А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет24/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Бісміллаһир-раһман-ар-рахим
Я, Диқан баба! құрт-құмырсқа,
Жан-жануардан қалғаны менікі!
Қазақ киелі сөздерінің «Киелі, қасиетті адамдар» лексика семантикалық тобын мынандай микротопқа бөлінеді:
1) Бейнелері ертедегі ислам тарихымен байланысты әулиелер аттары;
2) сопы әулиелер аттары;
3) ру, тайпа басшыларының киелі антропонимдері;
4) әулиелердің киелі аттары (олар жерленген киелі орындар)
5) кәсіп-мамандық жібеуші иелерінің аттары.
Сонымен, қазақ киелі антропонимдері дегеніміз бұл пайғабарлардың, сопы әулие аттары, яғни қасиетті адамдардың есімдері. [89, 176 б.].
Көптеген қазақ есімдерінің архетиптік сипатын олардың мифтік таным деңгейінде, соған сәйкес тууымен түсіндіруге болады. Мысалы, эпоста кездесетін Құртқаның шешесі Көктен кемпір, Баба түкті Шашты Әзиз бейнелері исламға дейінгі мифологиялық кейіпкерлер болып табылады. Осындай мысалдарды қазақтың рухани мәдениетінен көптеп кездестіруге болады.
«Архетип» ұғымын ғылымға енгізген – К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананы, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өріс пайда болады.
Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғұрлым бойына толығырақ жинаған, салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түпнұсқа жатады.
Қазақ мәдениетінің архетиптік батырлық уақытынан келген маңызды бейне – Қорқыт ата халық жадында терең ұялаған. Барлық түрік халықтарына ортақ мәдени мұра – «Қорқыт ата кітабында» VIII-IX ғасырларда сыр өзенінің бойын мекендеген оғыз-қыпшақ тайпаларынан шыққан, атақты жырау, бақсы, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі. Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін Жерұйықты іздеген. Ол өте маңызды философиялық мәселе – өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектілікті жеңіп шығудың жолдары жөнінде талай тамаша пікірлер айтады. [96, 254 б.]. Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты қайғы-қасіреттен жай ғана құтылуға болмайтындығына көзі жетеді, қайда барса да, көр қазып жатқандарға жолығады. Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынан іздейді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырады.
Түрік халықтарының мәдениетінде аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынады, әсіресе, күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздардың, ертегілердің кейіпкерлерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей және т.б. деп бекер атамаған. Бұл мәдениетті солярийлік (күндік) деп атауға негіз жеткілікті. Археологиялық және этнологогиялық деректер Күн мен Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы, Саймалы-таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған солярийлер (күн тәрізділер) Ирандағы Бехистун жартасындағы Ахура-Мазда мен Митраның кескіндеріне ұқсас антропоморфтық бейнелер екендігі ғылымға белгілі. Арыс өзенінің бойындағы Алтын төбеде көптеген «алтынбастылардың» кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы – Көк Тәңірінің негізі болды. Ерте заманнан бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған [91, 89 б.].
Азиялық өркениеттерде күнмен қатар қастерленген аспан шырағы ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айырц есебін шығарған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып» – «өліара» келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми тілмен айтқанда, циклон басым болады. Халықтық дүниетаным айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген.
Алайда, айдың басты символдық ерекшелігі оның күн мен түннің арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенімен, нұр (ізгілік, жылулық, сәуле) жеңілмейді. Аспанға күннің ізбасары (дублері) ай арасындағы тартыс ғарыштық сипатқа ие болады. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, қазақтар айды құдай тұтқан. Бұл көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Қаратау тауларындағы жартастығы суреттер көзәйнек тәріздес қосылған жұп адамдарды бейнелеген. Осындай таңбалар ішкі Монғолиядан да табылған. Сондағы адамдардың бастары дөңгелектің бірінен сәуле шашып тұрса, екіншісі ондай емес. Бұл белгілі бинарлық оппозицияны (күн мен ай) білдіреді. Ай мен күнді қосып тұрған сызық адамдардың «қасиетті жолы» деп аталады.
Күн мен айдың қатарласуы әлемдік мәдениетте кең таралған идеяның бірі. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналған. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айнлаған. Бұл жерде ескертетін бір жайт бар. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын беліг болып табылады. Мұсылман зираттарына ай белігісін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ай әдемілік пен сұлулықтың белгісі болып табылады. Айсұлу, Айбарша, Ай-Таңсық, Айшат т.б. антропонимдермен қатар, қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік Ай мен теңестіріледі: «Туған айдай толықсып, бұралып кете барады» (Қыз Жібек), «Жалғыз қызы Гүлбаршын – он бесте толған ай еді» (Алпамыс), «Жақсы Ай – Күндей, жарығы әлемге бірдей» (мақал) [92, 132 б.].


Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет