қазыбек туады. Қазақ халқаында есімі белгілі, аты аңызға айналған Қазыбек би. Өмірінің соңғы жылдарынАрқа даласында өткізеді.
Бес мейрам бірлестігінен тарайтын рулармен көрші қатынаста болған дадан тобықты, тама, бағаналы, тарақты, қанжығалы руларының да өмір сүргендігін тарихи деректер мен аңыз әңгімелер растайды. Олардың арасынан да әйгілі билер шығып, Арқа даласындағы ел басқару істеріне араласып отырған. Олардың даналығы мен тапқырлығын бағалаған халық олардың есімдерін топонимдермен таңбалап, бүгінге дейін әулие санап, олар жерленген өңірлерді солардың атымен атап келеді. Солардың бірі Жобалай би көп жылдар бойы дадан тобықты руының болысы болған. Оның шешендігін, тапқырлығын ел қатты сыйлаған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң оны болыстық қызмет атқарған үшін қыс айында шанаға салып, орталыққа алып жүреді. Жолда қолы байлаулы Жобалай шанадан ауып түседі, орынан тұрып шанаға отыруын бұйырған айдаушыға «Жобалай керек болса, көтеріп ал» деген сөзі ел арасында мәтелге айналған.
Орталық Қазақстандағы ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған геронократиялық атауларының қоғамдағы орны ерекше. Қазақ хандығына қатысты болған тарихи-әлуметтік жайлардың бәрі де Орталық Қазақстан жерінен тыс өтпеген.
Шыңғыс хан мен қазақ хандары ту тіккен Шыңғыстау мен Ұлытау өңірлері - тарихтың қайнар көздері. Осы өңірлерде жауға шапқан Жалаңтөс (Соқыр), Жидебай, Сеңкібай, Байғозы, Ағыбай, Олжабай, Күшікбай, Қарабас батырлардың ерлік істері елде жақсы сақталып қалған.
Соқыр - өзен, бейбіт. Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында. Атау каракесек, сарым руынан шыққан Жалаңтөс батырдың есіміне байланысты қойылған. Жалаңтөстің батырдың Соқыр атауына соғыс үстінде бір көзін шығарып алуы себеп болған. Өз өсиеті бойынша жерленген өзен бойы Соқыр - басы, бейіт жанынан ағатын өзен Соқыр өзені деп аталған. Жидебай - бейіт, қазіргі Шет ауданында орналасқан. Жидебай батыр есіміне байланысты қойылған. Атау қаракесек, әлтеке - сарым руынан тарайды. Сеңкібай - бейіт, өлке атауы, Шет ауданындағы. Қуандық ішіндегі алтай кареке руынан тарайды, халық батыры. Байғозы бейіті Ақадыр станциясынан 50 км-дей жерде орыналасқан. Тарақты руынан тарайды. Күшікбай - бейіт, әрі жергілікті халық әулиелі жер ретінде құрмет тұтады. Қуандық, тоқа руынан, халық батыры. Ағыбай бейіт, Ақтоғай ауданында. Қаракесек, шұбыртпалы руынан, хан Кенесарының бас қолбасшысы болған. Өмірінің соңында мешіт салдырып, балаларды оқыту ісін қолға алған.
XVII ғасырдағы қазақтың ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Олжабай батыр, айдабол руынан тарайтын. Батырдың бергі ұрпағы академик Ә.Марғұланның айтуынша, Олжабай батыр 1709 жылы туып, 1785 жылы Ереймен тауының сыртындағы Сілеті өзенінің бойында қайтыс болған. Ол қазіргі Ақмола обылысы, Ерейментау ауданы жерінде.
Жасыбай – көл және Серектас тауындағы асу. Көлдің Жасыбай батыр атымен аталуына осы көл жағасында қалмақтармен соғысып, оларды жеңіп, өзі Серектасқа жасырынған қалмақ Құбамергеннің тасадан атылған оғынан осы жерде қайтыс болған. Ол туралы Жанақ Жаңабатырұлының «Баянауыл» дастанында жазылған:
....Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,
Әркімнің ертедегі-ақ ауызындағы ер.
Арқадан қалмақ ауып өз жеріне
Кеткен соң ат қойылған «Жасылбайкөл»
...Жасыбай кім екенін сұрасаңыз
Жалықпас, тап руы Каракесек
Осы келтірген мысалдарда қазақ халқының белгілі би, батырлардың есімдері генотопонимдер ретінде кешенді зерттеу арқылы анықталған, әлеуметтік мәні ашылған.
Достарыңызбен бөлісу: |